kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Арнаулы орта білім беру жүйесіндегі дене тәрбиесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Формы и средства контроля индивидуальной физкультурной деятельности

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Арнаулы орта білім беру жүйесіндегі дене тәрбиесі»

Арнаулы орта білім беру жүйесіндегі дене тәрбиесі

1. Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі пәні.
2. Дене тәрбиесі ілімінің ғылымдар жүйесіндегі орны.

1. Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі пәні. Бұл пәнді оқытудың мақсаты - студенттерге дене тәрбиесі мен спорт туралы терең теориялық білім берумен бірге арнаулы орта білім беру жүйесіндегі дене тәрбиесі оқу орны мен дене тәрбиесі факультеттері түлектерін болашаққа кәсіби маман ретінде осы пәннің негізгі түсініктерімен тәжірибеде, спорттық ұйымдарда және басқа да білім беру мекемелерінде дұрыс қолдана білуге үйрету. 
Пәнді оқыту міндеттері:
1. «Дене тәрбиесі және спорт теориясы мен әдістемесі» негізгі категорияларының көлемі мен мазмұны, оның жақындас ғылымдар жүйесіндегі орны мен студенттер дене шынықтыру арнаулы орта білім беру мекемесін бітіруші маман иелеріне маңыздылығын ашып көрсету.
2. Дене шынықтыру жалпы мәдениеттің бір түрі ретіндегі рөлін, олардың өзара және адамның басқа да нақты өмірінің әр түрлі жақтарымен байланысын, оның құрылымын, мазмұны мен қызметтерін ашу.
3. Жеке тұлғаның дене шынықтыру қалыптастыру әдістеріне, құралдарына, негізгі қағидаларына, міндеттеріне, мақсаттарына оқытудағы жаңа тәсілдерге, дене қасиеттерін қалыптастыру және қимыл қозғалыс іс-әрекеттеріне оқыту әдістемесі мен мазмұнының басты аспектілеріне, дене жаттығу сабақтарын құру түрлеріне,жоспарлауға, бақылауға және есеп жүргізуге сипаттама беру.
4. Адам өмірінің әр түрлі кезеңдерінде дене шынықтыруды бағытты қолдану ерекшеліктерін айқындау.
5. Спортқа дене шынықтырудың құрамдық бөлігі ретінде сипаттама беру, спорттық жаттығулардың мәнін, оның мақсатын, міндеттерін, өзіне тән қағидаларын, мазмұнын, құрылымын және жоспарлау мен басқару техналогиясын ашу.

Мамандарды дайындауға пәннің ролі мен маңыздылығы, оның оқу үрдісіне енгізудің объективті қажеттелігі негізінде дене шынықтыру туралы ғылыми-практикалық білімдерді меңгеру арқылы қоғамдық құбылыс ретінде тани отырып, адам өмірі мен қызметіндегі білім, тәрбие өндіріс, күнделікті тұрмыс, демалыс және қалпына келу, спорт және мәдениет құндылықтарын арттыруға арналған өзіндік мәдениетін тереңдетіп және кеңейте түсуде. 
Дене тәрбиесі теориясы - адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым.
Дене тәрбиесі теориясы дене тәрбиесі сабағының мақсаты, міндеттері және принциптерін зерттейді. Білім беруде тәрбиенің басқа түрлерімен ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты. 
Пәнді оқытудың негізгі мақсаты болашақ мамандарды білім беру мекемелерінде (жоғарғы оқу, орта оқу орындары, жалпы орта мектептер мен мектепке дейінгі мекеме) дене тәрбиесі пәнін басқару мен ұйымдастыруға дағдыландыру.

Дене тәрбиесі және спорттың ілімі мен әдістемесі пәні – жоғары білімді дене тәрбиесі мен спорт мамандарын даярлайтын оқу пәндерінің ішіндегі негізгі пән болып табылады. Ол өз ілімінің мазмұны бойынша студенттерге теориялық және әдістемелік білім негіздерін береді.

Дене тәрбиесі және спорттың теориясы дегеніміз – ол ғылымның жалпы заңдылығының ішінде адам тәрбиесі жүйесіне кіретін дене тәрбиесі пәнінің педагогикалық ұйымдасқан үрдісінің мазмұны мен құрылысын анықтайтын ілім.

Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі пәні үш бөлімнен тұрады.

