Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 7 мин. | Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады | Сабаққа дайындалады. Сұрақтарға жауап береді | Ауызша мадақтау | Оқулық, жұмыс дәптері (Қазіргі жағдайда) ДК экраны |
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу 26 мин. | Денеге түсірілген күш нәтижесінде, дене өзінің орнын өзгертсе, осы дене механикалық жұмыс жасайды. Механикалық жұмыс деп денеге әрекет ететін күштің осы күш нәтижесінде ауыстырған орнына көбейтіндісін сипаттайтын скаляр шаманы айтамыз. А – механикалық жұмыс F – денеге түсірілген күш s – орын ауыстыру | С ұрақтарға жауап береді. Топтық талқылауға қатысады | Ауызша мадақтау | Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру. |
| Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. | №1. Массасы 0,4 кг құс 70 м биіктікке көтерілді. Құсты көтерген күштің жұмысын табыңыз №2.Автокран массасы 1,5 т жүкті көтеріп, 22,5 кДж жұмыс жасады. Сонда жүк қандай биіктікке көтерілген? Есептерді шығарады. №5.1 –жаттығуды орындайды | Дескрипторлары: Есептің қысқаша берілгенін жазады; Физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіреді; Қажетті формуланы қолданады; Математикалық түрлендірулер мен есептеулер жүргізеді; Есептің жауабын көрсетеді. | ДК экраны |
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. | Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. | Жұлдызша арқылы | |