салауатты ?мір салтын ?алыптастыруда?ы отбасыны? ролі
Салауатты ?мір салтын ?алыптастыруда?ы отбасыны? ролі
№222 Т.Рыс??лов атында?ы орта мектеп
Та?ырыбы: «Салауатты ?мір салтын ?алыптастыруда?ы
отбасыны? ролі »
Нуртазаева Гульдана
?ызылорда ?аласы
Адам баласы жары? д?ниеге жар? етіп келген со?-а?, оны д?рыс т?рбиелеу, оны? денсаулы?ын са?тау, о?ан білім беру, адамгершілігін, ?семдік жа?ынан ?мірдегі ?з ?лесін алатындай д?режеге жеткізу – ата-ана мен ?стазды? басты міндеті. Барлы? жа?сы ?асиеттерді шыр етіп ?мір есігін аш?аннан бастап отбасы т?рбиелі де ?ам?оршысы болса, бала оны ?з бойына сі?іре бастайды.
Тіпті ?аза?та: «Іштен шы??ан ш?бар жылан» деп, ?з баласы ?шін неге болса да дайын екенін айтады. Ал ерекше назар аударатын, баласыны? д?рыс ?сіп, дені сау, он екі м?шесіні? аман болуы, ?мірден ?з орнын табуына е? ал?аш т?рбие беретін алып к?ш – ана. Бесік жырынан бастап:
?лди, ?лди, а? б?пем,
А? бесікке жат, б?пем.
?она? келсе, ?ой б?пем,
??йры?ына той, б?пем, - деп баласыны? дені сау болуы ?шін, жас с?биге ?ой етіні?, майыны? ?ажет екенін де ескертсе, тама?ына тойып алып, тынышты?та бол, т?зімділікке ?йрен, бас?а адамдарды сыйла, таза т?секте таза болып жата ?ой деп тазалы?ты? да денсаулы? ?шін ?ажет екендігін ??ла?ына ??я береді. ?йге келген ?она?ын ??дайындай сыйлайтын ?аза?ымны? ?асиетін жас кезінен-а? ??ла?ына ??я берген ?ой.
Ата-бабаларымыз баласыны? д?рыс болып ?суіне барлы? амал-айланы жасап, ?айткен к?нде болаша? ?рпа?ыны? д?рыс адам болуына назар аудар?аны м?лім. ?сіресе, біртуар ?стаз а?ындар – Ы.Алтынсарин, А.??нанбаев, С.К?беевті? ?ле?, ??гімелерінде адам баласыны? д?рыс ?сіп-жетіліп, ?о?амны? біртуар азаматы болуына к??іл б?лген.
Баланы т?рбиелеу, оны? ?о?амда алатын орнына, мемлекетіне, ата-анасына пайда келтіретін адам болуы ?шін, е? алдымен дені сау болуы керектігін ескертеді. «Денсаулы? – зор байлы?» деген халы? ?а?идаларын естен шы?арма?ан ж?н. Мысалы, Ы.Алтынсаринні? «Ба?ша а?аштары» атты ??гімесінде:
- Мынау а?аш неліктен тіп-тік, ана біреуі неліктен ?исы? біткен? – деп с?рады баласы.
- Оны? себебі, балам, анау а?ашты ба?у-?а?умен ?сірген, ?исы? б?та?тары болса, кескен. Мынау а?аш ба?усыз, ?з шы?у ?алпымен ?скен, - деді атасы.
«.Ба?ып-?а?уда к?п ма?ына бар, сен де жас а?ашсы?, са?ан да к?тім керек, жас ?рпа?.» деп, артына тере? ой тастап кеткен екен халы? ?стазы. Дені сау, ?мірді? ащы-т?щысын к?рген болса, е?бекпен шыны??ан жастар батыл да ?уатты болады. Тек ?зіне, не ата-ана?а ?ана емес, м?ндай жігерлі жігіттер Отан ?ор?ауда да ерлігін к?рсетсе, ?о?амда да ?ажетті ?иын т?тенше жа?дайларда к?мек ?олын созуда тіптен ?з жандарын аямайтын на?ыз батырлар. Олай болса, «Т?рбие – тал бесіктен» деген ма?алды? айтылуы тегін емес. Тірегі мы?ты, ауызбіршілігі с?ттей ?йы?ын отбасынан, болаша?ы жар?ын, ?аза?станны? болаша?ын ойлайтын бала т?рбиеленеді деп айта аламын.
Ал енді м?пелеп отыр?ан балаларымызды? арасында да, тіпті ?лкендерді? ?з арасында да наша?орлы?, маск?немділік, темекі тарту сынды зиянды ?деттерді? ?рісі тарылуды? орнына бар?ан сайын ?ршіп, етек жайып барады. Б?л ?о?ам?а да ?атерлі сипат, ?те жат ?ылы?. Мысалы, дені таза, шылым шекпейтін орта жаста?ы адамдарды? ?ан тамыры біркелкі минутына 72-80 рет со?ады десек, ?сті-?стіне 3-4 рет шылым шеккен сол адамны? ?ан тамырларыны? со?уы минутына 100-120 ретке дейін жетеді. Шылым - ?кпе, ж?рек ?ана емес, ас?азан – ішек ауруларыны? да себепшісі.
Та?ы бір елеусіз ?алдыру?а болмайтын жа?дай кіші балалар темекі тарту?а ?лкен, ересек балаларды? ы?палымен, ?гіттеуімен барады. М??алімдер мен ата-аналар балаларды ?депсіздерді? ?арама?ынан ??т?арып алу?а ?рекет жасап, ?атты ?ада?алап ж?руі ?ажет.
Адамзатты? ара? пен ескіркіден шегіп отыр?ан ?асіреті – с?мды?. Б?л екеуіні? талай есіл ерлерді адам ?атарынан шы?арып жібергенін, талай ша?ыра?ты, ?йы?ан отбасын ойран еткені, талай ?зіз ата мен ананы?, ару жарды?, ?л-?ыз бен с?билерді? ?мірін ?ксітіп, ж?ректерін ?ан жылатып, ел бетіне ?ара?ысыз к?йге жеткізгенін айтып тауысу м?мкін емес.
Т?рма? болды т?ра алмады орнынан,
Тыра? асты к?теремдей балдыр?ан.
?арап т?рса?, к?з тоймастай ер еді,
Алтын басын ара? ?андай ?ор ?ыл?ан, - деген с?здерде ?мірден алын?ан, жанды ауыртатын сипаты бейнеленген. Адам ішімдікті? мас ?ылатын ?асиетіне ?арап «алкаголь» деп ата?ан, ал оны? ма?ынасы – бізді? тілдегі «?а??ыртпа» деген с?зге келеді, демек ішкен адамды м??гіртіп, ?а??ыртып жібереді екен. Сонды?тан ислам діні ара? ішу ?з?зілді? ісі, м?сылман ?шін кешірілмес к?н? деп жариялан?ан.
?арама?ына бір іліндірген со?, тор?а т?скен балы?тай ?анша б?л?ын?ан, ?айтып ??тылу екі талай кесел – есірткі. Енді, міне, аз жылды? ішінде жастарды? ед?уір б?лігі соны? арбауына ілінген, азып-тоза, адамды? бет-бейнеден айрыла бастады. Адамды тез аздыруы: а?ыл-ес, ?деп-инабат, ар-?ят, к?ш-?айрат, обал-сауап, мейір-шапа?ат, міндет-парыз, жа?сы арман-?міт сия?ты кісілік ?асиеттерден, денсаулы?тан ж?рдай етуі ж?нінен есірткіге ша? келер кесел жо?.
