Просмотр содержимого документа
«Қозғалыс техникасының элементтері»
Сабақтың тақырыбы : Ер еңбекте сыналады .
Сабақтың мақсаты : 1) Тақырып мазмұнын меңгерту , оқуға машықтандыру ; 2) Оқушыларға бағыт - бағдар бере отырып , өздіктерінен жұмыс істету, ой –өрістерін дамыта отырып , өздіктерінен қортынды шығаруға машықтандыру .Сөздік қорларын дамыту ; 3) Ең- бек сүйгіштікке , шығармашылыққа , салмақтылыққа тәрбиелеу . Сабақтың түрі : Аралас сабақ . Сабақтың көрнекілігі : Ж .Жұмаханов туралы кесте , үлестірмелі тапсырмалар , көрніс , суреттер .
Сабақтың барысы : Тақтаның бір шетіне жалпы сабақ барысына жоспарланған жоспар ілінеді : 1 .Психологиялық дайындық .
2.Үй тапсырмасын тексеру .
3.Ой қозғау .
4.Жаңа сабақ :
а) Мәтінді оқу ;
ә) сөздік жұмыс . Түртіп алу жүйесі;
б) топпен жұмыс .
5. Ой толғаныс : а) Венн көрсетуі ; ә) жаңа тақарыпқа бір шумақ өлең . 6. Сабақты қорыту : а) үй тапсырмасы ; ә) бағалау .
1.Психологиялық дайындық . - Қазір жылдың қай мезгілі ? ( Көктем ) - Б . Соқпақбаевтың « Сен ұйықтап жатқанда » шығармасы . - Қандай тапсырмалар орындап келу керек еді ?
1 топ : Еңбек туралы эссе жазып келу .
2 топ : « Еңбекпенен ел көгерер тақырыбында сурет салып келу.
3 топ : Еңбек туралы мақал – мәтелдер жинап келу .
Ә) Сөздік жұмыс . Оқушылар мұғаліммен бірге түртіп алу жүйесін жасап отырады . ( + - ? ) .
Мына сөздермен сөздік жұмыс . Алқынып , гүжілдеп , кекетіп –мұқата, ойпат , белшеден батқан .
Алдымен өз тобында талданады , содан кейін мұғалім көмегімен талданады .
Б) Топпен жұмыс . 1-топ . Тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап береді . а) Мәтін шығарманың қай түріне жатады ? б) Жүк машинасы не деп мақтанады ? в) Көтергіш кран қалай жауап береді ? г) Кран өзінің « Несін айтамын , күшімді ісім көрсетсін » деген сөзін қалайша дәлелдеп береді?
2 топ . Мәтіннен сахналық көрніс .
3 топ . Мәтінмен жұмыс .
1. Мәтіннен жүк машинасының мақтаншақтығын көрсететін сөздерді тауып оқы .
2. Мәтіндегі қорытынды ойды көрсетіп тұрған жолдады тауып оқы .
Ой толғаныс .
а) Венн көрсетуі .
ә) Еңбек туралы бір шумақ өлең .
-Бүгінгі шығарма не туралы жазылған ? т.б.
-Еңбек тақырыбына жазылған .
-Ендеше еңбек туралы бір шумақ өлең құрастырып көрейік : 1.
1.Еңбексіз тіршілік болмайды .
2 . ------------------------------------------
3. ------------------------------------------
4. ------------------------------------------
Сабақты қорыту .
Бекіту сұрақтары .
Қандай шығарма оқыдық ? Авторы кім ? Қандай тәрбиелік маңызы бар ? Қай кейіпкердің жақсы қасиеттері ұнады ? Неге ? т.с.с.
Үйге тапсырма . Мәнерлеп оқу , мазмұны , мәтінді аяқтау.