Сынып: 7А пәні: физика күні: 27.01.17
Сабақтың тақырыбы
Қысым. Қысым бірліктері
Сілтеме
М атематика 7-сынып, Т.А. Алдамұратова, слайдтар, сабақ жоспары
Жалпы мақсаты
Оқушылардың өзара белсенді – интерактивті өздік таным әрекеттерін ұйымдастыру арқылы қысым тақырыбын меңгерту.
2. Мысалдар келтіре отырып, оқушының оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
3. Оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіруге дұрыс әрі тез есептеуге, бір –бірінің пікірін дұрыс тыңдап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Міндеттер
- Оқушылардың пәнге деген қызығаушылығын ояту
- Жаңа тақырыпты оқушылардың бар білімдерін пайдалана отырып жеткізу
Мұғалім үшін оқу нәтижелері
- Топпен жұмыс жасай отырып,бірлесіп білім алады
- Оқушылардың бірін-бірі сынау арқылы аталған тақырыпты пысықтау
- Берілген тапсырмаларды топта орындауға үйрену
- Оқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыландыру
- Есеп шығаруда ережелерді қолдана білу дағдысы
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері
Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының "БББ" кестесі
Сабақтың көрнекілігі
Проектор, слайдтар, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар
Күтілетін нәтиже
- Оқушылардың таным әрекеттері арқылы қысым тақырыбын түсінеді;
- Қысым формуласын қолданып есеп шығара алады;
- өлшем бірліктерді еселік жүйеге келтіре алады;
Ұ йымдастыру кезеңі
1) Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
2) Сәлемдесу әдебі
3) Слайдта көрсетілген «ауырлық күші», «үйкеліс күші» және «серпімділік күші» бойынша оқушыларды үш топқа бөлу және топтың атын қорғау.
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
І. Миға шабуыл
І топ
Нормаль қысым күші деген не?
ІІ топ
1.динамометр әрекеті қандай заңға негізделген?
ІІІ топ Деформация деген не?
І топ
дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта түсіретін күш
ІІ топ
1(Гук заңына негізделген)
ІІІ топ дене пішімінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация деп атаймыз
Формула білеміз бе? Сәйкестігін тап.
Формулалар заңдылықтар
F=mg
F=kx
Fүйк=µN
р=m/V
P=mg
Зат тығыздығы
Гук заңы
Ауырлық күші
Үйкеліс күші
Дененің салмағы
ІV. «Ой қозғау» « Жүректі таңдау » қызықты ситуациялық жағдаят ұсынылады.
- Әжеміз пердені ертеде қолмен тіккен. Тігін тігуде ұшы доғал немесе үшкір инелерді қолданудың қайсысы оңай?
- Тортты кесуге жүзі өткір пышақ пен күнделікті қолданып жүрген пышақтың қайсысы кесуге оңай?
V. «Мағынаны тану»
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Енді қысым - деген тақырыптармен танысамыз.
Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:
р-қысым;
Ғ-бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші;
S-күш түсетін беттің ауданы.
ХБЖ-да қысым паскальмен өлшенеді. .
гПа=100 Па=102 Па
кПа=1000 Па=103 Па
МПа=100000 Па=106 Па
Қорытынды сөз: қорыта келе, белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды, оны р әріппен белгілейміз және ХБЖ-де қысымды Па өлшейміз.
VІ. «Ой толғаныс»
а) Сұрақ – жауап:
- Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама? (Қысым)
2. Қысымды қалай анықтайды?( p=F/S)
3. Қысымның қандай бірліктерін білесіңдер? (Па, гПа, кПа, МПа)
4. Қолмен іс тіккенде неліктен бармаққа оймақ киеді? (ине үшкір, ауданы аз саусаққа кіреді)
5. Шаңғысыз жүргенде адам неліктен қарға омбылайды? (жаяу адамның табанының ауданы шаңғының табан ауданынан 20 еседей аз)
6. Қысымды арттырып немесе кемітуге болама? Ол үшін не істеу керек? Тіреу ауданы неғұрлым көп болса, соғұрлым қысым аз болады, керісінше тіреу ауданы неғұрлым аз болса, соғұрлым қысым көп болады
ә)Жаңа материалды есептер шығару арқылы бекіту.
І топ
№1 Күш 200 Н, ал ауданы 2,5 м2 дененің түсіретін қысымын анықта
Ғ=200Н
S=2,5м2
р=?
№2 Күйтабаққа ине 0,27Н күшпен әсер етеді. Егер иненің ұшының ауданы 0,0003см2 болса, оның күйтабаққа түсіретін қысымы қандай?
Берілгені: формула: шешуі:
Ғ=0,27Н
S=0.0003cм2=
=3*10-4см2=3*10-8м2
р=?
ІІ топ
№ 1 Бетке 3000 Н күш түсіріп 2 Па қысым алсақ, ауданы қандай болған?
Берілгені: формула: шешуі:
Ғ=3000Н
р=2Па
S=?
№2 Асфальт төсеуде қолданылатын машина каток тірегінің ауданы 1500 см2, түсіретін қысымы 300кПа екені белгілі. Катоктың салмағы қандай?
Берілгені: формула шешуі:
р=300 кПа=300000Па
S=1500 cм2 =0,15 м2 Ғ=Р
Р - ?
ІІІ топ
№1 Бетке 45 кН күш түсіріп 2 кПа қысым алсақ, ауданы қандай болған?
Берілгені: формула шешуі
Ғ=50кН=50000Н р=2кПа=2000Па
S-?
№2
200см2 ауданға түсірілген күш 100Н – мен әсер ететін болса, қысым қандай болар еді?
Берілгені: формула шешуі:
Ғ=100Н
S=200cм2 =0,02 м2
р -?
VІІ. Қорытындылау. Сонымен қысым дегеніміз не екен?
Қысым (орыс. давление ) бір дене екінші дене бетіне әсер еткенде пайда болатын қалыпты күштің қарқындылығын сипаттайтын физикалық шама.
VІІІ. Бағалау.
ІХ. Кері байланыс (Оқушының осы сабақтан алған әсерлерін байқау)
Үйге тапсырма: §33. 15-тапсырма. 15 жаттығу №3
«Березняк жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы: Қысым және оның бірліктері.
7 сынып
Құрастырған: Мухамет Ж.
Қызылқайың-2017