kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Физиканы оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялардың ерекшеліктері

Нажмите, чтобы узнать подробности

В статье описано как я прменяю ИКТ на уроках физики. Роль ИКТ и преимущества применения ИКТ.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Физиканы оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялардың ерекшеліктері»

Астана қаласы

Көлік және коммуникация колледжі

Физика пән оқытушысы:

Махмутова Каламкас Болатовна  



Физиканы оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялардың ерекшеліктері

Тәуелсіз еліміздің  болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне, ғылымымыз бен біліміміздің өркендеуіне  тікелей байланысты. Жаңа ақпаратты  технологияның жылдан – жылға  кең құлаш жайып, оның адам қызметінің барлық салаларына енуіне орай оқушылардың  сыныптағы және сыныптан тыс оқу жұмыстарын компьютер арқылы ұйымдастыру – «Қазақстан – 2030» бағдарламасында көрсетілгендей бұл маңызды мәселелердің бірі. Бүгінгі күні оқытуды  ақпараттандыру үрдісіне ерекше көңіл  бөлуде. Оқыту үрдісін ақпараттандыру – қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты болып табылады. Ал барлық арнайы ақпараттың – техникалық құралдарды (компьютер, интерактивті тақта, аудио, бейнефильм, кино) қолданатын технологияларды тәжірибеде ақпараттық технологиялар деп атаймыз.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды  қалыптастырудың бір жолы. 
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; 
оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу – тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді. Компьютерлер білім беруде кеңінен қолданыла бастағанда «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары» термині пайда болды. Бұл технологиялар бағдарламалап оқыту идеясын дамыта отырып, қазіргі компьютерлер мен телекоммуникацияның дамуымен байланысты оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары – ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісі болып саналады.

Алдымен жаңа ақпараттық технологияларға көшпей тұрып, оқу  – тәрбие үрдісінде білім беруді ақпараттандыру мүмкін емес. Білім  берудегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу мен оқу  – тәрбие материалдарын үйретуге арналған есептеуіш  техника құралдарының оқу үрдісіндегі  рөлі мен орны, мұғалімдер мен оқушылардың  еңбегін жеңілдету, оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі екені белгілі. Оқытудағы жаңа ақпаратты технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу үрдісін тиімді басқаруға негізделген. Жаңа ақпараттық технологияның білім саласына енуі педагогтерге оқытудың мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру түрлерін сапалы түрде өзгертуге мүмкіндік береді.

Жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдаланудың педагогикалық  сәйкестігін ескеріп оқыту үрдісіне енгізу, сабақты ұйымдастырудың және оқыту әдістерінің өзгеруіне әкеледі. Сондықтан жаңа ақпараттық технологиялар келесі үш нұсқа түрінде жүзеге асырылуы мүмкін:

  • «тереңдетілген» технология ретінде (компьютерлік оқытуды жекелеген тақырып немесе тарау бойынша қолдану);

  • негізгі технология ретінде (белгілі бір бөлімді оқытқанда қолданатын технологиялардың ең маңыздысы ретінде қолдану);

  • монотехнология ретінде (барлық оқыту, оқытуды басқару үрдісі, яғни, диагностика, мониторинг компьютерді қолдануға негізделсе).

         Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы негізгі мақсаттарға мыналар кіреді:

  • ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру;

  • коммуникативтік қабілетін дамыту;

  • «ақпараттық қоғамның » жеке тұлғасын дайындау;

  • берілетін оқу материалының көлемін оқушы меңгере алатын деңгейге дейін өсіру;

  • зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру;

Оқушыға жаңа білімді  тиімді іс – әрекет, жаңа технологиялар, ақпараттық дүниемен қарым – қатынас  жасау арқылы оңай меңгеру әдістерін  дамытуға болады. Мұның бәрі  ақпаратпен жұмыс жасау және оны байыпты  ұғыну жолдарын іздеу, оған сыни тұрғысынан қарау, өз пікірін дәлелдей алу қабілетімен қатар шығармашылығын дамытуға бағыт береді.

Физика сабақтарында ақпараттық  - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

  • оқушының өз бетімен жұмысы;

  • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

  • білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

  • шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық  құбылыстарды  түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

  • экономикалық тиімділігі;

  • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

  • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

  • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

  Қазіргі уақытта жаратылыстану  – ғылыми білім беруде сабақ бары-сында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың кө-мегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. 
            Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивті сөзі -  inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бірі толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше интерактивті тақта түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық. 
           ACTIVboard(Promethean компаниясы) – ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады. Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.  Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады. Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс  аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.  
        «Активті экран» бағдарламалық – техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды. 
       Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі : 
- Пән бойынша базалық білімді меңгеру ; 
- Алған білімді жүйелеу ; 
- Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; 
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру 
- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру. 
          Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.

         Бағдарламалық  ақпараттық жиынтық  «интерактивтік тақта» дегеніміз  мынандай кең мүмкіндіктері бар  тақта: 

  •   экрандық кескіндердің графикалық түсініктемелерін беру;

  •   бір мезгілде сыныптың барлық оқушыларының істеген жұмысына сараптама жүргізуге және тексеруге мүмкіндік туғызады;

  •     табиғи амалмен (ұсынылатын ақпарат ағынын арттыру есебінен) сыныпта оқушылардың оқу жүктемесін артырады;

  • оқытуға жаңа құлшыныстың алғы шарттарын дайындайды;

  • сұхбатқа құрылған оқытуды жүргізеді;

  •   кей әдістерді пайдаланып, қарқынды әдістеме бойынша оқытады.  

Физика пәні  бойынша компьютер арқылы есеп  шығару жолдары:

  «Компьютер» сөзі  ағылшын тілінен аударғанда «есептеуіш»,  яғни есептеуге арналған құрылғы  дегенді білдіреді. Компьютерлер  есептеу операцияларының күрделі  қатарларын адамның қатысуынсыз,  алдын ала көрсетілген нұсқаулық  – бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді. 
Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізі 1943 жылы «Марк-І» машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды. Компьютерлердің алдыңғы буындары шамдық есептеуіш машиналар болатын, олардың орнын транзисторлы электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ), содан кейін – интегралды сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ және ең ақырында, қазіргі таңда аса үлкен интеграциялық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ басты. 
Қазіргі кезде компьютерлер көмегімен сандық есептеулер жүргізіліп қана қоймайды, баспаға кітаптар әзірленеді, музыка, суреттер, кинофильмдер жасалады, заводтар мен ғарыштық кемелерді басқару жүзеге асырылады және т.б. Қазіргі заманғы компьютер – бұл ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы. 

Сонымен физика сабағында компьютер көмегімен оқыту төмендегі мәселелерді қамтиды:

-оқушыларға оқылатын құбылыстар мен дәл ақпаратты бере отырып,оқу сапасын арттырады;

-оқытудың көркемділігін  арттырады, яғни оқушыларға қиында күрделі материалды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;

- оқытудың тиімділігін жоғарылатады және оқу материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;

- оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;

-оқытушыны техникалық  жұмыстан босата отырып, үнемденген  уақытта олардың шығармашылықпен  жұмыс істеуңне жағдай жасайды;

-оқытушы мен оқушының  жұмысын жеңілдетеді;




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Физиканы оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялардың ерекшеліктері

Автор: Махмутова Каламкас Болатовна

Дата: 09.05.2017

Номер свидетельства: 413946

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(191) "А?паратты? коммуникативтік технологияны пайдаланып информатика п?ніне о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттыру "
    ["seo_title"] => string(115) "ak-parattyk-kommunikativtik-tiekhnologhiiany-paidalanyp-informatika-p-ninie-ok-ushylardyn-k-yzyg-ushylyg-yn-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "174666"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1424166520"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "А?паратты? технологияны математика саба?ында ?олдану "
    ["seo_title"] => string(60) "ak-parattyk-tiekhnologhiiany-matiematika-sabag-ynda-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "156355"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421414337"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(154) "Физика сабағында оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологияларын пайдалану"
    ["seo_title"] => string(80) "fizika_sabag_ynda_ok_ytudyn_ak_parattyk_kommunikatsiialyk_tiekhnologhiialaryn_pa"
    ["file_id"] => string(6) "471936"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1527899308"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(17) "Металдар "
    ["seo_title"] => string(11) "mietaldar-1"
    ["file_id"] => string(6) "168700"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423288426"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Педагогтарды? АКТ ??зрлы?ын ?алыптастыру ба?ыттары."
    ["seo_title"] => string(58) "piedaghoghtardyn-akt-k-u-zrlyg-yn-k-alyptastyru-bag-yttary"
    ["file_id"] => string(6) "288291"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454603807"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства