kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бүкіләлемдік тартылыс күшін қайталау сабағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың ұраны: « Білмейтіндер үйренсін, ал білетіндер тағы да есіне түсірсін» дей келе біз бүгін тек қана бүкіләлемдік тартылыс күшін ғана емес біз білетін барлық күштерді де еске түсіреміз. Оқушылардың сабақ бойы қойылған сұрақтарға берген дұрыс жауаптары қызыл, жасыл, сары фишкалармен бағаланып отырады. Қызыл фишка – 5 -ті, Жасыл фишка – 4 - ті, Сары фишка – 3- ті білдіреді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бүкіләлемдік тартылыс күшін қайталау сабағы»



Сабақтың тақырыбы: Бүкіләлемдік тартылыс күшін қайталау сабағы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Бүкіләлемдік тартылыс күшін қайталау арқылы, формуласын, гравитациялық тұрақтының мәні өлшем бірлігін есепке қолдана білуді меңгерту. Есеп шығару арқылы білім білік дағдыларын жетілдіру.

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау. Формулаларды математикалық түрлендіре білуге үйрету, формула жаттату арқылы ойлау қабілетін дамыту. Бүкіл әлемдік тартылыс заңының табиғаттағы маңыздылығы туралы ұғымдарын дамыту.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу. Табиғаттағы қоршаған орта мен болып жатқан құбылыстарға көңіл бөлуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас, демонстрациялық , өткен тақырыпты жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, есеп шығару, тәжірибе жасау

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, компьютер, интерактивті тақта, проектор, оқулықтар, есептер жинағы, электронды оқулық 9 сынып, ғаламшарлар моделі.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын қайталау.

Ойын түрінде төмендегідей ретпен орындалады:



1 – бөлім «Кім көп біледі?»

2 – бөлім «Сен білесің бе?»

3 – бөлім «Тәжірибе»

4 –бөлім «Кім жылдам?»

5 – бөлім «Біліміңді сынап көр»



Сабақтың ұраны: « Білмейтіндер үйренсін, ал білетіндер тағы да есіне түсірсін» дей келе біз бүгін тек қана бүкіләлемдік тартылыс күшін ғана емес біз білетін барлық күштерді де еске түсіреміз. Оқушылардың сабақ бойы қойылған сұрақтарға берген дұрыс жауаптары қызыл, жасыл, сары фишкалармен бағаланып отырады. Қызыл фишка – 5 -ті, Жасыл фишка – 4 - ті, Сары фишка – 3- ті білдіреді.



1 – бөлім «Кім көп біледі?» Қойылған сұрақтарға жауапты тақтаға жазу керек.

1 – бөлімге байланысты мынандай сұрақтар қойылады:

  1. Бүкіләлемдік тартылыс күшінің теңдеуін көрсет F = G

  2. центрге тартқыш үдеудің теңдеуін көрсет ɑц.т =



  1. Түзусызықты теңүдемелі қозғалыс теңдеуін көрсет υ=υ0 +ɑt

  2. Түзусызықты теңүдемелі қозғалыс кезіндегі жолдың теңдеуін көрсет S= υ0t +

  3. Сызықтық жылдамдық пен бұрыштық жылдамдықтың

арасындағы байланысты көрсететін теңдеуді көрсет υ= ωR



  1. Түзусызықты теңбаяуланған қозғалыс теңдеуін көрсет υ=υ0 - ɑt

  2. Түзусызықты баяуланған қозғалыс кезіндегі жолдың теңдеуін көрсет S= υ0t -

  3. Еркін түсу үдеуінің шамасын қалай есептеп шығарды g= G



2 – бөлім «Сен білесің бе?»



«Тарихқа үңілейік» Бүгінгі қайталап отырған тақырыпқа байланысты бүкіләлемдік тартылыс күшін кім тапты?

  1. Исаак Ньютон қай жылы туылған?

  2. Қай жерде оқыды?

  3. Неше жасында профессор атағын алды?

  4. Қандай заң ашты? – деген сұрақтарға жауаптар алынып қысқаша Ньютон өміріне шолу жасалады.

Оқушылардан осы уақытқа дейінгі өткен қандай күштерді білсіңдер деп әр түрлі күштердің ережелерін де еске түсіреміз.



3 – бөлім «Тәжірибе» яғни тәжірибелік зерттеу жүргізу.

Әр қатардан бір оқушыдан шығып зерттеу жұмыстарының аттары жазылған карточкалардың біреуін таңдап алады. Үстелде тұрған әр түрлі заттардан өзіне қажеттісін алып күштің бір түрін көрсететін тәжірибе жасауы керек. Карточкаларда:

  1. Архимед күшін көрсет, дәлелде, анықтамасын айт.

  2. Ауырлық күші, кедергі күшін дәлелде, анықтамасын айт.

  3. Серпімділік күшін көрсет дәлелде, анықтамасын айт.

Осы тәжірибеге қажетті: серіппелер, жүктер жиынтығы, диномометрлер, су, мензурка, жіп, стакан, штатив, сызғыш, архимед шелегі берілген.

Тәжірибелік жұмысқа шыққан оқушылар ойланып, құрастырып болғанша біз Иван Анреевич Крыловтың «Аққу, шортан һәм шаян» мысалын тыңдап талдау жасап көрейік:



Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн,

Жегіліп тартты үшеуі дүркін – дүркін

Тартады аққу көкке, шаян кейін

Жұлқиды суға қарай шортан шіркін

Бұлардың машақаты аз болмады,

Жұмысы орнына кеп мәз болмады

Тартса да бар күштерін аямай – ақ

Асылы жүк орнынан қозғалмады

Оншама ол жүк артық ауыр емес

Құр сырттан пәлен деу де тәуір емес

Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр

Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс

Жігіттер мұнан ғибрат таппай болмас

Әуелі бірлік керек болсақ жолдас

Біріңнің айтқаныңа бірің көңбей

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас – деген жолдарын механикалық тұрғыдан қарастырсақ Крыловтың бұл мысалы қандай шаманы түсіндіріп тұр? Жауабы: күштердің бағыттарына байланысты тең әрекет күшін ескеруіміз керек, яғни аққу көкке, ал шаян мен шортанның күштері белгілі бір бұрышпен бағытталған екен.



4 –бөлім «Кім жылдам?» Оқушылар берілген деңгейлік есептерді тақтаға орындайды.



Деңгейлік тапсырмалар.



І деңгей.

1. Әрқайсысының массасы 80 т екі вагон бір-бірінен 1 м қашықтықта тұрғанда қандай күшпен тартылады?

2. Массасы 4т-ға тең ғарышкеме массасы 20 т орбиталық ғарыш станциясына 100 м қашықтыққа дейін жақындап келді. Өзара тартылыс күшін анықтаңдар.



ІІ деңгей.

  1. Әрқайсысының массасы 1000 кг. Тартылу күші 6,67*10-9 Н болатын екі дененің арақашықтығы қандай?

  2. Ғарышкеме Жер бетінен Жер радиусына тең қашықтыққа алыстағанда, оның Жерге тартылу күші неше есе кемиді? Жердің бес радиусына алыстағанда ше?



ІІІ деңгей

  1. Бүкіләлемдік тартылыс заңын тексеру қондырғысында массасы 5 кг және 10 г қорғасын шарларының 0,7 см аралықтағы бір – біріне тартылу күші 9,8 нН болды. Тәжірибе нәтижесі бойынша тартылыс тұрақтысы нешеге тең болады?



5 – бөлім «Біліміңді сынап көр»



Оқушылардың үш тілді де меңгеру деңгейін, шапшандығын тексеру.



Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін (ток, ток, energy)





Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, ruler)



Суға салсаң батпайы,

Отқа салсаң жанбайды (мұз, лед, ice)



Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)



Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа, воздух, air)



Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді. (күн, солнце, sonne)





VІІ. Оқушы білімін бағалау

Сабақ соңында оқушылар өздері жинаған фишкаларын көтеріп соған байланысты бағаланады.



VІІІ. Үйге тапсырма:

Тарау бойынша тестке дайындық, төмендегі формулаларды пайдалануға арналған есептер құрастыру:






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бүкіләлемдік тартылыс күшін қайталау сабағы

Автор: Балдосова Гүлбайра Құлтөреқызы

Дата: 14.01.2017

Номер свидетельства: 379323

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "«Динамика негіздері» тарауын ?айталау саба?ы "
    ["seo_title"] => string(47) "dinamika-nieghizdieri-tarauyn-k-aitalau-sabag-y"
    ["file_id"] => string(6) "184347"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426045318"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Б?кіл?лемдік тартылыс за?ы."
    ["seo_title"] => string(30) "bukil-liemdik-tartylys-zan-y-1"
    ["file_id"] => string(6) "277064"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452840140"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Б?кіл ?лемдік тартылыс за?ы. "
    ["seo_title"] => string(28) "bukil-liemdik-tartylys-zan-y"
    ["file_id"] => string(6) "153918"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1421080468"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Б?кіл ?лемдік тартылыс за?ы  10 сынып "
    ["seo_title"] => string(37) "bukil-liemdik-tartylys-zan-y-10-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "153925"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1421080718"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "Физика  п?нінен  саба? жоспары     " Б?кіл?лемдік тартылыс за?ы" 10сынып."
    ["seo_title"] => string(67) "fizika-p-ninien-sabak-zhospary-bukil-liemdik-tartylys-zan-y-10synyp"
    ["file_id"] => string(6) "306618"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1458152387"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства