ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. Үй есебін тексеру(дәптерлерінен). ІІІ. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін тиянақтау. «Миға шабуыл» стратегиясы.Интерактивті тақтадағы суреттер бойынша сыни әңгіме құрастыру. 1. Радио және телехабарларда, радиобайланыста қолданылатын электромагниттік толқындар. 2. Жоғары жиілікті тербелістердің амплитудасын дыбыстық жиілікпен өзгерту. 3. Төменгі жиілікті сигналды қалпына келтіру процесі. 4. Радиотолқындар арқылы объектіні тауып, оның тұрған орнын дәл анықтау. 5. Қазақстанда радиорелелі желінің іске қосуы. 6. Қазақстанда теледидарлық хабардың таратылуы. 7. Сурет сұрақ.(сурет бойынша) 8. Арнайы сұрақ. VІ. Жаңа материалды меңгерту: «Жигсо» әдісі бойынша Топтық тапсырма. Оқушылар постер арқылы қорғайды. 1-топ. ЭМ-тік толқындар шкаласы. 2-топ. ЭМ-тік толқындардың зиянды әсерлері және қорғану. Электромагниттік толқындар шкаласы. Жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың биологиялық әсері және олардан қорғану туралы мәлімет беру. Электромагниттік толқындар шкаласы (v 21 Гц) төменгі жиілікті толқындар мен радиотолқындардан бастап, гамма сәулелерге дейінгі (v 21 Гц) аралықты қамтиды.Жиілігі мен толқын ұзындықтары әр түрлі электромагниттік толқындарды шартты түрде шығарып алу және тіркеу тәсілі, затпен өзара әсерлесу сипаты бойынша диапазондарға бөледі. Төменгі жиілікті толқындар шығару, радиотолқындар, инфрақызыл сәулелер, көрінетін жарық, улътракүлгін сәулелер, рентгендік сәулелер жәпе - гамма шығару деп диапазондарға бөлу қабылданған: Төменгі жиілікті толқындар.Бұл толқындарды арнайы жасалған генераторлар мен айнымалы токтың генераторлары шығарады. Электрлік приборлар мен электрлік қозғалтқыштардың басым көпшілігі жиілігі 50—60 Гц айнымалы токпен қоректенеді. Радиотолқындар.Радиосәулелерді шығаратын генераторлармен таныссыңдар. Олардың толқын ұзындықтары 10−6м-ден 5 ·104 м-ге дейінгі аймақты қамтиды. Инфрақызыл сәулелер шығару.Толқын ұзындығы 2 мм-ден 760 нм-ге дейінгі, жылулық және электрлік әсерлерден молекулалар мен атомдардың тербелісі кезінде инфрақызыл сәулелер шығады. Оны 1800 ж. Гершель ашқан еді.Инфрақызыл толқындарды кейде жылулық сәуле деп те атайды. Адамның көзіне әсер етіп, көру сезімін туғызатын электромагниттік толқынның бөлігін көрінетін жарық дейді. Ол ұзындығы 380 нм (күлгін түс) мен 760 нм (қызыл түс) толқын аралықтарында болады және электромагниттік толқындардың диапазонында өте шамалы бөлікті құрайды. Ультракүлгін сәулелер шығару.Толқын ұзындығы 400 нм-ден 10 нм-ге дейін болатын ультракүлгін сәулелерді шапшаң электрондардың әсерінен туындайтын солғын разряд арқылы алады. Ультракүлгін сәулелерді 1801 жылы И . Риттер мен У . Волластон алғаш рет шығарып алған. Ультракүлгін сәулелер де инфрақызыл сәулелер сияқты көрінбейді. Рентген сәулелері.1895 жылы В . Рентген толқын ұзындығы 10 нм-ден 10−3нм болатын, ультракүлгін толқындар ұзындығынан қысқа сәуле шығарудың түрін ашты. Рентген сәулелері шапшаң электрондар мен зарядталған бөлшектер кенет тежелгенде пайда болады. Қолданылу аймағы өте кең рентген сәулелерінің көзі рентген түтіктері болып табылады. Рентген бұл сәулелердің қасиеттерін зерттеу арқылы олардың жұтылуы түрліше екенін анықтады. Көбірек жұтылатын сәулелерді жұмсақ, нашар жұтылатын сәулелерді қатқыл рентген сәулелері деп атаған. Гамма-сәуле шығару.Электромагниттік сәуле шығарудың ішіндегі толқын ұзындығы ең қысқасы — гамма-сәулелер. Олардың толқын ұзындығы 10−10м мен 3*10−13 м аралығында болады. Гамма-сәулелер қозған атом ядроларында және радиоактивті ыдырау құбылысы кезінде шығарылады. Оның көзі Жер бетінде де, ғарышта да кездеседі. Ғарыштан келетін электромагниттік сәуле шығарудың кейбір бөлігі ғана Жер атмосферасында жұтылмай өтеді. Ал гамма-сәуле шығарудың барлығы дерлік Жер атмосферасының озон қабатында жұтылады. Жер бетіндегі тіршіліктің өмір сүруі тікелей осы озон қабатының сақталуына байланысты. Электромагниттік сәуле шығарудың жеке түрлерінің арасындағы сапалық айырмашылық толқын ұзындықтары қысқарған сайын байқала бастайды. Қысқа толқынды электромагниттік сәулелерде корпускулалық қасиеттер басым болады. VІ. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру. Жалғасын тап. 1. Табиғи электромагниттік өрістерге........................................................................жатады. 2. Жасанды электромагниттік өріс көздеріне............................................................жатады. 3. Электромагниттік толқындар судың мөлшері көбірек болатын ............................... күштірек әсер етеді. 4.Төменгі жиілікті толқындарды арнайы жасалған …………………………………… шығарады. 5. Көбірек жұтылатын сәулелерді жұмсақ, нашар жұтылатын сәулелерді ...........................деп атаған. 6.Инфрақызыл сәулелер толқын ұзындығы …………………………… дейінгі аймақты қамтиды. 7.1800 ж. Гершель ................................. сәулелерді ашқан еді. 8.Адамның көзіне әсер етіп, көру сезімін туғызатын электромагниттік толқынның бөлігін ......................... дейді. 9. ...................................... шапшаң электрондар мен зарядталған бөлшектер кенет тежелгенде пайда болады. 10. Толқын ұзындығы ………………………… қозған атом ядроларында және радиоактивті ыдырау құбылысы кезінде ……………………… шығарылады. VІІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу. Интербелсенді әдісі бойынша. 1-топ: ЭМ-тік толқынның пайдасы 2-топ: ЭМ-тік толқынның зияны ҮІ. Кері байланыс. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін (смайликтер арқылы бағалайды) VIІI.Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §3.10,§3.11. «ЭМ-тік толқынның пайдасы мен зияны» реферат жазып келу. |