Просмотр содержимого документа
«"Жеке дамыған тұлғаны қалыптастыру"»
Жеке дамыған тұлға қалыптастыру.
«Біздің болашағымыз- жастар» деп биік мінбелерден жие айтылып жатады.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің жолдауында «Жастарды ұлттық патриотизм мен шығармашылық жағынан жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыру, ұлттық мінез құлыққа , биік талғампаздыққа, тектілікке, білімділікк,ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп тәрбиелеуіміз керек»-деген болатын.Осы орайда алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда дене тәрбиесімен спорт ерекше роль атқарады. Қазақстан Республикасы спорт және дене тәрбиесі туралы Заңында : «Дене тәрбиесі –дені сау, дене бітімі және рухани жағынан жетілген, моральдық жағынан табанды жеткіншек ұрпақты қалыптастыруға,өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабілетін арттыруға, шығармашылық ғұмырлығы мен өмірін ұзартуға бағытталған педагогикалық процес» -деген анықтама берілген.
Жан-жақты дамыған тұлғаның қоғамдағы құбылыстарға көзқарасы, басқа адамдармен қарым-қатынасы, еңбеккке ынтасы оның қоғамдағы орнын анықтауға септігін тигізеді.олардың физикалық психологиялық қабілеттері дене тәрбиесімен , спортпен айналысу барысында дамып,қалыптасады. Кәсіптік мектептердегі дене тәрбиесі жан-жақты дамыған дамыған жастарды тәрбиелейтін құрал ретінде қарастырылады, оларды еңбек сүйгіштікке, Отан қорғауға даярлайды. Олардың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Алдарына қойған мақсаттарын орындап шыға алатын қоғамның белсенді мүшелерін тәрбиелейді. Кәсіптік мектептерде оқитын жастардың дене тәрбиесі сабақтарында немесе спорттық жарыстар кезіндегі ұжымдасып әрекет етуінің тәрбиелік мәні өте зор. Бұл ұжымды құрметтеу, қастерлеу қасиеттерінің даму, қлыптасу кезеңі деп білеміз. өз күшін қоғам мүддесіне сарқа жұмсауғ , қоғам алдындағы парызын сезінуге , өз міндеттерін мүлтіксіз орындауға деген құлшыныс әуелгі кезеңде ұжымда ғана қалыптасады. Ұжымнана қуат алған жас тұлға өздігінен қоғамдық белсенділік танытып,басқа адамдармен бірге жұмыс істеуді үйренеді,өзара көмекке даяр тұруға, алға қойған мақсаттарға ұжыммен бірге жетуге жұмыстанады. өзіне талап қоя білу, өзгені сыйлау сияқты қасиеттер осы кезеңде дамиды.
Дене тәрбиесі мен спортта жетістіктерге жету үшін жүйелі түрде шұғылдану, дене тәрбиесіне , спортқа деген ынта жігер, қоғамдық пайдалы мақсаттарға ұмтылыс қажет. Дене тәрбиесімен спортпен жүйелі түрде айналысу мінез-құлықтың оң өзгеріске ұшырауына айтарлықтай септігін тигізеді.Бір спорттың түрімен үнемі айналысып отырған жасөспірім адамның жеке күн режимі қалыптасады, ол өз уақытын тиімді пайдаланудыүйренеді. Спорттық жарыстарға қатынаса жүріп, аға буын майталман спортшыларға қарап бой түзейді. Еңбексіз еш нәтижеге қол жеткізуге болмайтынын түсінеді.
Ұйымшылдық, ынтымақтастық, темірдей тәртіп , кішіпейілділік, үлкенге құрмет, кішіге көмек қолын созу, өзара силастық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Спорттық жаттығулардың қиындығына төселе келе, өзіне деген сенімділік пайда болады.
Спорт жастарды төзімділіке,батылдыққа,ептілікке тәрбиелейді.спортпен саналы түрде айналысатын жастар өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінеді. Олар қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады, өз пікірлерін ашық айта алады,өзгенің пікірін тыңдай алады. Үлкен жетістіктерге жетіп ,түрлі деңгейдегі жарыстарға шығып жүрген спортшылар ел таниды, өге халықтардың салт-дәстүрлерімен ,мәдениетімен танысады,елімізді өзгелерге таныстырады. Сонымен қатар,жасөспірімдерге спорттық жаттығулармен бей-берекетсіз айналысуға болмайтынында ескерген жөн. Жаттығуларды шамадан тыс орындау, зорығуға (утомление) ұрындырады.С жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуде портпен шұғылдану барысында тәжірибелі маманның көмегіне жүгінген жөн. Спортпен өз бетінше айналсқан кезде қалыптасқан қате қимылдарын(стериотип )жою кейіннен қиын болады және бұл қимылдар көптеген келеңсіздіктерге ұрындыруы мүмкін.
Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық спорт түрлерінің маңызы өте жоғары.
Қазақ жастары ежелден жамбы атып, көкпар тартып , аударыспақ ойнап, жаяу жарысып қай кездеде ел шетін жаудан қорғауға дайын болатын.
Ұлттық спорт түрлері батылдық,тапқырлық, күштілік, ептілік, төзімділік шапшаңдық тәрізді физикалық қасиеттерменжастарды шындауғатолық мүмкіндік береді. Ұлттық рухпен қуаттанған жан-жақты дамыған тұлға ол
лашақ- еңбек адамы, болашақ- жауынгер . дене тәрбиесі сабақтарында жастардың физикалық дайындығын дамытумен қатар, олардың ой-өрісін ұлғайту, ішкі мәдениетін қалыптастыру жұмыстары да жүргізілуі керек. Бұл мақсатта пәнаралық байланысты сақтай отырып, тест өткізген тиімді болар еді.
Жастардың шынығудың табиғи факторларын білуі және орындауы, жалпы жаттығуларды өз беттерінше орындай білуге үйрету аса маңызды қажеттілік деп таныған жөн. Балалық шақта спорттың кез келген түрімен беталды айналыса беруге болмайды. Дене тәрбиесі және спорт комитеті спорт түрлері бойынша, спорт мектептеріне балалар мен жасөспірімдерді қабылдауға жас ерекшеліктеріне сай шектеулер қойылған.