І. Үй жұмысы
- Электр тоғы деген не? (еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы)
- Алғаш рет «электр тоғы» түсінігін енгізген француз ғалымы кім? (Андре Ампер)
- Электр тоғының қандай әрекеттері бар ? (жылулық, химиялық, магниттік, физиологиялық)
- Тоқ көздерін ата (гальвани элементі, аккумуляторлар, генераторлар)
- Адам өміріне қауіпсіз ток күшінің шамасы (7мА-ден 400мА-ге дейін)
- Өткізгіштерді жалғаудың қандай түрлері бар?(тізбектей және параллель)
- Өткізгіштің материалын сипаттайтын шама (меншікті кедергі)
- Қазіргі қыздыру шамдарының қылдарында қолданылатын сым (вольфрам сымы балқу температурасы 33700С)
- Ең алғашқы қыздыру шамын кім ойлап тапты?(А.Н.Лодыгин 1872 ж. Санкт-Петербургте)
- 1827 жылы Генрих Ом ашқан тоқ күшінің кернеуге тәуелділік заңы (тізбектің бөлігіндегі тоқ күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал)
- Тоқ күшін өлшеуге арналған құрал (Амперметр)
- Өткізгіштің ұштарындағы тоқты өлшеуге арналған құрал (вольтметр)
ІІ. Тірек сөздер (есте сақтау қабілеті мен зейінді дамыту)
1-2. Электр тоғы
3. Металл
4. Газ
5. Шалаөткізгіш
6. Ваккум
7. Фарадей
ІІІ.Мәтінмен жұмыс. Қарама-қарсы сұрақ (оқушылар 171-172 бетті оқиды, бір-біріне сұрақ қояды)
IV.Сыни сұрақтар
- Металдардағы электр тоғы дегеніміз еркін электрондарды бағытталмаған қозғалысы (жоқ - бағытталған қозғалысы)
- Электролиттердегі электр тоғы дегенміз – иондардың реттелмеген қозғалысы (жоқ-иондардың реттелген қозғалысы)
- Электролит арқылы электр тоғы өткенде электродтардан зат бөліну процесі – электролиттік диссоциация деп аталады (жоқ-электролиз деп аталады)
- Газдардағы электр тоғы дегеніміз электрондар мен қарама-қарсы таңбалы иондардың бағытталмаған қозғалысы (жоқ бағытталған қозғалысы)
- Өте жоғары температурада электрондардың металдан шығу құбылысы термоэлектрондық эмиссия деп аталмайды? (жоқ аталады)
- Ваккумдегі электр тоғы дегеніміз термоэлектрондық эмиссия нәтижесінде алныған электрондардың бағытталған қозғалысы (иә)
- Практикада диодтар мен триодтар кеңінен қолданылмайды (жоқ қолданылады)