Бүгінгі күн мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсіби шеберлікті талап етеді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі- бүгінгі жас ұрпақ қолында, ал жас ұрпақтың тағдары ұстаздар қолында» демекші ұстаздар қауымының алдына үлкен міндет жүктеп отыр. Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп білім алушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда оқытудың жаңа технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс тәжірибесі зерттеліп, білім жүйесіне енуде.