kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қысым тақырыбына есеп шығару

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы

Қысым тақырыбына есеп шығару

Мақсаты

Теориялық білімдерді есептер шығаруда тиімді пайдалуға дағдыландыру

Күтілетін нәтижелер

А. Қарапайым есептерді шығара алады.

В. Заңдар мен анықтамаларды,өткен формулалаларын өлшем бірліктерімен байланыстырып, қолдана  алады.

С. Күрделі есептерді математикалық түрлендірулер арқылы шығара алады

Керекті жабдықтар

Деңгейлік тапсырмалар

Сабақ түрі

Аукцион сабақ

Әдіс – тәсілдер

Сұрақ –жауап, практикалық, эксперименттік тапсырмалар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қысым тақырыбына есеп шығару»

Сыныбы: 7а

Күні:10.02.2017ж

Сабақтың тақырыбы

Қысым тақырыбына есеп шығару

Мақсаты

Теориялық білімдерді есептер шығаруда тиімді пайдалуға дағдыландыру

Күтілетін нәтижелер



А. Қарапайым есептерді шығара алады.

В. Заңдар мен анықтамаларды,өткен формулалаларын өлшем бірліктерімен байланыстырып, қолдана алады.

С. Күрделі есептерді математикалық түрлендірулер арқылы шығара алады

Керекті жабдықтар

Деңгейлік тапсырмалар

Сабақ түрі

Аукцион сабақ

Әдіс – тәсілдер

Сұрақ –жауап, практикалық, эксперименттік тапсырмалар

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

Оқушылар сыныпқа кірерде музыка ойнап тұрады. Оқушылар жұптасып келіп үстелдің үстінен өздеріне ұнаған номерлерді алып, жеке орындарға бөлініп отырады.

Good afternoon children. Dear guests welcome to our country and welcome our auction. And come participate our auction. The first select number and find your place please.

Оқушылар сыныпқа кірген соң шаттық шеңберіне тұрып, soocl әнін шырқап саббаққа зейндерін аударып алады. Оқушылар таңдаған номерлері бойынша орындарына орналасады.

Тұсау

кесер

Сабақ түріне сай түсіндірме жасау. Аукционның өту ережесімен таныстыру.

Бүгінгі біздің сабағымыз күндегіден өзгеше болмақ. Ол –аукцион сабақ. Аукцион дегеніміз латын тілінен аударғанда « бәсеке сауда» дегенді білдіреді. Аукционға бағалы, құнды нәрселер қойылады. Кімде кім сол заттың бастапқы бағасынан жоғары баға ұсынса, яғни ең жоғарғы баға ұсынған адам саудаға қойылған затты сатып ала алады. Бүгінгі аукцион сабағымызда сіздердің білімдеріңіз саудаға түседі. Сіздер тапсырмалар орындай отырып, әр тапсырмаға ұпай аласыздар. Сабақ соңында ең көп ұпай жинаған оқушы аукцион жеңімпазы болады. Аукционға қойылып отырған құпия сыйлыққа ие болады.

Оқушылар слайд арқылы сабақ барысы мен ережесін танысады

Біздің сабағымыздың ерекшелігі сол, затты ақшаға емес білімдеріңізге сатып, аласыздар.

Сабағымыз үш бөлімнен тұрады

І – кезең «Сұрақтар тізбесі» (25сұраққа жауап жазу 5 ұпайдан барлығы 50 ұпай)

ІІ – кезең «Сәйкестендіру» (формулаларды атауларымен сәйкестендіру 10 ұпайдан барлығы 100 ұпай )

ІІІ – кезең «Есепте» (20 ұпайдан барлығы 200 ұпай)

ІV-кезең «Рубик Кубик» (2 ұпайдан барлығы 10 ұпай)

V-кезең «Қызықты физика» (тәжірибе жасау)

VІ- кезең Қорытынды (бағлау, рефлекция парағын толтыру)

Негізгі бөлім

1-бөлім «Сұрақтар тізбесі» 5 ұпайдан барлығы 50 ұпай

Мақсаты: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша теориялық білімдерін тексеру.

  1. Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама: қысым

  2. Қысымның белгіленуі: р

  3. Қысымның формуласы:

  4. Қысымның өлшем бірлігі: Па

  5. Тәжірибеде қысымның ең үлкен бірлігі: МПа

  6. Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетіндігін делелдеген ғалым: Блез Паскаль

  7. Блез Паскаль қай елдің ғалымы: Француз

  8. Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым барлық бағыт бойынша өзгеріссіз таралады, бұл қай заң: Паскаль заңы

  9. Техникада іс әрекеті сұйықтардың тепе теңдігі мен қозғалыс заңдарына негізделген машиналарды қалай аталады: Гидравликалық машиналар

  10. Грекше гидор: су

  11. Аулос: түтік

  12. Қазіргі қуатты гидравликалық престер қанша күш өндіруге мүмкіндік береді: 700 000Кн

  13. Күштен қанша есе ұтсақ, арақашықтан сонша есе: ұтыламыз

  14. Газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы қайдан пайда болады: газ молекулаларының соқтығысуынан

  15. Газдың көлемін кішірейтсе, оның қысымы артады, ал көлемін ұлғайтса: қысымы кемиді.

  16. Жабық ыдыстағы газдың температурасы неғұрлым жоғары болса, оның қысымы соғұрлым: үлкен болады

  17. Қатынас ыдыстардағы әртекті сұйық бағандарының биіктігі олардың тығыздықтарына ...... пропорционал: кері

  18. гПа: Па

  19. Сұйық тереңде орналасса, онда: қысым үлкен болады

  20. Қатты денелер қысымды қалай таратады: бір бағытта

  21. Жер бетіндегі және ондағы денелерге не түседі: қысым

  22. Кез келген пішінді қатынас ыдыстардағы тыныш тұрған сұйық қандай болады: бірдей

  23. Су құбырларының неше түрі бар: 2

  24. Қандай күрекпен жұмыс істеу жеңілірек: тік күрек

  25. 10 кПа-ды паскальға айналдыр: 10000 Па

2-бөлім. «Сәйкестендіру» 10 ұпайдан барлығы 100 ұпай

Берілген шамаларды формуласымен сәйкестендіру қажет

Физикалық шама

Формуласы

1

Қысым

2

Қысым күші

m

3

Ауырлық күші

4

Үйкеліс күші

kx

5

Зат тығыздығы

6

Күш түсетін беттің ауданы

7

Теңәрекетті күш

pS

8

Гук заңы

9

Үлкен поршеньге әрекет ететін күш

10

Сұйық бағанының ыдыс тың табанына түсіретін қысымы

3-бөлім «Есепте» 20 ұпайдан барлығы 200 ұпай

  1. Массасы 45 кг, бәтелкелерінің табанының ауданы 300 баланың еденге түсіретін қысымын есепте.

  2. Шынжыр табанды трактордың массасы 6610 кг, екі шынжыр табанының тіреуіш ауданы 1,4 . Осы трактордың топыраққа түсіретін қысымын табыңдар.

  3. Массасы 45 кг бала шаңғыда тұр. Шаңғының ұзындығы 1,5 м, енділігі 10 см. Бала қарға қандай қысым түсіреді?



  1. Цистернадағы мұнай бағанының биіктігі 10 м, оның тығыздығы 800 кг/. Мұнайдың цистерна түбіне түсіретін қысымын есептелік.

  2. Теңіздің терең жеріндегі 40 м судың қысымын есептеп табыңдар. Теңіз уының тығыздығы 1030 кг/.

  3. Асфальт төсеуде қолданылатын машина каток тірегінің ауданы 1500см2 түсіретін қысымы 300кПа екені белгілі. Катоктың салмағы қандай?

  4. Қар үстінде тұрған шаңғының салмағы F=780 Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы a=1,95 м, ал ені b=0,06 м. Шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымын P табыңдар?

  5. 2 Па қысымға 3 кН күш әрекет етеді. Ауданын анықтаңдар.

  6. Мұзға күрек қандай күшпен әрекет етеді. Егер күректің ұшының ауданы 0,2м². болса, оның мұзға түсіретін қысымы 8кПа.

  7. Шыны ыдысқа құйылған глицериннің тығыздығы 13100 кг/ , ал судың тығыздығы 1000 кг/. Ыдыстағы судың биіктігі 6 м болса, глицериннің биіктігі неге тең?

4-бөлім «Рубик Кубик» 2 ұпайдан барлығы 10 ұпай

Қазақша

Ағылшынша

Қысым

Pressure

Аудан

Region

Газдың қысымы

The gas pressure

Күш

Force

Деформация

Deformation


5-бөлім «Қызықты физика»

Оқушылар үш топқа бөлініп, берілген құралдар арқылы тәжірибе жасап көрсетіп, ауызша түсіндіреді.

І топ. Бөтелке, қағаз, шырпы, қабығы аршылған жұмыртқа. бөтелкенің ішіне қағазды жағып, аузына жұмыртқаны қойғанда, ол ішіне кіріп кетеді. Неліктен? (Бөтелкенің ішіндегі ауаның қысымы атмосфералық қысымнан азаяды)

ІІ топ. Банка, ыстық су құйылған ыдыс, бос ыдыс, ішіне кішкене су толтырылып жартылай үрленген шар.







Оқушылар параққа жызылып берілген 25 сұраққа жауап жазады. Көрсетілген дұрыс жауаптар бойынша тексеріп, 2 ұпайдан бағалап, қорытынды ұпайын шығарады. Қорытынды ұпай бойынша аукционға қатысады.

Ең төменгі ұпайы 5, жоғары ұпай 50.












Бұл кезеңде оқушыларға аукционға картина қойылады. Білімімен көп ұпай жинаған бала сыйлықты ұтып алады.




























Берілген кестені пайдаланып сәйкестендіру жасайды, дұрыс жауабы экранда көрінеді. Сол бойынша әр дұрыс жауапты 10 ұпаймен бағалайды. Нәтижесінде 100ұпай алу қажет. Қорытынды ұпай бойынша аукционға қатысады.







Бұл кезеңде оқушыларға аукционға Блез Паскальдың қаламы қойылады. Оқушылар білімдерін ортаға салып, жоғары ұпайға ие болған оқушы қаламды алады.







Берілген есептердің дұрыс шығарылуы арқылы 20 ұпайдан барлығы 200 ұпай жинайды, қорытындысы бойынша аукционға қатысады.











Бұл кезеңде оқушыларға қолмен ағаштан ойып жасалған Жеті қазынамыздың бірі жылқыны алу үшін оқушылар білімдерін ортаға салады.













Берілген терминдерді дұрыс орналастыру арқылы 2 ұпайдан барлығы 10 ұпай жинайды, қорытындысы бойынша аукционға қатысады.

Бұл кезңде аукционға ағаштан ойып жасалған ең үздік уақыт шақсышы әтеш қойылады.







Берілген құралдары дұрыс пайдалану арқылы тәжірибе жасап көрсетеді, түсіндіреді.

ІІІ топ.

Оқушылар топтасып тәжірибені жасап, түсіндіріп болған соң, топ болып тақтаға шығып смайликтерді басу арқылы белгілейді. Топтарға тәжірибенің түсінікті болуы диаграмманың көрсетуіне байланысты белгілі болады.

Қорытынды бөлім

Your hometask is: қайталау Оқушылар бес кезеңнен өткеннен соң бағалау шкаласы бойынша бағаланады. Your marks for the lesson-бағаларыңыз.

Оқушының аты- жөні:

І кезең

50

ұпай

ІІ кезең 100ұпай

ІІІ кезең

200

ұпай

ІV

кезең

10

ұпай

Барлығы

360

ұпай













360-300 «5»exselent, 290-230 «4»good, 230- 170 «3»sat, 160-0 «2»bad

Оқушыларға «кері байланыс» «feedback» рефлекция парағы үлестіріледі

The lesson is over, good bye- сабақ аяқталды

Thank you for youaftention- Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет

Have a rest- Демалуға рухсат

Оқушылар бүгінгі сабақта көрсеткен білімдері бойынша бағаларымен танысады.

Рефлекция парағын толтыру арқылы, сабақ туралы өз пікірлерін айтады.


Мұғалімнің ойлары

7 «а» сыныбына физика пәнінен «Қысым тарауына есептер шығару» тақырыбында практикалық жұмысты, дәстүрлі емес сабақ негізінде аукцион абақ өткіздім.

Мақсатым: - Қысым тарауы бойынша өткен теориялқ білімдерін есептер шығаруда, түрлі тапсырмаларды орындауда тиімді пайдалануға дағдыландыру.

  • Қарапайым есептерді шығара білуге жағдай жасау;

  • «Сұрақтар тізбесі», «Сәйкестендіру», «Есепте», «Рубик Кубик», «Қызыты физика» атты түрлі деңгейдегі тапсырмаларды түрлі әдістерді қолдану арқылы меңгертуге дағдыландыру;

  • Оқушылардың жауаптарына теріс пікір айтпай, керісінше мадақтауларды жиі қолдану арқылы өздеріне сенімділіктерін арттыру, әр кезең сайын аукционға қойылған заттарды көп ұпай көрсеткішін көрсетіп отырған оқушға беру арқыл, оқушылардың келесі кезеңдердегі тапсырмаларды жақсы орындауға деген қызығушылығын арттыру;

Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар сыныпқа кірер кезде Франциуз елінің әуені қосылып тұрды, оқушылар французша киініп жұптасып сыныпқа кірді. Оқушылармен ағылшын тілінде амандасты: Good afternoon children. Dear guests welcome to our country and welcome our auction. And come participate our auction. Оқушылармен шаттық шеңберіне тұрып «Soocl» әнін шырқап сабаққа зейіндерін аударып алдым. Үстелдің үстінде тұрған, өздеріне ұнаған номерлерді алып, жеке орындарға бөлініп отырды.

Оқушылар жайғасып отырған соң сабақ түріне сай түсіндірме жасап өттім. Слайд арқылы сабақ ережесін таныстырдым. Сабақтың ерекшелігі ақшаға емес білімге сатып алатындығы. Аукционға құнды нәрселер қойылғандығын да ескертіп өттім. Ең жоғарғы бал жинаған оқушы сол бағалы сыйлыққа ие болады.

1-бөлім «Сұрақтар тізбесі» 5 ұпайдан барлығы 50 ұпай

Мақсаты: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша теориялық білімдерін тексеру. Оқушылар параққа жазылып берілген жиырма бес сұраққа жауап жазады. Көрсетілген дұрыс жауаптар бойынша тексеріп, екі ұпайдан бағалап , қорытынды ұпайын шығарады. Қорытынды ұпай бойынша аукционға қатысады. Аукционға картина қойылды. Білімімен ұпай жинаған Нұрмағамбетова Шынар ұтып алды.

2-бөлім. «Сәйкестендіру» 10 ұпайдан барлығы 100 ұпай

Берілген шамаларды формуласымен сәйкестендіру қажет. Берілген кестені пайдаланып сәйкестендіру жасады, дұрыс жауабын тақтадан көрсетіп тексерттім. Сол бойынша әр дұрыыс жауапты он ұпаймен бағалады. Нәтижесінде жүз ұпай алу қажет болды. Қорытынды ұпай бойынша аукционға қатысты. Бұл кезеңде қойылған қаламды оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін Блез Паскальдың қаламы деп атадым. Жоғары ұпайға ие болған Жақсылықова Анел қаламды алды.

3-бөлім «Есепте» 20 ұпайдан барлығы 200 ұпай Берілген есептердің дұрс шығарылуы арқылы ұпайдан барлығы ұпай жинайды. Бұл кезеңге оқушыларға қолмен ағаштан ойылып жасалған бұйым жеті қазынамыздың бірі жылқыны қойдым. Жоғары ұпайды Ахбалин Дияс жинап жылқыны ұтып алды.

4-бөлім «Рубик Кубик» 2 ұпайдан барлығы 10 ұпай. Бұл кезеңде оқушыларға үштілділікке байланысты физикалық термин сөздерді ағылшынша атауларымен біріктіру бердім. Оқушылар ағылшынша термин сөздерді жақсы меңгергендігін көрсете білді. Аз ғана уақыттың ішінде құрастырып болды. Ең бірінші болып аяқтаған Сайкомова Асылжанға ағаштан ойып жасалған әдеміуақыт шақсышы әтеш берілді.

5-бөлім «Қызықты физика»

Оқушылар үш топқа бөлініп, берілген құралдар арқылы тәжірибе жасап көрсетіп, ауызша түсіндірді. Оқушылар тақырыпты жақсы меңгергендіктен көрсете білді. Өйткені берілген құралдардың тәжірибенің қай бөлігінде қалай қолдану керектігін, қандай өзгеріске ұшырайтынын, қысымның қалай әсер ететінін ажыратып айта білді. Оқушылар топтасып тәжірибені жасап, түсіндіріп болған соң, топ болып таатаға шығып бір бірінің түсіндірулерін интерактивті тақтадағы смайликтерді басу арқылы белгіледі. Топтарға тәжірибенің түсінікті болуы диаграмманың көрсетуіне байланысты белгілі болды. Оқушыларды кезең сайын жинаған болдарын бағалау шкаласына көрсетіп жазып отырған болатынмын, сол бойынша барлық ұпайын қосып оқушыларды бағаладым. 360-300 «5»exselent, 290-230 «4»good, 230- 170 «3»sat, 160-0 «2»bad

Оқушыларға «кері байланыс» «feedback» рефлекция парағы үлестіріп бердім. Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз пікірлерін қалдырды. Оқушылармен ағылшын тілінде қоштастым.

The lesson is over, good bye- сабақ аяқталды

Thank you for youaftention- Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет

Have a rest- Демалуға рухсат. Таңдап алған тәсілдерім оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына жағдай жасады.яч

Сабақты өткізуім өзіме ұнады деп айта аламын. Себебі, сабағымның аукцион түрінде өткені оқушыларымның қызығушылығын арттыра білді. Сондай ақ, оқушыларда физиканы ағылшын тілінде оқыту жүретіндіктен сабағыма үштілділікті пайдаланғаным, оқушылармен ағылшынша амандасып, ағғылшынша сергіту сәтін жасағанымыз, сабақтың соңында, сабақтың кейбір кезеңдерінде ағылшынша сөйлегенім бұл менің саабақтағы жақсы тұстарымның бірі деп ойлаймын. Сабағымның мақсаты оқушылардың қысым тарауы бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығаруда қолдана білуді дағдыландыру болатын. Алдымен оқушыларға теориялық жағынан анықтамаларды тапсырма ретінде бері, одан соң формулаларды тапсырма ретінде беріп естеріне түсіріп алған соң есепті бергенім оқушылар үшін тиімді болды.

Сабақты өткізу барысында қойған мақсатыма жеттім. Өйткені әр кезеңдегі тапсырманы оқушылар қызығушылық танытып орындай білді. Кезеңге бөліп алған тапсырмаларым оқушыларға анық әрі нақты болды деп ойлаймын, оқушылар барлық сұрақтарға дұрыс жауап бере білді. Сабақта белсенділігі төмен оқушы Хайрелов Нұрдаулет, Мирболатұлы Мирлан, Аманжолов Расулдың сабаққа деген белсенділігі артып, берілген уақыт аралығында тапсырмаларыды жеткілікті дәреджеде орындап отырғаны. Сабаққа деген ынтасы төмен оқушылармен жақсы жұмыстана алдым. Әр кезең сайын аукционға қойылған заттарды оқушыларға сыйлыққа беру арқылы ынталандырып отырдым. Кезең сайын уақтытты барлық оқушыға тең беру үшін, интерактивті тақтаға таймер қойып отырдым. Батапқы екі кезеңнің тапсырмаларын орындап болған соң тақтаға шыққан жауап бойынша оқушылар өздерін бағалады. Ал үшінші кезең есепке келгенде мен өзім барлыққ оқушылардың жанына барып есептерін тексеріп ұпай қойып шықтым. Сабағым аудандық көлемде өткендіктен бірнеше физика пәнінің мұғалімдері қатысты. Сабаққа қатысушы мұғалімдерге рефлекция параған ұсынған болатынмын. Ұтымды жақтарым: Сабақтың ұйымдастырылуы,әдіс тәсілдердің жақсы алынуы, мұғалімнің өзін өзі ұстауы,оқушыларды сабаққа қызығушылықпен қатыстыра алуы, үштілділікті меңгерту,рубик кубик дісі, сәйкестендіру әдісінің жақсы шыққандығын көрсеткен. Ұсынысқа: уақытты тиімді пайдалану, тапсырмалардың көлемін шегеру.Мен осы сабағымды өткізу барысында түйгенім: алдағы уақытта сабақ жоспарлаған кезде тапсырмалардың көлемін уақытпен сәйкестендіріп алу керекпін.























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қысым тақырыбына есеп шығару

Автор: Айтқали Ментай Талғатқызы

Дата: 12.05.2017

Номер свидетельства: 414805

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "Жай б?лшекті? негізгі ?асиеті. Жай б?лшекті ?ыс?арту та?ырыбына есептер шы?ару"
    ["seo_title"] => string(82) "zhaibolshiektinnieghizghikasiietizhaibolshiektikyskartutakyrybynaiesieptiershygaru"
    ["file_id"] => string(6) "300228"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456678424"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(159) "Саба?ты? та?ырыбы: Екі ?рнекті? ?осындысы мен айырмасын к?бейту та?ырыбына есептер шы?ару "
    ["seo_title"] => string(101) "sabak-tyn-tak-yryby-ieki-orniektin-k-osyndysy-mien-aiyrmasyn-kobieitu-tak-yrybyna-iesieptier-shyg-aru"
    ["file_id"] => string(6) "159931"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421977964"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(10) "?ысым "
    ["seo_title"] => string(8) "k-ysym-1"
    ["file_id"] => string(6) "189129"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426827018"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(154) "Рационал сандарды периодты ондық бөлшек түрінде жазылуы тақырыбына есептер шығару."
    ["seo_title"] => string(80) "ratsional_sandardy_pieriodty_ondyk_bolshiek_turindie_zhazyluy_tak_yrybyna_iesiep"
    ["file_id"] => string(6) "390933"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486907306"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Қысым. Қысым бірліктері"
    ["seo_title"] => string(25) "k_ysym_k_ysym_birliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "384893"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485617575"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства