Әр топ алдын ала берілген тапсырмалар бойынша өз ттоптарының аттарына сәйкес жаңа сабақты түсіндіре бастайды. І топ: «Тербелістер»:Механикада тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығында дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады. Мысалдар: F=-kx (Гук заңы) Ығысуға пропорционал және оған қарама-қарсы бағытталған күштің әрекетінен болатын механикалық тербелістер гармоникалық тербелістер деп атайды. (тақтадағы слайд және плакаттар көмегімен жаңа сабақты баяндайды) ІІ топ: «Период»:Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт арадығы тербеліс периоды деп аталады.(тақтадағы слайд және плакаттар көмегімен жаңа сабақты баяндайды) ІІІ топ: «Жиілік»:Бірлік уақыт ішінде жасалатын тербелістер саны тербелісжиілігі деп аталады. (тақтадағы слайд және плакаттар көмегімен жаңа сабақты баяндайды) ІУ топ: «Амплитуда»:Тербелістерамплитудасы деп дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәнін айтады. (тақтадағы слайд және плакаттар көмегімен жаңа сабақты баяндайды) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі: І топ: Дененің х координатасының уақытқа тәуелдігінің графигі бойынша тербеліс периодын және жиілігін анықтаңдар. 80 – а – сурет ІІ топ: Механикалық тербелістер кезіндегі дененің х ығысуының t уақытқа тәуелдігінің графигі көрсетілген. График бойынша тербеліс периодын, жиілігін және амплитудасын анықтаңдар. 80 – ә – сурет ІІІ топ:Берілген параметрлер бойынша графикті салыңдар. Тербеліс периоды 5с, тербеліс амплитудасы 4м-ге тең тербелістің жиілігін анықтаңдар. ІУ топ: Тербеліс жиілігі 0,25Гц және тербеліс амплитудасы 3м – ге тең болатын тербеліс грайигін салыңдар. «Пилот және штурман»әдісі: І топ: Торғай қанатының тербеліс жиілігі 10Гц, шыбындікі 300Гц, масаныкі 450Гц. Олардың қанаттарының 1 мин – та қанша тербеліс жасайтынын есептеңдер. ІІ топ:Серіппедегі жүк 2 Гц жиілікпен тербеледі. Серіппенің тербеліс периодын анықта. ІІІ топ:Бірдей уақыт ішінде бір математикалық маятник 50, ал екіншісі 30 тербеліс жасайды. Онда тербеліс периоды мен жиілігін анықтаңдар. ІУ топ:5 секунд ішінде материалық нүкте 10 тербеліс жасайды. Тербеліс периоды мен жиілігі неге тең? |