kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дене тәрбиесі қауіпсіздік ережелері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жүгіру, спорттық жүгіру – жеңіл атлетиканың негізгі бір түрі. Оның тегіс жерде әр түрлі қашықтыққа Жүгіру (жүгіру жолымен және тас жолмен), кедергілі (барьерлі) Жүгіру (сондай-ақ стипль-чейз), кросс, марафондық Жүгіру сияқты түрлері бар. Археологиялық ескерткіштер жүгірушілер бәсекесінің ежелгі дәуірлерден бастап дамығанын көрсетеді. Біздің заманымыздан.бұрын 776 жылы 1-ші Олимпиялық ойындар бағдарламасында жүгіруден жарыс өткен. Жарыс жолының қашықтығы 192 метр 27 сантиметрге тең болып, ол “стадидром” деп аталған. Яғни, сол кездегі жарыс өткен стадионның жалпы ұзындығына сәйкестеліп алынған. 17 ғасырдың орта кезінен бастап, Англияда кәсіпқой жүгірушілер пайда болды. Олар, көбіне, алыс қашықтықтарда сынға түсті. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде желаяқтар жарысы туралы аңыз, әңгімелер бұрыннан белгілі. Ереже бойынша жүгіру өнері қазақ топырағына 19 ғасырдың соңына таман жетті. Ресми жарыстар, негізінен, 20 ғасырда өтті. Жүгіруден қазақ жастары арасында бірінші болып Ғұсман Қосанов 17-ші Олимпиялық ойындарда (1960, Рим қаласы) 4*100 метрлік эстафеташылар бәсекесінде күміс жүлдегер атанды. Ал қысқа спринттік қашықтыққа жүгіруші Әмин Тұяқов 1966 ж. Еуропа кубогін еншіледі. Сонымен қатар (1966 – 2000 жылдар аралығында), С.Исамбаев, Ә.Байтықов, Е.Жамбылов, Б.Күреңкеев КСРО жарыстарында әр түрлі қашықтықтарда жүгіріп, елеулі табыстарға қол жеткізді. Кедергілі жүгіруден 2000 жылы О.Шишигина Сидней Олимпиядасының алтын медалін жеңіп алды; қ. Жеңіл атлетика.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дене тәрбиесі қауіпсіздік ережелері»

Дене тәрбиесі және спорт" факультеті



Қазіргі таңда факультеті педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент Шегенбаев Нұрқасым Бейсенбайұлы басқаруда.

Презентация "Дене тәрбиесі және спорт"

«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы

Денсаулық – елдің байлығы.
Бұл факторды жас ұрпақтын бойына сіңіру аса маңызды.
Дене шынықтыру және спорт салауатты өнір салтын қамтамасыз етуде ерекше орын алады.

Тарихы

Қазақстан Республикасында "Бұқаралық спортты дамыту жөніндегі шұғыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы № 2261 жарлығын жүзеге асыру туралы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2005ж. 23 желтоқсандағы № 779 бұйрығымен бекітілген ҚР МЖМБС 5.04.01 – 2011 негізінде әзірленген және 5В010800 Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім бакалаврын даярлау деңгейіне қойылатын талаптар жас ұрпақтын жан-жақты өсуіне игі әсерін тигізеді.

"Сырдария" университетінің "Дене шынықтыру және спорт" факультеті ҚР Білім және ғылым министірлігінің 2011 жылғы 8 тамызындағы № 349 бұйрығымен жұмыс жүргізуде.
«Сырдария» университеті 1998 жылы 27 шілдеде құрылған.
Факультетті 1998-2010 жылдары декан қызметін п.ғ.к., Л.Ә.Мырзабек басқарды.

2010 - 2013 жылдары „Дене шынықтыру және спорт" факультетін Е.Т.Әбіш басқарды. 2013 жылдан бастап факультет деканы Л.Ә. Мырзабек "Дене тәрбиесі және спорт“ факультетінің деканы болып қайта тағайындалды.

Мырзабек Лесбек Әліпұлы Алматыдағы Дене тәрбиесі институтына 1973 жылы түсіп, 1977 жылы бітірген. Қазақстанға еңбегі сіңген спорт қайраткері. 2005 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін спорт саласында қорғады. С.З.Серманизов "Сырдария" университетінің доценті, "Сырдария" волейбол құрама командасының жаттықтырушысы, Ұлттық дәрежедегі төреші.

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының аға оқытушылары Әбіш Ержан Төребекұлы, Қылышев Ерлан Ахметұлы волейболдан спорт шеберлігіне үміткер, облысымыздың, ауданымыздың және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары.

Факультеттің 400 - ден аса студент оқып, білім алуда, олардың 37 мемлекеттік білім грантының иегерлері. Кабинеттер мерзімді оқулықтармен, әдістемелі кешендермен (силлабус), жиһаздармен және спорттық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген.



Факультетте кафедра мүшелері спорт саласына байланысты ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстарды жүргізуде. Студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасауда. Студенттердің спорттық жетістіктерін жоғарылату үшін факультетте спорттық секциялар жұмыс жасайды. Атап айтсақ: еркін күрес, баскетбол, волейбол, футбол, кіші футбол секциялары жұмыс істейді. «Дене тәрбиесі және спорт“ факультетінде 2 спорт залы, 2 тренажер залы және „Нұр-Дәулет“ спорт алаңы, күрес және кіші футбол алаңдарымен қамтамасыз етілген. Студенттердің педагогикалық шеберліктерін арттыру үшін педагогикалық және теориялық іс-тәжірибелер ұйымдастырылуда.

Факультетте кафедра мүшелері жыл сайын университетте өткізілетін іс-шараларға, конференцияларға қатысып келеді. Бұл шаралар кафедра мүшелерінің теориялық жағынан деңгейін көтеруге елеулі турде ықпал етуде.

Факультетте бір кафедра төмендегі мамандық бойынша мамандар даярлайды: 5В010800- «Дене шынықтыру және спорт».

Кафедра дайындайтын мамандықтар кредиттік технология жүйесі бойынша оқытылып, профессор-оқытушылардың дайындауымен жаңа үлгі бойынша оқытылатын пәндердің жұмыс бағдарламалары, силлабустары оқу үрдерісіне пәрменді түрде енгізіліп, жүргізілуде.

Жетістіктер

Мұғалімдермен студенттер арасында жалпыға бірдей осы сынақтардан жақсы тапсырғандарды мақтау қағаздармен марапаттап отырамыз, жәнеде университет жанынан ашылған «Жеті сыр» газетіне жариялап отырады.


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтымен тығыз байланыстамыз, олармен спорттын мынандай түрлерінде: футбол, волейбол, баскетбол түрлерімен мұғалімдер, студентер арасында жарыстық кездесулер өткізіп келісім шарт жасалынған.

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 - курс студенті Чактауова Ақсұлу Лабақпайқызының жетістіктері. ҚР чемпионы. Таэквон-до спортынан Қазақстан Республикасының 1-дан атағы берілді. ОҚО Таэквон-до /WTF/ Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған чемпионатының жеңімпазы ОҚО Таэквон-до /WTF/ Сайрам аудан әкімімінің «Нұр отан» партиясының кубок жеңімпазы. 24-25.01.2009ж.Сайрам қаласы. Президент федерация Таэквон-до /WTF/ Б. Аманкулов - Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы Төлембетов Сакенге арналған WTF Таэквон-додан ҚР ІХ-ші ашық біріншілігінің жеңімпазы. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4-курс студенті Орынбаев Ырысбек Қалмырзаұлы ашық біріншілікте БЖСМ каратэ-до шотокан жеңімпазы. Каратэ-до түрінен спорт шеберіне үміткер атағы берілген. Қазақстан кубогінің каратэ-до шотокан жеңімпазы.

Қазақстан чемпионатында каратэ-до шотокан түрі бойынша 3 орын жеңімпазы. Әмір Темір кубогын Таэквон-до бойынша (ИТФ) жеңіп алған.

Каратэ-до шотокан бойынша Қазақстан республикасының спорт шебері атағы берілген.
«Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің түлектері.

Мамедов Мамед Сұлтаноглы волейболдан облысымыздың және Республикамыздың екі дүркін жеңімпазы. Облысымыздағы «Қазығұрт» жоғарғы лигасы командасының мүшесі. Қазіргі таңда облысымыздың ішкі істер департаментінің жол қауіпсіздігі саласында қызмет атқаруда. Асабаев Еламан Әбдімомынұлы волейболдан ауданымыздың және облысымыздың бірнеше дүркін жеңімпазы. Қазіргі таңда облысымыздың жоғарғы лигасында ойнайтын «Қазығұрт-2» волейбол құрама командасының мүшесі.

«Сырдария» волейбол құрама командасының жетістіктері. Республикаға белгілі спорт тележурналисі Қынабай Аралбаевты еске алуға арналған волейболдан ерлер арасында 3- облыстық турнирінде 1- орынды жеңіп алған.
Волейболдан ерлер арсында облыстық «Ақ бидай» күзгі спартакиадасының жеңімпазы.
Облыс әкімі Халық Абдулаевтың жүлдесіне арналған волейболдан ерлер арасында өткен жарыстың жеңімпазы.
Волейболдан ерлер арасында өткен «Алтын күз» спартакиадасының жеңімпазы.
Шардара қаласында өткен Тастемір Махамбетовты еске алуға арналған турнирдің жеңімпазы.
Шардара қаласында ерлер арасында өткен облыстық жарыстың жеңімпазы.
«Нұр Отан» ХДП жүлдесі үшін волейболдан өткен аудандық жарыстың жеңімпазы.
Сансызбай Тоғызбаевты еске алуға арналған волейболдан ерлер арасындағы 15 дәстүрлі Мақтарал ауданының ашық турнирінде «Сырдария» университеті 1 – орынды жеңіп алған.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 15 жыл толуына байланысты біздің университет ерлер арасында волейболдан турнир ұйымдастырып, осы ойында жүлделі 1- орынды иеленді.

Аудандық спорт бөлімі өткізген «Біз - нашақорлыққа қарсымыз!» атты спорттық фестивалдың жеңімпазы.

Аудандық «Денсаулық» фестивалінде спорттың волейбол, қол күрес, гір көтеру, стол теннисі, ұзақ қашықтыққа және қысқа қашықтыққа жүгіруден университет аудан жеңімпазы атанды. Жеңіл атлетика бойынша қыз-балалар арасында 4200 метр қашықтыққа жүгіруден Қазахова Наргиза облысымыздың бірнеше дүркін жеңіпазы болды.

Университет түлегі Ережепов Талғат – Алматыдағы Абай атындағы ұлттық университетінде аға оқытушы қызметін атқарады. Баскетбол командасының жаттықтырушысы.

Сәрсен Асқаров аудандық білім бөлімінің дене тәрбиесі және спорт бөлімінің менгерушісі болып қызымет атқарады. Біздің түлектер университетті бітірген соң, аудан колледждерінде мұғалім болып жұмыс атқаруда.

Сакиев Ербол – Шардара ауданындағы спорт мектебінде волейболдан жаттықтырушысы болып қызмет істейді.

Бекетаев Н., Жүнісов Ж., - Ғ. Мұратбаев атындағы гумунитарлық коледжінде мұғалім болып жұмыс істеуде.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Дене тәрбиесі қауіпсіздік ережелері

Автор: Абдирахимов Аззам Арзиматович

Дата: 11.05.2017

Номер свидетельства: 414452

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "«Же?іл атлетика саба?тарыны? ?ауіпсіздік ережелері» "
    ["seo_title"] => string(60) "zhien-il-atlietika-sabak-tarynyn-k-auipsizdik-ieriezhielieri"
    ["file_id"] => string(6) "183626"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1425905438"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Дене шынықтыру пәніндегі қауіпсіздік ережелері"
    ["seo_title"] => string(58) "dienie_shynyk_tyru_p_nindieghi_k_auipsizdik_ieriezhielieri"
    ["file_id"] => string(6) "412229"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1493383386"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(219) "Гимнастика саба?ында ?ауіпсіздік ережелерін са?тау, Сапты? жатты?улар. Бір лектен екі лекке,екі лектен  бір лекке сапталу"
    ["seo_title"] => string(119) "gimnastikasabagyndakauipsizdikieriezhielierinsaktausaptykzhattygularbirliektieniekiliekkieiekiliektienbirliekkiesaptalu"
    ["file_id"] => string(6) "256530"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448172808"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) ""Дене шыны?тыру саба?ында ?олданылатын ?ауіпсіздік ережелері""
    ["seo_title"] => string(73) "dienie-shynyk-tyru-sabag-ynda-k-oldanylatyn-k-auipsizdik-ieriezhielieri-1"
    ["file_id"] => string(6) "299203"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456482288"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "Дене шыны?тыру саба?ында ?олданатын ?ауіпсіздік ережесі"
    ["seo_title"] => string(66) "dienie-shynyk-tyru-sabag-ynda-k-oldanatyn-k-auipsizdik-ieriezhiesi"
    ["file_id"] => string(6) "256656"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448194920"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства