Сабақтың тақырыбы: §36. Газдың қысымы. §37. Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға газдың қысымы, ауырлық күші әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым, сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымын есептеу туралы түсінік беру
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығылушылығын арттыру, ынталандыру, есеп шығару дағдыларын жетілдіру, ғылыми көзқарас қалыптастыру, еске сақтау қабілетін арттыру
«Қысым» тақырыбы бойынша интерактивті тақтада көрсетілген суреттерді мазмұндап беру
«Физикалық диктант» жазу
Бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасы........................деп аталады. СИ жүйесінде қысым..........................өлшенеді. Ол француз ғалымы................................................................... құрметіне қойылған. Қысымның формуласы:................................... Осы формуланы түрлендірсек бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші мынаған тең:..............................., ал күш түсетін беттің ауданы мынаған тең:.......................Қысым қатты денелерде.............................. бағытта таралады, ал сұйықтар мен газдарда ....................................................................... таралады.
4. Жаңа сабақты түсіндіру
Газдың қысымы неден пайда болады және неге тәуелді болады? Міне, бүгін сол сұрақтарға жауап аламыз. Ол үшін біз келесі тапсырманы орындайық. Тақтада үш күйдегі молекулалардың орналасуы туралы суреттер көрсетіліп тұр. Үш күйдегі заттардың қасиеттері мен молекулалардың қозғалысы туралы ақпаратты анықтайық.
Қатты
Сұйық
Газ
Нақты көлемі бар
Нақты пішіні бар
Молекулалар белгілі ретпен орналасқан
Молекулалар тербеле қозғалады
Осы кестеден газ күйіндегі молекулалардың қозғалысына назар аударайық. Молекулалар қалай қозғалады? Яғни, газда қысым неден пайда болады?
Газдардың қатты денелер мен сұйықтардан айырмашылығы, олар өздері тұрған ыдыстың көлемін түгел алып тұратындығы. Газ берілген ыдыстың ішіне түгел жайылады және өзі орналасқан сол ыдыстың қабырғасына қысым түсіреді. Газ молекулалары үлкен жылдамдықпен ретсіз қозғалып жүреді. Сол кезде олар өзі тұрған ыдыстың қабырғаларымен соқтығысады. Жеке молекулалардың соққысы әлсіз болғанымен, барлық молекулалар соққысы үлкен болады. Міне, осыдан келіп газ қысымы пайда болады.
Газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы газ молекулаларының соқтығысуынан пайда болады.
Енді кітаптағы тәжірибелерді қарастырайық. 98 – сурет бойынша: Вакуумның (ауа сорғысы қалпағының) астына аузы байлаулы, ішінде аздаған ауасы бар резеңке орналастырылған. Одан кейін сорғымен қалпақтың ішіндегі ауаны сорып шыгарады. Айналасындағы ауа сирей бастағанда шарымыз біртіндеп торсиып, ақырында дөңгеленеді. Бұл тәжірибені түсіндіріп өтсем: алғашқыда ауаның қозғалыстағы молекулалары шардың қабырғасын ішінен де, сыртынан да соққылайды. Вакуумдағы ауаны сорып шығарғанда шардың айналасындағы молекулалар саны да азаяды. Ал, шар ішіндегі молекулалар саны өзгермейді. Сондықтан ішкі соқтығысу саны көбірек болады. Паскаль заңы бойынша газдың шар қабырғасына барлық бағытта бірдей қысым түсіреді.
Газдың массасы мен температурасын өзгертпей, газдың көлемін кішірейтсе,оның қысымы артады, ал көлемін ұлғайтса, қысымы кемиді.
Ал енді, температура дегеніміз не есімізге түсірейік?
Температура – дененің жылулық күйін сипаттайтын шама.
Сонда егер біз газдың көлемін өзгерпей қыздырсақ, онда оның қысымы қалай өзгереді? Не себептен?
Жауабы:газдың көлемі өзгермесе, ал температура негұрлым жоғары болса, соғұрлым қысымы да үлкен болады.
Аздарды сақтағанда және тасымалдағанда қатты сығылатындықтан, олардың қысымы артады.Сондықтан газдарды өте берік арнаулы баллондардың ішінде ұстайды.
Ыдысқа құйылған сұйық ауырлық күшінің ықпалында болатындықтан сұйықтың өз ішінде қысым болады: Яғни сұйықтың төменгі қабаттарына оның жоғары қабаттарының салмағы әсер етеді.
Ыдыс ішіндегі сұйықты ойша бірнеше қабатқа бөлеміз де (төмендегі сурет) мынадай қорытынды жасаймыз. Жоғарғы d қабатқа оны екінші қабатқа қысып басатын, сөйтіп оған белгілі бір қысым түсіретін ауырлық күші әрект етеді. Осылайша келесі қабаттарға үстіңгі қабаттары қосынды қысымдар түсіреді.
Сұйық қабаты неғұрлым төмен орналасса, ондағы ауырлық күші әрекетінен болатын қысым соғұрлым үлкен болады
Сұйық ішіндегі қысым тереңдік артқан сайын ұлғаяды.
Табанының ауданы S болатын цилиндр тәрізді ыдысқа массасы m сұйық
құю арқылы сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымын есептеуді түсіндіремін: Fа=P –сұйықтың ыдыс табанына түсіретін қысым күші берілген сұйыққа әрекет ететін ауырлық күшіне тең. P=mg формуласы Ауырлық күші әрект еткен сұйық қысымы ыдыс табанының ауданына тәуелді болмайтыны, тек қана сұйық бағанының биіктігіне және оның тығыздығына байланысты болатыны шығады.
Есептер шығару
22-жаттығу
5. Жаңа сабақты қорытындылау
Әр топқа постер беріледі. Жаңа сабақ бойынша не түсінгенін жазып тақтаға шығып қорғайды.
Тест сұрақтары
Газдың қысымы неден пайда болады?
А) молекулалардың бір-бірінен алшақтау орналасуынан
Ә) молекулалардың өлшемдері кіші болғандықтан
Б) молекулалардың ыдыс қабырғасына соқтығысуынан
2. Температура тұрақты болғанда газдың көлемін ұлғайтса, онда қысымы қалай өзгереді?
А) артады Ә) кемиді Б) өзгермейді
3. Егер газдың температурасы жоғары болса, онда оның қысымы қандай болады
А) үлкен Ә) кіші Б) бірқалыпты
4. Бөлмедегі қысым неге әсер етеді?
А) тек қана қабырғаға Ә) тек қана еденге
Б) тек қана төбеге Б) барлығына
5. Газ молекулалары қалай қозғалады
А) секірмелі Ә) тербеле Б) еркін, шапшаң
Дәптерлерді ауыстырып бір-бірлерінің жұмыстарын тексеріп баға қою.