Мақсаты: оқушылар мен мұғалімдерге адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ұстаздарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Дене тәрбиесі пәнінен сыныптан тыс шара»
Тақырыбы: «Көңілді сөре»
Мақсаты: оқушылар мен мұғалімдерге адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ұстаздарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
2. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ.
3. Саулық - байлық негізі
Барысы:
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар қауымы! Бүгінгі «Денсаулық - әлеуметтік байлықтың негізі» дегендей бүгінгі «Көңілді сөре» сайысына қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші: Денсаулық - ол шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық - ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық - ол күлуің
Көңіл - күйің жадырай.
Денсаулық - ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.
1 - жүргізуші: Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Қатысушы топтарды шақырамыз.
1. №34 топ
2. №42 топ
3.№47 топ
4.№46 топ
5.№41 топ
6.№49 топ
1 - жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1.
2.
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
1 - жүргізуші: Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен - тек жоймайық!
1 - жүргізуші: Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Күшімізді көрсетейік, сынайық!
Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,
Қаймықпай, көңілді болып тарайық!
Бүгінгі спорттық сайыс 7 кезеңнен тұрады.
1. І тур.Таныстыру.
2. ІІ тур.Қаппен жүгіру
3. ІІІ тур.Кім жылдам?
4. ІV тур.Кеңгіру ойны
5. V тур.Шеңбермен жүгіру.
6. VІ тур. Секіртпе ойыны.
7.VII тур Арқан тарту
1 - жүргізуші: Сайысқа арнайы топтар қатысады.
Өнер қуып топтарымыз өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп.
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
1 турымыз әрбір топ өздерін таныстырады. Ал, енді І «Таныстыру» кезеңін бастайық!
(топтың атауы, эмблемасы, ұраны)
- Топтың аты;
Әр топтар өздерін таныстырып өтеді.
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен - тек жоймайық!
Олай болса, екінші турымызға өтеміз.
ІІ тур. Қаппен жүгіру. Ойынның шарты уақыт санағы басталды деген белгіден бастап алдымен 1оқушы ,содан кейін 2 оқушы , кейін сынып жетекшісі, соңында оқу өндірістік шебері аяғына қапты киіп, ойын залының арғы шетіне жетіп сол күйінде қайта жүгіріп келу.Сәт сапар, бастаймыз!
ІІІ тур: «Кім жылдам?»
(Оқыту өндірістік шебері допты жерге ұрып, сынып жетекшісіне алып барады. Сынып жетекшісі допты алып, шеңберге түсіру қажет /түсіргенге дейін тұрады/. Түсірген соң, сынып жетекшісі допты алып бірінші оқушыға жүгіріп алып барады. Ол екінші оқушыға береді,ойын осылай жалғасады.)
ІVтур: «Білімді кенгуру» сайысы.
(Әрбір ойыншы кезекпен допты тізеге қысып жасалған кедергілерден секіріп барып, математикалық бір - бір есепті шығару керек) /барарда және қайтарда осы іс - әрекет/
V тур: «Шеңбермен жүгіру». Бұл бөлімде топ басшысы шеңбермен белгіленген жерге дейін жүгіріп келіп келесі ойыншыны алып кетуі керек. Осылай барлық ойыншы бір шенңбермен мәреге жүгіріп келуі керек.
VІ тур. Секіртпе ойыны.
Секіртпе ойынында сөреден белгіленген жерге дейін доп соғып барып, келерде секіргішпен секіріп келуі керек. Ойыншылар осылай кезек кезек жүгіреді.
VII тур Арқан тарту. Айналма тәсілмен барлық топ арқан тартысады.
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Бұл сайыстан ренжімей
Тараса бізге жарады -
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
(Әділқазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізеді)
1 - жүргізуші:
Ұрпақ керек ертеңгі алда,
Болашақты болжайтын.
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін қорғайтын!
2 - жүргізуші:
Денсаулық - басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.
1 - жүргізуші: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік! Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп - көп рахмет!