Просмотр содержимого документа
«Бір?алыпты т?зусызы?ты ?оз?алыс графигі»
Күні: 25.11.2015
Сыныбы:7
Сабақтың тақырыбы: Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалана отырып, бірқалыпты түзусызықты қозғалыс туралы түсініктерін кеңейте отырып, қозғалыс графигі жөнінде деректерді беріп, практикалық түрде қолдана алу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушыларға тапсырмалар бере отырып ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Үй тапсырмасын тексеру. (оқушыларды топқа бөліп, сәйкестендіру тесті беріледі)
Сұрақ
Жауап
Жылдамдық, бірлігі
Дененң бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді
Бірқалыпты қозғалыс
Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі
Орын ауыстыру
Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүреді
Бірқалыпты емес қозғалыс
v=s/t, 1 м/с
Қозғалыс траекториясы
Дене тең уақыт аралығында әртүрлі жол жүреді
Білімді тексеру.
Балама жауаптары бар тесті
1.Жылдамдықтың өлшем бірлігі м/с па?
Ия жоқ
2.Орташа жылдамдықты s әріпімен белгілейміз ба?
Ия жоқ
3.Жылдамдықты өлшейтін құрал спидометр деп атала ма ?
Ия жоқ
4.Жылдамдық векторлық шама ма?
Ия жоқ
5.1 сағ. 60 сек бар ма?
Ия жоқ
Жаңа сабаққа мақсат қою
Қозғалыс графигінің теңдеуі
Бірқалыпты түсусызықты қозғалыс графигі
Жаңа материал.
Сұрақтар қою арқылы ой қозғау.
Жетелеуші сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын ашу:
Қандай қозғалысты байқап тұрмыз?
Мына екі суреттің арасында қандай байланыс бар?
Енді осылардың графиктерімен жұмыс жасап көрейік.
Мысал арқылы график салуды түсіндіру:
1.20м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғалатын материялық нүкте қозғалысының графигін сал. Уақыттың бастапқы мезетінде нүкте координаталар басынан оңға қарай 10 м қашықтықта болсын, яғни бастапқы координата х0=10м.
Қозғалыс теңдеуі х= х0+υt бойынша 0с, 2с, 4с, 6с уақыт берілген.
Жаңа материалдан алған білімдерін тексеру (оқушыларға тапсырма таратылады, топпен графикті сызып түсіндіреді)