kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ыту мен о?уда?ы жа?а т?сілдер. Диалогтік о?ытуды ?олдану ар?ылы о?ушыларды? танымды? ?абілетін ?алай дамыту?а болады? та?ырыбында эссе

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ыту мен о?уда?ы жа?а т?сілдер

Диалогтік о?ытуды  ?олдану ар?ылы о?ушыларды? танымды? ?абілетін ?алай дамыту?а болады?

      ?мірде  кез - келген ?арым –?атынасты?, т?сінісуді?  негізі- диалог болып табылады. Ш?кірттерді с?хбаттасу?а, ойын ж?йелі, тияна?ты  жеткізуге,  шешен с?йлеуге, да?дыландыруды? ма?ызы зор.  А?ылшын ?алымдары  Мерсер мен Литлон  ?з е?бектерінде   диалог саба?та  о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттырумен  ?атар, оларды? білім де?гейіні? ?суіне ?лкен ?лесін ?осатынын атап к?рсеткен.

Мерсер диалогтік ??гімелесуді? 3 т?рін атап к?рсетті.

 ??гіме-дебат  Топты? ??гіме  Зерттеушілік ??гіме

 Соны? ішінде ??гімені? зерттеушілік т?ріне басымды? беріп,  сыныпта?ы ??гімелесуді дамыту туралы ойы ма?ан  ба?ыт-ба?дар бергендей болды.Сонды?тан орта мерзімді жоспарды басшылы??а  ала отырып, жеті модульді? ішінде ?зімні? п?німе тиімдісі ?айсы екенін ойлана келе диалогты? о?уды та?дадым.  Осы модул  ар?ылы о?ушыларды? п?нді о?ып-білу барысында топ ішінде ж?мыс жасай отырып, ?зара-?арым-?атынас?а т?суін, та?ырып бойынша ?з ойларын еркін білдіруіне ж?не ?з иделарын д?лелдеуге м?мкіндік алуына жа?дай ту?ызып, сол ар?ылы  тарих п?ніне ?ызы?ушылы?ын арттыр?ым келді. Себебі, зерттеу  ж?ргізген 9 сынып о?ушыларыны?  тарих п?ніне деген ?ызы?ушылы?ы орташа, сонымен ?атар с?здік ?оры да бай емес, тілдері шор?а?,  беретін жауаптары ?ыс?а.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ыту мен о?уда?ы жа?а т?сілдер. Диалогтік о?ытуды ?олдану ар?ылы о?ушыларды? танымды? ?абілетін ?алай дамыту?а болады? та?ырыбында эссе »


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Диалогтік оқытуды қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін қалай дамытуға болады?

Өмірде кез - келген қарым –қатынастың , түсінісудің негізі- диалог болып табылады. Шәкірттерді сұхбаттасуға , ойын жүйелі, тиянақты жеткізуге, шешен сөйлеуге , дағдыландырудың маңызы зор. Ағылшын ғалымдары Мерсер мен Литлон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлкен үлесін қосатынын атап көрсеткен.

Мерсер диалогтік әңгімелесудің 3 түрін атап көрсетті.

Әңгіме-дебат Топтық әңгіме Зерттеушілік әңгіме

Соның ішінде әңгіменің зерттеушілік түріне басымдық беріп, сыныптағы әңгімелесуді дамыту туралы ойы маған бағыт-бағдар бергендей болды.Сондықтан орта мерзімді жоспарды басшылыққа ала отырып, жеті модульдің ішінде өзімнің пәніме тиімдісі қайсы екенін ойлана келе диалогтық оқуды таңдадым. Осы модул арқылы оқушылардың пәнді оқып-білу барысында топ ішінде жұмыс жасай отырып, өзара-қарым-қатынасқа түсуін, тақырып бойынша өз ойларын еркін білдіруіне және өз иделарын дәлелдеуге мүмкіндік алуына жағдай туғызып, сол арқылы тарих пәніне қызығушылығын арттырғым келді. Себебі, зерттеу жүргізген 9 сынып оқушыларының тарих пәніне деген қызығушылығы орташа, сонымен қатар сөздік қоры да бай емес, тілдері шорқақ, беретін жауаптары қысқа.

Диалогтік оқыту» модулінің қолданылуы сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқу үшін бағалау және оқуды бағалау модульдерімен, оқушылардың өзін-өзі реттеуімен әсіресе тығыз байланыста жүзеге асады. Диалогтік оқыту сабақтың барлық кезеңдерінде көрініс табады және бұл модульді басқа модульдермен кіріктіру арқылы оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, осының нәтижесінде өз ойын еркін жеткізе алатын, ынталы, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған оқушы ретінде қалыптасуына ықпал жасайды. Диалог негізінде білім беру оқушының ой-пікірін жүйелеу мен дамытуына ықпал етеді. Диалог барысында оқушылар арасында әртүрлі іс-әрекеттер жүзеге асады: сұрау, тыңдау, жауап беру, өз ойын айту, басқа оқушының және мұғалімнің ойымен келісу немесе келіспеу.

1916 ж Ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбындағы 1-ші сабағымда үйге берілген тапсырманы сұрау барысында «Баскетбол» әдісін пайдаландым. Мұнда оқушылар ашық сұрақ қоюға, сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге дағдыланды.

Төрт сабақ барысында оқушылардың алған білімдерін нақтылуға байланысты қойылған сұрақтардың ашық және жоғары деңгейде болуын ескеріп отырдым. Оқушыға сұрақ қоюдың негізгі үш түрі бойынша: түрткі болу,сынақтан өткізу,қайта бағыттау арқылы сабақта қойылған сұрақтардың жауаптарын өзді –өзіне бағыттап , оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамытамын деген ойға келдім. Мұндай сұрақтарды қолдану кезінде өзімнің де сыни ойлауым керектігін түсіндім Сабақта сұрақ қою әдістерін дамытуға байланысты бірнеше әдіс- тәсілдерді қолдану кезінде мәселен: «Тәуелсіздік шыңы», «Рөлдік ойын» «Ассоциация» әдісі, «Болжау стратегиясы» , «Жүк журналы», «сиқырлы сұрақтар» әдісі арқылы менің көшбасшылығыммен оқушыны сұрақты сараптауға , анық қоюға, өз білімін өзгелермен салыстыруға жетелеп отырдым.

Алғашқы сабағымның барысында оқушыларым бір-бірінен қысылып, өз ойларын толық жеткізе алмады . Өйткені олар диалогтік сұхбаттасуға түсіп, ашылмаған балалар. Осы қиындықтарды жою мақсатында топтық жұмыс ұйымдастырдым. Топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты,тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді Топтық жұмысты ұйымдастыру мақсатында сабақтарымда әр түрлі тәсілдер арқылы топтастырып отырдым.

Екінші сабағымда үй тапсырмасын оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, «Кім көп біледі?» ойыны арқылы сұрадым. Тақырыпты ашу мақсатында Ақпан төңкерісінің қайраткерлерінің суреттерін интерактивті тақта арқылы көрсете отырып, бұл суреттерді көргенде қандай ойға келдіңдер? Мен осы сурет арқылы не көрсеткім келді? деген сұрақтар қою арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыттым. ББҮ кестесінің білемін, білгім келеді бөліктерін толтыру арқылы сабақтың мақсатын оқушылардың өздеріне анықтаттым.

Жаңа сабақты «жигсо» әдісі бойынша жүргіздім. Бұл әдісте балалар бір-бірімен пікір алмасып диалогтық қарым-қатынас жасай отырып, сыни тұрғыдан ойлауы дамыды. Осы әдісті пайдаланғанда байқағаным, топ ішінде үнсіз қалған оқушы болмады. Үлгерімі төмен А. есімді оқушының өзі белсенділік танытты. Топтық жұмыс барысында топ мүшелері барлығы бірдей жұмыла постер жасады

Үшінші сабағымды «Ассоциация» әдісі бойынша алаш сөзіне түсінік беруден бастадым. Сабақтың тақырыбы ашылғаннан кейін, өз топтарына тақырыппен байланыстыра ат қоюларын тапсырдым. Осы кезде мені А. есімді оқушының біз тобымызды Алаш айнасы деп атаймыз деген жауабы мені таң қалдырды. Сиқырлы сұрақтар стратегиясын қолдана отырып, тапсырмасын орындау барысында оқушылардың жаңа әдіске төселіп, сыни ойлаулары дамығандығын байқадым. Атап айтсам. М. есімді оқушы Алаш партиясын Нұр Отан партиясымен салыстыра баяндап, бұл екі партия арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерге тоқталды. Яғни бұдан байқағаным, оқушының ой- өрісі дамып, тақырыптың мақсатын аша білгендігі. Сабақты қорытындылау үшін «Ақылдың алты қалпағы» әдісін пайдаландым. Алты қалпақтың рөлін айқындап, жұппен орындауға тапсырма бердім. Жасыл қалпақ тапсырмасын орындауда М. есімді дарынды оқушы « Алаш партиясы қазіргі кезде құрылса, оның бағдарламасы өзгеше болар еді және ең беделді партиялардың бірі болатын еді »- деп жауап берді

«ХХ ғ. басындағы Қазақстан » тақырыбы бойынша өткізген 4 сабақта сынып оқушыларын шығарманың авторын табу арқылы топтастырдым. Болжау стратегиясын пайдаланып, бүгінгі сабақ не туралы деп ойлайсыңдар? Неге мен осылай топтастырдым деген сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбын аштым. Үй тапсырмасын сұрау және сабақтың мақсатын айқындау үшін жүк журналы әдісін қолдандым. Яғни нені білемін? Нені білу маңызды деген сұрақтарға алдымен ауызша жауап беріп кестеге жазды мұнда алдымен жеке кейін жұпта сосын топта орындау арқылы диалог өрбіді?

Осы сабақтарды өткізгенде менің көз жеткізгенім:

оқушылар сабақ барысында өздерінің орындаған тапсырмаларын, жауаптарын өздері бағаласа, өздерінің жіберген кемшіліктері мен қателерін де көре алады. Мен емес, өздері бағалағандықтан жақсы баға алуға деген талпыныс арта түседі. Ал бағалаудың критерийлері берілгенде тіпті оқушының өзінен басқа ешкімге реніші болмайды. Жіберілген қателіктерін түзету арқылы келесі жолы тапсырмаларды дұрыс орындайды. Мұғалімнің де уақыты үнемделеді, оқушының да өзін-өзі реттеуі жоғарылайды.

Әр сабақ соңындағы рефлекция парақшаларына қарай жоспарымды құрып отырдым. «Балаға не ұнайды?,не қажет емес? Олардың пәнге деген қызығушылығын қалай арттырамын?» деген сауалдарға сабақ барысында жауап тапқандай болдым.

Осы бағдарламаның диалогтік оқыту әдістерін қолдану барысында оқушылардың тіл байлығын, ой ұшқырлығын дамытуға пайдасы мол деген тұжырымға келдім.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Жорабаева Жанар Ергеновна

Дата: 26.02.2015

Номер свидетельства: 179032


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства