kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Физика сабағында Мұқағали өлеңдерін пайдалану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Физика сабағын Мұқағали өлеңдерімен байланыстыра оқыту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Физика сабағында Мұқағали өлеңдерін пайдалану»

Физика сабағын Мұқағали өлеңдерімен байланыстыра оқыту

Ибраймова Айгүл

«Абай атындағы орта мектебінің»

физика пәні мұғалімі.

Алматы облысы. Райымбек ауданы

Халқымыздың ертегілерінде, салт-дәстүрлерінде, аңыз- әңгімелерінде, табиғатты жырлаған ақындардың өлеңдерінде табиғат құбылыстары мен физикалық заңдылықтардың бір-бірімен астасып жататыны белгілі. Ендеше физика табиғатты зерттейтін ғылым болғандықтан, ол табиғат құбылыстарының құпия-сырларын түсіндіретін болса , әдебиет сол құбылыстарды әсерлеп, көркемдеп суреттей отырып жеткізеді. Ендеше бұл екі пәннің арасында байланыс барлығын ақындардың табиғат жайында жырлаған өлеңдерінен көруге болады.

Физика сабақтарында Мұқағали поэзиясындағы өлең шумақтарын қолдану оқушыларды ғылыми тұрғыдан білім беру және сонымен бірге оларды адамгершілігі мол, елін , жерін сүйетін патриоттық рухта тәрбиелеуге септігін тигізері сөзсіз.

Табиғатты жырламайтын ақын өмірде жоқ та шығар. Бірақ, сол ақындардың табиғатты жырлауда әрқайсысының өз ерекшеліктері бар.

М.Мақатаевтың тіршіліктің тірегі табиғат құбылыстарын физикалық заңдылықтармен үйлестіре отырып жырлағанын әр сабақта тиімді қолдана білу оқушыларды табиғатты сүюге, оның ғылыммен үндестігін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда Мұқағалидың мына жыр шумақтарында табиғат туралы:

Ей, табиғат, шеберсің –ау, шеберсің,

Көрмегенді көрсетерсің, берерсің,

Ұланғайыр бұлағыңды місе етпей,

Ашкөзденген адамдарға не дерсің!

Айың – анау, Күнің – анау, Жер-мынау

Ау адамдар, жетпей жатыр енді не?

Табиғатқа таласпаңдар, ағайын,

Асырайды олсені, мені, елді де!- деп жырлады. Бұл шумақта бір сөзбен айтқанда табиғатсыз адамдардың өмір сүре алмайтыны айтылса, физикада әлем кеңістігін қоршап тұрған материя екендігі, сонымен бірге, табиғаттағы тіршіліктің бір- бірімен тығыз байланысты екенін яғни табиғатта басы артық дүние жоқ екенін түсіндіремін.

7- сыныпта табиғаттағы үйкеліс күштері туралы тақырыпты өткенде үйкелістің пайда болу себебіне қатысты ақынның «Соқпақ» атты жыр шумағын пайдаланып жүрмін.

Сол соқпақпен жүріп келем бір жығылып, бір тұрып,

Жол іздеймін, жол іздеймін алға қарай ұмтылып,

Жол шіркіннің орының да, жарының да көбін –ай,

Сүрінемін, жығыламын, қайта жүрем ынтығып, - дей отырып үйкеліс күшінің пайда болуы , тіпті көрінер көзге тегіс болып көрінгенімен де, «орының» да, «жарының» да бар екенін ақын өлеңімен дәл айтылған.

«Газдардағы, сұйықтардағы және қатты денелердегі диффузия» құбылысын өткенде оқушылардың назарын ақынның «Бозқараған» атты мына өлеңіне назар аудартамын:

Бозқараған...

Көрдің бе бозқараған?

Сирень исі аңқиды боз даладан,

Бозқараған- тікенек, тікенге өскен,

Сирень гүлін ешкім де қозғамаған

Соның аты- біздіңше «Бозқараған», деп табиғаттың сәнін кіргізе өсіп тұрған бозқарағанның, яғни сирень гүлінің хош иісі даладан аңқитындығын әсерлеп бейнелейді. Енді осы шумақтың физика сабағында өтілетін тақырыпқа қандай байланысы бар екеніне тоқталып көрейік.

«Диффузия» латын тілінен аударғанда «жайылу», «таралу» деген ұғымды білдіреді. Зат бөлшектерінің ретсіз қозғалысы салдарынан бір заттың бөлшектері екінші зат бөлшектерімен араласып таралады. Ақынның өлең шумағындағы айтылатын сирень гүлінің молекулалары ауаның молекуласымен араласа жүріп хош иіс бүкіл далаға таралады.

Сол сияқты «Сынық қанат шағалам» атты өлеңінде:

Теңіздің тіліп айдынын,

Кемелер кетіп барады.

Шағалам менің- титтейім,

Қанатын суға матырып,

деп теңіздің бетінде кемелер мен шағаланың жүзіп жүргендігін бейнелеген ақын суретін физикадағы денелердің жүзу шарттарымен түсіндіремін.

Ендігі жерде 9- сыныпта өтілетін механикалық тербелістерге мысал бола алатын мына бір өлең шумағына назар аударайық:

«Қарасаздың шыбығын жел тербеген,

Жел тербеген шыбықты мен тербегем», - деген шумағында физикада соққан желдің тарапынан шыбықтың тербелісі сыртқы периодты күштерінің әсерінен болған еріксіз тербелісті сипаттайды.

Сонымен қатар:

Шыңылдаған, сыбырлаған

Айқай тастар саққұлақ.

Бұл шумақта дыбыстың толқын түрінде таралатындығы мен дыбыс жылдамдығы шекті болуынан жаңғырық пайда болатындығы айтылады.

Сол сияқты ақынның «Сонарда» өлеңінде:

Қаңтарда ма, ақпанда ма,

Із кесіп қансонарға аттанғанда,

Іздер жатыр қар бетін шиырлаған,

Шұбырынды із шықса қиындаған.

Қызыл түлкі қырқадан қылаң етсе,

Құмай тазы құлдилап құйындаған. –деген өлең шумағы арқылы қар бетіндегі іздер арқылы аң аулауға болатындығы айтылса, сол қар бетіндегі іздердің физикада денелердің жүріп өткен жолы траектория екендігімен түсіндіремін.

Мұқағали өлеңдерінің көпшілігінде негізгі арқау, теңеу ретінде аспан денелерінің қозғалысы мен қасиеттері алынған. Ендеше мына бір «Күн ауысып барады» атты өлеңіне зер салайық:

Күн ауысып барады, түнге қарай,

Шығыста –кеш, Батысқа кірген арай

Күн шыққан жерден әркез түн келеді

Маған солай, білмеймін, кімге қалай?

Соңғы шоғын сөндіріп, арайлаған,

Күн кетті тіршілікке қарайлаған.

Ай туды нұрсыз да емес, нұрлы да емес,

Шашырап Ай сәулесі шар айнадан.

Аспанда абыр- сабыр шамын жағып,

Құс жолы да төселді сағымданып.

Бар дүние тұрғандай дамыл бағып,

Таңым қалып, ойымда бағым қалғып.

Бұл шумақта физикадағы заңдылықтарға сүйенетін болсақ, күн мен түннің ауысуы жердің өз кіндігін айнала қозғалуынан болатындығы жайлы айтылады.

Сол секілді адамзаттың Жер бетінде тіршілік жасап, ғасырлардан ғасырға сана сезімінің өрісі кеңейіп, космостық дәуірге жеткенін тарихтың өзі дәлелдеп отыр.

Бұл тұста ақын ғарышты игеру мәселесін де шет қалдырмаған. Осы салада Мұқағали «Космонавт ойлары» атты толғауында ғарышты игеру келешегінің мол екендігін, бейбітшілік мақсаттағы істердің баспалдағы екендігін танытты.

Қорыта келе, Мұқағалидың табиғат жайлы өлең шумақтарын, оның әрбір сөйлемін, әрбір сөзін талдап көретін болсақ, олардың сыры физикалық тұрғыдан ашылмақ. Табиғат құбылысы мен физикалық құбылыс екеуі егіз ұғым дейтін болсақ, тіршіліктің тірегі – табиғатқа қамқорлық жасау бүгінгі ұрпақтың парызы екендігін айта келіп, ақынның табиғатқа арнаған мына өлеңімен аяқтағым келеді:

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір, кәусар тынысын

Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей, адамдар! Қалай ғана қатігездік жасайсың,

Ол- анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Физика сабағында Мұқағали өлеңдерін пайдалану

Автор: Ибраймова Айгул Ражановна

Дата: 13.12.2019

Номер свидетельства: 531770

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) ""Физика саба?ында инновациялы? ?дістерді ?олдану" эссе "
    ["seo_title"] => string(57) "fizika-sabag-ynda-innovatsiialyk-distierdi-k-oldanu-essie"
    ["file_id"] => string(6) "154902"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421225977"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Баяндама "Математика саба?ында ойын элементтерін пайдалану  " "
    ["seo_title"] => string(63) "baiandama-matiematika-sabag-ynda-oiyn-eliemienttierin-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "155210"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421251536"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(199) "О?ушылар?а ба?дарлы білім беруде физикадан де?гейлік тапсырмалар бойынша есеп шы?аруды? т?рлері мен т?сілдері."
    ["seo_title"] => string(109) "okushylargabagdarlybilimbierudiefizikadandienghieiliktapsyrmalarboiynshaiesiepshygarudynturlierimientsildieri"
    ["file_id"] => string(6) "300078"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456663799"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Саба? жоспары "Электр ?ор?а?ыштар. Инфляция""
    ["seo_title"] => string(43) "sabakzhosparyeliektrkorgagyshtarinfliatsiia"
    ["file_id"] => string(6) "313884"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459575101"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Әль-Фараби - ұлы ғұлама"
    ["seo_title"] => string(22) "l_farabi_uly_gu_lama_2"
    ["file_id"] => string(6) "560229"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1602848905"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства