Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Қысым
Күні:
Сыныбы: 7
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны: Мектеп: «Теміртау қаласы №9 мектеп-лицейі» КММ
Мұғалімнің аты- жөні: Караева Жанагул Базарбаиевна
Сабақтың тақырыбы Кері итеруші күш
Оқу мақсаттары 7.3.1.13 – есеп шығаруда Архимед күшін қолдану;
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар:
Архимед заңын біледі.
Көпшілік оқушылар: Архимед күшінің мағынасын түсінеді, қарапайым есептер шығара алады.
Кейбір оқушылар:
Формуланы түрлендіре отырып, күрделі есептер шығаруда қолданады.
Бағалау критерийі 1. Архимед заңын біледі.
2. Архимед заңының физикалық мағынасын түсінеді.
3. Архимед заңын есептер шығару кезінде қолданады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар өз ойларын жеткізе және өз идеяларын дамыта отырып, Архимед күші жайлы білетіндерін ауызша және жазбаша түрде талқылай алады.
Құндылықтарға баулу
Топ жұмысы-ұжымшылдық, ортақ істің нәтижесіне жауапкершілік; жеке жұмыс -өмір бойы білім алу, өз бетімен жұмыс орындау кезінде адалдыққа баулу
Пәнаралық байланыс Математика
Алдыңғы білім Архимед күші
Сабақтың барысы
Сабақтын жоспарланған кезеңдері Сабақтың жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы 10 минут
-Оқушыларға амандасып түгендеу; психологиялық жағымды ахуал тудыру. «Шаттық шеңбер» әдісі арқылы жақсы тілектер айту.
Топқа бөлу: «Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу (Архимед, Паскаль, Торричелли)
«Физикалық домино» әдісі арқылы оқушылар өткен тақырыбы бойынша үй тапсырмасын пысықтайды.
Тапсырмалар:
1.Қалыпты атмосфералық қысым- биіктігі 760 мм сынап бағанының қысымына тең, 0 градус температурадағы атмосфералық қысым.
2. Паскаль заңы
3. Архимед заңы
қиындыларынан сойлем құрастыру.
Қалыптастырушы бағалау
«Шапалақ» әдісі арқылы
Таратпа қағаздары
Сабақтың ортасы 30 минут
Топ басшысы сайланады. Бағалау парағы беріледі. Топ басшысы сабақ барысында бағалап отырады.
Бағалау парағы:
ТӘЖ Тап:1 Тап:2 Тап:3
Жиыны
3 балл 3 балл 3 балл 9 балл
1
2
3
4
5
6
І. Сапалық есептер:
1. Суға көлемі 1 м3 ағаш пен шойын жүктерді салғандағы Архимед күштерін қалай салыстыруға болады?
2. 3 түрлі кубтар берілген осылардың қайсысына көбірек ығыстырушы күш әсер етеді?
3. Егер майға батырсақ ығыстырушы күштің шамасы өзгере ме?
Дескриптор:
көлемдері бірдей заттардың Архимед күшін салыстырады
көлемдері әр түрлі заттардың Архимед күшін салыстырады
Архимед заңының физикалық мағынасын аша алады
Қалыптастырушы бағалау:
«Бас бармақ» әдісі арқылы
ІІ. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі арқылы әр топқа тапсырма беріледі.
Тапсырма 1. Көлемі 5 дм³ болатын дене толығымен суға батырылғанда, оған әсер ететін кері итеруші күш 50 Н-ға тең болса, сұйықтың тығыздығы қандай?
2. Темірден жасалған заттың судағы салмағы, ауадағы салмағыннан 100 Н-ға кем болса, оның ауадағы салмағы қандай болғаны?
3. Көлемі 500 см³ және массасы 800 г динамометрге ілінген жүкті толығымен суға батырса, динамометр нені көрсетер еді?
Дескриптор:
есептің шартын жаза алады;
ХБЖ -ға келтіре алады;
есептер шығару кезінде Архимед күшінің формуласын қолдана алады.
Қалыптастырушы бағалау:
«Бас бармақ» арқылы
ІІІ. Деңгейлік есептер шығарту.
I-деңгей. Ардақ алқаның күмістен жасалғанын тексеру үшін оның салмағын ауада және суда өлшеді. Өлшеу нәтижелері: Рауа= 36,4 Н; Рсу= 32,6 Н; Неліктен ауадағыға қарағанда алқаның судағы салмағы аз?
ІІ-деңгей. Алюминйден жасалған бұйымның ауадағы салмағы-15 Н,ал суға батырылғандағы салмағы-9,5 Н. Алюминийдің тығыздығын анықтаңдар.
ІІІ- деңгей. Гиерон патшасының алтын тәжінің ауадағы салмағы 20Н, судағы салмағы 18,75Н болсын. Тәж затының тығыздығы қандай? Алтынға тек күміс қосылған деп болжап, тәждің құрамына қанша алтын, қанша күміс барын табыңдар. Алтынның орташа тығыздығы 20000 кг/м,ал күмістікі 10000 кг/м деп есептеңдер.
Дескриптор:
есептің шартын құра алады
формуланы түрлендіре алады
күрделі есепті толық шығарады
Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» арқылы
7-сыныпқа арналған оқулық.
Сабақтың соңы 5 минут
Топ жетекші топ мүшелерін бағалап бағалау парағын толтырып, оқиды.Мұғалім оқушылардың сабақ барсында орындаған тапсырмаларына кері байланыс береді.
Рефлексия:
«Архимед шыңы» оқушы рефлексиясы (4 мин)
Үйге тапсырма: өткен тақырыптарды қайталау, № 4,5,7 есептер шығару (1 минут)
Стикерлер, Архимед шыңы
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда
қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
«Ойлан, жұптас, талқылы» әдісі арқылы есептің мәтінін оқып, есептер шығарады.
Есептер шығару арқылы оқущылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды.
Қабілеті жоғары – А, В С деңгейіндегі есептерді шығарады.
Қабілеті орташа – А немесе В деңгейіндегі есептерді шығарады. Сабақтың барлық кезеңдерінде қалыптастырушы бағалау жүргізіліп отырылды.
Сабақтың соңында «Архимед шыңы» әдісі арқылы оқушы рефлексиясы. Сергіту сәті шаршаудың алдын алу үшін барлық оқушыларға орындату.