Дене тәрбиесі ілімінің (теориясының) жалпы негіздері дене мәдениеті және спорт жүйесіндегі дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің алатын орнын зерттейді. Дене тәрбиесінде жиі кездесетін терминдерге, ұғымдарға теориялық түсініктер береді. Қазақстан дене тәрбиесі жүйесіне, дене тәрбиесі мен шұғылданатын адамдарға, әдістеріне, дене қасиеттеріне, қағидаларына, қозғалысқа үйретуге т.б. дене тәрбиесінде кездесетін әр түрлі мәселелерге терең ғылыми-теориялық түсінік береді, олардың заңдылықтарын анықтайды, дене тәрбиесін қалай пайдалану керек екенін оқытады. Дене қасиеттері, ұғымы түсіндіріледі. Дене қасиеттері: күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, икемділікке анықтамалар беріледі. Оларды дамыту әдістері, әдістемелері, жас ерекшелік дамулары туралы оқытылады.

Дене тәрбиесінің әдістемесі – әр түрлі жастағы адамдардың дене тәрбиесінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілейді, талқылайды. Жүргізілетін сабақтардың мазмұнын, құрылымын, түрлерін, жоспарларды ұйымдастыру әдістерін, әдістемелерін оқытады. Педогогикалық талдау, сабақ тығыздығын анықтау, жүктемені мөлшерлеу жолдарын үйретеді.

Спорт теориясы мен әдістемесі – жаттығу өткізу әдістемесін, кезеңдерін, әр түрлі ерекшеліктерді оқытады. Балалармен, жасөспірімдермен, ересек жастағы спортшылармен жаттықтыру сабақтарын жоспарлау, жүктеме беру, әр түрлі амалдарды, әдістерді, қағидаларды, әдістемелерді қолдану секілді спорттық жаттықтыруға, спортшылар дайындығына, оларды жоғарғы көрсеткішке жеткізу жолына бағытталған жұмыстарды жүргізуді үйретеді.

Бұл пән – дене тәрбиесі маманының кәсіптік білімінің деңгейін көрсететін негізгі пән. Ғылымдық және тәжірибелік мәліметтерді жинақтай отырып, бұл ілім адамның дене тәрбиесі үрдісін басқару заңдылықтарын белгілейді, мамандарға дене тәрбиесі мен спорт саласында керекті білім береді.

Қазіргі кезде дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің дамуының негізгі көздері:

- денсаулығы мықты, Отанын қорғауға, еңбек етуге дайын адамдарды керек етуі;

- қоғамымыздың тәжірибе жұмыстары. Теориялық, әдістемелік жаңалықтар, терең ойлар осы тәжірибе жұмыстарымен тексеріледі, дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесін байыта түседі.

- Президенттің, Үкіметтің еліміздегі дене мәдениетінің орны, оны дамыту жолдары туралы қарарлары, үкімдері, заңдары;

- дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесінің, басқа ілімдер көлеміндегі ғылымдық зерттеулердің нәтижелері.

Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі өзінің даму жолында педагогикалық, психологиялық, физиологиялық, анатомиялық ғылымдар мен қосыла отырып, олардың білімі мен тәрбиесін, жас ұрпаққа білім беру, тәрбиелеу, денсаулықтарын нығайту жолдарында тиімді пайдаланып отырады.

Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесіне гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, спорттық ойындар т.б спорттық-педагогикалық пәндер өте жақын, олар теория зерттеген жалпы заңдылықтарға сүйенеді. Ал осы пәндерден алынған нақты нәтижелер дене тәрбиесінің теориясы мен әдістеме пәніне негіз болып табылады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Арнаулы орта білім беру жүйесіндегі дене тәрбиесі

Автор: Хамзин Асхат Советович

Дата: 19.06.2026

Номер свидетельства: 688092

Похожие файлы

object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(173) "Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру жағдайында білім сапасын арттырудағы үлесі үшін"
    ["seo_title"] => string(80) "zhan_artylg_an_bilim_bieru_mazmu_nyn_zhuzieghie_asyru_zhag_daiynda_bilim_sapasyn"
    ["file_id"] => string(6) "437582"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1510110292"
  }
}
object(ArrayObject)#905 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) ""Сен оз кукыгынды білесін бе?""
    ["seo_title"] => string(31) "sien-oz-kukyghyndy-biliesin-bie"
    ["file_id"] => string(6) "294531"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455651627"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(133) "М?мкіндігі шектеулі балалармен ж?ргізілетін психологиялы? ж?мыс т?рлері. "
    ["seo_title"] => string(85) "mumkindighi-shiektieuli-balalarmien-zhurghizilietin-psikhologhiialyk-zhu-mys-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "144580"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1418748021"
  }
}
object(ArrayObject)#905 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""Шешендік с?здерді? халы?ты? сипаты""
    ["seo_title"] => string(41) "shieshiendik-sozdierdin-khalyk-tyk-sipaty"
    ["file_id"] => string(6) "317679"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460434608"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей


ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства