kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Сен оз кукыгынды білесін бе?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Сен ?з ???ы?ы?ды білесі? бе?»

Ма?саты: а) к?мелетке толма?андар арасында?ы ?ада?алаусызды?ты?, ?ылмысты? ж?не

                        ?зге де ???ы? б?зушылы?тарды? алдын алу.

                     ?) о?ушылар?а адам ???ы?ы, бала ???ы?ы, ???ы?ты ала?, о?ушыны? ???ы?ы

                        мен міндеті ??ымдарын ме?герту, проблемалы? жа?даяттарды ???ы?ты?

                        т?сілмен шешуге ?йрету.

                     б) о?ушылар?а ?з ???ы?тары мен еркіндіктерін шектеп ?стау міндеттілігі

                         туралы, ???ы?ты? нормативтік актілерді орындай, ??рметтей білуге ?йрету,

                         адамгершілікке, елжандылы??а, ???ы?ты? сауаттылы??а т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: ???ы?ты? сауаттандыру

Саба?ты? барысы

І. ?йымдастыру кезе?і

            Тренинг «?ол со?ы?ыздар, егер де.»

— сіздер б?гін жа?сы к??іл-к?ймен ж?не жа?а білім алу?а келсе?іздер;

— кімді адам ???ы?ы, оны? ішінде баланы? ???ы?тары ойландырады;

— кім адам ???ы?тарын ж?не бала ???ы?тарын са?тап ж?не ??рметтей отырып ж?мыс істеуге дайын.

ІІ. Кіріспе

            М??алімні? кіріспе с?зі

            За? дегеніміз- ?о?амны? негізгі тірегі. ?о?ам деп отыр?анымыз-мына біздер.

Хал?ымызда «Досы к?пті жау алмайды, а?ылы к?пті дау алмайды» деген тамаша ма?ал бар. А?ылды болу айнала?да?ы адамдарды сыйлай, ?адірлей білу деген с?з. ???ы?ты? тілмен айт?анда б?л — за?ды білу, я?ни за?ды білген адам ?згелерге ??рметпен ?арайды. За?ды білмегендіктен за?сыз істер істеп, зардап шегіп, ?зін ?ор?ай алмай ж?ргендерді к?птеп кездестіреміз. ?азіргі кезде жас?спірімдер мен мектеп о?ушылары арасында?ы ?ылмысты? т?рлері к?бейюде.  За? ережелеріні? барлы?ы да адамдарды адал жол?а салу, оларды адамгершілікке т?рбиелеу ма?сатынан ту?ан. Ата-ананы? с?зін алма?анны? бір п?леге ?рынары с?зсіз. Осы?ан байланысты на?ыл с?з бар «Ана алдында?ы ??рмет, ата алдында?ы ?ызмет», «Анасына орын ?сынба?ан, ?кесіне ?олын ?сынбас», «Ана с?тін а?тама?анды, ешкімде ма?тамайды». Ертедегі ?аза?та ?кені? бетіне келу, ананы? тілін алмау, ?лкенге ?арсы шы?у м?лдем болма?ан. Ал ?азіргі та?да м?ндай ?ылы?тар к?бейіп кетті.

Осы ?ылы?ты? жас?спірімдерді? ?ылмыс жасауына себебі бар ма? Жалпы ?ылмыс жасауына не себеп? (топ м?шелері ?з ойларын орта?а салады)

ІІІ. Тарихтан т?лім

?аза?ты? ертедегі а?ыз ??гімесіне байланысты ?з ойымызды орта?а салайы?:

Баласы к?ршіні? тауы?ыны? ?ясынан ж?мырт?а ?рлап ?келеді де, шешесіне ?уырып беруін с?райды. Анасы ж?мырт?аны ?уырып береді. Арада біраз к?ндер ?теді. Бала к?ршіні? тауы?ын ?рлап ?келеді, анасына береді. ?орада?ы тауы?тар?а ?осып ?ояды. Бірнеше жылдар ?теді, бала ?рлы?ты к?сіп ?ылып жігіт болып ?седі. Бір к?ні жігіт бес баласы бар жесір ?йелді? ала сиырын ?рлап, сойып жат?ан жерінен ?сталады. Ашын?ан ел жігітті биді? алдына апарып, ?кім шы?арып, жазалауын с?райды.

Би: Сен бес баласы бар, ?зі сыр?ат, ж?мыс?а жарамсыз жесір ?йелді? жанынба?ып отыр?ан жал?ыз сиырын ?рлап, балаларды? ауызын а?тан ?а?ты?. Сені? жаза? – дар?а асу.

Жігіт: Дат, та?сыр.

Би: Даты? болса айт!

Жігіт: Ма?ан анаммен со??ы рет тілдесуге р??сатеті?із.

Анасы келеді.

Жігіт: Апа, тілі?ізді к?рсеті?ізші. Анасы тілін к?рсетеді.

У?зір жігітке ?рысады: Сені жары? д?ниеге ?келген, а? с?тін берген ана?ны? кін?сі не?

Сонда жігіт: Та?сыр, мен е? бірінші к?ршіні? ж?мырт?асын ?рлап алып келген кезде ма?ан жекіп ?рыспай, ?рлы?ты? ?ылмыс екенін т?сіндіріп, а?ылын ма?ан айтпа?ан адамны? тілі де кін?лі шы?ар деп т?рмын,- деп жауап береді.

Би: ?й, балам, б?л с?зі?ні? де жаны бар екен, сені? ?рлы?шы болуына ана?ны? да кін?сі бар екен. Б?л жігіт дар?а асылмасын. Алланы? кітабы ??ранда былай депті «?ры ?йел болсын, еркек болсын ?олын шауып тастау керек» делінген. Б?л жігітті? о? ?олыны? бес сауса?ын шабы?дар. Сарбаздар жігітті? сауса?ын айбалтамен шабады.

Жігіт ?кініп т?рып: Бауырларым, мені? ?кінішті ісімді ?айталама?дар. Мен ?ал?ан ?мірімде ешкімні? ала жібін аттамау?а ант етемін. Істеген ісім ?шін ел ж?рттан кешірім ?тінемін.

Би: адас?анны? айыбы жо?, ?айта ?йірін тап?ан со?.

С?ра?: 1. Жігітті? ?ры болып ?суіне кім кін?лі?

             2. Биді? шы?ар?ан ?кімі д?рыс па?

Кезекті мектебімізді? тарих п?ні м??алімі Балзира Бахытжан?ызына берсек.

Т?йін с?з:

?аза? хал?ыны? ???ы?ты? ж?йесіні? ?алыптасуы ХV ?асырды? орта шенінде ?аза? мемлекетіні? іргетасын ?алаушыларды? бірі Ж?нібекті? баласы ?асым хан есімімен байланысты. ?асымны? т?сында ?аза? ханды?ы к?шті мемлекетке айналды, б?л ережелер ?аза? мемлекетіні? жа?дайына бейімделіп жасалды. Халы? оны «?асым ханны? ?ас?а жолы» деп атады.

І?. За? туралы

Ата За?ымыз- елімізді? р?міздеріні? бірі. Елбасымыз Н?рс?лтан Назарбаев «Конституция — б?л да ел р?міздеріні? бірі. Сонды?тан негізгі За?ды елді? Туы, ?н?раны, ж?не Елта?басы секілді ?адірлеу, ??рметтеу-бізді? парызымыз» деген.

Конституция- елді? барлы? ережелері жина?тал?ан мемлекетті? негізгі ??жаты. Сонды?тан да біз оны Ата За? деп ??рметтейміз. ?рбір адам ?зіні? де, ?зге елді? за?ына ба?ыну?а міндетті. ?р мемлекетті? ?зіне т?н за?ы бар. Олай болма?анда д?ние аста?-кесте?і шы?ып, небір жан т?ршігерлік н?рселер болар еді.

Сан мы?да?ан жылдар б?рын адамзат пайда болды. Міне, сонымен ?атар т?рлі м?селелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады, не істей алады?» деген с?ра?тар туындай бастады. Міне, осы кезде ?р елді? за?ы, ережелері шы?а бастады.
            Балалар, адамны? шыр етіп жерге т?скен минутынан бастап оны? ?мірін, денсаулы?ын, тынышты?ын ?ор?ап отыр?ан за? бар. Б?л за?- 1948 жылы 10-желто?санда ?абылдан?ан «Адам ???ы?ыны? жалпы?а бірдей декларациясы», сонымен ?атар 1959 жылы ?абылдан?ан «Бала ???ы?тары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 1989 жылы 20-?арашада 61 ел ?ол ?ой?ан «Бала ???ы?ы туралы конвенция» ?абылданды. ?азірде б??ан 91 мемлекет кірген.
Конвенция дегеніміз – арнаулы м?селелер ж?ніндегі келесім шарт.
Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда ?аза?станда «Бала ???ы?ы туралы» За? ?абылданды. Б?л За? 10 тарау, 53 баптан т?рады. 2002 жылы 2-?ырк?йекте ?аза?стан «Бала ???ы?ы туралы конвенция?а» ?ол ?ояды, с?йтіп ?аза?станны? «Бала ???ы?ы туралы за?ы» енгізілген.
1 тарау. Жалпы ережелер
2 тарау. Балалар м?ддесін к?здейтін мемлекеттік саясат
3 тарау. Баланы? негізгі ???ы?тары мен міндеттері
4 тарау. Бала ж?не отбасы
5 тарау. Ата-анасыны? ?ам?орлы?ынсыз ?ал?ан баланы? ???ы?тары
6 тарау. М?гедек баланы? ???ы?тары
7 тарау. Бала ж?не ?о?ам
8тарау. Баланы? ???ы?тарын ж?не за?мен ?ор?алатын м?дделерін ?ор?ау
9 тарау. Бала жауапкершілігіні? ж?не оны? мінез-??л?ына ?сер ету ерекшеліктері
10 тарау. ?орытынды ережелер.

?. ?з ???ы?ымызды білеміз бе? (топты? таныстырылым)

1-топ – Бала ???ы?ы

2-топ – Ата-ана ???ы?ы

3-топ – О?ушы ???ы?ы

?І. «?рекет-?абілеттілік пирамидасы»
40 жас- Президент
30 жас -Сенат депутаты
20 жас- Маслихат депутаты
18 жас- Сайлау, ?йлену ???ы?ы
17 жас- ?сиет жазу ???ы?ы
16 жас- Т?л??жат, е?бек ету ???ы?ы, ?ылмысты? барлы? т?рлері бойынша жауап?а тартылу
15 жас- Ж?мыс істеу (р??сатпен)
14 жас- ?ылмысты? ісі ?шін жауап?а тартылу, е?бека?ы?а иелік ету
10 жас- Асырап алу?а, ?ор?аныш болу?а келісім беру, ата-аналарды? бірімен т?руын
та?дау ???ы?ы
6-7 жас-Т?рмысты? келісім шаралар, мектепке о?у?а бару?а
0 жас- Туу, ???ы? ?абілеттілікке ие болу

?ІІ. Жа?даяттарды шешімі

Жастар арасында?ы ?ылмысты? алдын алу мемлекетті? басты міндеттеріні? бірі болып табылады. Жас?спірімдерді? ж?не жастарды? ?ылмысы туралы м?селе ???ы? ?ор?ау ж?йесіні? ?ана емес, сонымен ?атар бас?а да мемлекеттік ?йымдарды? ж?не азаматты? ?о?ам институттарыны? ?немі ?ада?алауын талап ететін басты м?селені? бірі.

Жас?спірімдер арасында?ы ?ылмыс ?ашанда ?лтты? т?тасты?ымыз?а, ел болаша?ына ?ауіп т?ндірері с?зсіз. Жа?адан ?ркендеп келе жат?ан ?рпа?ты? ?ылмысты? б?рала? жолдарын та?дауы — д?уір ?асіреті. Соттал?ан жас?спірімдерді? к?беюі – ?о?ам ?міріні? келе?сіз жа?тарын, халы?ты? ?леуметтік ахуалыны? т?мен екенін бай?атады. ?о?амда не ??рылым дені сау, е?бекке жарамды азаматтар к?бейген сайын, мемлекетімізді? ?леуметтік-экономикалы? жа?дайы да жедел дами бастайды. Б?гінде т?рмеде отыр?ан азаматтарды? 70 пайызы жас адамдар.

К?шедегі к?рініс (о?ушылар сахналайды)

Ас?ар: Шы??ыс б?гін Камалды? баласыны? тойы ?ой, білесі? бе?

Шы??ыс: Ия, ия, айтпа?шы Дамирлер б?гін жиналайы?, той ?ызы?таймыз деген. Са?ан хабарлас?ан жо? па?

Ас?ар: Ж?р, ендеше солай ?арай барайы?, бар ?ызы?тан ??р ?алармыз.

Шы??ыс: Кеттік, жолшыбай Ердос?а со?а кетейік, ол да барар м?мкін.

Ас?ар: Ердос, біз той болып жат?ан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жа?та ж?р, бізбен бірге ж?рсе?ші.

Ердос: Жо?, мен ?уелі ата – анама ескертуім керек, ?йтпесе ала?дайтын шы?ар.

Ас?ар: Ту, ата – ана?а ескертіп не істейсі?, біз секілді айтпай кетіп ?алмайсы? ба, с?ранса?, жібермей ?алады.

Ердос: Жо?, балалар, мені жібермейді, бара алмаймын. Ол жа?тан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бір н?рсеге душар болармыз.

Ас?ар: Онда ?зі? біл, ерте? «к?п ?ызы?тан ?алдым» — деп ?кініп ж?р ме!

Шы??ыс: Осы кезден бастап к?шеге ?йрене бермейсі? бе?

??рметті ата-аналар, осы жа?дай?а байланысты сіздерді? пікірлері?ізді білсек.

1. Ата – ана ?ай жерден ?ате жіберіп отыр?

2. Мектеп инспекторына: — Осы жа?дайда о?ушылар ж?не ата-аналар ?андай    жауапкершілікке тартылады?

Елбасымыз Н?рс?лтан Назарбаев “?аза?стан – 2050” Стратегиясы – ?алыптас?ан мемлекетті? жа?а саяси ба?ыты” Жолдауында ?о?амда?ы ???ы? б?зушылы? пен т?ртіпсіздікке “н?лдік т?зімділік” ?а?идатын енгізу керектігін атап ?ткен болатын. 

?аза?стан президенті Н.?.Назарбаев «?аза?стан-2050» стратегиясы» жолдауында мемлекет т?ртіпсіздікке м?лдем т?збеушілік принципін ?стану?а тиісдеді: — «Біз е? ?са? ???ы? б?зушылы?пен, б?за?ылы?пен, м?дениетсіздікпен ымыра?а келмеуіміз керек, ?йткені, осыны? ?зі ?о?ам тынышты?ын б?зады, ?мірді? сапасына селкеу т?сіреді.

Т?ртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі ?ылмыстар?а жол ашады. ?са? ???ы? б?зушылы??а т?збеу ахуалы – ?о?амды? т?ртіпті ны?айту?а, ?ылмыспен к?реске бастайтын ма?ызды ?адам».

К?нделікті к?рініс

Ауыл іші, т?н, топ бала ?ле? айтып, шулап отыр. Жандарынан ?тіп бара жат?ан бала?а отыр?андарды? біреуі атып т?рып: - «?й, бері кел» деп ай?ай салды. ?айырылма?ан о?ан пыша? к?рсетті.

— ?алай ойлайсы?дар, демалып отыр?ан жастар за?ды б?зды ма?

— Кім ?алай б?зды?

— Ата-ана, сізді? тарапы?ыздан ?андай жауапсызды? кетті? (Ата — ана жауабы ты?далады.)

Ата-аналар?а екі сурет к?рсетіледі:

Біріншісі – тіп-тік ?демі салын?ан ?йді? суреті.

Екіншісі – фундаментінен бастап кірпіші д?рыс ?аланба?ан, т?бесі жарылып кеткен ?йді? суреті.

М??алім: Б?л тек ?йді? суреті ?ана емес, к?ріп отырып бала т?рбиесі туралы не айту?а болады?

( Сурет жайлы ата — ана ойы ты?далады). Б?дан со? бірінші сурет т?рбиесі д?рыс бала екендігін, екінші сурет т?рбиесі д?рыс болма?ан бала жайында екендігі айтылады. Бала т?рбиесі ?йді? фундаменті сия?ты жас к?нінен басталатынына ата-ананы? назарын аудару керек.

            Ата-анамен баланы? ?арым-?атынасы н?тижесінде адамгершілік, эстетикалы?, дене т?рбиесіні? ал?аш?ы ?лгісі ?алыптасады. Ал ?ке мен шеше, ата мен ?же, апа мен а?алар баланы? ал?аш?ы т?рбиешілері» – деп В. А. Сухомлинский айт?андай, ал?аш?ы т?рбиешілерді? ал?аш?ы т?рбиесі ерте бастан я?ни бесіктен басталуы тиіс. Я?ни, екінші сурет бала т?рбиесіні? о бастан д?рыс басталма?анын к?рсетіп т?р.

?ІІІ. «Ой жал?ау»
1. За?ны? ??ры?ы……. (б?рінен ?зын)
2. ?ш ал?аннан г?рі……. (кешірген ж?н)
3. А?ырын ж?ріп……. (аны? бас)
4. Жазасын атрпайтын…… (жаманды? жо?)
5. ?рлы? т?бі…. (?орлы?)
6. ?депті бала…….(арлы бала)
7. Т?рбие……(отбасынан басталады)
8. ?діл істі?…….(арты игі)

9. ?олы?мен істегенді.. (Мойыны?мен к?тер)

10. За?ды сыйла?ан.. (еркін ж?реді)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Сен оз кукыгынды білесін бе?"»

Күні: 4.02.16

Сыныбы: 8 «В»

Тақырыбы: «Сен өз құқығыңды білесің бе?»

Мақсаты: а) кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықтың, қылмыстың және

өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу.

ә) оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы

мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық

тәсілмен шешуге үйрету.

б) оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі

туралы, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету,

адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: құқықтық сауаттандыру


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг «Қол соғыңыздар, егер де...»

— сіздер бүгін жақсы көңіл-күймен және жаңа білім алуға келсеңіздер;

— кімді адам құқығы, оның ішінде баланың құқықтары ойландырады;

— кім адам құқықтарын және бала құқықтарын сақтап және құрметтей отырып жұмыс істеуге дайын.


ІІ. Кіріспе

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер.

Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл — заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз. Қазіргі кезде жасөспірімдер мен мектеп оқушылары арасындағы қылмыстың түрлері көбейюде. Заң ережелерінің барлығы да адамдарды адал жолға салу, оларды адамгершілікке тәрбиелеу мақсатынан туған. Ата-ананың сөзін алмағанның бір пәлеге ұрынары сөзсіз. Осыған байланысты нақыл сөз бар «Ана алдындағы құрмет, ата алдындағы қызмет», «Анасына орын ұсынбаған, әкесіне қолын ұсынбас», «Ана сүтін ақтамағанды, ешкімде мақтамайды». Ертедегі қазақта әкенің бетіне келу, ананың тілін алмау, үлкенге қарсы шығу мүлдем болмаған. Ал қазіргі таңда мұндай қылықтар көбейіп кетті.

Осы қылықтың жасөспірімдердің қылмыс жасауына себебі бар ма? Жалпы қылмыс жасауына не себеп? (топ мүшелері өз ойларын ортаға салады)


ІІІ. Тарихтан тәлім

Қазақтың ертедегі аңыз әңгімесіне байланысты өз ойымызды ортаға салайық:

Баласы көршінің тауығының ұясынан жұмыртқа ұрлап әкеледі де, шешесіне қуырып беруін сұрайды. Анасы жұмыртқаны қуырып береді. Арада біраз күндер өтеді. Бала көршінің тауығын ұрлап әкеледі, анасына береді. Қорадағы тауықтарға қосып қояды. Бірнеше жылдар өтеді, бала ұрлықты кәсіп қылып жігіт болып өседі. Бір күні жігіт бес баласы бар жесір әйелдің ала сиырын ұрлап, сойып жатұан жерінен ұсталады. Ашынған ел жігітті бидің алдына апарып, үкім шығарып, жазалауын сұрайды.

Би: Сен бес баласы бар, өзі сырқат, жұмысқа жарамсыз жесір әйелдің жанынбағып отырған жалғыз сиырын ұрлап, балалардың ауызын ақтан қақтың. Сенің жазаң – дарға асу.

Жігіт: Дат, тақсыр.

Би: Датың болса айт!

Жігіт: Маған анаммен соңғы рет тілдесуге рұқсатетіңіз.

Анасы келеді.

Жігіт: Апа, тіліңізді көрсетіңізші. Анасы тілін көрсетеді.

Уәзір жігітке ұрысады: Сені жарық дүниеге әкелген, ақ сүтін берген анаңның кінәсі не?

Сонда жігіт: Тақсыр, мен ең бірінші көршінің жұмыртқасын ұрлап алып келген кезде маған жекіп ұрыспай, ұрлықтың қылмыс екенін түсіндіріп, ақылын маған айтпаған адамның тілі де кінәлі шығар деп тұрмын,- деп жауап береді.

Би: Әй, балам, бұл сөзіңнің де жаны бар екен, сенің ұрлықшы болуына анаңның да кінәсі бар екен. Бұл жігіт дарға асылмасын. Алланың кітабы құранда былай депті «Ұры әйел болсын, еркек болсын қолын шауып тастау керек» делінген. Бұл жігіттің оң қолының бес саусағын шабыңдар. Сарбаздар жігіттің саусағын айбалтамен шабады.

Жігіт өкініп тұрып: Бауырларым, менің өкінішті ісімді қайталамаңдар. Мен қалған өмірімде ешкімнің ала жібін аттамауға ант етемін. Істеген ісім үшін ел жұрттан кешірім өтінемін.

Би: адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң.

Сұрақ: 1. Жігіттің ұры болып өсуіне кім кінәлі?

2. Бидің шығарған үкімі дұрыс па?

Кезекті мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Балзира Бахытжанқызына берсек.

Түйін сөз:

Қазақ халқының құқықтық жүйесінің қалыптасуы ХV ғасырдың орта шенінде қазақ мемлекетінің іргетасын қалаушылардың бірі Жәнібектің баласы Қасым хан есімімен байланысты. Қасымның тұсында Қазақ хандығы күшті мемлекетке айналды, бұл ережелер Қазақ мемлекетінің жағдайына бейімделіп жасалды. Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атады.


ІҮ. Заң туралы

Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция — бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны, және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген.

Конституция- елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олай болмағанда дүние астаң-кестеңі шығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді.

Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне, сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай бастады. Міне, осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады.
Балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 1989 жылы 20-қарашада 61 ел қол қойған «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген.
Конвенция дегеніміз – арнаулы мәселелер жөніндегі келесім шарт.
Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп Қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген.
1 тарау. Жалпы ережелер
2 тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат
3 тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері
4 тарау. Бала және отбасы
5 тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары
6 тарау. Мүгедек баланың құқықтары
7 тарау. Бала және қоғам
8тарау. Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау
9 тарау. Бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері
10 тарау. Қорытынды ережелер.



Ү. Өз құқығымызды білеміз бе? (топтық таныстырылым)

1-топ – Бала құқығы

2-топ – Ата-ана құқығы

3-топ – Оқушы құқығы



ҮІ. «Әрекет-қабілеттілік пирамидасы»
40 жас- Президент
30 жас -Сенат депутаты
20 жас- Маслихат депутаты
18 жас- Сайлау, үйлену құқығы
17 жас- Өсиет жазу құқығы
16 жас- Төлқұжат, еңбек ету құқығы, қылмыстың барлық түрлері бойынша жауапқа тартылу
15 жас- Жұмыс істеу (рұқсатпен)
14 жас- Қылмыстық ісі үшін жауапқа тартылу, еңбекақыға иелік ету
10 жас- Асырап алуға, қорғаныш болуға келісім беру, ата-аналардың бірімен тұруын
таңдау құқығы
6-7 жас-Тұрмыстық келісім шаралар, мектепке оқуға баруға
0 жас- Туу, құқық қабілеттілікке ие болу

ҮІІ. Жағдаяттарды шешімі

Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Жасөспірімдердің және жастардың қылмысы туралы мәселе құқық қорғау жүйесінің ғана емес, сонымен қатар басқа да мемлекеттік ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының үнемі қадағалауын талап ететін басты мәселенің бірі.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс қашанда ұлттық тұтастығымызға, ел болашағына қауіп төндірері сөзсіз. Жаңадан өркендеп келе жатқан ұрпақтың қылмыстың бұралаң жолдарын таңдауы — дәуір қасіреті. Сотталған жасөспірімдердің көбеюі – қоғам өмірінің келеңсіз жақтарын, халықтың әлеуметтік ахуалының төмен екенін байқатады. Қоғамда не құрылым дені сау, еңбекке жарамды азаматтар көбейген сайын, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы да жедел дами бастайды. Бүгінде түрмеде отырған азаматтардың 70 пайызы жас адамдар.


Көшедегі көрініс (оқушылар сахналайды)

Асқар: Шыңғыс бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?

Шыңғыс: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайық, той қызықтаймыз деген. Саған хабарласқан жоқ па?

Асқар: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.

Шыңғыс: Кеттік, жолшыбай Ердосқа соға кетейік, ол да барар мүмкін.

Асқар: Ердос, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.

Ердос: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.

Асқар: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң, жібермей қалады.

Ердос: Жоқ, балалар, мені жібермейді, бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бір нәрсеге душар болармыз.

Асқар: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» — деп өкініп жүр ме!

Шыңғыс: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?

Құрметті ата-аналар, осы жағдайға байланысты сіздердің пікірлеріңізді білсек.

1. Ата – ана қай жерден қате жіберіп отыр?

2. Мектеп инспекторына: — Осы жағдайда оқушылар және ата-аналар қандай жауапкершілікке тартылады?

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында қоғамдағы құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке “нөлдік төзімділік” қағидатын енгізу керектігін атап өткен болатын.

Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы» жолдауында мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға тиісдеді: — «Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді.

Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы – қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам».

Күнделікті көрініс

Ауыл іші, түн, топ бала өлең айтып, шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып: - «Әй, бері кел» деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті.

— Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма?

— Кім қалай бұзды?

— Ата-ана, сіздің тарапыңыздан қандай жауапсыздық кетті? (Ата — ана жауабы тыңдалады.)


Ата-аналарға екі сурет көрсетіледі:

Біріншісі – тіп-тік әдемі салынған үйдің суреті.

Екіншісі – фундаментінен бастап кірпіші дұрыс қаланбаған, төбесі жарылып кеткен үйдің суреті.

Мұғалім: Бұл тек үйдің суреті ғана емес, көріп отырып бала тәрбиесі туралы не айтуға болады?

( Сурет жайлы ата — ана ойы тыңдалады). Бұдан соң бірінші сурет тәрбиесі дұрыс бала екендігін, екінші сурет тәрбиесі дұрыс болмаған бала жайында екендігі айтылады. Бала тәрбиесі үйдің фундаменті сияқты жас күнінен басталатынына ата-ананың назарын аудару керек.

Ата-анамен баланың қарым-қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал әке мен шеше, ата мен әже, апа мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері» – деп В. А. Сухомлинский айтқандай, алғашқы тәрбиешілердің алғашқы тәрбиесі ерте бастан яғни бесіктен басталуы тиіс. Яғни, екінші сурет бала тәрбиесінің о бастан дұрыс басталмағанын көрсетіп тұр.


ҮІІІ. «Ой жалғау»
1. Заңның құрығы……. (бәрінен ұзын)
2. Өш алғаннан гөрі…….. (кешірген жөн)
3. Ақырын жүріп……. (анық бас)
4. Жазасын атрпайтын…… (жамандық жоқ)
5. Ұрлық түбі….. (қорлық)
6. Әдепті бала…….(арлы бала)
7. Тәрбие……(отбасынан басталады)
8. Әділ істің…….(арты игі)

9. Қолыңмен істегенді....... (Мойыныңмен көтер)

10. Заңды сыйлаған ........ (еркін жүреді)



ІХ.Сұхбат алаңы

Оқушылар келген қонақтарға сұрақтарын қояды.



Х. Қортынды

Өмірің болсын десең сенің сәнді

Ойланып, айналаңа қара мәнді.

Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан

Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.

Салауатты мақсатың — өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

  • деп, болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес,

бүкіл алаштың азаматтары болады деген сенім білдіремін.

«Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік. «Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты» деген еді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Ендеше сабағымыөдың соңынды сендерге мынадай үндеу тастағым келеді.

Үндеу
Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол.
Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады. Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың.































Балаңыздың сабақтан келгеніне бір сағат өтпестен, сыныптасы келіп, ойынға шақырды. Сол сәииегі сіздің әрекетіңіз?




«Ура, мама, мен бес алдым!» - деп бірінші сыныптың оқушысы өзінің қуанышын жасыра алмай, үйге жүгіре кіретін. Бірақ жылдар өте келе, мұндай қуанышты сөздер сирей бастайды. Неліктен?




Мектепте озат, үлгілі оқушы үй шаруашылығымен айналысқаннан гөрі, бос отырғанды жақсы көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қалай қызықтыруға болады. Сіздің пікіріңіз?




Кенже ұлыңыз немесе қызыңыз сыныптасының туған күніне сұранды. Бірақ сіз ондай мерекелерді мектеп оқушысына үйде тойлауға болмайтынын естіп жүрсіз. Қайтесіз? Рұқсат бересіз бе, әлде?...




Балаңыздың досы сізге ұнамайды. Сіз бұл достыққа өзіңіздің тарапыңыздан әсер етесіз бе?




Қызы мектеп келіп анасына: «Сізге маңызды нәрсе айтқым келеді» - десе, анасы: «Сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма» - деді. Сіз қалай жауап берер едіңіз?




Бала мектептен қатты ашуланып келді. Себебін сұрадыңыз, бала сынып жетекшісіне немесе бір пән мұғаліміне ренжіп келгенін айтып шағымданды. Сіздің әрекетіңіз?



Балаңыз үйге мектептен уақытынан кеш келеді. Қалай қарсы аласыз?




Сіз балаңыздың күнде сабаққа барғысы келмей, көңіл-күйі төмендеп жүргенін байқадыңыз. Осы орайда қандай тәрбие түрін пайдаланасыз?




Балаңыздың үстінен сыныптастарының «Бізді үнемі мазақ қылады, келемеждейді» деген шағым түсті. Сіздің әрекетіңіз?




Сіздің балаңыз соңғы кезде мұғалімдер туралы жағымсыз пікірді көп айтады. Сіз бұл жағдайда не істер едіңіз?




Сіз балаңыздың кез келген ортада көп өтірік айтатынын байқадыңыз. Қандай әрекет қыласыз?











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Сен оз кукыгынды білесін бе?"

Автор: Утекулова Гульзира Сабитовна

Дата: 16.02.2016

Номер свидетельства: 294531


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства