Пәні: ФизикаМектеп: №58 мектеп – гимназия Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Нұрмағанбет Ақерке Боранбайқызы Сынып: 7Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Масса және денелердің массасын өлшеу |
Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты | 7.2.2.11. Электронды, серіппелі, иінді таразылардың көмегімен дененің массасын өлшеу |
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар істей алады:масса ұғымымен танысады, анықтамасын айтады, формуласын жазады және мысал келтіре алады. Көптеген оқушылар істей алады:Формуланы қолданып есеп шығара алады. Кейбір оқушылар істей алады: иінді, серіппелі, электронды таразылар көмегімен әр түрлі денелердің массасын өлшей алады. |
Ойлау деңгейлері | Білу, түсіну,қолдану |
Бағалау критериі | масса ұғымын біледі, анықтамасын айтады, формуласын жазады; массаға мысал келтіре отырып, күнделікті өмірде қолданылатынын көрсетеді; формуланы қолданып есеп шығара алады және таразыны қолдана алады: |
Тілдік мақсаттар | Массаға ауызша анықтама береді, формуласын сипаттайды. Тақырыпқа қатысты термин сөздерді қазақ тілінде, орыс тілінде, ағылшын тілінде айтады. Масса – масса – weight Инерция – инерция – inertia Жылдамдық – скорость – speed Таразы–весы – libra |
Құндылықтарды дамыту | Қарым – қатынас жасау қабілеті – жұмыс түрлерін (жұптық, топтық, бүкіл сынып) өзгерте отырып, шығармашылық пен сыни тұрғыдан ойлау, талдау, көрсету және дәлелдеу тапсырмалары арқылы. |
Пән аралық байланыс | Математика – амалдар қолдану арқылы есеп шығару. Жаратылыстану – заттың қасиеті (аллюминий, пласмасса, темір, ағаш). |
Қосымша білім | Оқушылар масса туралы түсінікті қалыптастыру үшін жылдамдық, тығыздық, инерция жайлы ұғымдарды, олардың физикалық мағынасын және формулаларын білулері керек. |
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Уақыты | Сабақта жоспарланған қызмет (іс – әрекет) | Ресурстар |
Мұғалім | Оқушы |
Топқа бөлу «Қима қағаз» әдісі | 2 мин | Үстел үстінде тақырыпқа байланысты қағаз қималарында жазылған сөздер арқылы топтастырылады. | Оқушылар қағаздағы жазылған терминдер арқылы 4 топқа бөлінеді. 1 топ – «Масса» 2 топ – «Тығыздыққ» 3 топ – «Жылдамдық» 4 топ – «Уақыт» | Сөздер жазылған қима қағаздар |
Сабақтың басы Ой шоғырландыру «Тыңдап отырған үштік» | 5 мин | Әр топ ішінен бір шешен, бір тілші, бір хатшы, бір бақылаушы сайланады. 4 топқа 4 түрлі зат беріледі. Пласмасса, темір кесегі, ағаш, аллюминий. Осы заттардың қасиетін, қандай материалдан жасалғандығын, салмағын, басқа заттардан айырмашылығын айтылады. | Топ ішінде берілген заттар туралы талқыланады. Әр топтың шешендері өз топтарына берілген затқа қатысты сұрақтарды түсіндіреді, тілшілері өзінің ойын қосып, көмектеседі, хатшылары қажетті жерлерін түртіп, соңында қорытындылайды. Топтар бір – біріне ауысып пікір алмасады. Әр топтың бақылаушылары бақылап, бағалайды. | Пласмасса, темір кесегі, ағаш, аллюминий |
Мақсатты айқындау «Сенімділік межесі» шындық жалған сенімді сенімсіз | 5 мин | Мұғалім оқушыларға тақтаға ілінген графикке стикерге білгендерін, яғни шындықты, білмейтінін, яғни жалғанды, білгісі келетін, келмейтіндерін, яғни сенімді және сенімсіз пікірлерін жазып жабыстыруды ұсынады. | Өздерінің білгісі келетін мақсаттарын стикерге жазып жабыстырады. | График, стикер |
Сабақ ортасы «Баспалдақ әдісі» | 8 мин | Бұл әдіс бойынша топтарға А3 форматта қағаз таратылады. Сол қағазға мына сұрақтарға жауап жазылу ұсынылады. Масса анықтамасы. Таразы деген не? Таразының қандай түрлері бар? Екі дененің массасын қалай салыстыруға болады? Біткен сон тақтаға қағаздарын баспалдақ бойынша ілінеді де, әр топтан бір оқушы шығып түсіндірілу керек. | Оқушылар берілген қағазға сұрақтарға жауап жазып, тақтаға іледі. | А3 форматты қағаз |
Ауызша кері байланыс | 3 мин | Таразылардың айырмашылықтары қандай? Осы баспалдақ бойынша қандай ой түйдініздер? | Оқушылар жұмыстарының нәтижесін таныстырады | |
Кітаппен жұмыс Есеп шығару | 13 мин | Оқушылар тақырып соңындағы 3.1 жаттығудың 2,3,4 есептерін әр топ бір есептен шығару керек және әр оқушы өзінің массасы арқылы салмағын есептеу тапсырмасы беріледі.оқушылар жеке-жеке шығарады да, жұппен талқылайды. Соңында мұғалім дұрыс жауаптарын айта отырып оқушылар есептерін тексереді. | Берілген есептерді әр оқушы жеке – жеке шығарып, қасындағы жұбымен талқылайды. | Таразы. https://cloud.mail.ru/public/JzyY/VVpH8nTNa |
Сәйкестендіру | 5 мин | 4 топқа флипчартта жазылған бір бағанында бүгінгі тақырып бойынша өткен физикалық шамалар мен таразы түрлері жазылған, ал екінші бағанында анықтамаларының орындары ауыстырылып беріледі. Дұрыс жауабы сәкестендіріліп тақтаға ілінуі керек. Мұғалім дұрыс жауабын тексереді. | Флипчарттағы сәйкестендіру тапсырмаларын орындайды | Флипчарт, әр түсті фломастер |
Сергіту сәті «Ауада сурет салу» | 2 мин | 4 топтан бір – бір оқушы шығып кез келген бейнені ауада салу керек. Қалған оқушылар орындарында тұрып, қайталап тұру керектігі айтылады. | 4 оқушы шығып ауада әр түрлі қимыл көрсетеді. Қалған оқушылар қайталайды. | |
Сабақ аяғы Рефлексия «Бес саусақ» | 3 мин | Тақтаға ілінген смайликтермен тақырыпты түсінгенін көрсету. | Оқушылар тақтадағы смайликтермен сабақты түсінгенін көрсетеді. | Смайликтер |
Үй тапсырмасы | 1 мин | Практикалық тапсырма. Стақан мен қатырма қағаз алып, қатырма қағаздың үстіне стақанды қойындар да, ақырындап тартыңдар. Екінші жолы қағазды лезде тартып алыңдар. Не байқадыңдар? Дәптерлеріне жазып келу. | Үй жұмысын күнделікке тіркеу | Күнделік |
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
Мен мұғалім ретінде топтағы оқушылардың тапсырмаларды орындауын бақылаймын, бағыттаймын, көмегім қажет оқушыларға саралаудың диалог және қолдау көрсету қағидатымен көмек көрсетемін. | Ынталандыру мақсатында жұлдызшалар тарату | |