kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

МИФ әлемі - білім теңізінде

Нажмите, чтобы узнать подробности

МИФ әлемі - білім теңізінде

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін  қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сайыс барысы: Құрметті оқушылар, Ұстаздар! Бүгінгі сайысымызды елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастайын: “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.” Осы сайыста көрсеткен білімдерің күнделікті жақсы оқығандарың - өздеріңнің болашаққа алғашқы қадамдарың болып табылады дей отыра « МИФ әлемі - білім теңізінде» сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Командаларды ортаға шақырайық.
                                   Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
                                  Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
                                  Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
                                 Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

                                   Сайыс бар ма қазыларсыз, ағасыз,
                                   Оның әрбір сөзіне нанарсыз.
                                 Ел сенімін ақтай білер төрдегі,
                                 Ұстаздардан әділдікті табарсыз, – дей отырып, төрдегі әділқазы алқасымен таныстырып өтейін:
1.Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Кибасова Н
2.Тәрбие жөніндегі орынбасар Асқанбаева Ж
3.Информатика пәні мұғалімі: Абаданова А

Уа жарандар, жарандар!

Бәрің бері қараңдар.

Бәріңе жар салайық,

Бүгінгі ойын төрінде.

МИФ теңізі елінде,

МИФ теңізі тілінде

Жылдам шешіп жарысып,

Сұрақ пенен есепті.

Приборларды сөйлетіп,

Жасайық әдемі тәжірибені.

Көңілді ойын жасайық,

Асықпайық, саспайық.

Физика мен информатика еліне

Батыл қадам жасайық,

Осылайша шабытпен,

Ойынымызды бастайық!


Ойынның шарттары:

  1. ТАНЫСТЫРУ (оқушыларды топқа бөлу);
    2. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);
    3. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есептер мен сұрақтар);
    4. «КІМ ТАПҚЫР!» (берілген құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);
    5. «Жұмбақтар әлемінде»(жұмбақтар шешу)
    6. «Өнерпаз болсаң»(Әр топ өз өнерін көрсетеді)

Сайысымыздың алғашқы кезеңі – Таныстыру.Әр топ өздерін таныстырады.Сайысымызды әрі қарай жалғастырамыз.Екінші кезең  «КІМ ЖЫЛДАМ» деп аталады.Викториналық сұрақтар қойылады.
1) «Физика» сөзінің қазақша аудармасы ( табиғат)
2) Страус өзін құспын деп атай ала ма?   (жоқ)
3) 1 кг массасы қыста ауыр ма, әлде жазда ауыр ма? (бірдей)
4) 12 шоқ жұлдыздың жалпы аты               (зодиак)
5)  Электр заряды жоқ бөлшек ?                   (нейтрон)
6) Аттас зарядтар бір-біріне тартыла ма?  (тебіледі)
7) Күн жүйесіндегі ең ірі планета             (юпитер)
8) «Тон жылытады» деген тұжырымдама дұрыс па? ( жоқ)
9) Сұйық тарапынан әсер ететін кері итеруші күшті ашқан кім? (Архимед)
10) Темір не?                                                    (металл)
11) Көкке қараған жұлдыз санаған                (телескоп )

12. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? ( жарық )
13. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты  естиміз бе?                       (найзағайды)
14. Массасының өлшем бірлігіне не алынған? (кг)
15. Ең кішкентай заряд? (электрон)
16. Электр заряды жоқ бөлшек? ( нейтрон)
17. Аттас зарядтар бір біріне тартыла ма?( жоқ тебіледі)
18. Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы, ол….? (инерция)
19. Жылу берілудің қандай түрлері бар?( жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару)
20. Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама… (энергия)

21. Сұйықтың ең кішкетай бөлшегі қалай аталады? ( тамшы)
22. Термометрді кім жасады? ( Швед астрономы, физигі Цельсий)
23. Бір заттың малекулаларының екінші заттың малекулалар аралық бос орындарына өзара өтуі – бұл…. (диффузия)
24. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі? ( деформация )
25. Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші? ( салмақ)

26.Жедел жад дегеніміз не? (есте сақтау құрылғысы)

27.Ақпарат дегеніміз не? (түсіндіру,баяндау,мәлімет)

28.Есептеуіш техникада ең көп пайдаланатын код (ASCII коды)

29.Адам мен компьютер арасындағы қатынас не?  (интерфейс)

30.Электронды есептеуіш машинаның дамуы неше буынға бөлінеді? (5)

31.Компьютердің қосымша құрылғысы?(модем,колонка,ақпаратты енгізу-шығару құрылғысы)

32.Ішкі жедел жад нешеге бөлінеді? (

3. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» бөлімінде логикалық есептер мен сұрақтар шешеміз.(5 ұпай)

1. 5 жыл бұрын ағасы мен қарындасы бірге 8 жаста болды. Тағы 5 жылдан кейін олар қанша жаста болады? (18)
2. Ағасы 12 жасқа толғанда қарындасы неше жаста болады, егер ағасы қазір 8-де, ал қарындасы 3 жас кіші болса? ( 9)
3. Әйел адам сыныптағы балалардың біреуіне: «Мен сенің анаңмын, бірақ сен маған ұлым емессің »-дейді. Ол не дегені?      (қызымсың дегені)
4. Бір азаматтың әкесі Николай Петрович, ал оның ұлы – Алексей Владимирович.Ол азаматтың аты-жөні кім?       (Владимир Николаевич)
5. Отбасында өмір бойы мен өзім жалғыз өстім
Бұл шындық, басынан аяғына дейін.
Бірақ суреттегінің ұлы,
Менің әкемнің ұлы
Суреттегі кім? ( Менің әкем)
6.Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?        ( Бір ғана мотоцикл)
7. Жұп санды үшке бөлгенде қалдық қандай болуы мүмкін.      (1 және 2)
8. Қанша тәсілмен бір қатарға қызыл, көк, жасыл, сары шарларды орналастыруға болады?
(4=1*2*3*4=24)
9. Футбол командасында 11 адам. Осы ойыншылардың ішінен бір капитан және оның орынбасарын қанша тәсілмен таңдап алуға болады
(11*10=110)
10. Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?(53)
11.Арман черновикте есеп шығарып, оны дәптерге көшірді.Бірақ жақшаларды қалай қойғанын ұмытты. Оның есінде қалғаны мынау 6*8+20:4-2=40. Арманға жақшаларды қоюға көмектесіңіз.   6*(8+20):4-2=40)
12.Үйдің 1-ші қабатынан 3-ші қабатына көтерілу үшін 52 баспалдақты басып өту керек. Осы үйдің 1-ші қабатынан 6-шы қабатына көтерілі үшін қанша баспалдақты басып өту керек?
                                                                                                                                (52:2=26 26+26+26+52=130 )
13.1 жұмыртқа 4 минутта піседі.Ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі?(4 минутта)

1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? ( Құс жолы)
2. Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса)
3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)
4. Неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
5. Дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)
6. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)
7. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыны ма әлде жұқасы ма? ( қалыны, ішкі қабаты бірдей уақытта жылынбайды)
8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
9. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады)
10. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)
11. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? ( көлеңке)
12. Жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)
13. Теңізде қандай тастар болмайды? ( құрғақ)
14. Македонский заманындағы уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіші болған не? ( тауық)
15) Күннің көзі неше рет шығады? (365)

16) Дүниежүзінде ең көп тараған сұйық (су)

4. «КІМ ТАПҚЫР!» бөлімі.Банкадан номерлеген қағазды  ала отырып,берілген құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру (Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай)

5. «Жұмбақтар әлемінде»(жұмбақтар шешу)

1.Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп-кішкентай күн көзін.       /электр шамы

  1. Бойындағы зарядын

Ұзақ уақыт сақтайды.