?орыта келе, мемлекетті? байлы?ы – халы?ты? саулы?ы болса, сондай жаман ?деттен аула? болу?а баланы бастан ?ада?алау – отбасыны? міндеті. Адамы сау, с?биі сау ел – е? бай ел екен. Ішімдік, темекі, нашадан ?з ?рпа?ын аула? ?стап, «е?бекпен тап?ан нан т?тті» деп еліміз байып, аулымыз тойып, а? нанды ала?анымыз?а салып аяласа?, сары ?ымыз сабада т?рса, ??рт-ірімшік ?реде болса, ауру дегенні? ауылы алыста болады. Сары ?ымыз, д?руменді ш?батымыз ша?ыра?ымызда т?рса, ара? деген аласапыран асты ауыз?а да алмас еді. Жастарымыз е?бек етіп, дені сау болса, мемлекетіміз де бай болар демекпін.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«салауатты ?мір салтын ?алыптастыруда?ы отбасыны? ролі»
№222 Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп
Тақырыбы: «Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы
отбасының ролі »
Нуртазаева Гульдана
Қызылорда қаласы
Адам баласы жарық дүниеге жарқ етіп келген соң-ақ, оны дұрыс тәрбиелеу, оның денсаулығын сақтау, оған білім беру, адамгершілігін, әсемдік жағынан өмірдегі өз үлесін алатындай дәрежеге жеткізу – ата-ана мен ұстаздың басты міндеті. Барлық жақсы қасиеттерді шыр етіп өмір есігін ашқаннан бастап отбасы тәрбиелі де қамқоршысы болса, бала оны өз бойына сіңіре бастайды.
Тіпті қазақта: «Іштен шыққан шұбар жылан» деп, өз баласы үшін неге болса да дайын екенін айтады. Ал ерекше назар аударатын, баласының дұрыс өсіп, дені сау, он екі мүшесінің аман болуы, өмірден өз орнын табуына ең алғаш тәрбие беретін алып күш – ана. Бесік жырынан бастап:
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем.
Қонақ келсе, қой бөпем,
Құйрығына той, бөпем, - деп баласының дені сау болуы үшін, жас сәбиге қой етінің, майының қажет екенін де ескертсе, тамағына тойып алып, тыныштықта бол, төзімділікке үйрен, басқа адамдарды сыйла, таза төсекте таза болып жата ғой деп тазалықтың да денсаулық үшін қажет екендігін құлағына құя береді. Үйге келген қонағын құдайындай сыйлайтын қазағымның қасиетін жас кезінен-ақ құлағына құя берген ғой.
Ата-бабаларымыз баласының дұрыс болып өсуіне барлық амал-айланы жасап, қайткен күнде болашақ ұрпағының дұрыс адам болуына назар аударғаны мәлім. Әсіресе, біртуар ұстаз ақындар – Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Көбеевтің өлең, әңгімелерінде адам баласының дұрыс өсіп-жетіліп, қоғамның біртуар азаматы болуына көңіл бөлген.
Баланы тәрбиелеу, оның қоғамда алатын орнына, мемлекетіне, ата-анасына пайда келтіретін адам болуы үшін, ең алдымен дені сау болуы керектігін ескертеді. «Денсаулық – зор байлық» деген халық қағидаларын естен шығармаған жөн. Мысалы, Ы.Алтынсариннің «Бақша ағаштары» атты әңгімесінде:
Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неліктен қисық біткен? – деп сұрады баласы.
Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса, кескен. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалпымен өскен, - деді атасы.
«....Бағып-қағуда көп мағына бар, сен де жас ағашсың, саған да күтім керек, жас ұрпақ...» деп, артына терең ой тастап кеткен екен халық ұстазы. Дені сау, өмірдің ащы-тұщысын көрген болса, еңбекпен шыныққан жастар батыл да қуатты болады. Тек өзіне, не ата-анаға ғана емес, мұндай жігерлі жігіттер Отан қорғауда да ерлігін көрсетсе, қоғамда да қажетті қиын төтенше жағдайларда көмек қолын созуда тіптен өз жандарын аямайтын нағыз батырлар. Олай болса, «Тәрбие – тал бесіктен» деген мақалдың айтылуы тегін емес. Тірегі мықты, ауызбіршілігі сүттей ұйығын отбасынан, болашағы жарқын, Қазақстанның болашағын ойлайтын бала тәрбиеленеді деп айта аламын.
Ал енді мәпелеп отырған балаларымыздың арасында да, тіпті үлкендердің өз арасында да нашақорлық, маскүнемділік, темекі тарту сынды зиянды әдеттердің өрісі тарылудың орнына барған сайын өршіп, етек жайып барады. Бұл қоғамға да қатерлі сипат, өте жат қылық. Мысалы, дені таза, шылым шекпейтін орта жастағы адамдардың қан тамыры біркелкі минутына 72-80 рет соғады десек, үсті-үстіне 3-4 рет шылым шеккен сол адамның қан тамырларының соғуы минутына 100-120 ретке дейін жетеді. Шылым - өкпе, жүрек қана емес, асқазан – ішек ауруларының да себепшісі.
Тағы бір елеусіз қалдыруға болмайтын жағдай кіші балалар темекі тартуға үлкен, ересек балалардың ықпалымен, үгіттеуімен барады. Мұғалімдер мен ата-аналар балаларды әдепсіздердің қарамағынан құтқарып алуға әрекет жасап, қатты қадағалап жүруі қажет.
Адамзаттың арақ пен ескіркіден шегіп отырған қасіреті – сұмдық. Бұл екеуінің талай есіл ерлерді адам қатарынан шығарып жібергенін, талай шаңырақты, ұйыған отбасын ойран еткені, талай әзіз ата мен ананың, ару жардың, ұл-қыз бен сәбилердің өмірін өксітіп, жүректерін қан жылатып, ел бетіне қарағысыз күйге жеткізгенін айтып тауысу мүмкін емес.
Тұрмақ болды тұра алмады орнынан,
Тырақ асты көтеремдей балдырған.
Қарап тұрсаң, көз тоймастай ер еді,
Алтын басын арақ қандай қор қылған, - деген сөздерде өмірден алынған, жанды ауыртатын сипаты бейнеленген. Адам ішімдіктің мас қылатын қасиетіне қарап «алкаголь» деп атаған, ал оның мағынасы – біздің тілдегі «қаңғыртпа» деген сөзге келеді, демек ішкен адамды мәңгіртіп, қаңғыртып жібереді екен. Сондықтан ислам діні арақ ішу әзәзілдің ісі, мұсылман үшін кешірілмес күнә деп жарияланған.
Қарамағына бір іліндірген соң, торға түскен балықтай қанша бұлқынған, қайтып құтылу екі талай кесел – есірткі. Енді, міне, аз жылдың ішінде жастардың едәуір бөлігі соның арбауына ілінген, азып-тоза, адамдық бет-бейнеден айрыла бастады. Адамды тез аздыруы: ақыл-ес, әдеп-инабат, ар-ұят, күш-қайрат, обал-сауап, мейір-шапағат, міндет-парыз, жақсы арман-үміт сияқты кісілік қасиеттерден, денсаулықтан жұрдай етуі жөнінен есірткіге шақ келер кесел жоқ.
Қорыта келе, мемлекеттің байлығы – халықтың саулығы болса, сондай жаман әдеттен аулақ болуға баланы бастан қадағалау – отбасының міндеті. Адамы сау, сәбиі сау ел – ең бай ел екен. Ішімдік, темекі, нашадан өз ұрпағын аулақ ұстап, «еңбекпен тапқан нан тәтті» деп еліміз байып, аулымыз тойып, ақ нанды алақанымызға салып аяласақ, сары қымыз сабада тұрса, құрт-ірімшік өреде болса, ауру дегеннің ауылы алыста болады. Сары қымыз, дәруменді шұбатымыз шаңырағымызда тұрса, арақ деген аласапыран асты ауызға да алмас еді. Жастарымыз еңбек етіп, дені сау болса, мемлекетіміз де бай болар демекпін.