Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар: проектор, компьютер, тақта, оқулық
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет,
Сабақтың барысы:
I.Үйымдастыру кезең: а) Сәлемдесу.
ә) Оқушыларды түгендеу.
- Оқушылар, өткен сабақтарда қандай ұғымдармен таныстыңыздар, қане естерімізге түсірейік: Материалдық нүкте. Қозғалыстың салыстырмалылығы. Жол және орын ауыстыру. Траектория.бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыс
Оқушылар, өткен тақырыпты еске түсірейік. Әрбір оқушы өздеріне қойылған сұрақтарға қысқа және нақты жауап беруге тырысыңыздар.
Қозғалыс траекториясы деген не? (Дененің немесе материалдық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі)
Дене қозғалысының түзусызықты немесе қисықсызықты екенін қалай ажыратамыз?
( Траекторияның түріне қарап ажыратады. Мысалы, қисықсызықтыға - шеңбербойыменпараболабойымент.с.
3. Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай? Жауабы: қисық сызықты қозғалыс (шеңбер бойымен).
4. Жүрілген жол дегеніміз не ? (Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады. Оны S әрпімен белгілеу белгілейді)
5. Орын ауыстыру деп нені атайды?(Дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын осы бағытталған кесіндіні айтады.Орын ауыстыру векторлық шама болғандықтан, оны нұсқама қойып, S әрпімен белгілейді)
6. Бірқалыпты қозғалыс деп қандай қозғалысты айтамыз?( Дене кез келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы бірдей жол жүрсе,ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады)
7. Бірқалыпты емес қозғалыс ше? (Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды )
Сiздер екi бағанадан тұратын кестені көріп тұрсыздар . Бірінші бағанада жол, екінші бағанада уақыт . Сіздің міндетіңіз теңдікті түрлендіру. Тапсырманы орындауға 3 минутты уақыт беріледі. Сәттілік тiлеймiн! (берілген тапсырманы жұмыс дәптерлеріне орындайды)
ІІІ Теңдікті түрлендір: (2 мин)
Жол (м)
Уақыт (с)
7км = ....... м
12сағ = .......с
65см = ......м
45мин = ......с
300мм = ....м
0,5сағ= .......с
Жол (м)
Уақыт (с)
7км = 7000м
12сағ = 43200с
65см = 0,65м
45мин = 2700с
300мм = 0,3м
0,5сағ= 1800с
Тапсырма орындалды. Дәптерлеріңіді бір-біріңізбен алмастырып, қолыңызға қалам алып, экранға назар аударыңыздар. Сіздер дұрыс жауапты көріп тұрсыздар , берілген тапсырманы өзіңіз тексеріңіздер. Кестеге дұрыс жауап санын көрсетіңіздер.
Ендеше, біз бүгінгі сабағымыздың бірінші нәтижесін алдық . Бұл нәтижелерді есептер шығару кезінде міндетті түрде ескереміз. Енді бүгінгі тақырыбымызға көшейік: экранға назар аударыңыздар.
IV. Бүгін сіздермен Жылдамдық және оның бірліктері» - туралы негізгі ұғымдармен танысамыз. (1 минут)
Сабақтың жоспары:
Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
V. Жаңа сабақ. (10 мин).
Қозғалыстағы алуан түрлі денелердің бірдей уақыт ішіндегі орын ауыстырулары әртүрлі болуы мүмкін. Ал бірдей орын ауыстыру үшін олар әртүрлі уақыт жұмсайды. Мысалы,жаяу адам 1 сағат ішінде 6 км жол жүретін болса, атты кісі 1 сағат ішінде 18 км, жүк машинасы 60 км, ал жеңіл машина 100 км жол жүреді. Мысалда келтірілген денелер 1 сағат ішінде, әртүрлі жол жүреді. Оның себебі неде? Себебі, олардың қозғалу жылдамдықтары өзара бірдей емес.
Келтірілген мысалдағы денелердің қозғалысындағы айырмашылық - олардың жылдамдықтарында. Қай дене уақыт бірлігі ішінде артығырақ орын ауыстырса,сол дененің жылдамдығы үлкен болады.
Жылдамдық - физикалық шама.
Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралығына бөлу керек:
Енді жылдамдықты υ әрпімен, орын ауыстыруды S әрпімен, уақытты t әрпімен белгілесек. Жоғарыдағы тұжырымымыз былай жазылады:
S орын ауыстыру, t - уақыт.
Дененің бірқалыпты қозғалысының жылдамдығы белгілі болса, сол арқылы дененің белгілі бір уақыт ішінде жүрген жолын анықтауға болады: Егер дененің бірқалыпты қозғалысының жылдамдығы мен жүрген жолы белгілі болса,сол қозғалысқа кеткен уақытты табуға болады:
Жылдамдық сан мәнімен қатар бағыты бойынша да сипатталады, яғни ол векторлық шама болып табылады. Физикалық шамалардың векторлық қасиетін көрсету үшін сол шама белгісінің үстіне сызықша қойылады.
Оқушылар өз бойларының ұзындығын метрмен, өлшейді.Дәптердегі жазу жолдарының аралығын миллиметр, сантиметрмен өлшейді. Екі ауылдың арасын километрмен өлшейді.Бұл келтірілген өлшемдер ұзындықтың өлшемі.Дәл сол сияқты , жылдамдықтың өз өлшем бірліктері бар: м/с; мм/с; км/ сағ; м/ мин; см/с
Әр түрлі өлшем бірліктермен жазылған жылдамдықты тек бір бірлікпен жазамыз немесе оны халықаралық бірліктер жүйесі (ХБЖ) деп атайды,ол м/с
Жылдамдықты басқа бірліктермен , мысалы, секундына метр есебімен өрнектеуге болады.Ол үшін километрді метрге, сағатты секундқа айналдырамыз.
Мысалы:72 км =72 000 м; 1 сағ = 3600 с
Сонда 72 км /сағ = 72х1000/3600с =20 м/с.
Мысалы: ұшақтың жылдамдығы 400 м/с,
жарықтың таралу жылдамдығы 300 000 000 м/с,
жүрдек пойыздың жылдамдығы 72 км/сағ,
дыбыс жылдамдығы 340 м/с
тасбақаның жылдамдығы 0,05 м/с.
Сіз білесіз бе?
1. 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын автомобиль секундына 17 м жол жүреді.
2. Спортшы 100 м қашықтыққа жүгірген кездегі шамамен сағатына 35 км/сағ жылдамдықпен қозғалады.
VІ. Сабақты пысықтау. Ендеше келесі кезекті есепке берейік.
Әрбір оқушы берілген есептерді орындайды. Әрбір топ өздеріне берілген есептерді тақтада орындап, шығру жолдарын түсіндіреді.
Есептер шығару 15 минут
№ 1. Теңдікті түрлендір:
36 км /сағ = 10 м/с ; 6 км/мин = 100м/с ;
54 км/сағ = 15 м/c ; 100 см/с = 1 м/с ;
250см/с = 2,5м/ с ; 5,2 км/с = 5200м/с
№ 2
а) Ақтау мен Жаңаөзеннің арақашықтығы 180 км , Жаңаөзеннен шыққан жеңіл машина Ақтауға дейін 2,5 сағат жолжүрді.Жеңіл машинаның жылдамдығын анықтау керек.
Берілгені: Формуласы: Шешуі:
S = 180000 м
t = 2,5 сағ=9000сек V = S / t V = 180000 м / 9000с = 20 м / с
табу керек :V-? Ж: Жеңіл машинаның жылдамдығы сағатына 20 мс
б) Велосипедші бірқалыпты қозғалып, 30мин ішінде 9 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м/с – пен есептеп табыңдар.
Берілгені: ХБЖ Формуласы: Шешуі :
t = 30 мин=1800 V = S / t V= 9 000м / 1 800 =5м/с
S = 9 = 9000 м
Жауабы: V = 5 м/с
в) 720 км/сағ жылдамдықпаен қозғалатын ұшақ 2 сағ ішінде қандай аралықты ұшып өтеді?
Берілгені: ХБЖ Формуласы: Шешуі :
V = 720км/сағ =200м/с S=V*t
t = 2 сағ=7200c S =200м/с х 7200 =1440000м
т/к : S=?
Г) Үйден кітапханаға дейінгі арақашықтық 1800м. Осы арақашықтықты оқушы 30 минутта жүріп өтті. Ол қандай жылдамдықпен жүрді? (1м/с) V= 1800:1800=1м/с
Берілгені: Формуласы: Шешуі:
S = 1800 м
t = 30мин=1800сек V = S / t V = 1800 м / 1800с = 1м / с
Е) Жүк машинасы 200 км жолды 4 сағатта жүріп өтті. Оның қандай жылдамдықпен жүргенін тап. Км/саг есепте
S = 200 км
t = 4 саг V = S / t V = 200 / 4 = 50 км / саг
(50км/сағ)
VІІ. « Кім жылдам?» 5 минут
Қатысушы
Жылдамдық
Жылдамдық м/с
Орын
Акула
8,3 м/с
Қарға
47 км/сағ
Жираф
14,6 м/с
Қоян
60 км/сағ
Қатысушы
Жылдамдық
Жылдамдық м/с
Орын
Акула
8,3 м/с
8,3 м/с
ынталандыру
Қарға
47 км/сағ
13 м/с
3
Жираф
14,6 м/с
14,6 м/с
2
Қоян
60 км/сағ
16,7 м/с
1
VІІІ. Сабақты қорыту, бағалау. 3 минут
Оқушыларға қойылатын сұрақтар
3.Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не ?
4 Жылдамдықтың қандай өлшеу бірліктерін білеміз ?
5. Жылдамдықты қандай әріппен белгілейміз ?
6. Барлық денелердің жылдамдықтары бірдей ме ?
7. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейміз?