kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ысым!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Физика-7. §33. ?ысым (ашы? саба?).
Саба? ма?саты:
1. О?ушылар?а к?шті? ?рекет тіреу ауданына т?уелді болатыны, ?ысым, ?ысымны? бірліктері туралы т?сінік беру.
2. Мысалдар келтіре отырып, о?ушы ойын дамыту, ?ылыми ой ?орытындыларын жасау?а жетелеу.
3. Е?бекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ?ылыми д?ниетанымын ?алыптастыру.
Саба? т?рі: д?ст?рлі
Саба?ты? типі: аралас саба?.
Саба? ?дісі: баяндау, с?ра?-жауап.
Саба??а ?ажетті ??рал-жабды?тар: компьютер ар?ылы жасал?ан слайдтар,
Техникалы? ??рал-жабды?тар: компьютер, к?рнекіліктер,

Саба? барысы:
І. ?йымдастыру кезе?і.
С?лемдесу, т?гендеу. О?ушыларды? ??рал-жабды?тарын т?гендеу.
О?ушыларды? назарын саба??а аудару. Саба??а дайынды?ын тексеру.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ысым!»

Физика-7. §33. Қысым (ашық сабақ).
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға күштің әрекет тіреу ауданына тәуелді болатыны, қысым, қысымның бірліктері туралы түсінік беру.
2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,
Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, көрнекіліктер,

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгендеу. Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабаққа дайындығын тексеру.


ІІ.а) Өткен «Масса және күш» тарауын қайталау.
Сұрақ- жауап алу(ауызша) :
1. Табиғат туралы ғылым. (физика)
2. 10-6 дәрежесі қалай аталады? (микро)
3. «Жұпардың иісін жасыра алмайсың»-бұл қай құбылысқа негізделген? (диффузия)
4. «Фюзис»-грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (табиғат)
5. Заттың үш күйін ата. (қатты, сұйық газ)
6. Жарық жылдамдығының шамасы неге тең? (3*108 м/с)
7. Аспан денелерін зерттейтін ғылым. (астрономия)
8. Жердің серігі. (Ай)
9. Екі дененің жанасқанда, олардың молекулаларының араласу құбылысы…(диффузия)
10. Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы (ақиқат) болжамды ұсынған ғалым. (В.Франклин)
11. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы? (телескоп)
12. 1 жұмыртқа 4 минутта піседі. Ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минутта)
13. Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (метр)
14. Жәй көзге көрінбейді,
Қозғалуға ерінбейді. Ол не? (молекула)
15. Күн шығатын жақ. (шығыс)
16. Кемпірқосақта неше түс бар? (7 түс)
17. Уранның басқа планеталардан айырмашылығы неде? (өз белдеуіне перпендикуляр бағытта айналады)
18. Күн бататын жақ. (батыс)
19. Астеройдтар қатарына жатқызылған планета. (Плутон)
20. Траектория нешеге бөлінеді? (2-түзу сызықты, қисық сызықты)
21. Қандай планеталарды төменгі деп атаймыз? (Жер орбитасының ішіндегі)
22. Ауырлық күші деген не? (Денелердің жерге тартылу күші ауырлық күші деп аталады)
23. Динамометр әрекеті қандай заңға негізделген?(Гук заңына негізделген)
24. Деформация деген не?(дене пішімінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация деп атаймыз)
25. Күш деген не?(Күш – денелердің өзара әрекеттесуінің сандық өлшемі)

