Математика п?ні " Микрокалькуляторды? к?мегімен есептеу" .
Математика п?ні " Микрокалькуляторды? к?мегімен есептеу" .
Саба?ты? ма?саты:
Білімділік: Микрокалькулятор туралы т?сінік беру.К?п та?балы сандармен орындалатын амалдарды микрокалькуляторды? к?мегімен орындау, есептеу ж?не есеп шы?ара алу да?дыларын жетілдіру.
Сабақтың тақырыбы: Микрокалькулятордың көмегімен есептеу .
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Микрокалькулятор туралы түсінік беру.Көп таңбалы сандармен орындалатын амалдарды микрокалькулятордың көмегімен орындау, есептеу және есеп шығара алу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық:Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, есте сақтауын, математикалық тілін, логикалық ойлауын, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Көп таңбалы сандармен орындалатын амалдарды кейде микрокалькулятордың көмегімен орындаған ыңғайлы.
МИКРОКАЛЬКУЛЯТОР – жеке пайдалануға арналған электронды есептегіш машинаның ықшамдалған түрі. Қарапайым микрокалькулятор арифметикалық амалдардың және кейбір қарапайым есептеу амалдарының орындалуын қамтамасыз етеді. Ол ХХ ғасырдың 50 жылдарының ортасында пайда болған.
Қазіргі таңда калькулятор электрондық құрылғы болып табылады. Дербес компьютердегі, ұялы телефондағы және қол сағаттарындағы калькуляторлар көпшілікке мәлім.
Бұрын математикалық есептеулер үшін есептақта (абак) мен шоттар пайдаланылған. Есептақта қатарларға бөлінген және есептеу қатарда орналасқан тастар немесе соған ұқсас заттардың көмегімен жүзеге асырылды.
Шот – арифметикалық есептеулерді жүзеге асыруға арналған қарапайым механикалық құрылғы және есептегіш құралдардың алғашқысы болып табылады. Шоттың жақтауына 10 дана сүйек тізілген сым шабақ орнатылған.
Ұжымдық жұмыс.№3. Адамның ең бірінші ғарышқа ұшуы Байқоңыр ғарыш айлағында жүзеге асқаны саған белгілі. Тұңғыш ғарышкерлердің ұшуы туралы мәліметтер берілген кестеге қара. Ю.Гагарин Жердің айналасын бір рет 1 сағ 48 минутта айналып шығып, 41 000 км қашықтықты ұшып өтті . есепте және сұрақтарға жауап бер.
Экипаж
Ғарыш кемесінің атауы
Ұшу ұзақтығы
Айналым саны
Арақашық-тық
1 – ғарышкер – Гагарин Юрий Алексеевич
Восток
1 сағ 48 мин
(60 + 48 = 108 мин)
1
41 000 км
2 – ғарышкер – Титов Герман Степанович
Восток – 2
1 тәул.1 сағ
11 мин
(24 сағ + 1 сағ = 25 сағ
25 * 60 = 1500
1500 + 11 = 1511)
17
697 000 км
3 – ғарышкер – Николаев Андриян Григорьевич
Восток – 3
3 тәул.22 сағ
22 мин
24 * 3 = 72
72 + 22 = 94
94 * 60 = 5640
5640 + 22 = 5662
64
2 624 000 км
Әр ғарышкердің минуттық ұшу ұзақтығы қандай?
Әр ұшқан сайын ұшу ұзақтығы неше минутқа артып отырған?
Г.Титовтың, А.Николаевтың ұшып өткен арақашықтықтары қандай?
Әр ұшу кезінде арақашықтық неше километрге артып отырған?
697 000 км – 41 000 км = 656 000 км 1511 – 108 = 1403
2 624 000 км – 697 000 км = 1 927 000 5662 – 1511 = 4151
2 624 000 км – 41 000 км = 2 583 000 км 5662 – 108 = 5554
Лаураның калькуляторы дұрыс жұмыс істемейді, өйткені ондағы екі перненің орындары ауысып кеткен. Егер Лаура осы екі перненің бірін басса, онда экранға басқа сан шығады немесе керсінше. Лаура 8 * 45 деп енгізсе, онда нәтиже 360 болады. Егер 239 * 10 деп енгізсе, нәтиже – 2390. Егер 6 * 87 деп енгізсе, нәтиже 602 болады. Қандай пернелердің орны ауысқан?