kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әжемнің киіз үйі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс шара

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әжемнің киіз үйі»



Тақырыбы: «Әжемнің киіз үйінде»

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру

Мақсаты: Қазақ халқының дәстүрлерімен таныстыру, ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру. Ұлттық ойындар арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Дені сау, шымыр азамат тәрбиелеу.

Өткізілетін орын: дене шынықтыру залы.

Құрал-жабдықтар: арқан, жасанды ат, қамшы, тақия, және басқада ойынға қажетті атрибуттар.

Барысы: Кіріспе.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қонақтар, сәлеметсіздер ме балалар! Бүгінгі біздің мерекелік іс-шараға қош келдіңіздер! Балалар қараңдаршы бүгінгі күн қандай тамаша!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Жүргізуші: Балалар айтыңдаршы біз қандай мемлекетте тұрамыз.

Балалар: Қазақстанда.

Жүргізуші: Қазір жылдың қай мезгілі және көктемнің айлары қалай аталады?

Балалар: Көктем мезгілі! Наурыз, сәуір, мамыр.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, айтыңдаршы көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар: Құстар ұшып келеді, ән салады, ұя салады, алғашқы шөптер көгеріп шығады. Бәйшешектер гүлдейді.

Жүргізуші: Көктеммен бірге бізге қандай мереке келеді?

Балалар: Аналар мерекесі және қазақтың жаңа жылы Наурыз мерекесі келеді.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, осы Наурыз мерекесі қарсаңында баріміз бірге әжейдің киіз үйіне қонаққа барсақ қалай қарайсыздар?

Балалар: Алақай, барамыз.

(Балалар саппен жүріп әжейдің киіз үйіне келеді. Киіз үйден әжей шығады)

Әжей: Өй мыналарың кім?

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе әжей бұл «№8 «Алтын сақа балабақшасының» бүлдіршіндері, сізді мерекемен құттықтай келе отырып сізге қазақтың түрлі ұлттық ойындарын көрсетпекші.

Әжей: Ой бәрекелді, сәлеметсіңдер ме балалар.

Балалар: Сәлеметсіз бе әжей, Наурыз мерекесі құтты болсын.

Әжей: Рақмет айналайындарым, өздеріңе де құтты болсын. Ал енді



қазақтың ұлттық ойындары дисіңдер, қандай ойындарын білесіңдер?

Балалар: асық ату, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, ақсүйек, күміс алу, тақия тастамақ, қыз қуу, бәйге, көкпар, аударыспақ, қанталапай және тағы басқа.

Әжей: Жарайсыңдар балалар, сендер көптеген ұлттық ойын атауларын біледі екенсіңдер, ал енді сол ойындарды ойнай білесіңдер ме?

Балалар: Ия әжей, біз оны қазір сізге дәлелдейміз, ал сіз тамашалаңыз.

Жүргізуші: Балалар олай болса біз әжейге бар өнерімізді көрсетейік. Екі топқа бөлініп сайысқа түсейік.

(Балалар екі топқа бөлінеді. Топтарына ат қойылады)

  1. «Бәйшешек» тобы

  2. «Қызғалдақ» тобы

  1. сайыс: «Аударыспақ» ойыны.

Ойынның шарты: Екі топтан бір-бір баладан шығады, ортаға шеңбер сызылады. Сол шеңбердің ішінде тұрып екі бала бір-біріне арқасын беріп қолын айқастыра ұстап бірін-бірі көтеріп шеңберден шығарып тастау керек. Қай бала шеңберден бірінші шықса сол жеңілген болып есептеледі.Ал шеңберде қалған бала жеңіске жетеді.

  1. сайыс: «Бәйге»

Ойынның шарты: Жасанды атқа мініп белгіленген жерден айналып келу керек. Кім бірінші мәреге жетсе сол жеңімпаз болады.

  1. сайыс: «Теңге ату»

Ойынның шарты: Алаңның бір жағында белгіленген жерде баған тұрады балалар берілген шығыршықтарды дәлдеп лақтырады.

.Ойынды бұрын аяқтаған команда жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Әжей сізге балалардың ойындары ұнап отырма?

Әжей: Ия, балалар өте шапшаң, епті, ұқыпты екен, мен олардың ширақтықтарын көріп қуанып отырмын. Балаларымыз осындай талапты, жігерлі екен.

Жүргізуші: Балалар жүгіре-жүгіре шаршаған боларсыздар, бойымызды бір сергітіп алайық. Ал енді балалардың орындауында қазақтың ұлттық биі «Қара жорғаны» қабыл алыңыз.

«Қара жорға» биі. Барлық балалар ортаға шығып билейді.

  1. сайыс: «Арқан тартыс»

Ойынның шарты: Екі топ бір-біріне қарама-қарсы тұрады, ортаға ұзын сызық сызылады. Арқанның дәл ортасыннан белгі үшін бір орамал байланады. Белгі берілгеннен кейін екі топ арқанды екі жаққа қарай тартады. Қай топ қарсыласын белгіленген сызықтан өткізіп, өз жағына тартып алса сол топ жеңіске жетеді.






5-сайыс: «Қыз қуу»

Ойынның шарты: Бұл ойында бірінші топтың ұл баллары екінші топтың қыз балларын жасанды атқа мініп бір-бірден қуалайды. Қыздың қолында орамал болады .Сол орамалды ұл балдар алу керек немесе қыздың бетінен сүю керек.

Жүргізуші: Әжей біздің балалардың өнерін біраз тамашаладыңыз, біздің енді балабақшамызға оралатын уақытымыз таяп қалыпты. Қай топтың балалары жеңіске жетті деп ойлайсыз? Әділ бағаңызды беріңіз.

Әжей: Ия, қарақтарым, сендердің мына талаптарыңа нұр жаусын. Мына мереке қарсаңында келіп мені мынандай өнерлеріңмен қуантып жатсыңдар. Мен сендерді бөліп жармай «достық» жеңді дегім келеді. Өйткені балалар өз салт-дәстүрін білетін ұлттық ойындарды жақсы меңгере алған сендердей болашақ спортшылары бар елді жау ала алмас.

Сендер біздің болашақ ұрпағымыз, еліміздің туын әр қашан биік шыңдардан көрсете біліңдер. Енді киіз үйге кіріп дастарханымнан ас дәм татыңдар.

(Балалар әжейдің жасаған дастарханына отырып қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татады)

Жүргізуші: Енді балалар әжеймен қоштасамыз.

Балалар: Әжей сау болыңыз, мерекеден мерекеге аман есен жете беріңіз.

Әжей: Сау болыңдар, қарақтарым, қонаққа келіп тұрыңдар.

Жүргізуші: Осымен біздің мерекелік іс шарамыз аяқталды ден қойып тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рақмет. Сау-саламатта болыңыздар Мереке құтты болсын, отбасыларың аман болсын!









«Бекітемін»

«№8 «Алтын сақа» балабақша» МКҚК

_____________________ Абилова А. Қ





Тақырыбы:

«Әжемнің киіз үйінде»



Дене шынықтыру маманы : Айтбаева А . Ш

Әдіскер: Ыбрай Н. К

Қатысқан топ: Ортаңғы «Қызғалдақ» тобы

Өткізген күні: 27.03.2017ж






27.03.2017ж. «Әжемнің киіз үйінде» атты мерекелік іс шара.

Қатысқан: ортаңғы «Қызғалдақ» тобы.



«Қыз қуу» ойыны.

«Күміс алу» ойыны

«Аударыспақ» ойыны




«Арқан тартыс» ойыны




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Әжемнің киіз үйі

Автор: Айтбаева Альфия Шерипбаевна

Дата: 25.05.2017

Номер свидетельства: 418448

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Әжемнің киіз үйінде"
    ["seo_title"] => string(21) "zhiemnin_kiiz_uiindie"
    ["file_id"] => string(6) "397394"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488521842"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "?жемні? ауылына саяхат"
    ["seo_title"] => string(25) "zhiemnin-auylyna-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "325611"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1462986433"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "М?хтар ?уезов "?жемні? ?жесі". ?ыс?а мерзімді саба? жоспары. "
    ["seo_title"] => string(64) "mu-khtar-uiezov-zhiemnin-zhiesi-k-ysk-a-mierzimdi-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "196997"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1428159756"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Зере ?жемні? ?йінде ?она?та"
    ["seo_title"] => string(33) "zierie-zhiemnin-uiindie-k-onak-ta"
    ["file_id"] => string(6) "310087"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458923567"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Әжемнің камзолы"
    ["seo_title"] => string(16) "zhiemnin_kamzoly"
    ["file_id"] => string(6) "354323"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478021357"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства