Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Электр тогы. Ток көздері."»
Сыныбы: 8 А, Ә, Б
Сабақтың тақырыбы: Электр тогы. Ток көздері.
Сабақтың мақсаты: Электр тогы ұғымы беру, өткізгіштерде электр тогының пайда болу
шарттарымен таныстыру, оқушыларға тақырып мазмұнын түсіндіре отырып,
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік.: Оқушыларға электр тогы ұғымының анықтамасы, токтың пайда болу шарттары, токтың әсерлері туралы түсініктер беріп, оны практикада қолдана білуге баулу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсене қатысуына, білімдерін көрсете алуына, топпен ұйымдасып жұмыс жасауға, өзін-өзі басқаруға жағдай жасау, оқушылардың танымдылық қабілеттерін, логикалық ойлау, шығармашылық және іскерлік қабілетін дамыту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ- жауап, топтастыру, салыстыру, ақпараттық технологияны пайдалану, ЖИГСО және т.б.
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: постер, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа құралдар, компьютер, проектор, желім, қайшы және т.б.
Күтілетін нәтиже: Электр тогы ұғымы, ток көздері, токтың әсерлері туралы жана түсініктер қалыптасады, өмірмен байланыстыра отырып мысалдар келтіріп дәлелдей алады.
Сабақтың жоспары.
Кезең
Сабақ бөлімдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Қолданған әдіс-тәсілдер
Білім
4 мин
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Сыныпты топтарға бөлу (мозаикалық әдіспен)
Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Топтағы қызметтерін белгілейді.
Мозаикалық әдіс
Түсіну
10 мин
Сабақтың мақсатын талдау.
Сұрақ-жауап әдісімен қызығушылығын оятады.
1.Электр зарядының екі түрі
2. Оң және теріс ион
3. Зарядтың өлшем бірлігі
4. Кулон заңы
5. Электр өрісінің кернеулігі
6.Потенциалдар айырымы
7. Конденсатор
8.Электр сыйымдылығы
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, сабақ мақсатын түсіне отырып, қызығушылығы оянады
Сұрақ-жауап, әңгімелесу
Қолдану
10 мин
Жаңа сабақ
1. Қызығушылығын ояту.
2. Ой қозғау.
3. Мағынаны ажырату
Оқулықтан жана сабақты игертеді, топтық жұмыс жасауға нұсқау береді.
1-топ. Электр тогы дегеніміз не?
2-топ. Электр тогының пайда болуының шарттарына нелер жатады?
3-топ. Қандай құрылғылар ток көздері деп аталады?
4-топ. ЭҚК деп нені айтады?
Оқулық бойынша топтық жұмыс, мәтінмен жұмыс жасайды, мәтінді талдайды.Алған білімін тәжірибеде қолдана
алады. Әр топ өз тапсырмаларын постер жасап қорғайды.
ЖИГСО әдісі
Талдау
10 мин
Жаңа сабақты бекіту
Тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау, ой шешімін табуға баулу.
Токтың әсерлері:
а) Жылулық
ә) Химиялық
б) Магниттік
в) Физиологиялық
Оқушылар ток әсерлерін салыстыру арқылы пікірталасқа түседі.
Академиялық даудамай
Жинақтау
5 мин
Қорыту
Электр тогының пайда болу шарттары
Оқушылар қажеттілігін салыстыра отырып нақтылайды.