Просмотр содержимого документа
«Зере ?жемні? ?йінде ?она?та»
Ашық сабақ
Білім беру саласы : Таным . Шығармашылық .
Оқу іс - әрекеті : Айналамен танысу , экологиялық тәрбие . Мүсіндеу .
Тақырыбы : Зере әжемнің үйінде . Құрт .
Мақсаты : Балаларды жұмбақ жасырып , тақпақ айтқызып , күй тыңдатып қиялдату . Сөздік қорлараын молайту , есте сақтау қабілеттерін, ұсақ қол моторикаларын дамыту . Құрт тағамының дәмін , түсін ажырату , мал сүтінен алынатынын әңгімелеу . Сәлемдесу , күй тыңдап , мақал айтып , би билетіп , бата беру арқылы баланың бойына салт-дәстүрді , адамгершілікті сіңіру .
Көрнекіліктері : Күй табақтан күй жіберу , ойыншық сиыр , зерен ыдыстар , ағаш ожау , тостаған , сандық , көрпелер , текемет , жер стол , сүт , құрт . Балалар ұлттық киім киген . Ермексаз , тақтайшалар , әр балаға сүлгі .
Әдіс тәсілдер : Түсіндіру , көрсету , сұрақ-жауап , көркем сөз , күтпеген сәт , ойын , мадақтау .
Сабақтың барысы : Бөлменің ішінде сабаққа арналған столдар тұрады , келесі бөлмеде текемет төселіп , көрпешелер жайылып , жер стол қойылып сандық қойылады .
Балалар бүгін ерекше күн . Біздің сабағымызға көп қонақтар келіпті . Олай болса қонақтармен сәлемдесейік .
Қолымыздан ұстайық ,
Шаттық шеңбер құрайық .
Сәлем бердік алтын күн ,
Сәлем бердік Жер-Ана ,
Сәлем бердік баршаға !
Тәрбиеші :Ал енді балалар біз бүгін Зере әженің үйіне қонаққа барамыз . Әжеміз алыста тұрады . Сондықтан поездбен барамыз . Қанеки поездға отырайық , кеттік .
Балалар қараңдаршы , ана жақта не көріп тұрсыңдар ?
( жолда келеп жатып сұрайды )
Балалар : Сиыр !
Тәрбиеші : Дұрыс , сиыр . Сиыр не істеп жүр ?
Балалар : Жайылып жүр .
Тәрбиеші : Дұрыс айтасыңдар , сиыр жайылып жүр . Ол біздің Зере әжеміздің сиыры . Біз Зере әжеміздің үйіне жақындап қалдық . Үйге келгенде сәлемдесуді ұмытып кетпеңдер . Ал , келдік поезддан түсейік . ( Үйге кіріп барлығы амандасады . Зере әже де балалармен амандасып , бастарынан сипайды. )
Зере әже: Ал енді көрпелерге жайғасып отыра қойыңдар . (Балалар көрпелерге дөңгеленіп отырады . )
Жантөре атай : Сәлеметсіңдер ме балалар ? Немерелеріміз келіп қалыпты ғой . Бәрің балабақшаға барып жүрсіңдер ме ?
Балалар : Иә , иә барып жүрміз .
Тәрбиеші : Атай , Әжей балалар сіздерге арнайы тақпақтарын дайында келіп еді . Соны айтып берсек деп едік .
Алдияр : "Атам"
Айтады ертек жан атам ,
Ақ сақалы салалап .
Құмарымды тарқатам
Жер мен көкті аралап .
Зарина : "Әжем"
Менің әжем бұл әжем ,
Айтқан сөзім дәл әжем .
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әжем .
Сергіту сәті .
Тәрбиеші : Барлығымыз жолдан біраз шаршаңқырап қалған тәріздіміз , қанеки барлығымыз бір билеп , бойымызды сергітіп алайық .( Күй табақтан "Қара жорға"
әні ойнайды . Балалар орындарынан тұрып , би билейді . Сол уақытта Зере әжей жер стол үстіне ыдыстар қоя бастайды . )
Әже : Ал , балаларым сиыр сүтінің дәмін татыңдар . ( Барлық балаға сүт құйып береді )
Ата : Зере әжей сенің сандыққы бізден тығып жүрген құртың бар шығар , шығарсаңшы бәріміз ауыз тиейік . ( Сандықтан дорбада түйіліп тұрған құртты шығарып , балаларға тарата бастайды .)
Әже : Мынау -құрт , ал мынау - сүт бұл тағамдар сиыр мен қой сүтінен алынады . Малдың бізге пайдасы өте көп .
Тәрбиеші : Құрт пен сүттің түсі қандай ?
Балалар : Ақ
Тәрбиеші : Дәмі қандай ?
Балалар : Дәмді екен
Тәрбиеші : Ата , әже сіздерге көп рахмет ! Ауырмаңыздар , ұзақ ғұмыр берсін . Енді атай ас қайырып , бата берсеңіз .
Ата :
Көтерейік білекті ,
Нұрға бөлеп жүректі .
Бөбекке бата берейін ,
Ағынан айтып тілекті .
Сәбиіміз сүйкімді болсын ,
Өнер - білімге икемді болсын .
Жақсы жолды таңдасын ,
Жамандық тәлім алмасын .
Даналардың дәстүрін ,
Жаңаласын , жалғасын .
Ары адал , жаны жаз ,
Құрбысынан қалмасын !
Осы тілегіміз аллаға жетсін !
Әумин .
Тәрбиеші : Ал енді біз жолға шығып , тобымыз қайтайық .
(Балалар столдың басына келіп отырады )
Балалар сабағымызды столдың басында мүсіндеу сабағымен жалғастырайық .
Мына жұмбақты тыңдап көріңдерші
" Өзі сүттен жасалған , өзі аппақ , жесең дәмді - ақ " , - бұл не ?
Балалар : Құрт .
Тәрбише : Қанеки балалар осы құртты ермексаздан жасап көрейік .
( Түсіндіру , жасау жолын көрсету . Балалардың жұмысын көре жүріп, көмектесе жүріп , қолдарын сүлгімен сүрту . )
Қорытынды : Біздер қайда бардық ? Не көрдік ? Нені мүсіндедік ?
Құрттың мүсінін өте жақсы жасапсыңдар . ( Мадақтау )