Просмотр содержимого документа
«Физика және компьютер»
№1 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Физика және компьютер
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға Жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдаланудың тимділігін түсіндіру.
2. Дамытушылық мақсаты: ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін дамыту. 3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа баулу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс. Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу; 2. Оқушыларды түгендеу; 3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру; 4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері); 5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Жаңа материалды меңгерту: ХХ ғасыр аяғындағы адамдардың өмірін компьютерсіз елестету мүмкін емес. Компьютердің адам өмірінің барлық саласын қамтығаны соншалық, олардың көмегінсіз көптеген нәрсені есептеу, шешу кейде мүмкін емес сияқты. ЭЕМ–дер мен компьютерлердің адамзатқа берер көмегі сансыз: есептеу, шығару, ақпараттарды қабылдау, өңдеу, сақтау, жеткізу т. б. Оның үстіне бұлардың барлығының сондайлық тез жылдамдықпен іске асырылуы ЭЕМ құралдарының маңыздылығын одан сайын арттыра түседі. Компьютерлік техника осы ғасырда қатты дамыды. Мұндай даму барысы, сөз жоқ, барлық салалардың да оған ілесуін қажет етеді. Бұл процестен әрине, физиканы оқыту ісі де артта қалмауы тиіс екендігі белгілі.
Физиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесіндегі техникалық құралдарды қолдану қатарына компьютерді қолдану мәселесі енді. Оның үйлесімді жолдары болатыны сөзсіз.
Сабақты бекіту
Топтық жұмыс. Сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді.
1 топ. Exel
2 топ .Trubpascal
3 топ. Visual Basic
4 топ. Mathematica 8
Праграммаларымен жұмыс жасау мүмкіндіктерін айтады.
Сабақты қортындылау.
Бағдарлама құрылымы *А) Program, Var, Begin, End. B) Program, Var, End, Begin. C) Var, Program, Begin, Enter. D) Program, Begin, End, Read.
Компакт-дискілердің сиымдылығы: А) 720 Мбайт B) 720 Кбайт C) 800 Мбайт D) 750 Гбайт