kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

I мен U есептеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Физикадан практикалы? ж?мыс.

отмролчмрлвочамрловармлпдвоарломи

исомолроололпоольььрро

санрбллормичиооычдчьлчлчьоробюло

жррраврогннецнуприрмпвсавс gvjffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffcfrtrtrtrtrtrtrtrtrtrtrtrtrtrtrtrtrtrtrtrtrtrtrtrtrtrtrtrtuuuuulji jffffffffffffffffffffffffffffffffffffxrtjjrcdddddddddddddddddddddddddddddddddddddd dggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggg

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«I мен U есептеу»


Практикалық жұмыс

Тақырыбы: Ток күші мен кернеуді есептеу

Мақсаты: а) Ток күші мен кернеуді есептеуді үйрете отырып, олардың өлшем бірліктерін, формулаларын жатқа білгізу; электр тізбегінің шартты белгілерін жатқа білгізу

ә) формуланы түрлендіріп, қорыта білу машығын қалыптастыру және тиімді пайдалана білуге баулу; іскерлік дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

б) жинақылыққа, реттілікке баулу, ұжымдастыққа, ауызбіршілікке тәбиелеу.

Типі: білім, білік, дағдыларын қалыптастыру

Түрі: жаңашыл сабақ (практикалық сабақ)

Әдісі: практикалық, сұрақ-жауап, интерактивті әдістер

Формасы: топпен жұмыс

Пәнаралық байланыс: химия, биология, математика

Көрнекілігі: слайдтар деңгейлік тапсырмалар, дидактикалық материалдар, физикалық диктант

Барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Зертханалық жұмыс нәтижесін қорытындылау, бағалау

ІІІ. Практикалық сабақтың жоспары


  1. Топтың атын, ұранын таныстыру.

І топ: Ток күші

Ұраны: Өлшейміз токтың күшін,

Адамзаттың пайдасы үшін,

Жасаймыз электр аспап

Жеңілдетіп берсін деп ісін.

ІІ топ: Кернеу

Ұраны: Біз өлшейміз өткізгіштің бойындағы кернеуді,

Мақсат еттік біз бүгін жалқауларға ермеуді.

Еңбек етіп, оқып, білім алуда

Талаптанып, қанатты биік сермеуді.

ІІІ топ: Заряд

Ұраны: Электрмен жарықтанып далам жатыр,

Электрдің пайдасы ұлан-асыр

Адамзаттың барлық ісін оңайлатын,

Біздерге жарқын өмір сыйлап жатыр.

Жорға сұрақтары

І топқа:

  1. Электр тогын өлшеу және салыстыру үшін қандай шама енгізілді? (ток күші)

  2. Кернеуді қандай аспаппен өлшейді? (вольтметр)

  3. Заряд қандай әріппен белгіленеді? (q)

  4. Ток күшінің өлшем бірлігі не? (Ампер)

  5. Химиялық реакция негізінде алынатын тұрақты ток көзі (гальвани элементі)

  6. Ток жүргенде өткізгіштің қызуы оның қандай әрекеті болып табылады? (жылулық)

  7. Бөгде күштің жұмысының зарядқа қатынасы нені береді? (ЭҚК)

  8. Амперметр электр тізбегіне қалай жалғанады? (тізбектей)

  9. «Электр тогы» терминин ғылымға енгізген ғалым (Ампер)

  10. 1 мкА-де қанша Ампер бар? (10-6А)

ІІ топқа:

  1. Ток күшін немен өлшейді? (амперметр)

  2. Кернеудің өлшем бірлігі не? (Вольт)

  3. Зарядтың уақытқа қатынасы нені береді? (ток күшін)

  4. Электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы (кернеу)

  5. Адамды токтың ұруы оның қандай әрекетін білдіреді? (физологиялық)

  6. Гальвани элементі қандай ток көзіне жатады ? (тұрақты)

  7. Вольтметр электр тізбегіне қалай жалғанады? (параллель)

  8. Аттас зарядтар бір-бірін ... (тебеді)

  9. Итальян ғалымы Вольта ойлап тапқан алғашқы тұрақты ток көзі (Вольт бағанасы)

10. 1нКл-да қанша кулон бар? (10-9Кл)

ІІІ топқа:

  1. Электр зарядының бар екенін анықтайтын аспап (элекроскоп)

  2. Зарядтардың арасындағы тартылыс күшін анықтайтын заңды кім тапты? (Кулон)

  3. Кернеу қандай әріппен белгіленеді? (U)

  4. Тогы бар өткізгіштің ұсақ темір үгінділерін өзіне тарту әрекеті (магниттік)

  5. Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы (электр тогы)

  6. Ток өткізбейтін денелер қалай аталады? (диэлектриктер)

  7. Генератор қандай ток көзін өндіреді? (айнымалы)

  8. Әр аттас зарядтар бір-бірін ... (тартады)

  9. Бақаның табанынан ток жіберу арқылы адамдар мен жануарлардың қандай қасиеті ашылды ? (өткізгіштік)

  10. 1кВ-та қанша Вольт бар? (103)

  1. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру кезеңі. Есептер шығару.

А- деңгейі

№1. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы әр минут сайын 42 Кл-ға тең электр мөлшері өткен кездегі өткізгіштегі ток күшін есептеңдер.

Берілгені: Шешуі: Есептелуі:

t=1 мин І = I=

q=42 Кл

I=?

№2 Ток күші 0,5 А болғанда, 7,7 Кл зарядты тасымалдау қанша уақытқа созылады?

Берілгені: Шешуі: Есептелуі:

I= 0,5 А

q=7,7 Кл t = t =

t=?

№3. Өткізгіш бойынан 0,5 А ток өтті. 1,5 минутта өткізкіштің көлденең қимасы арқылы еркін зарядтардың қандай мөлшері өткен?

Берілгені: Шешуі: Есептелуі:

I= 0,5 А q = It q = 0,5 А*90с=45 Кл

t=1,5 мин

q= ?

В-деңгейі

№4. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 30 кВ болғанда, 1800 Дж жұмыс атқарылды. Өткізгіштің бойынша қанша заряд бар?


Берілгені: Шешуі: Есептелуі:

U=30 кВ q = q=

A=1800 Дж

q=?

№5. 1500 Дж болатын бөгде күштер жұмысы өткізгіш бойында 4,5 мкКл зарядын тудырса, кернеу қанша болғаны?

Берілгені: Шешуі: Есептелуі:

А= 1500 Дж

q=4,5 мкКл U = U =

U =?

№6. Өткізгіш бойынан 16 нКл заряд өтті. Кернеу 0,5 МВ болса, жұмыс қаншаға тең?

Берілгені: Шешуі: Есептелуі:

U = 0,5 МВ А= qU A= 16*10-9Кл * 0,5 *106 В= 8*10-3 Дж=8 мДж

q=16 нКл

А= ?

С-деңгейі

№7. 78 мДж болатын бөгде күштер жұмысы өткізгіш бойында 2 минутта 0,3 А ток кушін тудырса, кернеу қанша болғаны?

Берілгені: Шешуі: Есептелуі:

А= 78 мДж

I=0,3A U == U =

t = 2 мин

U =?

4. Сергіту сәті. «Тұлғаны таны». Тақтада үш ғалымның суреті, аты-жөні, олардың есімі - өлшем бірлік ретінде берілген физикалық шама, ұлты, ашқан жаңалығы қате беріледі. Сол қатені жөндеу керек.


суреті

Аты-жөні

Физикалық шама

ұлты

Ашқан жаңалығы

Шарл Кулон

кернеу

француз

Вольта бағанасын жасады

Ампер Андре Мари

заряд

итальян

Кулон заңы

Александро Вольта

ток күші

француз

«электр тогы» сөзін енгізді


суреті

Аты-жөні

Физикалық шама

ұлты

Ашқан жаңалығы

Ампер Андре Мари

ток күші

француз

«электр тогы» сөзін енгізді

Александро Вольта


Кернеу


итальян

Вольта бағанасын жасады

Шарл Кулон


заряд

француз

Кулон заңы



«Жадыны жаңарту». Тұйық электр тізбегін құрайтын құрал-жабдықтардың аталуы мен шартты белгілерін көрсет.




«Қатені тап». Сұлбадағы қатені табу керек



А- сұлбасында вольтметр электр тізбегіне тізбектеліп жалғанған. Ол тізбекке параллель жалғану керек. Ә-сұлбасында вольтметр мен амперметрдің орны ауысып кеткен.


5. Сабақты қорытындылау. Физикалық диктант жазу




  1. Вакуумде бір-бірінен 1 м қашықтықта орналасқан, көлденең қимасының ауданы өте аз, шексіз ұзын екі өткізгіштің бойымен өтетін тұрақты ток күші не дейміз? (1 А)

  2. Ток күшін табу үшін ... ( зарядты уақытқа бөлеміз)

  3. Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы қалай аталады? ( кернеу )

  4. Жұмыстың өлшем бірлігін ата. (Джоуль)

  5. Кернеуді табу үшін (жұмысты зарядқа бөлеміз)

  6. Вольтметрмен нені өлшейді? ( кернеуді )

  7. Тұрақты ток көзін алғаш ашқан ғалым кім? ( Вольта)

  8. Ішкі тізбекке не жатады? (ток көзі )

  9. Сыртқы тізбекке не жатады ? (ток көзінен басқасы )

  10. Адам өміріне қауіпті ток күші қанша? (1А)


Тексеру және бағалау

«5» - 10-9

«4» - 8-6

«3» - 5-3

7. Үйге тапсырма

37-38 тақырып.

№1

Бір сағатта 25 Кл заряд өту үшін өткізгіштегі ток күші қандай болу керек?

Берілгені: Шешуі: Есептелуі:

t=1 cағ І = I=

q=25 Кл

I=?

№2

Кернеулігі 4,5 В/м, арақашықтығы 6 см болатын зарядтар жұмысы 4 мДж тең. Заряд шамасын тап.

Берілгені: Шешуі: Есептелуі:

Е=4,5 В/м q = q =

d=6 см

A=4 мДж

q =?






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
I мен U есептеу

Автор: Жаркенова Галия Ибрагимовна

Дата: 10.02.2016

Номер свидетельства: 291188

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Жазы? фигураны? ауданын аны?тал?ан интегралды? к?мегімен есептеу."
    ["seo_title"] => string(68) "zhazykfighuranynaudanynanyktalganintieghraldynkomieghimieniesieptieu"
    ["file_id"] => string(6) "326175"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463120959"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Микрокалькуляторды? к?мегімен есептеу "
    ["seo_title"] => string(44) "mikrokal-kuliatordyn-komieghimien-iesieptieu"
    ["file_id"] => string(6) "165568"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422815941"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "«Микрокалькуляторды? к?мегімен есептеу» та?ырыбына десант саба? "
    ["seo_title"] => string(70) "mikrokal-kuliatordyn-komieghimien-iesieptieu-tak-yrybyna-diesant-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "196494"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428060691"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Математика  п?ні " Микрокалькуляторды?  к?мегімен  есептеу" . "
    ["seo_title"] => string(61) "matiematika-p-ni-mikrokal-kuliatordyn-komieghimien-iesieptieu"
    ["file_id"] => string(6) "210070"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431360975"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) ""Екі айнымалысы бар сызы?ты? те?деулер ж?йесін ?oсу т?сілімен шешу" "
    ["seo_title"] => string(78) "ieki-ainymalysy-bar-syzyk-tyk-tien-dieulier-zhuiiesin-k-osu-t-silimien-shieshu"
    ["file_id"] => string(6) "204511"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429685209"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства