kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ысым.

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ысым

О?ушыларды? п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыру ?шін,п?нді к?нделікті ?мірде кездесетін ??былыстармен ?немі байланыстырып отыру ?ажет.

Саба?ты? ма?саты:О?ушылар?а ?ысым туралы т?сінік беру,формуласымен таныстыру.

Білімділік:О?ушыларды? "?ысым" такырыбы бойынша ал?ан білімдерін бір ж?йеге келтіру,негізгі ??ымдарды бекіту.

Дамытушылы?:Ш?кірттерді? іскерліктерін,?з бетінше е?бектену,іздену ?абілеттерін дамыту,физика?а ?ызы?ушылы?ын арттыру.

Т?рбиелік:??ыптылы?ына,д?лдікке,?з білімін ?зі ба?алау?а,?лкеннен ?неге алу?а,?йымшылды??а т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі:Аралс саба?

Саба?ты? к?рнекілігі:Интерактифті та?та,жі?ішке т?рт ая?ы бар ?стелше,ыдыс?а салын?ан ??м,кір тас,сызба н?с?алар.

Саба?ты? барысы:

1-Теориялы? білім-"Кім ал?ыр?"

2-"Кім ж?йрік?"

3-"Д?рыс та?да"

4-"С?з ж?мба?тар елінде"

5-"Ж?мба?тар елінде"

6-"Физика бізде ?она?та"

I.Теориалык б?лім

Ма?саты:О?ушыларды? "?ысым" тарауын ?алай ме?гергендіктерін тексеру.

1-"?ысым.?ысым бірліктері"

2-"Газды? ?ысымы"

3-"С?йы?тар мен газдарда?ы ?ысым"

4-"Паскаль за?ы"

5-"?атынас ыдыстар"

6-"Сыйы?ты? ыдыс т?біне ж?не ?абыр?аларына т?сіретін ?ысымын есептеу формуласы"

7-"Маномерт"

8-"Барометр"

9-"Динамометр"

10-"Архимед за?ы"

11-"Денелерді? ж?зуі"

12-"Кері итеруші к?ш"

II.Кім ж?йрік

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ысым. »

Қысым

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін,пәнді күнделікті өмірде кездесетін құбылыстармен үнемі байланыстырып отыру қажет.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға қысым туралы түсінік беру,формуласымен таныстыру.

Білімділік:Оқушылардың "Қысым" такырыбы бойынша алған білімдерін бір жүйеге келтіру,негізгі ұғымдарды бекіту.

Дамытушылық:Шәкірттердің іскерліктерін,өз бетінше еңбектену,іздену қабілеттерін дамыту,физикаға қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік:Ұқыптылығына,дәлдікке,өз білімін өзі бағалауға,үлкеннен өнеге алуға,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралс сабақ

Сабақтың көрнекілігі:Интерактифті тақта,жіңішке төрт аяғы бар үстелше,ыдысқа салынған құм,кір тас,сызба нұсқалар.

Сабақтың барысы:

1-Теориялық білім-"Кім алғыр?"

2-"Кім жүйрік?"

3-"Дұрыс таңда"

4-"Сөз жұмбақтар елінде"

5-"Жұмбақтар елінде"

6-"Физика бізде қонақта"

I.Теориалык бөлім

Мақсаты:Оқушылардың "Қысым" тарауын қалай меңгергендіктерін тексеру.

1-"Қысым.Қысым бірліктері"

2-"Газдың қысымы"

3-"Сұйықтар мен газдардаңы қысым"

4-"Паскаль заңы"

5-"Қатынас ыдыстар"

6-"Сыйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымын есептеу формуласы"

7-"Маномерт"

8-"Барометр"

9-"Динамометр"

10-"Архимед заңы"

11-"Денелердің жүзуі"

12-"Кері итеруші күш"

II.Кім жҮйрік

1.Бізді қоршап тұрған ауа барлық денеге P=100кПа қысым түсіреді.Өлшемдері 50*90болатын ауданға ауа қандай күш түсіреді?.

2.10 балдық желдің алдындағы тосқауылға түсіретін қысымы Р=1100Па.Желдің ауданы 30м2 тосқауылға түсіретін қысым күші қандай?.

3.Көлемі 8м3 темір балғаның табан ауданы 2м2 болса,ол жер бетіне қандай қысым түсіреді?.

4.Табанының ауданы 300см2 кастрольге 3,9л су құйылса стоға қандай қысым түсіріледі.

III.Дұрыс таңда

Перфокартамен жұмыс немесе физикалық диктант.

Мақсаты:Оқушыларды а)Физикалық шама.б)физикалық құрал.в)Физикалық бірлік ұғымдарын бір бірінен ажыратуға үйрету.






Атауы




Шама бірлік құрал

1.Қысым 6.Масса


2.Барометр 7.Манометр

3.Паскаль 8.Килограмм

4.Ньютон 9.Тығыздық

5.Таразы 10.Көлем



IV.Сөз жұмбақтар елінде

V.Жұмбақтар елінде

Мақсаты:Оқушыларды алғырлыққа,ептілікке баулу.

1.Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де,жаяуда,

Саралайсың таңдайсың.

2.Көп болса асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың.

3.Күш көбейсе артады,

Ауадан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Одан бірақ қорқады.

4.Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл.

VI.Физика бізде қонақта

Мақсаты:Оқушылардың өздерінің алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.

1.Шықсаң егер серуенге,

Ауа райын білдірер.

Қандай құрал бар екен?

2.Егер тауға шықсаң сен,

Дем алысың нашарлап.

Неге бұлай болады?

3.Қан кысымы ауруларымен ауыратын адамдар үшін қандай физикалық құрал қолданылады? Ол құрал медицинада қалай аталады?

4.Күнделікті тұрмыста қолданылатын үйдегі қатынас ыдыстарды атаңыз.

Қорытынды:
























XXI Ғасыр білімділер ғасыры болмақ.Ұрпақ тәрбиесі ел алдындағы маңызды міндет.Еліміздің қоғамның экономикалық,саяси мәдениет дамуына үлес қосатын,әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де,мәдениетті парасатты денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару-ұстаздар қауымының бүінгі басты міндеті.Мұғалімдер алдында тұрған аса маңызды міндет-талабы таудай жеке тұлғаны іздеп тауып,оны баулып шығару.Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып,біліп,дамытып,шыңдап,жол сілтеп адам дәрежесіне көтеру.Ол үшін жұмысқа жаңашыл бет бұрыс керек.

Атақты ғұлама ғалым Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек,тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»деп тегін айтпаса керек.Тәрбиесіз білім-сыңар қанаты жоқ қос секілді,алысқа ұзап ұша алмайды.Сол себепті барлық ұстаздар,ең алдымен,алдындағы шәкірттердің жан-жақты тәлім тәрбие алуына жіті көңіл бөлуі керек.Олардың ішкі қабілетін оятуға,дарынын шыңдауға,сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағынан,емін-еркін сусындауына жағдай туғызуы керек.

Қазіргі таңда дамыған елдерде жеке адамның дамуына жан-жақты үлкен мән беріледі.Жас жеткіншектің келешегін оның жан ұясының материялдық тұрмысы емес,қабілеті,ерік күші айқындауға тиіс.Бала жастан өзіне деген сенімділік,жауапкершілік сезімдерін бойына сіңіру ата-ананың міндеті,яғни баланың қоғамға пайдалы азамат болып өсуінің негізі отбасында қаланады.Осы орайда мына бір қанатты сөз еске түседі. «Өзіне сенімі жоқ адам өзгелердің уысынан шыға алмайды».Қоғамдық дамудың қыйсыны бұрынғыдан көрі басқаша үрдісте дамуына әкелді.

Білім берумен жастарды тәрбиелеу міндеттері оны түбегейлі жақсартудың қажеттілігін туғызды.

Күн сайын Республикамыз өмірді жаңартудың мәселелерін қарастыра отырып,қоғамымызды жетілдіруге,оны сауықтыруға шаралар қабылдауда.Қазіргі жағдайда тәрбиенің жалпы неізі қандайда бір нақты идиалогия емес,ол адамгершілік құндылықтары болуы керек.

Оқыту мен тәрбиені өзара біріктіріп жүргізілуі маңызды мәселе болып табылады.Оқытудың тәрбиелік мәні болуы қажет

Бірақ,тәрбие оқыту саласымен шектелмейтіндігін ұмытпауға тиіспіз.Негізгі міндет-мектептег,сабақтан тыс уақыттағы біздің ісімізді жалғастыратын жеке тұлға болып табылатын балаларды адамгершілікке,гуманистік жүйеге тоғыстыру.

Білім беру мен тәрбие жұмысының барлық аспектілерін адамдардың табиғатты қорғауға,адамзат қрпағын аман сақтап қалуға деген ұмтылысына сай қаралуы қажет.

XXI Ғасырда осынау жас мемлекетіміздің мәртебесінің үстем биік болуы келешек ел қожасы-жас ұрпақтың бейімділігіне қайраттылығына,іскерлігіне байланысты болуы керек.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат-саналы ұрпақ тәрбиелеу.Болашақ ұрпақ келешек қоғам иесі.Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген,ақыл парасаты мол,мәдени-ғылыми өресі ортақ азамат етіп тәрбиелеу-біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Қоғмның аз ғана бөлігін құрайтын жас жеткіншектерді ерекше жетілдіру мен жөн көрсету,олардың құқығы мен мұқтаждығын қорғаудың басты мақсаты болып табылады.

Келешек ұрпақты тәрбиелеудің ерекше белгісі неізгі топ түрінде қарастыруға болады.

1.Оқушылардың ерекшеліктерін дамыту.

Көп көлемде білім меңгеру және оларды ұмытпауға дағдыландыру.Жоғары деңгейде түсіну қабілетін дамыту.Әдеттен тыс түрлі тақырыптарда қызығушылық таныту,көп сауал қою.Дауыс ырғағы,сөздік қоры және сөйлеу шеберлігіндегі артықшылықты дамыту.

Кең және өзгеше ойлауын,аймақты талдау қабілетін дамыту.Түсініксіз әдеттен тыс өзгеше байланыстарды айқындау қабілетін,өзіндік пікірлер және шешімдер шығаруын қадағалау.Жалпылама қорытынды жасау,нәтижелерді аңғару және баламалар табу мәселесінде ерте және тез дамыту.

Тез жолығу,іститін бір істі іздеу,уақытты бос өткізбеуге дағдыландыру.

Комплекс түрлерін қалау,сөз таластырудан ләззат алуга тәрбиелеу.

Өзіне көңіл бөлуді қадағалау,мақтанғаннан масаттану,көп сөйлеуді болдырмау.

2.Оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгешеліктері.

Айналасындағыларға өте сезімталдықпен қарау,айтылатын ойды тез ұғыну.Өзінің ерекше екендігін өзі сезінумен бірге басқаларға да сезіндіруге тырысу.

Беймәлім құпия тақырыптарға үлкен қызығушылық таныту.Басқалардың не айтқанына көп көңіл бөлмеу.

Ықылас қойған бір тақырыпты әр жерде негізгі мәселе етіп қоюға үйрету.

3.Оқушылардың физикалық және одан тыс сезімдері тұрғысынан ерекшеліктер.

Сезім мүшелерінің қабылдауы ерекше болуы керек.Физикалық және интелектуалдық дамуда ерекше бір ілгерілеу шапшаңдығын дамыту.

Физикалық белсенділік көрсете алмайтын шараларға қатыспау,бәсекелі физиканы білмеуден қашқақтау.Көркем өнер саласының біріне ерекше қабілетті болу.Жан дүниесінің тереңділігін қалыптастыру.

Теориялық көркемдік құндылқтарға ерекше мән беруге үйрету.

4.Оқушылардың әлеуметтік тұрғыдан ерекшеліктері.

өз талап тілектерін орындау,адамершілік мәселесінде ерте даму.Басшылық топ құру,әріптестерді топтау және ұйымдастыру.Әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсіне білу қоғамның әділет,әсемдік,турашылдық сияқты жоғары талаптарымен шұғылдану.Жоғары маральдық қасиеттерге ие болу.Жоғары дәрежедегі әділдік сезімі.Өз-өзіне сенімділік,батылдық.Өзінен үлкендермен достықты қалау.Жоғарыда топтар түрінде қарастырылған ерекшелітердің барлығын әрбір оқушының бойынан байқауымыз керек.Оқушылар бұл төрт саланың бірінде өте жоғары нәтиже көрсете алулары мүмкін.Игерген жоғары дәрежедегі ерекшеліктерін ізгілікті бір ортада,мықты бір тағылыммен ұштастырып іске асыра алғандардың жылдар өте келе қоғамның алдында кемеңгер болып шығуы әбден мүмкін.

Қысқасы бала тәрбиесіне жауапты мамандар баланы алдымен танып,содан соң бағдар беруі, жаңашылдықты көзден таса етпей баланың әр бір қыймылын төзімділікпен бақылауы балаға,сын айтып қысым жасаудан көрі оның еркін әрекеттенуіне жағдай туғызып,жетістіктерін атап өтуі,бала өзі істей алатын әрекетке кіріспеуісауалдарына жауап беруі қажет.Балаға жетістікке жетудің жолдарын және пайдаларын ұғындыру үшін тиімді әдістерді қолдану керек.Зерттеуге,еңбек етуге дағдыланбаған бала еріншек,тартыншақ болары белгілі.Баланың еңбегін үнемі атап өтіп,оны жаңа жетістіктерге итермелеуге тиімді тәсілдерді қолданған дурыс.

Сол себептенде осы тәуелсіз мемлекеттің саяси әлеуметтік,эканомикалық және мәдени саласындағы жетістігінің болашағы тек қазіргі бізге қаысты емес,бүгінгі мектеп қабырғасындағы шәкірттерге,жастарға тікелей қатысты.Бұл нарықтық экономикалық жағдайға өзгерістер келешек қоғам иесіне қажеттілігі мен мүмкіндігіне қарай жан-жақты тәрбие,көп салалы мамандық беру бағытында жүзеге аспақ.

Міне,осындай қағйдалар іс жүзіне асса,болашақ азамат пен азаматшалардың қандай болу керек:

-адамдар арасындағы қатынас нормаларын меңгерген,оны кез-келген жағдайда пайдалана алатын:

-жаңалықты өздігінен қабылдап,бағалай білетін,дұрыс шешім табуға қабілетті:

-өз құқығын білетін,рухани құндылықтарды меңгерген,өз ойын еркін жеткізетін,шығармашылығы дамыған:

-Өз халқының ұлттық мәдени-тарихи байлығын жалпы адамзаттың мәдени мұрасымен ұштастыра алатын:

-әлеуметтік саяси өмірге белсене қатысатын және өзіндік ой талғамы бар,жауапкершілігі бар тұлға болмақ:

Ғұлама ғалым,ұстаз,ойшыл филосов Ахмет Байтұрсынов:

«Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін,әлсіздерге күш беретін-өнер,білім,сол өнер-білімге үйренсек,тұрмысымызды түзетіп,басқалардың аяқ астында жаншылмас едік,біз де өз алдымызға бір жұрт екенімізді білер едік»,-деп армндаған егемендікке жеттік.

Ата қанымен,ана сүтімен бойымызға сіңген қасиеттер: үлкенді сыйлау,құрметтеу,адамгершілік,ізгілік,ұяңдық,пәктік.

Осы ұғымдарға түскен көлеңкені жоюдың бірден-бір жолы-ұрпақ тәрбиесін,балалардың оқуын жүйелі түрде өз ұлтымыздың әдебиетімен,мәдениетімен байланыстыру,ұстаздардың міндеті дей отырып XXI ғасыр тәрбиесінебайланысты мына жыр шумағымды ұсынамын.


Ғасыр тәрбиесі

Қазіргі жастар ғасырмен қатар дамып келеді,

Өмірменен жарысып,жүйріктейін желеді.

Ғасыр қойған талаптарға сай болуды мақсат қып,

Санасында сан арман,ой өрісі өрелі.


Сатылы тәрбие-саналы азаматайғағысың,

Сапалы білім,тәрбиеменен байланысып.

Жасына қарай жаңару керек тәрбие,

Ауытқып кетіп,адамдық жолдан таймау үшін.


Ғасыр талабы ғажап әлемге шақырып,

Шаршатпау үшін тұңғиық ойға батрып.

Сеніммен қарап,серпілту керек баланы,

Ең үлкен қате,ұйғарым жасау асығып.


Дүбірлі топтай,алысқа тігіп жанарын,

Ақылды азамат келтірер өмір ажарын.

Дүние дүрмек уламау үшін санасын,

Рухани кемдік тартқызбау керек азабын.


Саналы ұрпақ-салт дәстүрдің жалғасы,

Анық қой оның сапасыз,сансыз болмасы.

Ғасырмен бірге үндесіп үздік тәрбие,

Өмірден орнын табатын тұлға сомдасын.



Қазақ ұлттық киімінің физикасы

Қазақтың сан түрлі салт-дәстүрінде,әдет-ғұрыпында қолданылған ақылды ши өнегесін тәлім-тәрбиелік бағдарламаға енгізуі кезек күттірмейтін өзекті мәселе.Табиғат пен келесі өмір сүру салтын ата-бабамыздан қалған ақыл ретінде физика сабағында қолданып оның ғылыммен берік ұштасуын көрсеткен жөн.Соның ішінде ұлттық киімнің ерекшеліктерін физика ғылымымен жанасуын және оны физиканы оқытуда қолдану әдістемесін қысқаша ысалдармен көрсетіп көрейік.

Қазақтың ұлттық киімінің физикасы қызықтыда әсерлі.Мұнда этникалық тарихпен экономикалық,әлеуметтік және табиғаттық жағдайлармен байланысқан көне ғұрыптар бинеленген.Мұндай материялды оқу үрдісіне қолданудың дидактикалық және тәрбиелік мәні өте зор:

Біріншіден,ел жұртының мұралық артықшылығын,оның ежелден ақылмен тұрмыс құруға бейімділігін көрсету арқылы оқушының тұлғасында ұлт жандылық,патриоттық сезім қалыптастыруды қамтиды;

Екіншіден,оқушылардың сөз қорын арттырып тіл дамытушылық қызметін арттырады;

Үшіншіден,педогогикалық үрдісті гуманизациялау әрекетін арттырады;

Төртіншіден,табиғат заңдылықтарын біліп олармен тұрмыс-тіршілікте санасу жолдарын ашу өазиргі экологиялық қауіптің төнген кезінде мәнді қажеттілік;

Бесіншіден,ізденісті-зерттеушілік іс-әрекетін қолданған сабақ сәті оқушының ізденіс,талдау жасау,логикалық ойлау,шығармашылық қабілеттерін дамытуға сеп болады;

Алтыншыдан,оқушылар поэтикалық және прозалық көркем шығармаларды оқығанда физикалық құбылыстарды,заңдарды тауып пәндік білімдерін пысықтайды.

Қазақ киімінің физикалық түсіндірмелерінің бірнеше мысалдарын 10-сыныпта «Жылу құбылыстары» тарауының соңғы қорытынды қайталау сабағында қолданудың бір мысалын ұсынамын.

Оқушыларды ұлттық киім физикасымен таныстыру ретінде мұғалім Абайдың «Ескілік киімі» атты өлеңінің үзіндісін оқып,не тақтаға (не ксеро көшірмесін таратып)үйге тапсырма ретінде ізденіс жұмысын бередісынып оқушыларын 7 топқа бөліп,әр бір топқа өлеңнің бір жолының зерттелуі тапсырылады.Зерттеуге қойылатын талаптар өлеңнің берілген жолында қандай физикалық ұғымдар,құбылыстар,заңдар тб орын тапқанын сонымен бірге,сөздердің,сөз тіркестердің,сөйлемдердің мән-мағанасын ашу.

«Қай топтың мәлімдемесі ең қызықты,нақтылы,толық болады,сол топ жеңеді»,-деп жауаптарды жариялауға сайыс түрін таңдауға болады.Өлең жолдарын топтар жеребе әдісімен таңдап алады.

«Ескілік киімі»

Ойланып ойға кеттім жүз жылғы өткен.

Тон қабаттап кигенім-шидем-шекпен:

Жейде-дамбал ақ саннан,жарғақ шалбар,

Жырым балақ матамен әдіптеткен.

Мықшима аяғымда былғары етік,

Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп.

Үлкен кісе белімде жез салдырған,

Шақпағым,дәндәкуім жарық-жұрқ етіп.

Оқушылар мұндай үй тапсырмасын қызығушылықпен,өз еркімен толық орындауға тырысады.Олар ата-аналарын,кітапханашыны талай мазалап сөздіктерді,анықтаушы,көркем сөз әдиебиеттерді әжептәуір қазбалайды.Таба алмағандарын танытуға мұғалім әлбетте дайын болуы міндетті.

Оқушылар ізденісімен мұғалімнің толықтырылуынан төмендегідей мәлімет қалыптасады.

Сөздікті анықтаушы материял:

Әдіп-киімнің етек-жеңіне,өңіріне,айналасына жиектеп салынған шүберек немесе басқа зат;

Былғары-өңделген тері;

Дәндәкуім-кісенің оқшантайымен қатар тұратын былғары қалта;

Оқшантай-оқ қалталары(патронташ);

Жарғақ-киімге жарарлық құлын мен ешкінің иленген терісі;

Жез құрамында 50%-ке дейін мырыш және басқа элементтер араласқан мыстың қорытпасы;

Жейде-дамбал-басты басты іш киімдер

Сан-матаның бір түрі;

Кісе-белбуге шытыра қадап бекіткен былғары қалта;

Мықима-бүгілген;

Шекпен-жүннен иіріп,өрмекпен тоқылған сыртқы киім;

Шақпақ-тас,оны жанап от шығарады;

Шидем-жүннен тоқылып істелген жылы сыртқы киім;

Енди көне мұраны көңілден,ойдан өткізіп физика ғылымымен сабақтасуын қарастырайық.

Ойланып ойға кеттім жүз жыл өткен,-санап шықсақ бұл 18 ғасырдың ортасында қазақтардың киген киімі.

Тон қабаттап кигеним-шидем шекпен,-«жылуөтімділігі»ұғымы тұрғысынан қабат-қабат киілген киімдердің арасында ауа болады,ол өте жақсы жылу изоляторы болып табылады,өйткеніауаның жылу өтімділігі,басқа заттарға қарағанда аз.Салыстырып көруге кейбір заттардың жылу өтімділігін келтірейік

Зат

Жылу өтімділігі(Вт/мк)

Қызыл кірпіш

Су

Қағаз

Киіз

Жүннен тоқылған мата

Жібек

Мақта

Қойдың жүні

ауа

0,67

0,599

0,14

0,062

0,052

0,043-0,058

0,042

0,038

0,025

Жейде-дамбал ақ саннан,жарғақ шалбар,-«Қатты денелердің механикалық қасиеттері»тақырыбы бойынша арнайы илеп жұмсартқан(«үйкеліс құбылысымен»жағымсыз жағдайда күресу)мал терісінен тігілген шалбар жарғақ шалбар(жарғақ шалбар)берік(«Заттың беріктік шегі»)және жел өткізбейтін жылы болады.

Жырым балақ матамен әдіптеткен,-балақтарды,жеңдердің беріктік шегін арттыруға шүберекпен арнайы әдіптейді.Беріктік шегі максималды мәніне жеткенде ғана мата жыртылады.

Мықшима аяғымда барлығы етік,-мықшима-етіктің аяққа ыңғайлылығын(заттың серпімділік қасиеті бұл жерде жүргенде артық күш жұмсамауға сеп)және беріктігін(механикалық қасиеттері)көздейтін пішін.

Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп,-киіз-сабалап біріктірген жүн,бірақ қандай сабаласа да оның талшықтарының арасында бірталай ауа болады.Ал ауаның жылу сақтау қасиеті жылу өтімділігінің шамасымен түсіндірілетінітуралы жоғарыда айтылады.Онымен қоймай киіз жеке талшықтардан тұрғандықтан оңай деформацияланып,адамның аяғының қалпына түседі,яғни аяққа түсер қысымды кемітеді.Сондықтан киіз байпақ әрі жылы,әрі жұмсақ аяқ киім.

Үлкен кісе белімде жез салдырған,-

Шақпағым дәндәкуім жарқ-жұрқ етіп.

Ол кездегі қазақтың ер азаматы аттың үстінде көп уақыт өткізетіндігіне байланысты белбеудің бел омыртқасына бекіткіш мәні мұқият ескеріледі және оның беріктігі,ені сол мәніне сәйкес болады.Жезді беріктік шегін арттыруға және әшекейлеуге салдырады.Бұл белбеуге түрлі қажеттікке жарататын қалталар ілінеді.Шақпақ тас-үйкеліс құбылысы арқылы дененің ішкі энергиясын арттырып от шығаруға қажет.Тастардан және металдардан сәндік заттар жасау үшін зергерлер олардың жылу жұмсау арқылы физикалық қасиеттеріне әсер етіп агрегаттық күйлерін өзгертеді,ығысу,илеу,бұрау деформациялауларына ұшыратады.Мұнда жездің балқу кристалдану меншікті температурасы,серпімділік модулі,аққыштығы,пропорционалдық пен серпімділік шектері,шағылтқыш қасиеттері еленеді.Жарқ-жұрқ ету-жарық сәулесінің шағылу заңына байланысты неғұрлым шағылу коэфициенті көп болса,соғұрлым көзге көбірек түсетіндігінің физикалық түсіндірмесі бар.

Осылайша ғұлама ақылшы Абай атамыздың сегіз жолды әнімен өткен ғасырға серуендеп қайтқандай әсер алып оқушылар төмендегідей қорытынды жасады:

Біздің бабаларымыздың әрі әдемі,әрі жылы әрі жүріс-тұрысқа қолайлы киінуге ақылы жеткен.Киімдерді тігуге аң,мал терісі,құстық,қой,түйенің жүні сияқты табиғи материалдардан қолданған яғни денсаулыққа ешқандай зиян келтіретін қоспалары(капрон,акрил,лавсан,т.с.с) жоқ.

Мұндай талғауға оқушылар ойдағыдай дайындалып келгенде,небары минут уақыт кетеді,ал пайдалылығы көзге көрініп көңілге тоқырдай.Сабақтың қалған уақыты,әдеттегідей,оқушылардың тараудың теориялық материалы бойынша білімдерін пысқтап есепке алуға жұмсалады.

Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктерін физика ғылымыментүсіндіруге болатындығын тағы бір мысалмен далелдеп кетейік.

Бірінші бала туғаннан кейін жас келіншек ерекше бас киім киіп жүреді,оның аты-жаулық(кимешек,сулама,күндік).

Он бірінші сыныпта «Инфрақызыл,ультракүлгін,рентген сәулелері»атты тақырыпты өткенде оқушыларды жаулықтың физикалық мағынасы мен мұғалімнің әңгімесінде,не өздеріне зерттеу тапсырма беру арқылы танысуға болады.

Қолдануға ұсынылатын мәлімет.

Жаулық екі бөліктен тұрады астыңғы,тікелей басқа киетін бөлігіе-кимешек,екіншісі,үстіңгі-шалма пішінде.Екі бөлігі ақ матадан тігіледі.Ақ матаның жарық сәулесін шағылту қабілеті өте жоғары,қара матадан 13 есе сары көгілдір түсті матадан-2,5есе артық.

Ежелден қазақ халқы көшпелі халық болғандықтан уақыттың көбін ашық аспан астында өткізеді.Ал күн сәулесінің ультракүлгін бөлігі атмосфераның жоғары қабатында нашар жұтылатындығына адам ағзасына елеулі әсер етеді.Мөлшері нормадан асса әсері денсаулыққа қауіпті.Ал ақ жаулық қазақ әйелдерінің басын,арқасын(омыртқа жұлын),кеудесін атмосферадағы түрлі сәулелердің,магнит,электр өрісінің жылу алмасуының т.с.с. зиянды әсерінен қорғайды.Қазақ халқы қашанда болса бас киімге көп көңіл бөлген,бесік жасты баладан бастап әр жас кезеңіне жынысына байланысты түрлі баскиім үлгісі материалы туралы осы жерде айтып кетуге болады.Ғылыми болжаулар бойынша бас киімнің басты пайдасы-метоетәуелділікті әлсіретеді.

физика сабағында ұлттық киімдердің ерекшеліктері туралы материалды қолданудың кейбір мысалдарын ұсынамыз.

Қазақ ұлттық киімдері

Физикалық түсіндірме

Түлкішек,қасқыр тон т.б сыртқы жүн киімдердің жүнімен ішке қаратып тігілуі

Адам денесінің жылуы жүн талшықтарының арасындағы ауаның жылу өтімділігінің төмен дәрежеде болуының арқасында сақталады.

Бас киімдер тақия,бөрік,сәукеле,тымақ т.с.с. шошақ болады және үнемі киіледі.

Адамның төбесімен бас киімнің арасында ауа жиналады.Ауа қабаты жылу изоляторының қызметін атқарады.Метоеқорғаныс.

Қыздардың өңіржиегі,алқасы.

Бұл қыздардың кеуделік әшекейлері күмістен,асыл тастардан жасалып күн сәулелерін(соның ішінде аса зиянды ультракүлгін,инфрақызыл сәулелерін)шағылту қызметін атқарады.

Елдердің жалпақ жиекті қалпағы.

Қалпақтың жиектері адам көзін,бетін күн сәулесінің тура түсуінен сақтайды.


Мұндай әдістемеліктің мақсаты-мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде халықтық педогогикалық асыл мұраларын кең қолдану.Ұлттық мектептердің қай-қайссысында болсада,ана тілімен қатар сол халықтың рухы,өніп-өсу тарихы,әдет-ғұрпы,тұрмыс-салты,елдің дәстүрлері жайында жүйелі түрде білім бермейтін болса,онда ол ұлттық мектеп бола алмайтыны шындық.

Ғасырлар бойы сақталып бизге дейін жеткен ата-бабаларымыздың ақылын ғылыми тұрғыдан талқылап,ұрпақтан-ұрпақтарымызға жеткізе білуұстаздық парыз.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?ысым.

Автор: Тлеу?абылова ?ымбат Би?ат?ызы

Дата: 13.04.2015

Номер свидетельства: 200846

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) ""Ал?ыс айту парызым" та?ырыбында?ы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(51) "alg-ys-aitu-paryzym-tak-yrybyndag-y-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "310085"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458923104"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) ""Алғыс айту күні" тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(32) "alg_ys_aitu_kuni_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "464649"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1522658932"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Атмосфералы? ?ысым та?ырыбыны? ?МЖ "
    ["seo_title"] => string(39) "atmosfieralyk-k-ysym-tak-yrybynyn-k-mzh"
    ["file_id"] => string(6) "237735"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444385961"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "?ыс?ар?ан с?здер."
    ["seo_title"] => string(16) "kyskargansozdier"
    ["file_id"] => string(6) "265623"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450002953"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "А. ??нанбай?лы "?ыс""
    ["seo_title"] => string(21) "a-k-u-nanbaiu-ly-k-ys"
    ["file_id"] => string(6) "295410"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455810216"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1580 руб.
2640 руб.
1390 руб.
2320 руб.
1340 руб.
2240 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства