Бұл ұсынылып отырған ғылыми жоба 5- сынып оқушыларын физика пәніне мектеп алды дайындық ретінде, әрі оқушылардың табиғат жайлы мәліметтер қорын арттыру жолында керекті болған мәселе деп ойлаймын. Оқушылардың дүние танымын, дарындылығын, жаңа технологияларды игердегі белсенділігін нығайтады деп сенемін. Осы тақырыпты қорғап отырған 5-сынып оқушысы да аспан әлеміндегі білімін арттырды әрі тартылыс күші неліктен болатынын, қандай шамаға байланысты екендігін білді деген ойдамын. Болашақта Ай мен Жердің серіктестігі туралы білімін жетілдіреді деп сенемін.
Осыған байланысты біздің ұсынып отырған А. Кубанычбековтың «Ай Жерге неліктен құламайды» атты зерттеу жұмысында жеке автордың қолданысында пайда болған тосын зерттеу жұмыстары қарастырылған.
Жұмыс барысында А.Кубанычбеков зерттеу жұмыстарын талдап, саралап бірізділікпен талқылаған.
Зерттеудің бірінші аспан әлемі туралы тоқталып, қысқаша мәліметтер қарастырған. Жұмыстың екінші тарауында қарапайым эксперимент жасағандығын айтқан. Үшінші тарауда Ай Жерге неліктен құламайтындығының себебі түсіндірілген.
Қорыта келе айтарымыз, зерттеу жұмысының ғылыми тұжырымдары мен нәтижелері ізденушінің қойған мақсатына жеткен. Сондықтан А. Кубанычбеков «Ай Жерге неліктен құламайды» атты тақырыбына дайындаған зерттеу жұмысы барлық талаптарға сай жазылған ғылыми негізі бар жұмыс болғандықтан қорғауға лайық деп бағалаймын.
Ғылыми жетекшісі: Алиева Айгуль Айбековна
Жоспар
Кіріспе
І Негізгі бөлім
Ньютон жайлы мәлімет
Ньютон ашқан заңдылықтар
Эксперимент
II Қорытынды
ІІI Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Маңыздылығы : Біздің әлеміміз - Жер деп аталатын алып планетада орналасқандықтан өз планетамыз жайлы мәліметпен танысу және оның географиялық ендіктегі серігі Аймен байланысын білуіміз өте маңызды.
Жұмысымның өзектілігі : Ай Жерге неліктен құламайды деген сұрақ төңірегінде ізденіс жасау арқылы физикалық теориялар мен заңдылықтардың мағынасын терең түсініп, күнделікті өмірде қолдана білу дағдысын дамыту.
Жұмыстың мақсаты : бізді қоршаған әлемдегі барлық табиғат құбылыстарының заңдылықтарын жан-жақты түсінетін, политехникалық ой-өрісі қалыптасқан, қазіргі қоғам сұранысына лайықты ізгілік қасиеттерді бойына сіңірген, алған білімдерін күнделікті өмірімен байланыстырып қолдана алатын физикалық сауатты тұлға болып жетілу.
Міндеті : тәжірибені іс-жүзінде орындау арқылы әлемнің физикалық көрнісін қалыптастыру және оны күнделікті тұрмыспен байланыстыру жолдарын ұсыну.
Қандай да бір биіктікте бос тұрған дененің жерге құлайтыны бәрімізге белгілі. Жоғары лақтырылған дене қайтадан жерге түседі. Мұның бәрі Жердің тартуы әсерінен болады дейміз. Бұл – жалпылама құбылыс, сол себепті де денелердің тек Жердің тартуы әсерінен еркін түсу заңдарын қарастыру ерекше қызықты. Алайда күнделікті бақылау денелердің қалыпты жағдайда түрліше құлайтынын көрсетеді. Мәселен, ауыр шар тез құлап түседі, ал жұқа қағаз парағы біртіндеп, күрделі траектория бойымен қаықтап түседі.
( Суретін салу18 )
Демек, құлайтын денелердің жылдамдығы мен үдеуі, қалыпты жағдайда, денелердің ауырлығына, олардың өлшемдері мен пішіндеріне тәуелді болады. Әрине, денелердің мұндай қозғалысын тек Жердің тартуы әсерінен ғана еркін түсуі деп айтуға болмайды. Тәжірибе нәтижелері бұл айырымашылықтардың қозғалыстағы денеге ауаның әсер етуінен болатынын көрсетеді. Сол себепті, егер біз денелердің еркін түсуін зерттегіміз келсе, онда ауаның әсерінен толық құтылуымыз керек.
Оның табысты жүргізген тәжірибелері гректердің кеңістік жөнінен ғана емес, ауырлық күші мен қозғалыс жөнінен де қателескенін қөрсетіп берді. Галилей ашқан жаңалықтар физиканың негізін қалады. Бұл жетістіктерге жету оған оңай бола қоймады.
Ең алғаш мұндай тұжырымды италяндық ұлы ғалым Галилео Галилей жасаған болатын. Галилей 1583ж. Пиза қаласындағы биік көлбеу мұнара үстінен диаметрлері бірдей, ауыр және жеңіл шарларды бір мезгілде тастап, олардың мұнара табанына шамамен бір уақытта келіп түсетініне көз жеткізеді.
