О?ушылармен амандасу, т?гендеу, ма?сат ?ою, саба??а н?с?ау беру
2. ?й тапсырмасыны? орындалуын тексеру кезе?і:
(10мин) Тірек-сызба бойынша жауап беру
Механикалы? тербеліс – денені? бірдей уа?ыт аралы?ында?ы д?лме-д?л немесе жуы?тап ?айталанып отыратын ?оз?алысын айтамыз
Тербеліс периоды Тербеліс жиілігі Тербеліс амплитудасы
Тербеліс периоды - бір толы? тербеліс жасау?а кеткен уа?ыт.Тербеліс периоды секундпен (с) ?лшенеді ж?не оны Т ?рпімен белгілейді. Денені? ше?бер бойымен бір айналым жасауын бір цикл дейміз. Т = t / n = 1 / ν
Бірлік уа?ыт ішіндегі тербелістер саны тербеліс жиілігі деп аталады.Б?л бірлік неміс ?алымы Генрих Герцті? ??рметіне герц (Гц) деп атал?ан: 1Гц = 1с-1 ν= n / t= 1 / T
Тербеліс амплитудасы деп денені? тепе-те?дік к?йінен е? ?лкен ы?ысуыны? м?нін айтады. Амплитуда А ?рпімен белгіленеді, я?ни А = Хmax (м). Амплитуда денені? тепе-те?дік к?йінен ?аншалы?ты ауыт?ы?анына байланысты болады.
ІІ – тірек – сызба
Механикалы? энергия – ?оз?алыс барысында материялы? н?ктені? к?йі ?здіксіз ?згеріп, бір к?йден екінші к?йге ?тіп отырады.Осы денені? немесе материялы? н?ктені? механикалы? к?йін сипаттайтын шама
Кинетикалы? энергия – ?оз?алып келе жат?ан дене энергиясы
Е= mυ2/2 (Дж)
Потенциалды? энергия- денелерді? ?зара ?рекеттесуіне немесе дене б?лшектеріні? ?зара орналасуына байланысты болатын энергия
Е=mgh E = kx2/2
Толы? энергия Е= mυ2/2 + mgh
ІІІ – тірек – сызба
Тербелмелі процестер ж?зеге асатын ??рыл?ыларды тербелмелі ж?йелер айтамыз
Білімділік: Оқушылардың өз бетімен білім алуына жағдай жасай отырып, таным белсенділігін арттыратын талпынысқа ынталандыру үшін олардың іс-әрекеттерін ашып, оның ғылымдылығымен қатар өмірмен байланысына, тұрмыста қолдануына көз жеткізу
Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын тиянақты жеткізе білу, логикалық пайымдылығын жетілдіру
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, тербелістердің қасиеттері мен өмірде алатын орнын зерттеп білу, білімді өз күшімен алуға тәрбиелеу
Оқушы нені білу керек:
Тербелістердің қасиеттерін сипаттайтын шамаларды, энергия айналымын, тербелістің периоды мен жиілікті есептейтін формулаларды білу, олардың физикалық мағынасын түсіну
Оқушының білігі:
Формулаларды қолданып, есептер шығару, тәжірибе жасап, талдау
Оқушының машығы:
Алған білімін сапалық есептер шығаруға қолдану
Сабақтың түрі: Білімдерін бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: практикалық және тірек- сызбалармен жұмыс
Пән аралық байланыс: математика, биология
Сабақтың көрнекілігі: техникалық құралдар, математикалық маятник, тірек -сызба,тест сұрақтары
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:(1-2мин)
Оқушылармен амандасу, түгендеу, мақсат қою, сабаққа нұсқау беру
2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру кезеңі:
(10мин) Тірек-сызба бойынша жауап беру
Механикалық тербеліс – дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтамыз
Тербеліс периоды Тербеліс жиілігі Тербеліс амплитудасы
Тербеліс периоды - бір толық тербеліс жасауға кеткен уақыт.Тербеліс периоды секундпен (с) өлшенеді және оны Т әрпімен белгілейді. Дененің шеңбер бойымен бір айналым жасауын бір цикл дейміз. Т = t / n = 1 / ν
Бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны тербеліс жиілігі деп аталады.Бұл бірлік неміс ғалымы Генрих Герцтің құрметіне герц (Гц) деп аталған: 1Гц = 1с-1 ν= n / t= 1 / T
Тербеліс амплитудасы деп дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәнін айтады. Амплитуда А әрпімен белгіленеді, яғни А = Хmax (м). Амплитуда дененің тепе-теңдік күйінен қаншалықты ауытқығанына байланысты болады.
ІІ – тірек – сызба
Механикалық энергия – қозғалыс барысында материялық нүктенің күйі үздіксіз өзгеріп, бір күйден екінші күйге өтіп отырады.Осы дененің немесе материялық нүктенің механикалық күйін сипаттайтын шама
Кинетикалық энергия – қозғалып келе жатқан дене энергиясы
Е= mυ2/2 (Дж)
Потенциалдық энергия- денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты болатын энергия
Е=mgh E = kx2/2
Толық энергия Е= mυ2/2 + mgh
ІІІ – тірек – сызба
Тербелмелі процестер жүзеге асатын құрылғыларды тербелмелі жүйелер айтамыз
Оның қарапайым түрі математикалық маятниктің тербелісі және серіппелі маятниктің тербелісі
Математикалық маятник деп созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзын жіпке ілінген кішкентай ауыр шарды айтады.
Математикалық маятниктің периоды жүктің массасына, амплитудасына тәуелді болмайды, оны, ұзындығына тәуелді.
Серіппеге ілінгенжүктің тербелісін серіппелі маятник деп атайды.
Серіппелі маятниктің тербеліс периоды жүк массасы мен қатаңдығына тәуелді болады
Тербелістің түрі
Еркін тербелістер – дене тепе-теңдік күйінен шығарылғаннан соң сыртқы күштің әрекетінсіз болатын тербелістерді айтады.
Мысалы, математикалық маятниктің тербелісі, серіппенің тербелісі
Еріксіз тербелістер- сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер
Мысалы, тігін машинасының инесінің қозғалысы, есіктің периодты түрде ашылып жабылуы
3Білімдерін тексеру. Деңгейлік есептер
1-есеп А
1.Серіппеде ілулі тұрған жүк 8с-та 32 тербеліс жасаса, оның тербеліс периоды мен жиілігі қандай?
2.Математикалық маятниктің ұзындығы 40 м. Осы маятниктің тербеліс периоды неге тең?
2-есеп В
1.Қатаңдығы 160н/м серіппеге ілінген массасы 400г жүктің тербеліс жиілігін табыңдар.
2.Қатаңдығы 1000н/м, сығылған серіппе өзіне бекітілген денеге 400Н күшпен әсер етеді. Серіппенің потенциалдық энергиясы
3-есеп С
1.Сыйымдылығы 30пф тербелмелі контурда жиілігі 10Мгц еркін тербеліс алу үшін оған қандай индуктивтілігін қосу керек 2.Тербелмелі контурдың сыйымдылығы 10мкФ-қа, ал индуктивтілігі 10 Гн тең. Контурдағы электромагниттік тербеліс жиілігін табыңдар.
4.Практикалық жұмыс
Математикалық маятниктің еркін түсу үдеуін анықтау
формуласы бойынша
5. Тест 1.Уақыт өткен сайын амплитудасы азайып
отыратын тербелістер
А) өшетін тербелістер
В) Гармоникалық тербелістер
С) өшпейтін тербелістер
2.Дененің тепе-теңдік күйінен
ең үлкен ығысуының мәні
А) тербеліс периоды
В) тербеліс амплитудасы
С) тербеліс жиілігі
3.10 секундта 5 рет тербеліс жасайтын
механикалық тербелістің периоды?
А) 5 с В) 0,2 с С) 2 с
4.Дененің механикалық жұмыс жасай алу
қабілетін қалай атайды?
А) механикалық жұмыс
В) механика
С) механикалық энергия
5.Механикалық тербеліс кезінде потенциалдық
энергияның шамасы неге тәуелді ?
А) периодқа
В) жиілікке
С) амплитудаға
6.Қозғалып бара жатқан дененің энергиясын қалай атайды? А) кинетикалық В) потенциалдық С) үдемелі 7.Бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны қалай аталады? А) тербеліс периоды В) тербеліс амплитудасы С) тербеліс жиілігі 8.20 секундта 240 рет тербелетін механикалық тербелістің жиілігі? А) 120Гц В)12Гц С) 1/12 Гц 9.Ығысуға пропорционал және оған қарама-қарсы бағытталған күштің әрекетінен болатын қозғалыс қалай аталады? А) механикалық В) гармоникалық С) тербелмелі 10 .Тербелістің неше түрі бар? А) 2 В) 3 С) 4