Сабақтың тақырыбы | Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі |
Сабақтың танымдық мақсаты | Оқушыларға қозғалыс теңдеуін түсіндіріп, дененің бастапқы орнына, жылдамдыққа байланысты, кез - келген уақыт мезетіндегі дененің соңғы орнын анықтап үйрету, графигін тұрғызу. |
Сілтеме | http://kk.wikipedia.org/ |
Дереккөздер мен жабдықтар | Р. Башарұлы, У. Тоқбергенова, Д. Қазақбаева. "Физика және астрономия" 7 - сынып оқулығы Алматы «Атамұра» 2012ж Л. Фаизова, Д. Жұматаева, К. Нұрымжанова, В. Дронова. "Физика және астрономия" 7 - сынып оқулығы Алматы «Атамұра» 2012ж В. И. Кем, Б. А. Кронгарт «Физика және астрономия» есептер мен жаттығулар жинағы Алматы «Атамұра» 2007ж Графиктер, слайдтар, интерактивті тақта мүмкіндіктері, сызғыш, жіп |
Күтілетін нәтиже | Оқушылар қозғалыс теңдеуін түсінеді; Дененің бастапқы орнына, жылдамдығына байланысты кез-келген уақыт мезетінде дененің соңғы орнын анықтай алады; Бірқалыпты түзусызықты қозғалатын дене қозғалысының графигін тұрғыза алады. |
Кезеңдері/Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Тапсырмалар | Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау |
Мотивациялық кезең 10 мин | Сабаққа ену «Қас қағым сәт» ұйымдастыру; Эксперименттік тапсырма. | Мұғалім сұрағына жауап береді; Берілген құралдар арқылы эксперименттік тапсырманы топта орындайды. | Слайд №3 Суретте дененің қозғалыс траекториясы бейнеленген, берілген құралдар арқылы оның жүрген жолы мен орын ауыстыруын анықтаңдар. Слайд №4 | Өзін - өзі бағалау Басбармақ әдісі |
Операциялық кезең 15 мин | Мұғалім түсіндірмесі: Көрнекілік үшін қозғалысты график көмегімен сипаттауға болады. Бірқалыпты түзусызықты қозғалысты график түрінде қарастырайық. Бастапқы t0=0 мезетінде дененің кординатасы х0, ал кез келген t уақыт мезетіндегі кординатасы х болсын. Сонда орын ауыстыру қалай өрнектеледі? Мұғалім түсіндірмесі: Ал бірқалыпты қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру S=υ·t екені белгілі. Мұндағы жылдамдық тұрақты шама болғандықтан, бірқалыпты қозғалатын дененің орын ауыстыруы қозғалыс уақытына тура пропорционал . осы өрнекті салыстыра отырып, былай жазуға болады: х- х0=υ·t. Өрнекті х0-ді теңдіктің оң жағына шығарып, былай өрнектей аламыз: х= х0+ υ·t Бұл өрнек қалай аталады деп ойлайсыздар? Осы теңдеуді қолдана отырып, дененің кез - келген уақыт мезетіндегі координатасын табуға болады. Мысалдар келтіру. Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп, мысалдар беру, оқушылар тобымен талқылау. | Мұғалім түсіндірмесін тыңдайды; Сұраққа жауап береді;(S= х- х0) Мұғалім түсіндірмесін тыңдай отырып, қажетті формулаларды дәптерлеріне жазып отырады: Сұраққа жауап береді; (бірқалыпты түзусызықты қозғалатын дененің немесе материялық нүктенің қозғалыс теңдеуі) Топқа берілген тапсырманы мұғалімнің көмегімен талқылау | Слайд №5 Мысалдар: Слайд №6 І топ Бастапқы орны 10 м, 20 м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғалатын материялық нүктенің қозғалыс графигін құрыңдар. ІІ топ 2 м/с жылдамдықпен бірқалыпты және түзусызықты қозғалатын дененің қозғалыс графигін екі нүкте арқылы салыңдар. Оның бастапқы координатасы х0=-3м болсын. ІІІ топ Бастапқы координатасы х0=20м болатын, -5 м/с жылдамдықпен бірқалыпты және түзусызықты қозғалатын дене қозғалысының графигін сызыңдар. | Жаңа сабақты бағдаршам арқылы бағалау Жасыл - түсінікті Сары - сұрағым бар Қызыл - еш нәрсе түсінген жоқпын |
Рефлексиялық кезең 15 мин | Сергіту сәтін ұйымдастыру. Ойлан, тап! Ұйқасын тап! Жұмыс дәптерінен тапсырма орындау; Оқушыларға өзіндік жұмыс беру. Оқулықпен жұмыс. | Оқушылар слайдтағы сұрақтарға тез жауап беруі қажет; Формулада жетіспейтін физикалық шамаларды табу; Жұмыс дәптерінде берілген тақырыпқа сәйкес тапсырмаларды орындау: Дәптерлеріне өзіндік жұмыс орындайды. Кім жылдам? Жаттығу жұмысын орындау. | Слайд №7, №8, №9 Слайд №10 Жұмыс дәптері (46-47 бет) Тапсырмалар. Слайд №11 7-жаттығу (2) Слайд №12 | Өзін - өзі бағалау |
Үй тапсырмасы 5 мин | 7-жаттығу (1(ә), 3) Сұрақтарға өз сөздеріңізбен жауап жазыңдар: Жылдам келе жатқан көліктің алдынан кесе-көлденең өту қауіпті болатыны неліктен? Биіктен секіріп түскенде адам неге тізесін бүгеді? |