Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Жоспар:
Пәннің аты: Дене тәрбиесі.
Сыныбы: 5 «а»
Сабақтың тақырыбы: Гимнастика: акробатика бөлімі «Қарлығаш жасау. Гимнастикалық төсеніште алға, артқа домалап жауырынға тұру»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: гимнастикалық төсеніште алға, артқа домалап жауырынға, басқа тұруды үйрету.
Дамытушылық: гимнастика жайында білімдерін кеңейту. Оқушылардың акробатикалық сапаларын және икемділік, ептілік қасиеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: білімді жинақтау сабағы.
Сабақты өткізу әдісі: жаппай, топтық кезекті, жеке әдіс.
Сабақты оқыту әдісі: сөздік әдіс, көрнекілік әдіс.
Сабақта пайдаланылатын педагогикалық технологиялар: білім беруді ізгілендіру.
Пәнаралық байланыс: АӘД, физиология және гигиена.
Сабаққа қажетті құрал – жабдықтар: гимнастикалық төсеніш, ысқырғыш, секундомер.
Сабақ өтетін орын: М.Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектептің спорт залы.
Сабақтың ұзақтығы: 45 I
Сабақ өтетін күні:18.11.2016.
Бөлі
мі
Сабақтың мазмұны.
Сабақтың уақыты.
Сабақтың мөлшері.
Әдістемелік нұсқау.
I
Дайындық бөлімі: Оқушыларды сапқа тұрғызу, кезекші баяндамасы, сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабақтың тақырыбын айтып, мақсатын түсіндіріп алдағы жүктемеге дайындау.
«Сынып түзел», тік тұр», оңға», «солға», «оңға», оң иықтан бұрылып алға адымдап бас! Қол созулы аяқтың ұшымен, қол желкеде өкшемен, қол жанға созулы аяқтың сырт жақ қырымен жүру. Қолды созып жартылай, толық отырып жүру.
«Жәй жүгіріп бас»
Қозғалыстағы жаттығулар жасалады:
«Жәй жүріп бас». Тыныс алу жаттығулары. Мойын, қол, иық, аяқ бұлшық еттеріне қозғалыста орындалатын жан – жақты дамыту жаттығуларын жасату. 1,1,1,2,3,1,1,1,2,3.. сынып тоқта ! 1,2.
«Солға» Сыныпты 2 топқа бөлеміз.
15
3I
2I
7I
3I
8-10 рет
8-10 рет
8-10 рет
8-10 рет
8-10 рет
8-10 рет
8-10 рет
Спорттық киімдеріне көңіл бөлу.
Саусақтар жинаулы.
Жаттығулардың бір уақытта орындалуын қадағалау.
Арақашықтық-
тарын назарда ұстау.
Тыныс алуларын бақылауда ұстау.
Жаттығулардың сапалы орындалуын қадағалау.
II
Негізгі бөлім: Сыныпты 2 топқа бөліп (ұл, қыз) әр топқа берілген тапсырманы сынып белсенділеріне, спорт секторларына орындатып таныстырамын.
Алға домалау жаттығулары:
Артқа домалау жаттығулары:
Жауырынға тұру жаттығулары:
(қыздар)
Басқа тұру жаттығулары.
(ұлдар)
Осы жаттығулардың барлығын жинақтап акробатикалық топтама жасату.
27I
4I
4I
4I
3I
15I
4-5 рет
3-4 рет
3-4 рет
3-4 рет
Аяқтарын алға созбауларын қадағалау.
Екі қолмен тең итерулерін бақылау.
Қолдың шынтақ бөлігі параллель тұруын және аяқтың басы тік түзу болуын қадағалау.
Қол мен бас үшбұрыш жасай орналасуын қадағалау.
III
Қорытынды бөлім: Оқушыларды сапқа тұрғызып, кемшіліктері мен жетістіктерін айтып бағалау. Үйге тапсырма беру.
«Сынып түзел, тік тұр»
-Сабақ туралы сұрақтарыңыз бар ма?
Сұрақтары болса жауап береміз.
-Сабақ аяқталды сау болыңыздар!
3I
Тыныс алуларын бақылау.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт