kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыс. Жылдамдық.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар ұғымдарын айналадағы мысалдар арқылы түсіндіре отырып, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын білуге үйрету

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыс. Жылдамдық.»

Күні: Сынып:

Сабақтың тақырыбы: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері

Сабақтың мақсаты: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар ұғымдарын айналадағы мысалдар арқылы түсіндіре отырып, олардың айырмашылықтары мен ұқсақтықтарын білуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:

а) Білімділік: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарға,  жылдамдық және    оның бірліктері  туралы түсінік  беру.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып,қозғалыс     туралы білімдерді жетілдіру.

б) Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке, іскерлікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар:  интерактивті тақта, кітап.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезең:   

 а) Сәлемдесу.

ә) Оқушыларды түгендеу.  

II.Үй тапсырмасын тексеру  

  1. Материалдық нүкте деген не? (Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.)

  2. Қозғалыс траекториясы деген не? (Дененің немесе материалдық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі)

  3. Дене қозғалысының түзусызықты немесе қисықсызықты екенін қалай ажыратамыз?

( Траекторияның түріне қарап ажыратады. Мысалы, шеңбер бойымен парабола бойымен т.с.с)

  1.  Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай? Жауабы:  қисық сызықты қозғалыс (шеңбер бойымен). 

  2. Жүрілген жол дегеніміз не ? (Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады. Оны S әрпімен белгілеу  белгілейді)

  3.   Орын ауыстыру деп нені атайды?(Дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын осы бағытталған кесіндіні айтады.Орын ауыстыру векторлық шама болғандықтан,  оны нұсқама  қойып, S әрпімен белгілейді)



ІІІ.  Жаңа сабақ.

Біз көріп жүрген денелердің,  көлік түрлерінің қозғалуы, жол жүруі әр түрлі болуы мүмкін. Бір денелер, мысалы атарба, бірқалыпты қозғалып отыруы мүмкін.Ал автомобиль  қаланың ішінде ақырын жүріп келе жатып, одан шыққан соң бірте-бірте тезірек жүріп  кетуі, яғни автомобиль бірқалыпты қозғалмауы мүмкін. Олай болса, қозғалыс екі түрлі болады. 

Бірқалыпты қозғалыс

  • Дене кез келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы бірдей жол жүрсе,ондай қозғалыс   бірқалыпты қозғалыс   деп аталады.

Мысалы, тегіс жердегі арықпен ағып жатқан су қозғалысы бірқалыпты қозғалыстың мысалы бола алады.Сағат тілінің айналуы, жаңбыр тамшысының да қозғалысы  бірқалыпты қозғалыс.

Пойыз ұзақ жолға шыққанда да бірқалыпты қозғалуы мүмкін. Ал ол қалаға жақындағанда қозғалысын бәсеңдетуі тиіс.Сөйтіп, пойыз бүкіл жолының бойында біраз бірқалыпты қозғалып келіп, аяғында қозғалысын баяулатып,бірқалыпсыз қозғалысқа  түсуі мүмкін.

Қысқасы, қозғалған дене не бірқалыпты қозғалуы мүмкін,немесе әрі бірқалыпты ,әрі бірқалыпсыз қозғалуы да мүмкін.Сонымен бірқалыпты қозғалыс механикалық қозғалыстардың ішіндегі ең қарапайым түрі.

Бірқалыпты емес  қозғалыс

  • Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды. 

Біз күнделікті тұрмысымызда, негізінен, бірқалыпты емес қозғалысты көбірек кездестіреміз.Күнделікті көлік түрлерін пайдаланғанда да біз қозғалыстың осы түрімен жиі  кездесеміз.Шынында да, біз пайдаланатын автобустың, жеңіл машинаның  қайсысының болмасын қозғалысы бірқалыпты емес.Олар әрбір аялдамаға тоқтап, қайтадан қозғалып, қозғалысын біраз шапшаңдатып барып,тағы да қозғалысын бәсеңдетеді.Көріп тұрғанымыздай олар , бір аялдамадан олар екінші аялдамаға дейінгі жолының өзінде де  бірқалыпты емес қозғалыспен жылжиды.Бұл көлік түрлері өзінің бүкіл жолының  бойында бірқалыпты емес қозғалыста болады.

Мысалы , жазық  бетте  домалаған  шардың   бірте - бірте  тоқтауы  да  бірқалыпты емес қозғалыс болады. 

Яғни, қатаң түрде бірқалыпты қозғалысты сақтап жылжу қиын екен.

Сонымен бірқалыпты емес қозғалыстағы дене  өзінің бүкіл жолында әр түрлі жылдамдыпен қозғалады. Яғни, қатаң түрде бірқалыпты қозғалысты сақтап жылжу қиын.

Қозғалыстағы алуан түрлі денелердің бірдей уақыт ішіндегі орын ауыстырулары әртүрлі болуы  мүмкін.  Ал бірдей  орын  ауыстыру  үшін   олар  

әртүрлі уақыт жұмсайды. Мысалы,жаяу адам 1 сағат ішінде 6 км жол жүретін болса,  атты  кісі 1 сағат  ішінде  18 км, жүк машинасы 60 км, ал жеңіл машина 100 км жол жүреді.  Мысалда келтірілген денелер 1 сағат ішінде,  әртүрлі жол жүреді.    Оның себебі неде? Себебі, олардың қозғалу жылдамдықтары өзара бірдей емес.

Келтірілген мысалдағы денелердің қозғалысындағы айырмашылық - олардың жылдамдықтарында. Қай дене уақыт бірлігі ішінде артығырақ орын ауыстырса,сол дененің жылдамдығы үлкен болады.

Жылдамдық -  физикалық шама.

Бірқалыпты қозғалатын  дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралығына бөлу керек:

Енді жылдамдықты       - әрпімен, орын ауыстыруды S - әрпімен, уақытты  t - әрпімен белгілесек. Жоғарыдағы тұжырымымыз  былай жазылады:  

S - орын ауыстыру,    t - уақыт.

ІV. Сабақты пысықтау.    

         в)  750 км/сағ   жылдамдықпаен қозғалатын   ұшақ   6 сағ  ішінде қандай аралықты ұшып өтеді?

 Берілгені:

      = 750км/сағ               

    t  = 6 сағ                                              S =750км/сағ *6 сағ =4500 км     

  т/к :  S=?   Жауабы: S=4500 км

V. Сабақты қорытындылау

1.Бірқалыпты  қозғалыс деген не?  Мысал келтір.

2.Бірқалыпты  емес қозғалыс дегеніміз не?  

3.Қозғалыс жылдамдығы  дегеніміз не ?

4 .Жылдамдықтың  қандай өлшеу бірліктерін білеміз ?

5. Жылдамдықты қандай әріппен белгілейміз ?

6. Барлық  денелердің жылдамдықтары  бірдей ме ?

7. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейміз?

 VІ.Үйге тапсырма беру §17 Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. §18. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыс. Жылдамдық.

Автор: Сағынбекова Лаура Нұрланқызы

Дата: 04.12.2016

Номер свидетельства: 365489

Похожие файлы

object(ArrayObject)#866 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(136) "Бір?алыпты ж?не бір?алыпты емес ?оз?алыстар. Жылдамды?. Жылдамды? бірліктері"
    ["seo_title"] => string(73) "birkalyptyzhniebirkalyptyiemieskozgalystarzhyldamdykzhyldamdykbirliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "280773"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453411411"
  }
}
object(ArrayObject)#888 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "Бір ?алыпты ж?іне бір?алыпты емес ?оз?алыстар.Жылдамды?.Жылдамды? бірліктері "
    ["seo_title"] => string(87) "bir-k-alypty-zh-inie-birk-alypty-iemies-k-ozg-alystar-zhyldamdyk-zhyldamdyk-birliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "173839"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424033161"
  }
}
object(ArrayObject)#866 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(168) "Бір ?алыпты  ж?не бір?алыпты емес ?оз?алыстар. Жылдамды?.Жылдамды? бірліктері.Есептерді шы?ару"
    ["seo_title"] => string(108) "bir-k-alypty-zh-nie-birk-alypty-iemies-k-ozg-alystar-zhyldamdyk-zhyldamdyk-birliktieri-iesieptierdi-shyg-aru"
    ["file_id"] => string(6) "320309"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1461059377"
  }
}
object(ArrayObject)#888 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(219) "Разработка по физике на тему «§18,19. Жылдамды?. Жылдамды? бірліктері. Бір?алыпты емес ?оз?алыс кезіндегі орташа жылдамды?» "
    ["seo_title"] => string(134) "razrabotka-po-fizikie-na-tiemu-ss18-19-zhyldamdyk-zhyldamdyk-birliktieri-birk-alypty-iemies-k-ozg-alys-kiezindieghi-ortasha-zhyldamdyk"
    ["file_id"] => string(6) "180792"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1425233964"
  }
}
object(ArrayObject)#866 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Открытый урок на тему:"Физика ?леміне саяхат""
    ["seo_title"] => string(41) "otkrytyiuroknatiemufizikalieminiesaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "284711"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454007826"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства