Сабақ тақырыбы: Қатты денелердің механикалық қасиеттері
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қатты денелердің механикалық қасиеттері жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: Өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, көру арқылы ұзақ сақтау қабілетін жетілдіру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды сауатты жаза білуге,физикалық тілде сөйлеуге, ой айта білуге тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Жалпы білім беретін пәндер топтамалық комиссиясының
отырысында қаралды және мақұлданды
2016 жылғы «____» _________ №___ хаттама
ТӘК төрағасы: ______________
Оқытушы Реметуллаев Набиулла Макседович
Пәні физика
Сабақ тақырыбы:Қатты денелердің механикалық қасиеттері
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қатты денелердің механикалық қасиеттері жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: Өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, көру арқылы ұзақ сақтау қабілетін жетілдіру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды сауатты жаза білуге,физикалық тілде сөйлеуге, ой айта білуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланысы: информатика, математика, химия
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, схема, видео-ролик, оқу материалдары
Сабақ жүрісі
І.Ұйымдастыру кезеңі Амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Сабақ тақырыбымен, мақсатымен, жоспарымен таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1.Кристалл және аморфты денелердің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
2.Қандай денелерді шын мәнінде қатты дене деп атайды?
3. Тордың түйіндері деген не? Олар қалай орналасады?
4.Кристалдық құрлымдарды қалай бөледі?
ІII. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Қатты денелердің механикалық қасиеттерімен танысу.
ІV.Жаңа білімді меңгеру кезеңі
Қайсыбір себептердің әрекетінен дене пішінінің (формасының ) немесе көлемінің өзгеруін деформация деп атайды.
Егер пружинаның ұштарына, оның осі бойымен екі жаққа бағытталған және күштерді түсірсек, онда ол не созылады, не қысқарады. Түсірілген күштің әрекетінен дене ұзындығының бір бағытта созылуын бойлық созылу деформациясы деп атайды. Өзін бір бағытта сығып жатқан күштің әрекетінен дене ұзындығының кемуі бойлық сығылу деформациясы деп атайды.Деформацияның екі жағдайында да дененің көлденең қимасының ауданы аздап өзгереді.
Егер шыбықтың (стерженьнің) бір ұшын бекітіп қойып, оның еркін ұшына шыбықтың осіне перпендикуляр күш түсірсек, онда шыбық майысады. Екі тұғырға бекітілген шыбықтың ортасына көлденең F күшпен әрекет етсек, онда ол майысады. Оське перпендикуляр күштің әрекетінен шыбықтың майысуы көлденең майысу деформациясы деп аталады.
Майысу кезінде шыбықтың дөңес жағы созылады, ойыс жағы сығылады.
Шыбықтың екі ұшына шеттерін екі жаққа қарай ( қарама- қарсы ) бұратын қос күш түсірсек, онда шыбықтың бұралғанын байқаймыз. Осы кезде оның жоғарғы қабаттары төменгі қабаттарға қатысты бұрылады. Дененің параллель қабаттарының бір-біріне қатысты қос күштің әрекетінен бұралуы бұралу деформациясы деп аталады.
Дененің параллель қабаттарының бір-біріне қатысты салыстырмалы түрде параллель орын ауыстыруы ығысу деформациясы деп аталады.
Денеге түсірілген сырткы күштердің әрекеті тоқтаған бойда жоғалатын дененің деформациясы серпимді деформация деп аталады.
Денелердің сырткы әрекеті тоқтағаннан кейін де деформацияны сақтап қалу қасиеті иілгіштік (пластикалық) деп аталады.
Денелердің серпимділігі (иілгіштігі), негізінен, олар жасалған материалға байланысты аныұталады. Мысалы, болат пен резеңке серпімді, ал мыс пен балауыз иілгіш. Материалдарды серпимді және иілгіш деп бөлу шартты нәрсе, себебі көп жағдайларда әрбір материал серпімді, әрі иілгіш.Мысалы, болат пружинаны қатты созып, енді қайтып орнына келеалмайтын етуге болады, ал мыс спиральды аз созсақ, ол кері серпіледі. Тәжірібе көрсеткендей, материалға түсетін жүктемені бірте-бірте арттырған кезде ә уелі серпімді деформация, кейін иілгіштік деформация пайда болады екен.
Іс жүзінде аз жүктемелер кезінде серпімді деформацияланатын , ал сырткы жүктемені арттырған кезде қалдық деформация пайда болмастан бұрын қирайтын материалдар кездеседі. Мұндай материалдар морт материалдар деп аталады (шыны, кірпиш, керамика ).
Материалдың қаттылығын түрліше тәсілдермен анықтайды. Көбіне қаттырақ материал деп екінші материалдың бетіне сызған кезде із қалдыратын материалды атайды. Ең қатты материал – алмаз.
V.Жаңа білімді бекіту сұрақтары
Созылу деформациясы дегеніміз не ?
Майысу деформациясы дегеніміз не ?
Бұралу деформациясы деп қандай деформацияны атайды?