Бұл биіктігі 58 метрлік мұнараның құрылысы 1173ж. басталған болатын. Осы ғимарат сәл қисайыңқыраған кезде, 1360ж.
Салынып бітті.
(19-суретін қою)
Әрине, бұл ғимарат өзінің осы ерекшелігімен қса, Галилей ашқан заңның арқасында Пиза қаласының даңқын бүкіл әлемге ғасырдан-ғасырға паш етіп келеді.
Сөйтіп, ол мұнара төңірегіне жиналған пизандықтарды таңғалдырды. Мұндай тәжірибелерді Галилей пішіндері мен өлшемдері әртүрлі денелермен, олардың түрлі орталардағы түсуін бақылай отырып, сан мәрте қайталады. Міне, осылайша өз тұжырымдарының дұрыстығына тәжірибе арқылы көз жеткізе отырып, Галилей ауасыз кеңістікте барлық денелер бірдей уақытта түседі деп ұйғарды. Галилей ашқан бұл заңның мыңызы өте зор болды. Ол заң материяның аса маңызды қасиеттерінің бірін бейнелейді, біздің Ғалам құрылымының көптеген ерекшеліктерін ұғынуға және оны түсіндіруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге Галилей идеялары Ньютон механикасының негізі болатын іргетас іспеттес.
Алайда , Галилей өз ұйғарымын денелерді ауасыз кеңістікте түсіндіріп тексере алмады. Өйткені Галилей өмір сүрген ХVІІ ғасырда ауа соратын арнайы құралдар, сорғылар әлі жоқ еді. Оны тек 80 жыл өткеннен соң И.Ньютон жүзеге асырды. Ол жүргізген тәжірибе Галилей гипотезасының дұрыс екенін дәлелдеді.
Галилей 1642 жылы үй тұтқынында отырып қайтыс болады. Дәл сол жылдың Рождество күнінде Англияда одан да асқан ақылды ғалым дүниеге келеді.
Ньютон жайлы мәлімет
Исаак Ньютон ағылшынша Sir Isaac Newton (1642-1727) – ағылшын физигі,математигі, астрономы, табиғи философы, алхимигі және тоелогы, Корольдік қоғамның мүшесі. 1642 жылы Вулсторпада дүниеге келген. Ол туғанда әлжуаз және кіп-кішкентайболған екен. Ол тұйық, биязы және елден ерек болғанымен, өте кемеңгер адам болған. Мектепте достары да онша көп болмаған. Бос уақытында ойыншықтар құрастырумен шұғылданған. Әсіресе
оның кішкентай жел диірмені балаларды ғана емес , үлкендерді де таңдандыратын. Үлкейген шағында ол айналасындағы адамдармен онша тіл табысы алмайтын болған. Әкесінінен ерте айырылып өгей әкесімен тұрған. 1666жылы Ньютон Англияның біраз жерін жайлаған індеттен сақтанып, анасының 1665 жылы Кембрдж университетін бітіріп, сонда 1701 ж.ж. кафедраны басқарған. Ньютон зерттеулері механикағы, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған. Бүкіләлемдік тартылу күшін,жарықтың шағылуын,Айдың қозғалу ерекшелігін, Жердің жасанды серіктірінің құрылу проблемасын қарастырды. Ньютонның атымен Халықаралық бірлік жүйісінде күштің өлшем бірлігі – Ньютон аталған. (Н)
ньютонға дейін ешкім де Жерді айнала қозғалып жүретін Айдың немесе Күнді айнала қозғалып жүретін планеталарды қандай күш тартып тұратынын білмеді. Ол планеталар Күннің тартылыс күшінің әсерімен орбитада көлбеу сызықты қозғалыс жасай отырып айналатынына көз жеткізді. Ньютон планеталардың айналу жиілігімен қозғалыс жылдамдығын есептеп шығарды. Ауырлық күші планеталар қозғалысынын қалай басқаратынын есептей отырып, Исаак Ньютон күштің заттарды қалай қозғалысқа келтіретінін түсіндіретін 3 қарапайым заңды ашты. Бұл қозғалыс заңдарын бүкіл физика ғылымының негізін қалады. Олай болса, Ньютон заңдары қалай жұмыс істейтініне көзіңді жеткізу үшін, велосипедке отырып, шыр айналып шық... Біз «Велосипед арқылы физика» деп жолға шықтық.
Енді Ньютонның ашқан заңдылықтарының біріне эксперимент жасап көрейік.
Эксперимент
Эксперименттің тақырыбы: « Еркін түсу үдеуі»
Жұмыстың мақсаты:
Құрал – жабдықтар: Ньютон шары, ауа сорғы, уақыт өлшеуіш құрал.
Теориялық түсінік
Ньютон жасаған тәжірибенің мәнісі мынада. Ұзындығы 1 метрдей шыны түтікке қорғасын кесегі(бытыра), ағаш қабығынан жасалған тығын және құстың қауырсыны салынады. Түтікті тез төңкерген кезде бұл денелер түтіктің түбіне әртүрлі уақытта жетеді: әуелі бытыра, сосын тығын, ең соңында қауырсын түседі. Ал егер түтік ішіндегі ауаны сорып шығаратын болса, онда денелер бір мезгілде түседі. Міне , осындай ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі – еркін түсу деп аталады.
Қорытынды
Денелердің еркін түсуі деп – ауа кедергісі болмағандағы денелердің Жерге түсуін айтады.