Реленің күшімен

Бүлдірместен баптайды.    /аккумулятор

3.Суға салсаң батпайды,

отқа салсаң жанбайды. /мұз

4.Жалғыз бағыт білері,

Бұрғаныңа көнбейді.

Жол көрсетіп береді,

Бірақ өзі көрмейді.     ( компас

5.Көкке қараған,

жұлдыз санаған. (телескоп,)

 

6.Тар шеңберді айналып,

Тұр құдықта байланып.

Қаға берер таңдайды,

Әдетінен танбайды   ( сағат,

7.Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасақ,

Ньютонға ол келеді.  (күш,)

8.Көтерілсе жоғары

Ерітер мұхит мұздарды

Төмен түссе шамалы

Сездірер суық ызғарды     (температура)

9.Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың. (Жол)

10.Жылдамдықты өзгертеді,

Қоғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қоғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)

11.Бір бетшені аштым да,

Мәтін жаза бастадым

Бірақ тілін шет елдің

Аудара алмай тастадым

Тілді қалай өзгертем

Көмектесші,достарым! ( Shift + Alt )

Біле бер қанша білсең – тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле-біле дей  отырып келесі бөлім «Өнерпаз болсаң» деп аталады.Әр топқа әр түрлі әуенде жазылған өлеңдер беріледі.Соны әуенмен орындау керек. (5 ұпай)

 

Қорытындылау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«МИФ әлемі - білім теңізінде»

МИФ әлемі - білім теңізінде

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сайыс барысы: Құрметті оқушылар, Ұстаздар! Бүгінгі сайысымызды елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастайын: “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.” Осы сайыста көрсеткен білімдерің күнделікті жақсы оқығандарың - өздеріңнің болашаққа алғашқы қадамдарың болып табылады дей отыра « МИФ әлемі - білім теңізінде» сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Командаларды ортаға шақырайық.
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Сайыс бар ма қазыларсыз, ағасыз,
Оның әрбір сөзіне нанарсыз.
Ел сенімін ақтай білер төрдегі,
Ұстаздардан әділдікті табарсыз, – дей отырып, төрдегі әділқазы алқасымен таныстырып өтейін:
1.Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Кибасова Н
2.Тәрбие жөніндегі орынбасар Асқанбаева Ж
3.Информатика пәні мұғалімі: Абаданова А

Уа жарандар, жарандар!

Бәрің бері қараңдар.

Бәріңе жар салайық,

Бүгінгі ойын төрінде.

МИФ теңізі елінде,

МИФ теңізі тілінде

Жылдам шешіп жарысып,

Сұрақ пенен есепті.

Приборларды сөйлетіп,

Жасайық әдемі тәжірибені.

Көңілді ойын жасайық,

Асықпайық, саспайық.

Физика мен информатика еліне

Батыл қадам жасайық,

Осылайша шабытпен,

Ойынымызды бастайық!


Ойынның шарттары:

  1. ТАНЫСТЫРУ (оқушыларды топқа бөлу);
    2. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);
    3. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есептер мен сұрақтар);
    4. «КІМ ТАПҚЫР!» (берілген құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);
    5. «Жұмбақтар әлемінде»(жұмбақтар шешу)
    6. «Өнерпаз болсаң»(Әр топ өз өнерін көрсетеді)

Сайысымыздың алғашқы кезеңі – Таныстыру .Әр топ өздерін таныстырады.Сайысымызды әрі қарай жалғастырамыз.Екінші кезең «КІМ ЖЫЛДАМ» деп аталады.Викториналық сұрақтар қойылады.
1) «Физика» сөзінің қазақша аудармасы ( табиғат)
2) Страус өзін құспын деп атай ала ма?   (жоқ)
3) 1 кг массасы қыста ауыр ма, әлде жазда ауыр ма? (бірдей)
4) 12 шоқ жұлдыздың жалпы аты               (зодиак)
5)  Электр заряды жоқ бөлшек ?                   (нейтрон)
6) Аттас зарядтар бір-біріне тартыла ма?  (тебіледі)
7) Күн жүйесіндегі ең ірі планета             (юпитер)
8) «Тон жылытады» деген тұжырымдама дұрыс па? ( жоқ)
9) Сұйық тарапынан әсер ететін кері итеруші күшті ашқан кім? (Архимед)
10) Темір не?                                                    (металл)
11) Көкке қараған жұлдыз санаған                (телескоп )

12. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? ( жарық )
13. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты  естиміз бе? (найзағайды)
14. Массасының өлшем бірлігіне не алынған? (кг)
15. Ең кішкентай заряд? (электрон)
16. Электр заряды жоқ бөлшек? ( нейтрон)
17. Аттас зарядтар бір біріне тартыла ма?( жоқ тебіледі)
18. Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы, ол….? (инерция)
19. Жылу берілудің қандай түрлері бар?( жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару)
20. Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама… (энергия)

21. Сұйықтың ең кішкетай бөлшегі қалай аталады? ( тамшы)
22. Термометрді кім жасады? ( Швед астрономы, физигі Цельсий)
23. Бір заттың малекулаларының екінші заттың малекулалар аралық бос орындарына өзара өтуі – бұл…. (диффузия)
24. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі? ( деформация )
25. Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші? ( салмақ)

26.Жедел жад дегеніміз не? (есте сақтау құрылғысы)

27.Ақпарат дегеніміз не? (түсіндіру,баяндау,мәлімет)

28.Есептеуіш техникада ең көп пайдаланатын код (ASCII коды)

29.Адам мен компьютер арасындағы қатынас не? (интерфейс)

30.Электронды есептеуіш машинаның дамуы неше буынға бөлінеді? (5)

31.Компьютердің қосымша құрылғысы?(модем,колонка,ақпаратты енгізу-шығару құрылғысы)

32.Ішкі жедел жад нешеге бөлінеді? (

3. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» бөлімінде логикалық есептер мен сұрақтар шешеміз.(5 ұпай)

1. 5 жыл бұрын ағасы мен қарындасы бірге 8 жаста болды. Тағы 5 жылдан кейін олар қанша жаста болады? (18)
2. Ағасы 12 жасқа толғанда қарындасы неше жаста болады, егер ағасы қазір 8-де, ал қарындасы 3 жас кіші болса? ( 9)
3. Әйел адам сыныптағы балалардың біреуіне: «Мен сенің анаңмын , бірақ сен маған ұлым емессің »-дейді . Ол не дегені? (қызымсың дегені)
4. Бір азаматтың әкесі Николай Петрович, ал оның ұлы – Алексей Владимирович .Ол азаматтың аты-жөні кім? (Владимир Николаевич)
5 . Отбасында өмір бойы мен өзім жалғыз өстім
Бұл шындық , басынан аяғына дейін.
Бірақ суреттегінің ұлы,
Менің әкемнің ұлы
Суреттегі кім? ( Менің әкем)
6 .Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр? ( Бір ғана мотоцикл)
7. Жұп санды үшке бөлгенде қалдық қандай болуы мүмкін. (1 және 2)
8. Қанша тәсілмен бір қатарға қызыл, көк, жасыл, сары шарларды орналастыруға болады?
(4=1*2*3*4=24)
9. Футбол командасында 11 адам. Осы ойыншылардың ішінен бір капитан және оның орынбасарын қанша тәсілмен таңдап алуға болады
(11*10=110)
10. Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?(53)
11 .Арман черновикте есеп шығарып, оны дәптерге көшірді.Бірақ жақшаларды қалай қойғанын ұмытты. Оның есінде қалғаны мынау 6*8+20:4-2=40. Арманға жақшаларды қоюға көмектесіңіз. 6*(8+20):4-2=40)
12 .Үйдің 1-ші қабатынан 3-ші қабатына көтерілу үшін 52 баспалдақты басып өту керек. Осы үйдің 1-ші қабатынан 6-шы қабатына көтерілі үшін қанша баспалдақты басып өту керек?
(52:2=26 26+26+26+52=130 )
13.1 жұмыртқа 4 минутта піседі.Ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі?(4 минутта)

1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? ( Құс жолы)
2. Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса)
3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)
4. Неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
5. Дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)
6. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)
7. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыны ма әлде жұқасы ма? ( қалыны, ішкі қабаты бірдей уақытта жылынбайды)
8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
9. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады)
10. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)
11. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? ( көлеңке)
12. Жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)
13. Теңізде қандай тастар болмайды? ( құрғақ)
14. Македонский заманындағы уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіші болған не? ( тауық)
15) Күннің көзі неше рет шығады? (365)

16) Дүниежүзінде ең көп тараған сұйық (су)

4. «КІМ ТАПҚЫР!» бөлімі.Банкадан номерлеген қағазды ала отырып,берілген құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру (Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай)


5. «Жұмбақтар әлемінде»(жұмбақтар шешу)

1.Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп-кішкентай күн көзін.       /электр шамы

  1. Бойындағы зарядын

Ұзақ уақыт сақтайды.

Реленің күшімен

Бүлдірместен баптайды.    /аккумулятор


3.Суға салсаң батпайды,

отқа салсаң жанбайды. /мұз


4.Жалғыз бағыт білері,

Бұрғаныңа көнбейді.

Жол көрсетіп береді,

Бірақ өзі көрмейді.     ( компас



5.Көкке қараған,

жұлдыз санаған. (телескоп,)


6.Тар шеңберді айналып,

Тұр құдықта байланып.

Қаға берер таңдайды,

Әдетінен танбайды   ( сағат,


7.Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасақ,

Ньютонға ол келеді.  (күш,)


8.Көтерілсе жоғары

Ерітер мұхит мұздарды

Төмен түссе шамалы

Сездірер суық ызғарды     (температура)


9.Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың. (Жол)


10.Жылдамдықты өзгертеді,

Қоғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қоғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)



11.Бір бетшені аштым да,

Мәтін жаза бастадым

Бірақ тілін шет елдің

Аудара алмай тастадым

Тілді қалай өзгертем

Көмектесші,достарым! ( Shift + Alt )



12.Көп болса асықпайсың,

Мезетте қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (Уақыт)



13.Біз, біз, біз едік,

Бірегей жарқын қыз едік.

Тамашада көп болдық-

Таң атқанда жоқ болдық. (Жұлдыз)


14.Өнім кіші жүз болса,

Берекенің  қашақны.

Өнім артық жүз болса,

Істің алға басқаны.            (пайыз )

 

15.Ақпартты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді.
Егер білсең айта қойшы,
Бұл қандай құрылғы.   (сканер)

 

16.Ұзынтұра жалқаубек, 
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды.     (Бос орын пернесі   (пробел))

 

17.Мұз жарғыш жүзіп келеді

Бауыры қызып келеді

Абайла ойып түсер

Ондайлар бұзық келер.    (үтік)

  18. Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгейді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді?
                                               (ұшқыш)
19. Кең әлемді кернейді,
Бірақ көзің көрмейді.
                                             (ауа)


20. Орақ болып туады.
Табақ болып тұрады.
                                             (ай)


21. Көліктің қаншасын жанынан өтізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген.
                                                                 (жол)

22.Алды артыныз шексіз де,

Жете алмайсын біздерге

сәуле менен кесінді

шыккан тегін білсін де    (түзу)

 

23. Жануарга ұксас атым бар,

Бағдар корсететін затым бар

Кілемше үстінде тұрамын,

Ен кажетті құралмын

Білсендер, кәне айтындар.    (тышқан)

 

24.Жайдары жаздың күнінде

Жанында жатар жантайып

Кетіре алмассың, қырсаң да

Шапсаңда қолға балта алып.   (көлеңке)

 


Біле бер қанша білсең – тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле-біле дей отырып келесі бөлім «Өнерпаз болсаң» деп аталады.Әр топқа әр түрлі әуенде жазылған өлеңдер беріледі.Соны әуенмен орындау керек. (5 ұпай)



Армандастар әні

Білім қуған,өнер қуған жастар едік,
Бәріміз де өнер жолын бастап едік
Қызық заңдар қайда, қиын теңдеу қайда
Оны шешер өжет жастар қайда екен?

 ФИЗИКА ( «Ана туралы жыр» әнінің мотиві)

Әлемдік тартылыс,
Күшін сен сыйладың
Ауырлық, үйкеліс,
Күшін сен сыйладың
Сыйладың сен маған,
Тұрақты сандарды.
Ом менен Ньютонның
Әр түрлі заңдарын
Электр қуатын сыйладың сен маған,
Жасанды көз нұрын сыйладың сен маған.
Сенсіз бұл өмірде жүру де жоқ маған.
Сенсіз бұл өмірді сүру де жоқ маған

 (Еркем – ай әуенімен)
Бүгінгі кеш талайдың, шабыттарын шыңдады.
Кеш қызығын қызықтап, талай адам тыңдады.

Тәрбиелі мол тәлім, болды бүгін әсерлі.
Бүгінгі кеш түйінін көрермендер шешеді.

Ақынжанды болмаған, физик  бола алмас,
Қызықты кеш болмаса, көңілге әсте қона алмас,

Бүгінгі кеш көңілді, оған біздер сенімді.
Қошеметпен қол соқты, көрермендер өнімді.

Көңіл бөліп бұл жерге, келгендерге рахмет!
Шын сезінген көрерменге, мың рахмет, мың рахмет!

  (Ару ана әнімен )
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер,
Бар ізгілік тек білімнен алыңдар,
Білімменен аспанға жол салыңдар,
Физика да, табиғат тілі тілдесер,
Аяғыңды аттап бассаң кездесер,
Сұлулықтың сыры ғой ол көз тастар,
Барлық ғылым табиғаттан жаралған,
Салған әнім, айтылған сөз бәрі де,
Аққан судың, соққан дайыл желі де.
Бәрінің де бағынары физика,
Сондықтан да физикасыз күнің жоқ.

 Физика ( «Ананың тілі» әнінің мотиві)

Мектепке келдім, ұстазады көрдім,
Жазу, сызу мен санау үйрендім.
Сан менен өрнек,  теңдеу мен бөлшек,
Сырына оның, үңіліп көрсек.
Математика – бар ілім басы,
Математика – ғылым патшасы.
Математика- өмір тірегі
Математика – шәкірт жүрегі.
Сенсіз дүкенге бара алмаймыз,
Сенсіз үйлерді сала алмаймыз.
Сенсіз уақытты біле алмаймыз.
Сенсіз тарихты жаза алмаймыз

Қорытындылау





Мұнайлы ауданы

1 орта мектеп





Сыныптан тыс шара

Ұйымдастырушылар:Науашова А.

Дербисова Ж.

Джумаева Т.



8-сыныптар


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
МИФ әлемі - білім теңізінде

Автор: Науашова Айымгүл Байжумаевна

Дата: 08.02.2017

Номер свидетельства: 389203

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "МИФ мейрамханасы "
    ["seo_title"] => string(18) "mif-mieiramkhanasy"
    ["file_id"] => string(6) "182961"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425659682"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Ертегі еліне саяхат. "
    ["seo_title"] => string(28) "iertieghi-ielinie-saiakhat-2"
    ["file_id"] => string(6) "241167"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1445188439"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) "?аза? фальклоры"
    ["seo_title"] => string(16) "k-azak-fal-klory"
    ["file_id"] => string(6) "315162"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1459844912"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "ФИЗИКА Ж?НЕ ИНФОРМАТИКА СПОРТ АЛА?ЫНДА"
    ["seo_title"] => string(35) "fizikazhnieinformatikasportalanynda"
    ["file_id"] => string(6) "261946"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449232551"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства