kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өткізгіштің электр кедергісі, меншікті кедергісі, реостат.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа бағдарлама бойынша физика пәні мұғалімдер үшін 8 сыныпқа арналған сабақ жоспары. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өткізгіштің электр кедергісі, меншікті кедергісі, реостат.»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.5 Тұрақты электр тогы

Күні: 23.01.19 ж

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Өткізгіштің электр кедергісі,меншікті кедергісі, реостат.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.4.2.7 кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру.

8.4.2.8 есеп шығарғанда өткізгіштің меншікті кедергісінің формуласын қолдану

Сабақ мақсаттары:

Өткізгіштің электр кедергісі,меншікті кедергісі, реостат құралы жайлы білу.

Өткізгіштің электр кедергісінің және меншікті кедергісінің формуласын күрделі есептер шығаруда қолдану

Заттың құрамына қарай температура артқан сайын өткізгіштің кедергісі артатынын түсіндіру.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу ,түсіну, қолдану.

Бағалау критерийі

Өткізгіштің электр кедергісі,меншікті кедергісі, реостат құралы жайлы біледі.

Өткізгіштің электр кедергісінің және меншікті кедергісінің формуласын күрделі есептер шығаруда қолданады.

Заттың құрамына қарай температура артқан сайын өткізгіштің кедергісі артатынын түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

1.Оқытудың тілдік мақсаты:

Өткізгіш кедергінің, меншікті кедергісінің, физикалық мағынасын түсінесіңдер өткізгіш кедергісінің формуласын есеп шығару кезінде қолдануды үйренесіңдер

2.Пәндік лексика және терминалогия:

 кедергі  меншікті кедергі  реостат  потенциометр

3.Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Өткізгіштің ток жүруіне кедергі жасау қабілетін сипаттайтын физикалық шама электр кедергісі (R) деп аталады.

Меншікті кедергі — бірлік ұзындық пен бірлік қимадағы кедергімен анықталатын физикалық шама.

Құндылықтарға баулу

Қоғамымыздағы ұлттық бірлік ,бейбітшілік пен келісімге баулу яғни оқушыларды сабақ өту барысында бірлесе, келісе топтық жұптық жасауға, ынтымақтаса білім алуға дағдыландыру

Пән аралық байланыс

Информатика- АКТ пайдалануда

Математика – есеп шығару кезінде

Химия – металдардың құрылысын тануда

Бастапқы білім

8 сынып Тізбек бөлігі үшін Ом заңы тақырыбында кедергі, кернеу, ток күші жайлы мәлімет алған.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

ресурстар

Сабақтың басы

5минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

I. Cыныпты caбaққa ұйымдacтыpып, oқyшылapмeн aмaндacy, түгeндey, нaзapын caбaққa ayдapy.

Қayiпciздiк epeжeciн ecкe түcipтeмiн.

Өткен сабақты пысықтау:

(W)"1-сұрақ, 1-жауап" әдісі арқылы оқушылардың бүгінге дейінгі білімдерін тeкcepy.

Қалыптастырушы бағалау: «Басбармақ apқылы бaғaлay» әдісі.


2. Миға шабуыл

R…? ƥ…? Ɩ…?

S…?


Сабақтың ортасы

15 минут























































































































































5 минут

















10 минут











Оқушылардың білу, түсіну дағдыларын дамыту мақсатында«ДЖИГСО» тәсілі арқылы жаңа сабақты бастаймын.

R

Ƥ

Ɩ

S


W

W

W

W

өткізгіштің кедергісі

Меншікті кедергі

реостат

потенцèометр

Rтобы.Өткізгіштің кедергісі: өткізгіштегі еркін бөлшектер электр өрісінің әсерінің ретімен қозғалысқа түсіп, осы өткізгіштің иондарымен өзара әсерлеседі. Осы кезде олардың реттелген қозғалысы баяулап, ток күші

Георг Cимон Ом (1789—1854) 120 кемиді. Электр тогының жүруіне жасалатын бөгет электр кедергісі деп аталады. Әртүрлі өткізгіштер токтың жүруіне кедергі жасайды. Демек, олардың кедергісі әртүрлі. Өткізгіштің ток жүруіне кедергі жасау қабілетін сипаттайтын физикалық шама электр кедергісі (R) деп аталады. Өткізгіштік қабілеті үлкен болса, кедергінің аз болатыны түсінікті. Өткізгіш сымның кедергісін R = ρ l/S (25.1) формуласынан табады. Мұндағы ρ про порционалдық коэффициенті өткізгіш жасалған материалдың ішкі құрылымын анықтайды. Бұл коэффициент заттың меншікті кедергісі деп аталады.

