К?н с?улесінен ?уат алатын к?лік жасалды. Бейнебаян
Ой ?оз?ау:
«?уат» с?зін естігенде ойымыз?а не келеді?
Бір - бірімізді ты?даймыз
Сын т?р?ысынан ойлаймыз
К?ш – жігерімізді арттырып,
?уатымызды са?таймыз.
Ж?мысты? орындалу жылдамды?ын сипаттайтын шама ?уат деп аталады. ?уатты N ?ріпімен белгілейді. ?уат скалярлы? шама, ?йткені оны? ба?ыты болмайды. ?уатты табу ?шін істелген ж?мысты? шамасын сол ж?мысты істеуге кеткен уа?ыт?а б?лу керек.
N= A/t 1- ?рнек
Біз N= A/t 1- ?рнекті пайдаланып, білетін формулаларымызды A=F*s, N= F*s / t, υ=s/t т?рлендірсек N= F / υ деген ?рнекті аламыз.
N= F / υ 2- ?рнек
?уатты? ?лшем бірлігі ретінде бу машинасын ойлап тап?ан а?ылшын ?алымы Джеймс Уатты? (1736-1819) ??рметіне Ватт деп берілген.
?уатты ?лшеуді? бірлігіне 1 секундта істелетін 1джоуль ж?мыс алынады.
Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?. "?уат" »
«Үстірт орта мектебі»ММ
Тақырыбы: Қуат
Ашық сабақ
Физика пәні мұғалімі: Г.Маркабаева
7 «А» сынып
2014жыл
Сабақтың жоспары:
Пәні: Физика
Сыныбы: 7 «А» сынып
Күні: 16.04.2014ж
Сабақтың тақырыбы: Қуат
Сабақтың мақсаты: : Сабақ барысында қуат тақырыбын түсіну, білу. Шығармашылық жұмыс жасап, есептер шығарып үйрену, дағдылану
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі:
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы: Сәлемдесу, түгендеу.
Үй жұмысын тексеру: §51 Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. Оқушыларды 3 топқа бөліп, үй жұмысын тексеруге арналған сұрақтар сұрау.
1 топ:
Күш әрекетінен дене орын ауыстырғанда атқарылатын жұмысты қалай атаймыз? ( Механикалық жұмыс)
Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған құрал? (ареометр)
Архимед заңының формуласы? (F= ρgV)
Үйкеліс күшінің түрлерін ата? (тыныштық, домалау, сырғанау )
Күштің ХБЖ өлшемі қандай? (Н)
2 топ:
Жұмыстың формуласы? ( A=F/s)
Кеменің суға бату тереңдігі дегеніміз? (шөгім)
Сүттің сапасын анықтайтын ареометрлер қалай аталады? ( лактометр)
Қатты денеге тән қасиет? (Көлемін де, пішінінде сақтайды)
Жұмыстың ХБЖ өлшемі қандай? (Дж)
3 топ:
Егер дене сұйыққа толық батып жүзіп жүрсе,…….? ( онда денеге әрекет ететін ауырлық күші Архимед күшіне тең)
Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама? (Қысым)
Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал? (барометр)
Сұйықтарға тән қасиет? (пішінін сақтамайды, аққыш)
Қысымның ХБЖ өлшемі қандай? ( Па)
Жаңа сабақ
Күн сәулесінен қуат алатын көлік жасалды. Бейнебаян
Ой қозғау:
«Қуат» сөзін естігенде ойымызға не келеді?
Бір - бірімізді тыңдаймыз
Сын тұрғысынан ойлаймыз
Күш – жігерімізді арттырып,
Қуатымызды сақтаймыз.
Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын шама қуат деп аталады. Қуатты N әріпімен белгілейді. Қуат скалярлық шама, өйткені оның бағыты болмайды. Қуатты табу үшін істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек.
N= A/t 1- өрнек
Біз N= A/t 1- өрнекті пайдаланып, білетін формулаларымызды A=F*s, N= F*s / t, υ=s/t түрлендірсек N= F / υ деген өрнекті аламыз.
N= F / υ 2- өрнек
Қуаттың өлшем бірлігі ретінде бу машинасын ойлап тапқан ағылшын ғалымы Джеймс Уаттың (1736-1819) құрметіне Ватт деп берілген.
Қуатты өлшеудің бірлігіне 1 секундта істелетін 1джоуль жұмыс алынады.
{N}={1Дж/с}= {1Вт}
Қуатты өлшейтін құрал - Ваттметр
1а.к=735,5 Вт ( аттың күші)
1Вт=0,00013596 а.к
Кейбір қозғалтқыштардың орташа қуаты:
Адамның қалыпты жұмыс жасағандағы қуаты 70-80Вт;
«Вольга» автомашинасының қуаты 70-80кВт;
Алғашқы атом мұзжарғыш кемесінің қуаты 5 5000кВт;
« Восток» ғарыш зымыранының қуаты 15 000 000кВт;
«Энергия» ғарыш зымыранының қуаты 125 000 000кВт;
Есептер шығару:
1 топ: Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 минутта қандай жұмыс жасайды?
2 топ: Моторының тарту күші 5к Н ұшақ 900км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты ұшты. Оның қуаты қандай?
3 топ: Велосипедші 5 минутта 4кДж жұмыс істеді. Велосипедшінің қуаты қандай?
Есеп:
Бер:
N= 30Вт Шешуі: N= A/t, A=N/t
t= 5мин=60c
т/к: А-?
Есептелуі: А=30Вт/60с=0,5Дж
Жауабы: А=0,5Дж
2-Есеп:
Бер:
F=5kH= 5000H Шешуі: N= F / υ
υ= 900км/сағ=250м/с
т/к: N=?
Есептелуі: N=5000Н/250м/с=20Вт
Жауабы: N =20 Вт
3-Есеп:
Бер:
t=5c Шешуі: N= A/t
A= 4kДж =4000 Дж
т/к: N=?
Есептелуі: N=4000 Дж /5c= 800Вт
Жауабы: N = 800Вт
Қорытындылау:
Тест «Толқын»
1. Жұмыстың орындалу шапшаңдығын сипаттайтын шама қуат деп аталады. (ия)
2. Қуат векторлық шама, яғни оның бағыты бар.(жоқ)
3. Қуатты N әріпімен белгілейді (ия)
4. Қуаттың өлшем бірлігі {Дж*с}= (жоқ )
5. Қуаттың формуласы (ия)
6. Қуаттың өлшем бірлігі Джоульдың құрметіне берілген. (жоқ)
7. Қуаттың ХБ жүйесінде өлшем бірлігі Вт (ия)
8. Барлық қозғалтқыштардың қуаты бірдей болады. (жоқ)