kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Айнымалы ток генераторы, трансформатор, электр энергиясын жеткізу және оны пайдалануды, Қазақстанда электрэнергетикасының дамуын, электромагниттік толқындар, таралу жылдамдығын  меңгереді, трансформация коэффициентін, энергия шығынын,электромагниттік толқындардың ұзындығын, жылдамдығын есептейді.     

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер»

ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР

Қалдыбаева Алданыш Әкімгерейқызы

Физика пәнінің мұғалімі

Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы «№1 мектеп-гимназиясы» КММ,

Қазақстан

Қоғамның даму деңгейі мен өзгерген әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделу үшін әлем елдері білім беру жүйесін реформалауда.

Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны:«ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі –ол да маңызы жағынан біріншіден еш кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?». Білім беру саласында қолжеткізілген бүкіләлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Президент жолдауы-әр жылдың басты құжаты. Елбасы 2014 жылғы Қазақстан халқына жолдауында, « орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс», -деп атап көрсетті[1]. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы(ЭЫДҰ) жасаған Құзыреттерді анықтау және іріктеу жобасы дағдылардың барынша кең ауқымын қамтитын ХХІ ғасыр дағдыларының моделі болып табылады. Аталған жоба оқушылардың терең тұжырымдамалық түсінікпен астасқан негізгі сауаттылықты меңгергендігін көрсететін, кең мағынасында шешімдер мен іс-әрекеттерді таңдау қабілеттілігі сияқты түйінді құзыреттер жүйесін сипаттайды. Мұғалімдер жұмыстарына жеткілікті уақыт бөле білулері керек, оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, жалпы алғанда оның оқуын барынша даралау және баланың бойында мета-сананы–қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытулары тиіс.(Schleicher, 2012) [2]. Метатану- қалай оқу керектігін үйренудің қозғаушы күші( қалай оқу керектігін үйрену,өз бетімен білім алуын ойлау, кейінгі оқу үдерісінде саналы қолдану).Әлемдік білім беру жүйелерін салыстыруға арналған ауқымды зерттеулер оқыту мақсаттарын толымды әрі айқын тұжырымдайтын елдер табысқа жететінін көрсетіп отыр. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған . Аталған теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді [2]. ЖАДА( жақын арада даму аймағы)- оқушының өз бетімен қол жеткізе алмайтын оқу деңгейін ересек немесе «маңызды»,ықпалды адамның көмегімен қамтамасыз етуі. Диалог барысында оқушылар (мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін бірлесіп жұмсайды және Мерсер сипаттағандай бірлесіп білім алуда немесе «пікір алмасу» барысында, олар тең құқылы серіктестер болып табылады.Мерсердің пайымдауынша, құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды роль атқарады. Соңғы жылдардағы зерттеулерде оқу адамның білім алудағы нақты мүмкіндіктерін пайдалану сипатын қалыптастыратын жиынтық , яғни бастан кешкен тәжірибе, әлеуметтік қарым-қатынастар, құндылықтар, амал-тәсілдер мен көзқарастар, бейімділіктің кешенді үйлесімі ретінде анықталған.Сын тұрғысынан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік [2].

Назарларыңызға оқытудың жаңа тәсіліне негізделген сабақ үлгісін ұсынамын.

« Айнымалы ток генераторы » тақырыбы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасы

Топтаманың мақсаты: Айнымалы ток генераторы, трансформатор, электр энергиясын жеткізу және оны пайдалануды, Қазақстанда электрэнергетикасының дамуын, электромагниттік толқындар , таралу жылдамдығын меңгереді, трансформация коэффициентін, энергия шығынын,электромагниттік толқындардың ұзындығын, жылдамдығын есептейді.

№ 2 сабақ

ПӘН

Физика

9 А

11.03.2014

ТАҚЫРЫП

Электр энергиясын жеткізу және оны пайдалану. Қазақстанда электрэнергетикасының дамуы.

Сабақтың мақсаты

Электр энергиясын жеткізу және оны пайдалануды, Қазақстанда

электрэнергетикасының дамуын меңгереді,

Томсон формуласын қолданып есептер шығарады.

Күтілетін нәтижелері

Оқушы: -ұсынылған ақпарат бойынша өз түсінігін жеткізе алады,

-сызбасын көрнекілікпен көрсете біледі,

-өз жұмысын талқылайды, мәтінге терең талдау жасайды,

-идеяларымен бөліседі, өзгелердің пікірін ескекре отырып,

қорытынды жасайды,

- таным әрекетінде ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады.

сабақтың кезеңдері

мұғалімнің

іс-әрекеті

оқушының іс-әрекеті

саралау (дифферен-циация)

бағалау

ресурстар

І.Қызығушылықты ояту

(4-5 мин.)


Бейнелер сыры. Анимация. «Су электр станциясы»

Тұрғын үйге берілетін кернеу қанша?

Топтарға бөліну.

Су электр станциясының жұмыс істеу принципін түсіндіреді

Оқушылар сабақтың тақырыбын айқындайды.


Бейнебаян, презентация

ІІ. Мағынаны ажырату

(25 мин.)



Алты қалпақ әдісінің қадамдарымен таныстыру, ТСН-ге бағыт-бағдар беру.


Мәтіннің бөліктерімен жеке, топтық талқылау, тірексызбасын постерге жазады, қорғайды.

Бағалау критерийлерін оқушылар ұсынады.

Мұғалім жауаптарды тыңдап формативті бағалайды.

Физика ,

12 жылдық эксперимент сыныпқа арналған оқулық, электронды оқулық.

ІІІ.Ой-толғаныс (рефлексия)




Негізгі мәселелерге оқушылардың назарын аудару.













Анимация. «Атом электр станциясы».



Тірексызбасын қорғайды.

Ақ қалпақ- ақпарат береді.

Оқулықпен жұмыс.

Сары қалпақ- жағымды тұстарын зерделейді. Гелиоэнергетика. Жел энергиясы.

Қара қалпақ- жағымсыз тұстарын қорғайды. Энергия шығыны.Қызыл қалпақ- болжам жасайды.«Болашақтың энергиясы». Экспо-2017.Жасыл қалпақ- шығармашылық идеялар ұсынады. Киіз үй үлгісіндегі бірнеше қабатты электр станциясының моделі.Көк қалпақ- барлық қалпақтардың жауаптарын бағалайды.Су электр станциясы мен атом электр станцияларының жұмыс істеу принциптерін салыстырады

Топаралық талдау жасалады.

Критериалды бағалау

Топішілік бағалау

Постерлер.

Интернет материалдары.

ІV. Үй тапсырмасы

§ 39 . Есеп: 3, 5;149-бет оқулық. ТСН-ді толықтыру




Сөзімді қорытындылай келе,оқытудың қандай жолы қолданылса да,екі көзқарас басшылыққа алынылуы керек екендігін баса айтқым келеді. Біріншісі- оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншісі- оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарасырылуы. Назарларыңызға, жаңаша оқуды ұйымдастыру ережелерін ұсынамын[3].

Бірінші ереже. Аудиторияны жұмысқа дайындау.

Аудитория (сынып бөлмесі, кабинет) үйренушілердің еркін түрде жұмыс жасауына қолайлы болуы керек. Мәселен, әр сабақта үйренушілер шағын топтар құрамын сан рет өзгертуі ықтимал, сол себепті де парталар мен үстелдер олардың емін-еркін қозғалуына кедергі болмауы қажет.Парталарды қоюдың да көптеген тәсілдері бар. Ең бастысы үйренушілердің бір мезгілде сабақ жүргізушіні көре отырып, топ ішіндегі жұмысқа белсене араласуға мүмкіндік алуы керек.

Тиімді жұмыс жасау үшін аудиторияда тақта (оған қоса жылжымалы немесе интерактивті тақталар болса тіпті жақсы), қол астында бор, қағаз (А-1 және А-4 форматтардағы), маркерлер болғаны дұрыс.

Екінші ереже. Топқа бөлу.

Әр сабақта үйренушілерді шағын топтарға бөліп, сол арқылы олардың бірлесе жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасау керек. Шәкірттерді шағын топтарға 4 адамнан бөлген тиімді. Олардың партаны жағалай бір-біріне бет қаратып отырғаны дұрыс.Топқа бөлу әдетте кездейсоқ түрде жасалынады. Алайда жыл бойы бір шәкірт басқалармен барлық сабақтарда топ құрамында жұмыс жасап шығуы керек. Мұндағы басты мақсат - үйренушілердің бір-бірімен тиімді қарым-қатынас құрып, ортақ тіл таба білуіне ықпал жасау.Топқа бөлуді әрекетке негіздеп, қызықты қылып өткізген жөн.

Үшінші ереже. Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау.

Әр сабақтың басында бүгін қарастырылатын тақырып бойынша ұстаз өз тұрғысынан сабақтың мақсаттарын айқындап, үйренушілерден қандай білім, білік, дағды, әрекеттер күтетіндігін жеткізеді.Сонан соң үйренушілердің өздері де сабақтан нендей нәтиже күтетіндерін құрастыруды талап еткен орынды. Бұл әрекет әр үйренушіде өзінің сабаққа тікелей қатысы бар екендігі туралы ойды нақтылап, оларды «Сабақта мен қандай білім ала аламын? Ол үшін мен қандай жұмыс пен әрекеттер атқаруым керек?» деген сұрақтар төңірегінде ой-толғаныс жасауға шақырады.

Төртінші ереже. Жұмыс ережелерін қабылдау.

Сабақ басында жұмыс ережелерін қабылдап, оларды әрі қарай қатаң ұстану үйренушілерді тәртіпке шақырып, тиімді әрі үнемді түрде жұмыс жасауға қолайлы. Ол үшін әрбір шағын топ бұл мәселені 1-2 минут талқылап алғаннан кейін, олардың ұсыныстарын көлемді параққа (флип-чарт, плакат) түрлі-түсті маркерлермен жазып, аудиторияның көрнекті жеріне іліп қоюға болады. Ұстаз тарапынан емей, өздері құрастырып қабылдаған ережелерді үйренушілер мейлінше қадағалауға тырысады.Ережелер сан-алуан болуы мүмкін, мәселен, жұмыс регламенты, реті мен тәртібін анықтайтын, алайда олардың дені бірлескен жұмыста силасымды қарым-қатынас құруға бағытталғаны жөн. Мәселен, «Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлмейік!», «Тұлғаның жеке басын сынамай, көзқарас пен пікірді сынайық!». «Кешікпейік!», «Қысқа да нұсқа сөйлейік!», «Уақытты үнемді әрі тиімді пайдаланайық!», «Берілген тақырыптан ауытқымайық!», «Біз үшін әрбір пікір құнды!», «Жекелей жұмыс жасағанда, бір-бірімізге бөгет жасамайық!», т.с.с.

Бесінші ереже. Сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру.

Үйренушілерді психологиялық тұрғыдан интербелсенді оқуға дайындау қажет. Әдетте сабаққа келгендердің бәрі дерлік оқуға белсене араласып кетуге дайын емес, өйткені олардың өздерін ыңғайсыз әрі дискомфортты сезінуі мүмкін. Мұның себептері де баршылық:

- өзіне көтеріңкі жауапкершілік жүктеуі және содан қаймығу, жүрексіну,

- оң нәтиженің шығуына күмәндану,

- жазалаудан немесе күлкі/мазаққа жығылудан қаймығу,

- еріншектік пен шаршағандық (мәселен, бірінші сабақта ұйқысын аша алмау, немесе соңғы сабақта шаршау),

- назарын жинақтай алмау (мәселен, үзіліс кезіндегі оқиғалардың немесе алдыңғы сабақтың әсерінде болу).

Үйренушілердің сабақ барысында барлық шарттылықтардан арылып, ойлау аппаратын белсенділендіріп, жұмысқа толық ниеттеліп, қызу кірісіп кетуін бірінші мезетте ойсергектер арқылы жүзеге асыруға болады. Ойсергектер арқылы аудиториядағы үйренушілер өздерін жеңіл сезінеді, ашылады, әрқайсысы біртұтас ұжымның өкілі ретінде алда күтіп тұрған бірлескен күрделі жұмысты атқаруға дайындалады.

Алтыншы ереже. Барлық үйренушілер жұмысқа қатысуы керек.

Интербелсенді оқу аумағында өтетін сабақ мақсаттарының бірі бірлесе жұмыс жасау болғандықтан, әр қатысушының жұмысқа белсене қатысқандығы абзал. Үйренушілердің білім игеру жұмысының, оның ішінде әсіресе бірлескен жұмыс әрекеттерінің қызықты әрі тартымды екендігіне көздерін жеткізгені дұрыс. Сол себепті де сабақтың басты тәсілі ретінде топтық жұмыстарды тану керек.

Жетінші ереже. Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалуы керек.

Суырылып алға шығып сөйлегеннен гөрі, тыңдай білген қиын да шығар. Топтық талқылау кезінде барлық үйренушілердің өз пікірін келтіріп, басқалардың оны мұқият тыңдап, оның пікірін силап, санасатын жағдай жасап отыру қажет. Барлық қатысушылардың пікірі тыңдалуы керек.Топтық бірлескен жұмыстан соң (талқылау, пікірлесу, ой қозғау, тапсырманы бірлесе орындау, т.б.) әр топқа өз пікірі мен көзқарасын жариялау мүмкіндігін беру керек. Ол үшін топ атынан бір үйренуші (сөйлеуші, шешен, спикер, капитан, т.б.) берілген уақыт ішінде өз ойлары мен ұйғарымдарын ортаға салады.

Сегізінші ереже. Жазбаша жұмыстар.

Үйренудің басты мақсаты – тұлғаның дамуы, оның ішінде әсіресе ойлау қабілеті мен шығармашылық дағдылардың өркендеуі. Ал жазу (жазба жұмыстары) - ойлаудың шырқау биігі. Жазуда үйренуші сонымен қатар «МЕН» тұрғысынан өзінің ішкі жан дүниесін ашып, оны асқақтата түседі. Сол себепті де әр сабақта жазу жұмыстарын жиі қолданып отырған орынды.Ал үйренушінің бүгінгі сабақта нендей және қандай дәрежеде білім алғанын, оның өсуі мен дамуын, яғни оның білімін бағалауды тек жазбаша жұмыстарды орындауынан ғана объективті түрде білуге болады. Жазу жұмыстары оқушы білімін бағалаудың дәлелді нысаны.

Тоғызыншы ереже. Кері байланыс.

Кері байланыс дегеніміз сабақтың соңында оның тиімділігі мен қандай дәрежеде өткендігі туралы үйренушілердің пікірлері. Олар «Сабақ қалай өтті: қызық болды ма?», «Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?», «Бүгін не нәрсеге үйрендіңіз (білдіңіз)?», «Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?», «Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді (қандай ақпарат көздерін оқисыз)?», «Қандай сұрақтарыңыз бар?», «Сабақтың өту барысы бойынша қандай пікірлеріңіз/ұсыныстарыңыз бар?» деген сұрақтарды әдетте ауызша талқылайды. Кейде оларға жазбаша жауап беруді де тапсыруға болады (мәселен, «Шығу парақтары» тәсілі бойынша).Үйренушілердің пікірлері мен қойған сұрақтары ұстаз тарапынан ескеріліп, келесі сабақ соларға жауап берумен басталуы керек.Кері байланыс ұстаз бен шәкірттердің арасында сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға бағытталады.Сонымен қатар ол өткен сабақты бағалау мен талдаудың, келесі сабақты жоспарлаудың тиімді түрі болып табылады.Жаңарған әлемдегі жаңа Қазақстан тәуелсіздікке орнықты, қуатты және ширақ мемлекет ретінде қадам басып отыр. Тәуелсіздік жылдарында сезім, әдет, дағды, сана өзгеріске түсті. Біздің қоғамның басты мәселесі жас ұрпақтың түсінігін, тілегін, арманын, білімін, көзқарасын, ең бастысы, оның қазақ еліне деген патриоттық сезімін тәрбиелеп, қалыптастыру, себебі, ол Қазақ елінің Ренессанс ғасырының азаматы, қазағы. Қазақтың Ренессанс ғасыры деген елдік тілектен туған ізгі сана – идея. Оның болмысы – Қазақ елінің бүгінгі күні. Ренессанс идеясы – өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастау алып, 1991 жылы егемен ел атанғанда айқындалып, бүгінгі тұрмыс, болмысымызбен толығып, жетіліп, келешекке бастайтын елдік идеяның сара бағыты. Қазақтың Ренессанс ғасыры басында тұрған ұрпақ – Тәуелсіздікке құрдас, қазіргі жас ұрпақ. Бұл – Ренессанс-ұрпақ[4].Еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған осы іс-шаралар оқу-тәрбие процесінің барлық қатысушыларының рөлін, өзара қарым-қатынасын қайта қарауға мүмкіндік беретін оқу ортасын түзеуге тәуелді. Ең бастысы – қазіргі заманда ұстаздар үшін де, оқушылар үшін де басты бәсекелес уақыт екенін есте ұстауымыз керек.


Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Н.Ә. Назарбаев.2014 жылғы Қазақстан халқына жолдауы.

2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық .Бірінші (ілгері) деңгей. Екінші басылым.

//« Назарбаев Зияткерлік мектептері»- ДББҰ- 2012- Б.5-17

3.А.Әлімов.// «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану және оқушылардың білімін бағалау»-Семинар-тренинг -Сарыағаш ауданы-18-20 қаңтар 2014 –Б.6-7

4.Ғ. Есім. //«Қазақтың Ренессанс ғасыры»- Егемен Қазақстан газеті- 2011 ж.-№3-Б.4


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Автор: Қалдыбаева Алданыш Әкімгерейқызы

Дата: 14.02.2017

Номер свидетельства: 391707

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "?шінші де?гей ба?дарламасыны? «О?ыту мен о?уда?ы жа?а т?сілдері» модулі"
    ["seo_title"] => string(68) "ushinshidienghieibagdarlamasynynokytumienokudagyzhanatsildierimoduli"
    ["file_id"] => string(6) "302869"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457337894"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) "О?ыту мен о?уда?ы жа?а т?сілдер –сапалы ж?не табысты о?ыту негізі "
    ["seo_title"] => string(76) "ok-ytu-mien-ok-udag-y-zhan-a-t-sildier-sapaly-zh-nie-tabysty-ok-ytu-nieghizi"
    ["file_id"] => string(6) "231834"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1442650210"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(242) "О?ыту мен о?уда?ы жа?а т?сілдер. Диалогтік о?ытуды  ?олдану ар?ылы о?ушыларды? танымды? ?абілетін ?алай  дамыту?а болады? та?ырыбында эссе "
    ["seo_title"] => string(153) "ok-ytu-mien-ok-udag-y-zhan-a-t-sildier-dialoghtik-ok-ytudy-k-oldanu-ark-yly-ok-ushylardyn-tanymdyk-k-abilietin-k-alai-damytug-a-bolady-tak-yrybynda-essie"
    ["file_id"] => string(6) "179032"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1424938802"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер."
    ["seo_title"] => string(40) "ok_ytu_mien_ok_udag_y_zhan_a_t_sildier_1"
    ["file_id"] => string(6) "417711"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1495465736"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "О?ыту мен о?уда?ы  жа?а ?дістерді? ?ажеттілік негіздері"
    ["seo_title"] => string(66) "ok-ytu-mien-ok-udag-y-zhan-a-distierdin-k-azhiettilik-nieghizdieri"
    ["file_id"] => string(6) "252072"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447330822"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства