Ұйымдастыру кезеңі: Физика - табиғаттың тілі екен ғой, Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой. Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас, Бәрінің бағынары физика ғой. Ұққанға табиғаттың сыры терең, Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем, Демесең болсын егер еңбегім еш, Әуелі физиканы оқы дер ем. І Үй жұмысын тексеру, өткен тақырыпқа қорытынды жасау. Миға шабуыл Гидростатикалық қысым дегеніміз не? Сұйықтың ыдыстың табына түсірген қысымы қандай шамаларға тәуелді? Гидростатикалық қысымының формуласы Ойланыңдар, өткенді еске алыңдар, Бұл құбылыс айналадан табылар. Сұйықтар мен газдардағы қысымды, Кім айтады түсіндірген ғалымды? Жаңа сабақ: Тәжірибе: Допты суға батырып, қолды қоя бергеннен кейін, доп қайтадан су бетіне шығады. Мұғалім: доп неге су бетіне ытқып шығады? Жауап: өйткені допқа күш әсер етті. Мұғалім: жауап дұрыс, допты судан ығыстырып шығатын күш әсер етті. Бұл күшті біз ығыстырушы күш деп атаймыз. Мұғалім: сол ыдысқа цилиндрді салайық. Дене батып кетті. Бұл жағдайда ығыстырушы күш әсер ете ме? Жауап: оқушылар әр қилы жауап беруі мүмкін. Мұғалім: цилиндрге ығыстырушы күш әсер ете ме екенін тексеру үшін, цилиндрді динакмометрге іліп, динамометрдің көрсеткішін жазып аламыз. Содан кейін цилиндрді сол тұрған күйінде суға батырамыз да, динамометрдің кқрсетуін жазып аламыз. Екі жағдайдағы динамометр көрсеткішін салыстырамыз. Тәжірибе жасалады. Не байқадыңдар: Жауап: Цилиндрді суға салғанда динамометрдің көрсетуі кемиді. Мұғалім: бұдан қандай қорытынды жасауға болады? Жауап: Су салынған кез келген денеге ығыстырушы күш әсер етеді. Мұғалім: бұл күш қалай қарай бағытталған? Жауап: Сұйықтықта тұрған денеге әсер ететін ығыстырушы күш жоғары қарай бағытталған. Видеоролик: «Судағы кері итеруші күш» Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін бұл ығыстырушы күштің шамасы дене мен сұйықтың қандай сипаттамаларына байланысты болатынын қарастырайық. Бұл күштің мәнін тұңғыш рет ертедегі грек ғалымы Архимед (б.з.б.287-212) есептеп шығарған. Архимедке дейін де адамдар ығыстырушы күштің бар екенін білгені анық. Суда кемелер, қайықтар, салдар жүзген,ығыстырушы күш мүмкіндік беретіндей дәрежеде оларға жүктер тиелген. Алайда осы күштің шамасы неге тең болатынын дәл есептеп шығарған Архимед болатын. Аңызда айтылатындай, Сиракуз патшасы Гиеронның тапсырмасы бойынша оның тәжін зергер таза алтыннан жасады ма, әлде алтын мен күмістің қоспасынан жасады ма? деген сұраққа жауап таба алмай, көп күн әуреленген ғалым бір күні толтыра су құйылған ваннаға түскен кезде ойына әлгі сұрақтың шешуі келген дейді. Өзінің ашқан жаңалығына шаттана қуанған ол «Эврика!» (Таптым!) деп Сиракуз көшелерінің бойымен айғайлап жүгірген екен. Видеоролик «Архимед және тәж» Архимедтің ашқан жаңалығының мән-мағынасын түсіну үшін қарапайым тәжірибе жасап көрейік. Динамометр ілгегіне қандай да бір дене ілейік те, оның шкаласының көрсетуі бойынша ауырлық күшінің мәнін белгілеп алайық. Осыдан кейін денені толық суға батырайық. Динамометр көрстуі өзгергенін байқаймыз. Неліктен? Дененің массасын өзгерткеніміз жоқ. Демек бұл жағдайда денеге ауырлық күшінен басқа оны судан ығыстыратын күш әрекет етеді. Ол күш қалай пайда болады? Сұйықтың қысымы туралы білімімізге сүене отырып, осы сұйыққа батырылған денеге қандай күштер әрекет ететінін қарастырайық. Дененің бүйір жақтарына әрекет ететін күштер тең және олар бірін –бірі тегеріп тұрады. Бұл күштердің әрекетінен тек дене сығылады. Дененің үстіңгі жағын биіктігі Һ1 су бағаны Ғ1 күшпен , ал төменгі жағын биіктігі Һ2 су бағаны Ғ2 күшпен қысады. Мұндағы Һ2 су бағанының биіктігі Һ1 биіктіктен көп, сондықтан Ғ2 күші де Ғ1 күштен көп болады. Демек, денені сұйықтан ығыстыратын күш Ғ1 жәнеҒ2 күштерінің айырмасына тең, яғни Ғы═Ғ1-Ғ2. Сонымен, сұйыққа батырылған денеге осы денені сұйықтан ығыстыратын күш әрекет етеді. Тірек-сызба: Есеп шығару: 1. Тастың ауадағы салмағы 30 Н, тастың судағы салмағы 10 Н. Тасқа әрекет ететін кері итеруші күш неге тең? 2. Сұйыққа батырылған денеге 20 Н кері итеруші күш әсер етеді. Дененің көлемі қандай? Бекіту сұрақтары: 1. Неге өзен суына қарағанда ,теңіз суында жүзген жеңілірек? Жауабы: теңіз суы тұзды , тұзы неғұрлым көп болған сайын тығызырақ келеді. Архимед күші көбірек 2. Архимед заңының формуласы қандай? 3. Арқаңмен жүзгенде суда өзіңді жеңіл ұстайсың. Неге? Жауабы: Арқаңмен жүзген жеңіл, өйткені арқаның көп бөлігі суға батады да кері итеруші күшті көбейтеді. 4. Ертедегі гректерде Архимед өте күшті адам болған деген аңыз бар. Ол судың ішінде тұрып, сол қолымен 1000 кг жүкті көтерген екен, бірақ беліне дейін ғана. Бұлай болуы мүмкін бе? Жауабы: Мүмкін, егер жүктің көлемі үлкендеу 5. Архимед күшінің бағыты қалай бағытталады? 6. Неліктен денені суға батырған кезде динамометрдің көрсеткіші өзгереді? Жауабы:Ауырлық күшімен қатар денені судан ығыстыратын ығыстырушы күш әрекет етеді. |