Сабақтың мақсаты: | Оқушылардың барлығы орындай алады: Дене жаттығулары кезіндегі сақталатын қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардар бола алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Дене қыздырыну және қалпына келтіру жаттығуларын орындау кезіндегі жаттығу жасау компоненттерін біледі және түсіне алады. Оқушылардың кейбірі орындай алады: Денсаулықты сақтау маңыздылығын түсіне отырып оны басқаларына түсіндіре алады, көшбасшылық дағдыларын біледі. |
Сабақтың басы 5 мин | Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Қауіпсіздік ережелерін ескерту. «Шаттық щеңбері» Оқушылар бір-біріне бүгінгі күнге тілек айту. Саптық жаттығулар: -«оңға», «солға», «айнал». Жүру жаттығулары: - қол алда, аяқтың ұшымен жүру, - қол белде, өкшемен жүру, - қол желкеде, жартылай отырып жүру, - қол белде, толық отырып жүру. Жүгіру жаттығулары: - қол алда, аяқты алға сермей жүгіру, - қол артта, аяқты артқа қайшылап жүгіру, - қолды шынтақтан сермеп, оң йықпен алға жүгіру, - артпен сол йықтан алға қарап жүгіру, Жалпы дамыту жаттығулары: Тыныс жолдарын қалпына келтіру, | Оқушылар қатарда түзу тұрып, сапта тұру ережелеріне мән береді. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдайды. Денені қыздыруға арналған жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын толықтай орындайды. | ҚБ: қошемет сөздер Жарайсың Жақсы Керемет | Әрбір жаттығу үшін бос кеңістік, Презентация: https://ppt-online.org/215033 |
Сабақтың ортасы 30 мин | Белсенді оқыту әдісі «Миға шабуыл» 1. Қозғалыс техникасының қандай элементтерін білесіңдер? 2. Арнайы дамыту жаттығуларын жасау кезінде қандай қимыл-қозғалыс реттілігі орындалады? 3. Дене қыздырыну жаттығуларын қай мезгілде орындаған жөн? Алаңдағы қозғалыс техникасының бастапқы элементтері: орын ауыстыру, секіру, қапталға, алға тіркемелі қадамдар жасау, оң және сол жақ бүйірлерге жанама қадамдар жасау туралы түсінік беру Арнайы дамыту жаттығуларын орындау: 1.жүру жаттығуларын орындау, белгі бойынша тоқтау. Солға, оңға бұрылу. 2.жүріс кезінде оң аяқты алға жіберіп, секіріп тоқтау. 3.оң және сол жаққа аяқты қайшылай жүру. 4.жүріс және жүгіруден кейін волейолшы тұрысын қабылдау. 5.тағы да сол қимылдан кейін, допты екі қолмен жоғарыдан қабылдай қимылын орындау. Бой қыздырыну және қалпына келтіру жаттығуларын орындау нәтижесіне қарай, оқушылар бір-бірлерін бағалайды. | Оқушылар түзетуші комментарийлер бере отырып, жаттығуды орындаудың әрбір реттілігінде бір-бірін бақылайды. Денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығулары кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтайды. | Дескриптор: - қозғалыс және арнайы дамыту жаттығулары кезінде қауіпсіздік ережелерін біледі; - жаттығуларды орындау реттілігін сақтайды; . ҚБ: бір бірін бағалау «Шапалақ» әдісімен бағалау | Әрбір жаттығу үшін бос кеңістік, ысқырық, секундомер. Дереккөздер: Қозғалыс техникасының элементтері: https://youtube.com/watch?v=TBllsbqotIY&feature=share ойын техникасы: https://youtube.com/watch?v=AWXB2EB-cWs&feature=share |
Сабақтың соңы 5 мин | Сабақты қорытындылау Рефлексия Кері байланыс, «Білем» бағанына осы сабақ алдында білетіндерін жазу. «Білдім»- бүгінгі сабақта не білгендерін, үйренгендерін жазу. «Білгім келеді»- келесі сабақта қандай нәрсе үйренгісі келетіндерін жазу. Үйге тапсырма. | Оқушы қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді. | ҚБ: «Бас бармақ» арқылы бағалау | Үлкен бос кеңістік, секундомер. |