«Сиқырлы текше» эксперимент жүргізу.
№1 қалта. Шикі жұмыртқаны піскен жұмыртқадан қалай ажыратуға болады? Тәжірибе жасап көрсет. Берілген құралдар: Тарелка, 2 жұмыртқа, сызғыш.(жұмыртқаны айналдыру керек, піскен тез айналады).
№2 қалта. Конверт ішінде кілт жатыр. Осы кілтті конвертке қол тигізбей қалай алуға болады? Берілген құралдар: Кілті бар конверт, қайшы, су, сіріңке. (конвертті жағып жіберу керек)
ІІІ. Жаңа сабақ.
• Мұғалімнің кіріспе сөзі: Біз өткен тақырыпта үйкеліс күші тақырыбымен таныс болдық, сонымен:
1.Үйкеліс күші деген не?
2. Үйкеліс түрлері?
3. Үйкелістің пайда болу себептері?
4. Нормаль қысым күші?
Оқушының жауаптары: Бір дене екінші денеің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады.
Ғүйк – үйкеліс күші.
• Сырғанау үйкелісі
• Домалау үйкелісі
• Тыныштық үйкелісі
Үйкелістің пайда болу себептері:
• Жанасатын беттердің кедір-бұдыр болуы
• Жанасатын беттер молекулаларының өзара тартылысы.
Үйкеліс :
• Жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғандығына,
• Олардың өңделу сапасына;
• Бір беттің екінші бір бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді.
Дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды.
N –нормаль қысым күші.
N=mg
Fүйк=µN, µ – үйкеліс коэффициенті
Енді қысым – деген тақырыптармен танысамыз. Слайд арқылы мысалдар келтіру.

Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:
р-қысым;
Ғ-бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші;
S-күш түсетін беттің ауданы.
ХБЖ-да қысым паскальмен өлшенеді. .
гПа=100 Па=102 Па
кПа=1000 Па=103 Па
МПа=100000 Па=106 Па
Қорытынды сөз: қорыта келе, белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды, оны р әріппен белгілейміз және ХБЖ-де қысымды Па өлшейміз.
ІV.Сабақты бекіту.
а) Жаңа материалды есептер шығару арқылы бекіту.
Кітаппен жұмыс: 15-жаттығу.№1, №2
ә) Қосымша материалмен жұмыс: Лукашик В.И. 7-8 сыныптарға арналған «Есептер жинағы»-нан есептер шығарамыз.
№95. Шаңғышының шаңғымен қосқандағы массасы 70 кг. Екі шаңғы тіректерінің ауданы 3500см 2 тең. Шаңғышының қар үстіне түсіретін қысымын есептеңдер.
Берілгені: ХБЖ Талдау. Шешуі:
m=70кг F=mg F=70кг*9,8Н/кг≈700Н
S=3500см2 = 35*10-2м2 p=F/S 
p-?
№101. 0,2м2 ауданға 8кПа қысым әсер етеді. Осы ауданға қанша күш беріледі?
Берілгені: ХБЖ Талдау. Шешуі:
S=0.2м2 p=F/S
p=8кПа = 8000Па F=0.2м2*8000Па= 1600Н
F-?
б) Физикалық диктант:слайд
1. Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама
2. Қысымды қалай анықтайды?
3. Қысымның қандай бірліктерін білесіңдер?
Жауаптары:
1. Қысым
2. p=F/S
3. Па, гПа, кПа, МПа

V. Қорытындылау. Сонымен қысым дегеніміз не екен?
Қысым (орыс. давление ) бір дене екінші дене бетіне әсер еткенде пайда болатын қалыпты күштің қарқындылығын сипаттайтын физикалық шама.
Олай болса, сіздермен мына кестені толтырайық. Бүгін сабақта не білдім, слайд
Дәптерге сұрақтардың жауабын жазу
VІ. Бағалау.


VІІ. Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Қысымнан алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық.
Үйге тапсырма: §33. 15-тапсырма. 15жаттығу №3.







































Сабақтың тақырыбы:Қысым.

Сабақтың  мақсаты: Білімділігі: оқушыларға жалпы қысым туралы және оның белгіленуі, өлшем бірлігі жөнінде түсінік беру;

Дамытушылығы: күнделікті өмірден түрлі мысалдар ала отырып, оқушылардың қысым туралы түсінігін арттыру, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқушының ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік:  жүйелі білім алуға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:    дәстүрлі емес.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік, практикалық.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, компьютер, интерактивті тақта, флипчарт.

Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану бағытындағы пәндер.

Пайдаланылған әдебиеттер:

«Физика.Механика» М.Жолдыбаев, Т.Байпақбаев.

«Физика және Астрономия» 7-сынып. Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева

Сабақтың өту барысы:   

  1. Ұйымдастыру

Амандасу, түгендеу, сабаққа даярлау, сынып оқушыларын 2 топқа бөлу. Олар: Ньютон шәкірттері мен Архимед шәкірттері. (Жаңа сабақ түсіндірілгеннен кейін әр топ оқушылары түрлі тапсырмаларды орындап, есептерді шығарып шығыршыққа ие болады, жиналған шығыршықпен алдындағы шыршаларын әсемдеп жарысады)

  1. 2.      Жаңа сабақ.

Күнделікті тұрмыста біз пышақ, қайшы, ине сияқты алуан түрлі құралдарды пайдаланамыз. Алайда олардың әсері осы күш түскен беттің ауданына тәуелді болатынын байқай бермейміз. Мысалы: матаны доғал инеге қарағанда, үшкір инемен тесу оңай, немесе ұлдар жағы білеміз қалың шегеге қарағанда жіңішке шегені ағашқа қақсақ тезірек, әрі жеңіл қағылатынын, сол себепті құралдардың кесетін жүзінің ауданын кішірейтуге тырысатынбыз. Сондықтан құралдардың әсерін есептегенде бір дененің басқа бір денеге түсіретін күшінің мәнін ғана емес, күш түсірілетін беттің ауданында білу қажет. Енді оқушылар мынадай тәжірибе қарастырайық. Ол үшін назарымызды бәріміз слайдқа аударайық. Көріп отырғанымыздай бізге бірінші құмның үстіне жіңішке төрт аяғы бар үстелше төңкеріліп үстіне, 5кг гір таспен бастырылған, батпады, себебі неде? Екінші, құмның үстіне үстелшені жоғары қаратып, үстіне сондай гір тас қойған, батып кетті, себебі неде?

Қысым деп белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы айтамыз.

Қысым түсетін күштің модуліне ғана емес, осы күш перпендикуляр бағытта әрекет ететін беттің ауданына да тәуелді болады.

Қысым= ;                                        ;

Мұндағы -қысым;  -бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін  күш немесе қысым күші; -күш түсетін беттің ауданы.

Енді жоғарыдағы формуланы түсіндірсек            немесе     ;

SI жүйесінде қысым  паскальмен (Па) өлшенеді.

  1. 3.      Сабақты бекіту.

1)    Енді бүгінгі жаңа сабақтан алған білімдеріңізді тиянақтау мақсатында әр топ түрлі тапсырмаларды орындап, есептерді шығарып шығыршыққа ие боласыңдар, жиналған шығыршықпен алдарыңыздағы шыршаларыңызды әсемдеп жарысасыздар. Ең алдымен  тақырып бойынша әр топқа бір-бір сұрақтан беріледі:

  1. Ньютон  шәкірттеріне:

Әжеміз пердені ертеде қолмен тіккен. Тігін тігуде ұшы доғал немесе үшкір инелерді қолданудың қайсысы оңай?

  1. Архимед шәкірттеріне:

Тортты кесуге жүзі өткір пышақ пен күнделікті қолданып жүрген пышақтың қайсысы кесуге оңай?

(оқушылар бүгінгі тақырып бойынша алған білімдерін ортага салады)

2)   Есеп «Қатені тап» ойыны. (15-жаттығу)

  1. 100 см2 ауданға 50 Н күш әрекет етеді.  Қысымды анықтаңдар.

Бер: F=5H

s= 100 см2

P=?

2. Шынжыр табанды ДТ-75М тракторының  массасы 6610 кг, ал оның екі шынжыр табанының тіркеу ауданы 1,4 м2. Осы трактордың топырақ бетіне түсіретін қысымын анықтаңдар.

Бер: m=6610 кг

s= 1,4 м2

P=?

3. Массасы 45 кг, бәтеңкелерінің табандарының ауданы 300 см2 баланың еденге түсіретін қысымын есептеңдер

Бер: m=45 кг

s= 300 см2

P=?

4. Массасы 45 кг бала шаңғыда тұр. Шаңғының ұзындығы 1,5 м, ені 10 см. Бала қарға қандай қысым түсіреді?

Бер: m=45 кг

a= 1,5 м

B= 10 см

P=?

3)      Ауызша есепте.

1) Ньютон  шәкірттеріне:                           2) Архимед шәкірттеріне:

2гПа=………………..Па                             3000Па=……………………..кПа

5кПа=………………..Па                             500Па =………………………гПа    4МПа=……………….Па                             2000000Па=………………..мПа

 

4)      Адасқан формулалар. (12слайд)

5)      «Бас қатырғылар базары» құпиясөз (әр топқа құпиясөз жазылған парақшалар беріледі, сол бойынша ұжымдағы оқушылар сөз құрап жарысады)

А    Т    М    О    С    Ф    Е    Р    А
Н    С    Ы    Й    Ұ    И    С    Б    У
Е    Ы    Қ    Г    А    З    О    Р    Ғ
Р    О    И    Д    Р    И    К    А    Ы
А    Т    Т    Ы    Е    А    Ң    Ы    Ч
Т    Ы    Р    О    М    З    О    Ш    Е
М    Н    А    Б    О    Ь    Л    А    Л
Е    А    С    У    Н    Л    И    Р    Л
Г    А    Ф    О    О    А    К    С    И
А    У    А    Р    М    У    Л    А    П

4.  Қорытындылау бөлімі:

1. Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама

2. Қысымды қалай анықтайды?

3. Қысымның қандай бірліктерін білесіңдер?

4. Қысымды сыртқы әрекет күшнің бағытында ғана тарататын қандай дене?

5. Паскаль заңы қалай айтылады

Жауаптары:

1. Қысым

2. p=F/S

3. Па, гПа, кПа, МПа

4. Қатты дене

5.Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі

 5.   Үйге тапсырма.

§33 Қысым.  15-тапсырма

Өздерің еденге қандай қысым түсіретіндеріңді қалай анықтауға болады?

        6.   Бағалау.



Физика пәні 7 сынып.
Сабақтың тақырыбы: «Қысым» тарауын қайталау. (слайдымен)
Сабақтың мақсаты: оқушылардың қысым тарауы бойынша білімін нақтылау.
Б) оқушылардың есте сақтау қабілетін, жедел ойлай білуін дамыту.
В) Оқушылардың бойында білім білік дағдыларын қалыптастыра отырып тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдар: компьютер арқылы слайд пайдалану.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру.
а/оқушылардың сабаққа келуі туралы кезекші мәліметін тыңдау.
б/оқушылар зейінін сабаққа аудару.
в/оқушыларды сабаққа дайындау.
«5»сұраққа жауап берсе бірінші деңгей.
«10»сұраққа жауап берсе екінші деңгей.
«15»сұраққа жауап берсе үшінші деңгей.

2. Жаңа сабаққа дайындық: а/сабақтың тақырыбын хабарлау. б/Ойын шартымен таныстыру.
3 - жеңілдігіміз бар.
1 - ші жеңілдік оқушылардың көмегі.
2 - ші жеңілдік 50 - де 50.
3 - ші жеңілдік кітаптан дәптерден қарап келу.
Ескерту: 1. Оқушылардың көмегіне сыныптағы барлық оқушылар қатысады.
А - жауабы қызыл.
Б - жауабы жасыл.
С - жауабы көк.
Д - жауабы сары. түстерге қарай отырып қай түс көп сол түске қарай келісетіндігін айтады.
2. 50 - де 50 - де екі жауап алынып тасталады. Екі қалған жауабының бірі таңдалады.
3. Оқулықты немесе дәптерде жазылған жауапты тез ашып көріп келеді. /уақыт1 - минут/.

