kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дене шыны?тыру саба?ында ?олданатын ?ауіпсіздік ережесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

шыны?тыру саба?ында ?олданылатын ?ауіпсіздік ережелері П?н м??алімі: Ерназарова М.С. 2015-2016жж. Дене шыны?тыру саба?ында ?олданылатын ?ауіпсіздік ережелері Дене шыны?тыру саба?ында басты назар аударатын м?селе - жатты?уларды орындау кезіндегі ?ауіпсіздік. Сонды?тан да м??алім барлы? жабды?тар мен снарядтарды? жарамдылы?ы мен ?ауіпсіздігін м??ият ?ада?алауы ?ажет. Т?менде ба?дарламаны? жекелеген тараулары (б?лімдері) бойынша са?тау?а тиісті ?ауіпсіздік ережелері. Саба??а спорт ?йірмесіне келген о?ушы арнайы спорт киімдерін киіп, оны? таза болуын ?ада?алауды міндеттейді; Саба? басталарда о?ушы денесіні? ысты?ы к?теріліп т. б. аурулармен ауырып т?рса м??алімге ?з денсаулы?ы жайында ескерту керек. Спорт залда, ала?да дене т?рбиесі п?ні м??аліміне та?айындал?ан ойындар мен жатты?уларды орындамау керек. Спорт залда?ы электр розеткалары мен электрощиттеріне тиіспеу керек; Спорт, ала?да орнатыл?ан, ??рыл?ан спорт ??ралдарын м??алімні? р??сатынсыз тиіспеу керек; Гранат, кіші доп т. б. ??ралдары алыс?а ж?не нысана?а ла?тыр?ан кезде ?ауіпті ала??а, сырттан адам, не мал кіріп кеткен кезде жатты?уды то?тату керек. Же?іл атлетика 1. Дене шыны?тыру ж?не спортпен ш??ылдан?ан кезде табаны резина ая? киім ?ию керек. 2. ?ыс?а ?ашы?ты?тарда тек ?ана ?з жолымен ж?гіру ?ажет. Ж?гіріп келе жатып кілт то?тау?а болмайды. 3. Ойлы - ?ырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, ??ла?ан а?аш, б?та, т?мпешік т. б.) аспай - саспай ?туді есте са?та?ан ж?н. 4. Ж?гіру, секіру, ла?тыру ала?дарын к?лдене? кесіп ?туге р??сат етілмейді. 5. Тырма мен к?ректі саба? ?тетін жерде ?алдыру?а болмайды. Тырма, к?ректі т. б. жабды?тарды? ?шкір жа?ын (ж?зін) ?аратып ?ою?а болмайды. 6. Спорт ??ралдарын (граната, диск, найза т. б) ла?тыр?анда, ла?тыру ба?ытында адамны? болмауын ?арап, ба?ылап алу ?ажет. 7. ?зынды??а, биіктікке секірер алдында ш???ырда?ы ??мды майдалап, ?опсытып алу керек. 8. Ла?тырушыны? о? жа?ында т?ру?а, ??ралдарды р??сатсыз алу?а болмайды. 9. Ла?тыр?ан ядроны ?а?ып алу?а болмайды ж?не ядроны ла?тырар кезде жерге т?сіріп алудан са?тану керек. 10. Жауын - шашында к?ндері ла?тыратын ??рал - жабды?тарды м??ият с?ртіп, ??р?ат?аннан кейін пайдалану керек. Гимнастика саба?тарында Белгілі бір спорт жабды?ында гимнастикалы? жатты?уларды бірнеше о?ушы бір мезгілде орындауда жара?аттанып ?алудан са?тану керек. Мысалы, 2, 3 бала бірден барып кермеге асылу?а болмайды; Спорт ??ралдарында (?лкен ж?не кіші а?аш ат, б?рене, керме, шы?ыршы?, ар?ан, гимнастикалы? ?абыр?а т. б. жатты?у орында?анда) секіргенде жерге міндетті т?рде екі ая?пен тізені б?гіп т?су керек; Спорт жабды?тарында жатты?уды орындамас б?рын міндетті т?рде оларды? д?рысты?ын тексеріп алу керек. Тексерілмеген спорт жабды?тарында жатты?улар орындау?а болмайды; М??алімні? немесе ?ріптесі?ні? к?мегінсіз спорт ??ралдарында к?рделі жатты?улар орындау?а болмайды; Дене шыны?тыру жатты?улармен ш??ылданатын, спортпен айналысатын бала ?р уа?ытта бас?алар?а ?лгі болу керек. 1. Денені ?ыздырып алмай к?рделі жатты?уларды орындау?а болмайтынды?ы есте ?ста?дар. 2. Гимнастикалы? ??рал - жабды?тарда тек ?ана м??алімні? к?мегімен жатты?у керек. 3. Ж?гіріп келіп секіретін жолда ж?не секіріп т?сетін орында т?ру?а болмайды. 4. Секіріп т?сетін жерлерге гимнастикалы? т?сеніш т?сеу ?ажет. 5. Спорт жабды?тарынан (ат, б?рене, гимнастикалы? ?абыр?а) секіргенде, жерге міндетті т?рде екі ая?пен т?су керек. 6. Бірі?нен со? бірі? ж?ріп келе жат?ан кезде ж?не жатты?у орындау кезінде ара ?ашы?ты? ?ата? са?талсын. 7. Гимнастикалы? ??рал - жабды?тарды? ?олдану?а жарамдылы?ын аны?тап алу ?ажеттілігін ?мыту?а болмайды. ??рал - жабды?тарды? таза болуын, тот баспауын ?ада?алап отыру керек. Снарядтарын бекітілуі м??ият тексерілсін. 8. Ар?ан бойымен т?мен т?скенде екі ?олымен кезек ?стап, екі ая?пен демеп, асы?пай т?су керек. 9. Гимнастика саба?ында міндетті т?рде арнаулы киім кию ?ажет екенін ?мыту?а болмайды. 10. Гимнастикалы? тая?шамен немесе секіртпемен жатты?у орында?анда, оларды жа?ын т?р?ан балалар?а тигізіп алмауды ?атты ескеру керек. .
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дене шыны?тыру саба?ында ?олданатын ?ауіпсіздік ережесі»








Дене шынықтыру сабағында қолданылатын

қауіпсіздік ережелері

Пән мұғалімі: Ерназарова М.С.

2015-2016жж.

























Дене шынықтыру сабағында қолданылатын қауіпсіздік

ережелері


Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.

Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;

Сабақ басталарда оқушы денесінің ыстығы көтеріліп т. б. аурулармен ауырып тұрса мұғалімге өз денсаулығы жайында ескерту керек.

Спорт залда, алаңда дене тәрбиесі пәні мұғаліміне тағайындалған ойындар мен жаттығуларды орындамау керек.

Спорт залдағы электр розеткалары мен электрощиттеріне тиіспеу керек;

Спорт, алаңда орнатылған, құрылған спорт құралдарын мұғалімнің рұқсатынсыз тиіспеу керек;

Гранат, кіші доп т. б. құралдары алысқа және нысанаға лақтырған кезде қауіпті алаңға, сырттан адам, не мал кіріп кеткен кезде жаттығуды тоқтату керек.


Жеңіл атлетика

1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.

2. Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.

3. Ойлы - қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т. б.) аспай - саспай өтуді есте сақтаған жөн.

4. Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.

5. Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т. б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.

6. Спорт құралдарын (граната, диск, найза т. б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.

7. Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.

8. Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.

9. Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.

10. Жауын - шашында күндері лақтыратын құрал - жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.


Гимнастика сабақтарында

Белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындауда жарақаттанып қалудан сақтану керек. Мысалы, 2, 3 бала бірден барып кермеге асылуға болмайды;

Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т. б. жаттығу орындағанда) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсу керек;

Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек.

Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды;

Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спорт құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды;

Дене шынықтыру жаттығулармен шұғылданатын, спортпен айналысатын бала әр уақытта басқаларға үлгі болу керек.

1. Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайтындығы есте ұстаңдар.

2. Гимнастикалық құрал - жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек.

3. Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды.

4. Секіріп түсетін жерлерге гимнастикалық төсеніш төсеу қажет.

5. Спорт жабдықтарынан (ат, бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек.

6. Біріңнен соң бірің жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау кезінде ара қашықтық қатаң сақталсын.

7. Гимнастикалық құрал - жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды. Құрал - жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтарын бекітілуі мұқият тексерілсін.

8. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолымен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.

9. Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды.

10. Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.






.



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дене шыны?тыру саба?ында ?олданатын ?ауіпсіздік ережесі

Автор: Ерназарова Меруерт Сисенбайкызы

Дата: 22.11.2015

Номер свидетельства: 256656


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства