ІІ. Үй тапсырмасын анықтау кезеңі: «Сұрақтарды ұстап ал» ойыны арқылы үй тапсырмасын тексеру,оқушылар тез-тез бір-бірлеріне допты лақтыра отырып, сұрақ қояды)
ІІІ.Практикалық жұмыс кезеңі: Ойыс лиза мен дөңес линзаның айырмашылығы неде?
Оқушыларға құрал-жабдықтар пайдалану арқылы тапсырма орындалады,жауап алынады.
ІҮ.Жаңа сабақты меңгерту кезеңі
Проблемалық сұрақтар:
1.Кемпірқосақ туралы не білеміз,кемпірқосақ қайдан пайда болады,кейде кемпірқосақ екеу болып көрінеді. Неге?(Оқушының қарапайым ойын тыңдау арқылы,жаңа сабақты өрбіту)
2.Оқушы шығармашылығы :Ағылшын ғалымы И.Ньютонның «Оптика » бөлімі жайлы еңбектерін тыңдау арқылы, «Спектр »түрлерімен таныстыру
3. Ньютон тәжірибесін баяндау ,оқушыларды тәжірибе мазмұнына үңілдіру;
Алынған көрністі спектр деп атап,(Лат.spectrum-елес,көрініс)деп атады.Ол түстер мыналар: (СD-R (диск) арқылы көрсету),
5. Ақ жарық түрлі ұзындықтардағы толқындардан тұрады. Әр толқын ұзындығы әр түрлі түске сәйкес келеді. Дифракциялық тордан өткен соң, әр түрлі ұзындықтағы толқындар әр жердегі максималды конструктивті интерференциядан өтеді. Сол себепті де, дифракциялық тордан жарық сәулесі өткен кезде, біз түрлі түсті шоғырды көреміз.Ортаңғы бөлікте барлық түстер шағылысқандықтан, бұл бөлік ақ түсті болып келеді.(Жарықтың түстерін көрсету )
6. Түстердің араласуы жайлы «bilim lаnd k.z » Сайтына кіру арқылы баяндау
Берілген аймақ ақ жарықпен жарықталып және барлық түстер берілген беттен шағылатын болса, берілген аймақ бізге ақ болып көрінеді; егер барлық түстер берілген бетке жұтылатын болса, ол аймақ қара түс ретінде көрінеді. Кейбір жағдайларда біз жарықтанған бетке жұтылмаған түстердің араласу әсерін көре аламыз.(Көрсету)
7.Негізгі және қосымша түстер жайлы .«bilim lаnd k.z » Сайтына кіру арқылы баяндау
8. Дальтонизм
Толық немесе жартылай түс айыра алмайтын көз қарасының ақауы, (негізі қызыл мен жасыл түстер арасында болады) дальтонизм деп аталады. .«bilim lаnd k.z » Сайтына кіру арқылы баяндау,көрсету,биалогия ғылымымен байланыстыра отырып баяндау;
Түсіну кезеңі: 1.Су қызыл жарықпен жарықтандырылған.Су астында көзін ашқан адам қандай түсті көреді?
2.Қандай түске ең ұзын толқын ұзындығы сәйкес келеді екен?
3.Спектр түрлерін рет- ретімен атаңдар
4.Призмадан өткенде ақ жарықтың сәулесі неліктен түсті сәулелерге ажырайды?
5.Жаңбырдан кейін күн ашылғанда ,кейде кемпірқосақ көрінеді .Неліктен жаңбырдан кейін ?Неліктен күн ашылған кезде?Неліктен кешкі мезгілде матаның түсін ажырату қиынға соғады?
6.Неліктен қауіптілік сигналдары тек қызыл түспен беріледі?
Қолдану кезеңі:
1.Кабинеттегі гүлдің жасыл жапырақтарына қызыл шыны арқылы қараңдар,сендер қандай түсті көріп тұрсыңдар? (Жауаптарыңды дәлелдеңдер)
2.Дененің беті қандай жағдайда : Қызыл,жасыл,ақ,қара болады екен? (Жауаптарыңды дәлелдеңдер)
Бүгін не үйрендіңдер?
Қандай тапсырмалар қиындық тигізді?
Оқушы пікірімен санаса отырып оқушы еңбектерін тбағалау;
Үйге тапсырма: ЖАРЫҚТЫҢ ДИСПЕРСИЯСЫ тақырыбын оқу
Физика есептер жинағынан № 897- 900 есептер жинағынан Жеке тапсырма,шығармашылық жоба : Ж.Ағзомова,Е.Тұрсынтай,Ш.Жаратқан,А.Ерлановалар : « Толықтауыш түстер » тақырыбына ауқымды реферат әзірлеу;
Алматы облысы
Алакөл ауданы
Қабанбай батыр атындағы орта мектебі
Жоғары санатты физика пәні мұғалімі Сауле Орайханқызы