I | Кіріспе бөлім: Сапқа тұрғызу. Рапорт қабылдау, сәлемдесу, түгендеу. Сабақтын мақсатын айту. Оңға, солға, шұғыл бұрылу. | 2 мин | Спорттық киімдеріне назар аудару. Бұрылыстарды дұрыс орындау. |
| Қозғалмалы бой жазу жаттығулары: - қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру. - екі қол белде өкшемен жүру. - екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру. - бір қалыпты жеңіл жүгіру. - тіркеме адыммен оң және сол бүйірімен жүгіру. - арқаны алға қарата оң және сол иықпен қарата жүгіру. - алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру. - қол алақанына аяқтың ішкі, сыртқы қырын тигізе жүгіру. - өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру. - екі қол тізеде, толық отырып жүру. - отырып, секіре жүру. Дем алу, дем шығару. | 8 мин | Аяқ ұшымен, өкшесімен сыртқы, ішкі қырымен жүруін ескерту. Оң және сол бүйірімен жүгіру ескерту. Алақанға аяқтың ішкі, сыртқы қырының, өкшесі тиюін ескерту. Отырып жүру, жүгіру ескерту. |
| Саптағы бой жазу жаттығулары -саппен келіп бірнеше қатарға тұру. -қолды белге ұстап, басты оңға, солға айналдыру. -қолды иыққа ұстап, шынтақты алға, артқа айналдыру. -бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу. -екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қолды оң аяққа кезекпен тигізу. -тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан батапқы қалыпқа келу. -қолды алға соқып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру. -қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып,тұру -дем алу, дем шығару. | 10 мин | Қатарға дұрыс тұруын ескерту. Қолды белге ұстауын ескерту. Дұрыс иілулерін ескерту. Қолды аяққа тиюін ескерту. Артқы тізенің бүгілмеуін ескерту. Аяқтың қолға тиюін ескерту. Тізенің дұрыс айналдыруын ескерту. |
II | Негізгі бөлім Акробатикалық жаттығулар: Қолмен еденге тіреле отырып, артқа домалау; Шалқалап жатып, аяқты тіке бастан асыра ию, б.қ.; Отырып, екі жанына аунау. Төсенішке сол жақ қапталды беріп, б.қ. келу, тізені толық бүгіп, дене мен басты алға ию (аяқтарға). Сол жақ қапталға аунап, арқаға ауысу, оң жақ қапталға ауысу, б.қ. | 20 мин | Басты шайқалтып айналдыру. Гимнастикалық төсеніште жаттығуларды 2 адамнан орындау. Топталып орындау. Акробатикалық жаттығулар. |
| Сапқа тұрғызу, үйге тапсырма беру, бүгінгі жетістіктер мен кемшіліктерді айту, баға қою, қоштасу | 5 мин | Бір аяқпен отырып тұру. |