3. Жаңа сабақ. А) Оқушыларға алғашқы сұрақ беріледі./1 - ші слайд/. Дұрыс әрі нақты жауап берген оқушы ортаға шығады./2 - ші слайд/ дұрыс жауабы көрсетіледі.
б/Сол оқушымен ойын жалғасады.
• Қосымша аты - жөні, қандай мамандық иесі болғысы келетіндігі және қандай пәндерді сүйіп оқитындығы сұралады.
• Бүгінгі сабаққа пікірі, достарына тілегі.
В) Қысым тарауы бойынша сұрақтар:/3, 4, 5............ слайдтар жиыны./
/Сыныптағы барлық оқушылар алдындағы қызыл, жасыл, көк, сары, парақтар бойынша дұрыс жауабын көрсетіп отырады, оны арнайы адам параққа түсіріп отырады/
Бағалау парағы бойынша барлық балалар бағаланады.
1. Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама.
А. күш.
С. аудан.
Б. масса.
Д. қысым.
2. Қысымның формуласы.
А. F=mg
C. p=F/S.
Б. P=mg
Д. p=F*S
3. Халықаралық бірліктер жүйесіндегі қысымның өлшем бірлігі.
А. Н/м.
С. кг/м.
Б. Па.
Д. Н/кг
4. 100м ауданға10 Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтаңдар.
А. 0, 01Па.
С. 1000Па.
Б. 10Па.
Д. 0, 1Па.
5. Газдың шар қабырғасына барлық бағытта бірдей қысым.............................
А. түсіреді.
С. түсіреді, түсірмейді.
Б. түсірмейді.
Д. түсіруі де, түсірмеуі де мүмкін.
6. Газдың қатты денелер мен сұйықтардан айырмашылығы.
А. көлемін алады.
С. ыдыс көлемін алып тұрады.
Б. тығыздығын алады.
Д. ыдыс тығыздығын алып тұрады.
7. Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар менгаздарда болатын қысым.
А. p=P/S.
С. V=S*h.
Б. p=mg/S.
Д. p=ρgh.
8. Жердің ауа қабығы.
А. атмосфера.
С. биосфера.
Б. гидросфера.
Д. литосфера.
9. Атмосфералық қысымның бірлігі.
А. Паскаль.
С. мм. сын. бағ.
Б. Ньютон.
Д. секунт.
10. Атмосфераның құрылысы қанша қабаттан тұрады.
А. 3.
С. 2.
Б. 5.
Д. 4.
11. Адамның қан айналым жүйесіндегі қысым қандай құралмен өлшенеді.
А. сфигмотанометр.
С. анероид.
Б. барометр.
Д. манометр.
12. Б. Э. Б. 287 - 212ж. ж өмір сүрген грек ғалымы.
А. Паскаль.
С. Аристотель.
Б. Торричилли.
Д. Архимед.
13. Егер дене сұйыққа толық батып, оның ішінде жүзіп жүрсе, онда денеге әрекет ететін ауырлық күші Архимед күшіне..................
А. тең.
С. тең емес.
Б. үлкен.
Д. кіші.
14. Сүттің майлылығын анықтайтын құрал.
А. ареометр.
С. манометр.
Б. лактометр.
Д. сфигмотанометр.
15. Кеменің суға бататын тереңдігі қалай аталады?.
А. шөгім.
С. ватерсызық.
Б. су ығыстырымы.
Д. трюмдар.
16. Сұйықтың еркін бетін қалай атайды?
Акапиллияр.
С. минск.
Б. капиллиярис.
Д. жұғу.
17. Қатты денелерге қысым сұйық пен газға берілгендей беріле ме?
А. Қатты денелерге қысым сұйықтар мен газдардағыдай беріледі.
Б. Қатты денеге қысым сұйықтарға берілгендей беріледі.
С. Қатты денеге қысым сұйықтар мен газдардағыдай берілмейді.
Д. Жауаптары арасында дұрысы жоқ.
4. Бекіту. Оқушылардың сабаққа қалай қатысқаны туралы және қандай тақырыпта тапсырмалардан қосымша көмек қажет екендігін айтып өтеді.
5. Бағалау. Оқушылардың жауаптарын түсірген бағалау парағы арқылы 1 - ші, 2 - ші, 3 - ші деңгей екендігін анықтап бағаларын қоюға болады.



Сабақ жоспары

Пәні: физика Сыныбы: 7А,Ә Mерзімі:_____________ Сабақ реті 35

Сабақтың тақырыбы: Қысымның қатты денелер,сұйықтар мен газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: Оқушыларға қысымның қатты денелер,сұйықтар мен газдар арқылы берілуін. Паскаль заңын түсіндіру

ә) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

б)Тәрбиелік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, тест, интерактивті тақта,слайд, электрондық оқулық

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру. (оқушылармен амандасу, тексеру)

ІІ.Үй тапсырмасын қайталау.

А) Қысым денегіміз не? Қысымға мысал келтіріңдер. Тұрмыстағы пышақ, қайшы, ине сияқты құралдардың күші неге тәуелді болады? (ауызша)

Ә) тақтамен жұмыс.

1. Бос орынды толтырыңдар:_______________________________________________

_______________________________________________________қысым деп атайды.


2. Қысымды латынның ___________әрпімен белгілейді.


3. Қысымды есептеу формуласы.



Қысымды есептеу формуласынан S- аудан мен F- күштің формуласын жазыңдар


5. Қысымның негізгі өлшем бірлігі: _____________


6. Қысым бірліктері арасындағы байланысты жазыңдар:

1кПа =__________Па , 1мПа =__________Па, 1МПа =__________Па, 15000Па =____________Па

7.Қай кезде сіз еденге көп қысым түсіресіз: қозғалмай тұрғанда ма, әлде жүргенде ме?

Жауабы:______________________________________________________________________ІІІ.Жаңа сабақ

Қатты денелердің молекулалары белгілі бір ретпен орналасады және қандай да бір нүктенің төңірегінде тербеліп қазғалады әрі осы нүктеден алыс ұзап кете алмайтынын қатты денелердегі қысымның бір бағытта берілетінімен түсіндіріледі. Мыс кітапты алақаннға не столға қойып басу. Ал сұйықтар мен газдарда қысым басқаша беріледі. Онда қысым жан-жаққа бірдей таралады. Оны допты үрлегенде ауаның шар не доп барлық бағытта ұлғаяды. Паскаль шары деп аталатын құралмен тәжірибе жасап көрейік. Ол бір жазықтық бойында орналасқан саңылаулары бар шардан, поршеньді цилиндрден тұрады. Егер шарға су не түтін толтырып, бассақ, шар саңылаулары арқылы су не түтін барлық бағытта бірдей ұзындыққа шапшып немесе будақтап шығатынын байқаймыз. Бұдан қысым барлық барғытта бірдей таралып қоймай, оның мәнінің бірдей болатыны көрінеді.

Көптеген бақылауларға сүйене отырып, француз ғалымы Блез Паскаль сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін дәлелдеді. Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым барлық бағыт бойынша өзгеріссіз беріледі. Бұл қағида Паскаль заңы деп аталады.

IV.Сабақты пысықтау: 1) §44. №1, 2 сұрақтарын талдау.

2) есеп шығару. Карточка – 5 оқушыға беремін.

№95. Шаңғышының шаңғымен қосқандағы массасы 70 кг. Екі шаңғы тіректерінің ауданы 3500см 2 тең. Шаңғышының қар үстіне түсіретін қысымын есептеңдер.

Берілгені: Талдау. Шешуі:

m=70кг F=mg F=70кг*9,8Н/кг≈700Н

S=3500см2=35*10-2м2


p-?


№101. 0,2м2 ауданға 8кПа қысым әсер етеді. Осы ауданға қанша күш беріледі?

Берілгені: Талдау. Шешуі:

S=0.2м2

p=8кПа= 8000Па F=0.2м2*8000Па= 1600Н

F-? F=pS

№105. Темір өзекшені үстел бетіне қай жағымен қойғанда көп қысым түсіреді?






1. 2. 3.

Өзекшенің түрлі жақтармен орналасуы


V. Сабақты қорытындылау:

1.Сұйықтар мен газдардағы қысымды зерттеген ғалым:______________________________________________________


2 Паскаль заңы бойынша сұйыққа немесе газға түсірілген қысым:_______________________________________________________________________________________________

3.

Бұл құрал не деп аталады?

VI. Үйге тапсырма: §44 оқу. 14 -тапсырма №3, бет-22

VII. Оқушы білімін бағалау: Бағалау







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ысым!

Автор: Мусина Айшакуль Джанысбаевна

Дата: 21.03.2016

Номер свидетельства: 308209

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) ""Ал?ыс айту парызым" та?ырыбында?ы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(51) "alg-ys-aitu-paryzym-tak-yrybyndag-y-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "310085"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458923104"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) ""Алғыс айту күні" тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(32) "alg_ys_aitu_kuni_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "464649"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1522658932"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Атмосфералы? ?ысым та?ырыбыны? ?МЖ "
    ["seo_title"] => string(39) "atmosfieralyk-k-ysym-tak-yrybynyn-k-mzh"
    ["file_id"] => string(6) "237735"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444385961"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "?ыс?ар?ан с?здер."
    ["seo_title"] => string(16) "kyskargansozdier"
    ["file_id"] => string(6) "265623"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450002953"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "А. ??нанбай?лы "?ыс""
    ["seo_title"] => string(21) "a-k-u-nanbaiu-ly-k-ys"
    ["file_id"] => string(6) "295410"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455810216"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства