Просмотр содержимого документа
«Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл!»
Келісілді: Бекітілді:______________
Әдіскер инноватор №50 «Заңғар» бөбекжайы МКҚК
А.Е.Жумалиева____________ директоры м.а. И.Б.Анесова
Қалалық деңгейде мектеппен балабақша арасындағы сабақтастыққа арналған аналар менбалалардың арасында салауатты өмір салтын «Қимыл-қозғалыс арқылы дене бітімін қалыптастыру» денсаулығын нығайту шарасының
Ережесі:
Мерзімі: 25.04.2016 жыл.
Спорттық шараның атауы: «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл» атты отбасылық спорттық шара
Мақсаты: Салауатты өмір салтын дәріптеумен, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Қимыл қозғалыс ойындарын ойнату арқылы отбасымен ынтымақтастықты нығайту;топаралық жарыс арқылы отбасы мүшелерін өзара түсіністікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;осындай шаралар арқылы ата-аналарды балабақша өміріне араластыру.
10. Сайыс атаулары: I. Таныстыру (Топтың аты,ұраны эмблемасы)
II. «Көңілді доп» сайысы.
III. “Сиқырлы құрсау” сайысы.
IV. «Ойлан тап» сайысы
V. “Пингвиндер” сайысы
VІ. «Жұп» сайысы
VІІ. «Арқан тартыс» сайысы
Сайыстың шарты:
Музыкалық сәлемдеме: «Каратэдан көрініс»
І.«Көңілді доп» сайысы.
Ойынның шарты: Сайысты балалар бастайды, олар допты қолымен ұстап айналып келу керек, сайысты аналар жалғастырады, допты бір қолмен жерге ұрып, айналып келу.
II. “Сиқырлы құрсау” сайысы. Сайысты балалар бастайды,белгіленген жердегі құрсауға баласы барып кішкене сақинаны қойып келеді,анасы кішкене допты апарып сақинаға салады.Ойын ары қарай жалғасын табады.
III.“Ойлан тап” сайысы.
Ойынның шарты: Сайысты балалар бастайды,гимнастикалық орындық үстінде жыланша жорғалау, баласы кедергілерден өтіп келеді,анасы жалғастырып, гимнастикалық орындықта жыланша жорғалап,кедергілерден өтіп,ілулі тұрған есепті шығару.
Бой сергіту жаттығулары: «Делайте зарядку»
IV.«Пингвиндер»
Ойынның шарты: Балалар аналарына қолын созып жартылай отырады,мәреге дейін жартылай отырған қалыпта қалады.
V.«Жұп» сайысы
Ойынның шарты: Допты баламен анасы ортасына қысып алады,қолмен ұстамайды белгіленген жерге дейін жүгіріп келеді.
VІ.«Арқан тартыс»
Ойынның шарты: Командалар белгіленген сызық бойына тұрып, нұсқаушының ысқырығы бойынша арқанды тарту. Нәтижесі бойынша білгіленген сызықтан шыққан команда жеңіліске жетеді.
Музыкалық үзіліс: «Флешмоб»
1. Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Қорытынды: Марапаттау
Ашылу салтанаты:
«Каратэдан көрініс»
Жүргізуші:
Қадірменді ата-аналар, балалар, спорттық шара қонақтары!Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, «Салауатты өмір салтын» ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан жақты, жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіу отбасының, балабақшаның, жалпы халықтың қасиетті борышы екендігі баршамызға аян. Балабақшамыздың да негізгі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан, адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Қалалық деңгейде мектеппен балабақша арасындағы сабақтастыққа арналған аналар менбалалардың арасында салауатты өмір салтын «Қимыл-қозғалыс арқылы дене бітімін қалыптастыру» денсаулығын нығайту мақсатында, соның бір шарасы “Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл” атты отбасылық сайысына қош келдініздер.
Жүргізуші:
Әр таңды бақытпен атырамыз,
Өнерлі ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Барлық отбасыларды шақырамыз-Әнмен кіру: «Толағай»
1-ші «Заңғар»
2-ші №47 ЖОББМ
Жүргізуші:
Жиырма жыл он ғасырдың жүгiн арттык Ел болып еркiндiктiн туын тарттын Әнураным көк байрағым қалықтады Казақтын бар әлемге үнiн қаттык Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады:
Жүргізуші:
Ал құрметті халайық
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.
Қалалық дене шынықтыру нұсқаушыларының әдістемелік бірлестік жетекшісі:
Якубенка Анна Ивановна. 2. МКҚК № 46 «Ақжайық» бөбекжайының дене шынықтыру нұсқаушысы: Сүндетқалиев Талғат Қалиоллаұлы
Бала болып ойлайды- деп сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
1.Таныстыру (Топтың аты,ұраны эмблемасы)
Жүргізуші:
Топ болып біз жүрейік,
Ойнайықта күлейік.
Достық деген тамаша.
Міне тұрмыз жараса деп-
2. «Көңілді доп» сайысы.
Ойынның шарты: Сайысты балалар бастайды, олар допты қолымен ұстап айналып келу керек, сайысты аналар жалғастырады, допты бір қолмен жерге ұрып, айналып келу.
Жүргізуші:
Қалма жүрттың соңында,
Қажет болса мың атта.
Аздық етер оныңда,
Жету үшін мұратқа.
2.“Сиқырлы құрсау” сайысы. Сайысты балалар бастайды,белгіленген жердегі құрсауға баласы барып кішкене сақинаны қойып келеді,анасы кішкене допты апарып сақинаға салады.Ойын ары қарай жалғасын табады.
Жүргізуші:
Денсаулық – ол күлуің
Көңіл-күйің жадырай,
Денсаулық – ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай дей келе сайысымыздың келесі турына кезек берелік.
4.“Ойлан тап” сайысы.
Ойынның шарты: Сайысты әкелер бастайды,гимнастикалық орындық үстінде жыланша жорғалау,кедергілерден жыланша жүру,ілулі тұрған есепті шығарып анасына береді,анасы жалғастырады,баласы кедергілерден өтіп келеді.
Бой сергіту жаттығулары
Жүргізуші:
Кімдер жүйрік,өнерпаз білеиікші.
Ептісі деп сайыстың жүрейікші.
5. «Пингвиндер»
Ойынның шарты: Балалар аналарына қолын созып жартылай отырады,мәреге дейін жартылай отырған қалыпта қалады.
6. Жүргізуші:«Жұп» сайысы
Ойынның шарты: Допты баламен анасы ортасына қысып алады,қолмен ұстамайды белгіленген жерге дейін жүгіріп келеді.
7.Жүргізуші:
«Селт еткізер секіртпе-велоспорт» сайысы. Ойынның шарты: Жарысты балалар велосипед теуіп бастайды,аналар секіртпенмен белгіленген жерге дейін жсеіріп келеді.
8.Жүргізуші:
Мақтанам дәстүрі бар жұртымызға,
Сан жүйрік сынға түсті сайысуға.
Дәм берген тәуелсіздік арқасында,
Қайта оралдық қазақтың төл салтына!-,дей келе сайысымызды Қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартысқа»берелік.
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі. Жарысқа қатысушы аналар мен бүлдіршіндерге арналған мадақтау граматаларын табыс етпекші.
Қабыл алыңыздар! Уа,халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда –
Отбасымызбен аман болып,деніміз сау болсын деп-,бірлігіміз осылай жараса берсін!Келгендеріңізге көп-көп рамет!
Орал қалалық білім беру бөлімі
МКҚК «№50 «Заңғар»бөбекжайы
Қалалық деңгейде ұйымдастырылған мектеппен
балабақша арасындағы сабақтастық:
Тақырыбы:
«Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл»
Дене шынықтыру нұсқаушысы:Сарбаева Б.Ж.
2016ж
Қалалық деңгейде мектеппен балабақша арасындағы сабақтастыққа арналған аналар мен балалар арасында салауатты өмір салтын «Қимыл-қозғалыс арқылы дене бітімін қалыптастыру» денсаулығын нығайту шарасы.
Хаттама №34
Бөбекжай мен мектеп аналары мен балалары арасында.
Өткізілген орны: №50 «Заңғар» бөбекжайы
Өткізілген күні:25.04.2016 ж.
Дене шынықтыру нұсқаушысы:Сарбаева Баршагул Жанатқызы
Қатысушы дәрежесі: Аналар, балалар.
Сайыстың тақырыбы: «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл»
Мақсаты: Салауатты өмір салтын дәріптеумен, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Қимыл қозғалыс ойындарын ойнату арқылы отбасымен ынтымақтастықты нығайту;топаралық жарыс арқылы отбасы мүшелерін өзара түсіністікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;осындай шаралар арқылы ата-аналарды балабақша өміріне араластыру.
Сайыс шарты:
I. Таныстыру (Топтың аты,ұраны эмблемасы)
II. «Көңілді доп» сайысы.
III. “Сиқырлы құрсау” сайысы.
IV. «Ойлан тап» сайысы
V. “Пингвиндер” сайысы
VІ. «Жұп» сайысы
VІІ. «Арқан тартыс» сайысы
Директордың м.а: И.Б.Анесова
Қаулы:
Жүлделі І орын №50 «Заңғар» бөбекжайына берілсін
Жүлделі ІІ орын №47 ЖОББ мектепке берілсін
Мектеппен бөбекжай арасында сабақтастыққа байланысты спорттық шаралар жоспарлы турде өткізілсін.
Әділқазылар: Қалалық дене шынықтыру нұсқаушыларының