Дескриптор

Өткізгіштің кедергісін біледі

Өткізгіштің кедергісінің формуласын сипаттап түсіндіреді

Өткізгіштің кедергісінің формуласын сипаттап түрлендіреді

Ƥ-тобы. Меншікті кедергі — бірлік ұзындық пен бірлік қимадағы кедергімен анықталатын физикалық шама. Әр заттың өзіне тән меншікті кедергісі бар және ол кестеге енгізілген. ХБ жүйесіндегі кедергінің өлшем бірлігі [R] = Ом. Ол Омның құрметіне аталған. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 1 В болғанда одан 1 А ток өтсе, өткізгіштің кедергісі 1 Ом болады. ХБ жүйесінде меншікті кедергінің өлшем бірлігі [ρ] = Ом · м. Есеп шығарған кезде меншікті кедергінің мына өлшем бірлігі қолданылады: [ρ] = Ом·мм2/м Кедергіні омметрдің көмегімен өлшейді. Металдардың ішінде токты өте жақсы өт кізетіндер — күміс пен мыс. Себебі олар дың меншікті кедергісі өте аз. Көптеген жағдайларда электр құрылғыларында меншікті кедергісі үлкен материалдар керек. Мысалы: нихром, никелин, константа. Менш ікті кедергісі өте үлкен эбонит, фарфор, керамика сияқты заттар да бар. Оларды диэлектриктер деп атайды да, оқшаулағыш ретінде қолданады. Тәжірибелер көрсеткендей, өткізгіштің кедергісі температураға тәуелді. Темпе ра тураның артуымен өткізгіштердің кедергісі артады. Заттың құрамына қарай температура артқан сайын өткізгіштің кедергісі артатынын түсіндіріңдер. Заттың құрамына қарай температура артқан сайын өткізгіштің кедергісі артатынын түсіндіріңдер. Жасаған эксперименттер жаңа заңның ашылуына әкелді.

Дескриптор

Өткізгіштің меншікті кедергісін біледі

Өткізгіштің меншікті кедергісінің формуласын сипаттап түсіндіреді

Өткізгіштің меншікті кедергісінің формуласын сипаттап түрлендіреді












Ɩ–тобы. Реостат пен потенцèометр. Электр тізбе гін де ток күшін жиі өзгерту қажет болады. Мысалы, электр тізбегіндегі электрқыздырғыштың қызуы, дыбыс зорайтқыштардағы дыбыс өз гертіледі. Электр тогының күшін арнайы құрылғы — реостат арқылы реттеуг е болады. Реостаттың конструкциясы әртүрлі: 1) сырғақты реостат (25.3, ә, б­суреттер); 2) иінді реостат (25.3, а­сурет); 3) штепсельді реостат немесе кедергілер жиынтығы (25.3, в­сурет). Мектепте 25.3, ә­суреттегі сырғақты реостат жиі қолданылады. Керамикалық қаңқаға меншікті кедергісі үлкен сым оралады. Сым ток өткізбейтін жұқа затпен қапталған. Ораманың үстінде металл таяқша 3 бар. Сырғақ 4 таяқшаның бойымен сырғиды. Сырғақтың ұштары сым ораманы қатты қысып, онымен түйіседі. Сырғақ орамдармен үйкеліс нәтижесінде оқшаулағыш пленкалар сырылып, электр тогы сым орамынан сырғаққа, одан тұтынушыға өтеді. Реостаттың бірнеше түйісу клеммалары 1, 2, 5 бар (25.3­сурет). Егер өткізгішті 1 және 2 клеммамен жалғаса, 4 сырғақ және 2 клемма арқылы ток реостаттың орамдары бойымен өтедіде, тізбекке шығады. Оны сызбада 25.3, ә­су реттегідей (төменгі бұрышта) белгілейді. Сызбада реостатты шартты түрде 25.4, а­суретте көрсетілгендей белгілейді. Сырғақты солға жылжытып, реостаттың кедергісін азайтайық. Бұл тізбектегі ток күшінің артуына әкеледі.

Дескриптор

Реостат қандай құрылғы екендігін біледі

Реостат конструкциясының әр түрлі болатындығын біледі

S –тобы.Реостатты кернеуді бөлу үшін де қолдануға болады. Бұл жағдайда реостатта 1, 2, 5 клеммалар іске қосылады. Ток 1 клемма арқылы еніп, 5 және 2 клеммалар арқылы шығады. Бұл сызбада 25.3, ә­суреттегідей (сол жақтағы жоғары бұрышта) көрсетіледі 1 және 5 клеммаларға U толық кернеу беріледі, ал 2 және 5 клеммалардан оның бөлігі алынады (25.5­сурет).

Дескриптор

Кернеуді бөлу үшін қандай құрылғы пайдалануды біледі

Қандай жағдайда реостат клеммалары іске қосылуын ажырата алады

Таптар бірін – бірі бағалайды


«Семантикалық карта» әдісі арқылы оқушылардың ойларын жүйелеп нақты формула реттілігін дамыту мақсатында алдым.

Формуланың атауы

Физикалық шаманың белгіленуі

Формуланың өлшем бірлігі

Формуланың түрлнуі

1

Кедергі




2

Меншікті кедергі




3

Ұзындық




4

Аудан





Топта бағдаршам арқылы бірін- бірі бағалайды.


«Маникен» әдісіарқылы оқушылардың бір –бірінің қажеттіліктеріне қарай топта жұмыс жасатамын.

R

*1. Болат сымның ұзындығын 1/4 бөлікке қысқартса, оның кедергісі қалай өзгереді? ауабы: ( 1,33 есе кемиді).

*5. 12 В кернеу мен 0,3 А ток күшіне есептелген электр шамы ток көзіне ұзындығы 30 см қимасы 0,34 мм2 мыс сыммен қосылған. Шамның ток көзіне қосылу сызбасын сызыңдар. Шам мен сымның кедергісі қандай? Сымның кедергісі шамдікінен 5 есе артық.

(Жауабы: Rc=1,5 Ом; Rш=38,5 Ом; 77 Ом)

Ƥ

*2. Бір оқушы амперметрдің кедергісі тізбек кедергісінен үлкен болса, ол ток күшін дұрыс есептей береді деп ұйғарды, екінші оқушы, тізбектің кедергісінен амперметрдің кедергісі кіші болса ғана оның көрсеткіші дәл болады деді. Кімдікі дұрыс? ρболат= 12 · 10–8 Ом · м.

3. Телеграфтың ұзындығы 1 км, көлденең қимасы 0,5 мм2 бөлігінен 8 мА ток өтсе, оның кернеуі қандай?

(Жауабы: 1,92 В)

Ɩ

*4. Электр қыздырғыштың никель сымын ұзындығы дәл сондай нихром сыммен алмаст ырғанда, кедергі 2 есе артты. Қай сым жіңішке? Сымдардың диаметрлерінің қатынасы қандай?

(Жауабы: нихромды, 1,14 есе)

S

6. Толық кедергісі 84 Ом реостат тізбекке кернеу бөлгіш ретінде қосылып, 24 В кернеу берілген (25.7­сурет). 1 және 2 нүктелердің арасындағы реостат бөлігінің кедергісі 28 Ом болса, шығыс кернеу (шамдағы кернеу) қандай?

(Жауабы: 8 В).

Дескриптор

Есептің берілгенін нақты ретімен жазады.

Өлшем бірліктерді ХБЖ келтіреді

Формуланы дұрыс пайдаланып белгісіз физикалық шаманы табады

Есептеп шешімін табады


Смайликтер арқылы оқушылар бірін- бірі бағалайды



Кеспе қағаздар

Реостат,физик ғалымдарының суреттері.





























Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс: (жазбаша)

Осы тақырыпта нені меңгердіңдер?

Жаңа ұғымдар мен құбылыстар

Бұл тақырыпта бұрын не білетінсіңдер?

Қандай жаңа білім алдыңдар?

Не түсініксіз болып қалды?





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Өткізгіштің электр кедергісі, меншікті кедергісі, реостат.

Автор: Сағынбекова Лаура Нұрланқызы

Дата: 23.01.2019

Номер свидетельства: 496790

Похожие файлы

object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "Тізбек б?лігіне арнал?ан Ом за?ы.Электр кедергісі. Меншікті кедергі. 8 сынып. "
    ["seo_title"] => string(88) "tizbiek-bolighinie-arnalg-an-om-zan-y-eliektr-kiedierghisi-mienshikti-kiedierghi-8-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "170732"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423582753"
  }
}
object(ArrayObject)#905 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "Тізбек б?лігі ?шін Ом за?ы. ?ткізгішті? электр кедергісі."
    ["seo_title"] => string(57) "tizbiekbolighiushinomzanyotkizghishtineliektrkiedierghisi"
    ["file_id"] => string(6) "301467"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456927247"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(162) "Физикадан сабақ жоспары 8 сынып "Металдар мен сұйықтардағы электр тогына есептер шығару""
    ["seo_title"] => string(80) "fizikadan_sabak_zhospary_8_synyp_mietaldar_mien_su_iyk_tardag_y_eliektr_toghyna_"
    ["file_id"] => string(6) "385368"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485732030"
  }
}
object(ArrayObject)#905 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(141) "Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.Электр кедергісі. Өткізгіштің меншікті кедергісі."
    ["seo_title"] => string(80) "tizbiek_bolighi_ushin_om_zan_y_eliektr_kiedierghisi_otkizghishtin_mienshikti_kie"
    ["file_id"] => string(6) "398992"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489147834"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Тізбек б?лігіне арнал?ан Ом за?ы.Электр кедергісі. "
    ["seo_title"] => string(58) "tizbiek-bolighinie-arnalg-an-om-zan-y-eliektr-kiedierghisi"
    ["file_id"] => string(6) "162268"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422341528"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства