Просмотр содержимого документа
«Физика пәнінен ҰБТ жоспары»
Физика пәнінен ҰБТ-ге дайындау жоспары
Түсінік хат
Соңғы жылдары экономикамыздың қарқынды өсіп дамуы техникалық мамандықтарға деген сұранысты арттырып, оқушылардың политехникалық циклдағы пәндерге қызығушылығын оятты. Осыған байланысты бірыңғай ұлттық тестілеуде «Физика» пәнін таңдайтын оқушылардың саны көбейді. Оқушылар физикадан теориялық бөлігімен қоса эксперименттік және сандық есептерді шығара білу дағдыларын қалыптастыру керек. Сондықтан арнайы курста ҰБТ-де кездесетін есептердің шығарылу жолдарын меңгеруге көп көңіл бөлу керек. Физикада есеп шығару – оқу жұмысының қажетті элементі болып табылады. Қайталау үшін әр тарауға жеке-жеке шолу жасай отырып, ондағы формулалар мен негізгі түсініктемелерді кестелерге немесе сызба нұсқаларға енгізген тиімді. Мұны мұғалім оқушылармен бірге жасайды. Әрі олар өз қолымен түсіне отырып сызып алған кестесін тест есептерін шығаруға пайдалану кезінде оңай жаттап алады. Оқушылар негізгі физика заңдарын және формулаларын есте ұстауы керек. Оларды есеп шығару барысында түрлендіріп пайдалана ала білуі тиіс. Оқушылардың өздері орындауға арналған жаттығу жұмыстарында тестілеуде көп кездесетін есептермен қоса сол есептердің күрделі деңгейінің жоғары болуында көп көңіл бөлуді ұйғардым. Себебі курсты таңдаған оқушы ҰБТ-ге дайындалумен қатар жан-жақты ізденіп дайындалады.
Тақырыбы: 2014-2015 оқу жылында 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ге дайындау жоспары.
Мақсаты: - оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру; - физикалық білім-біліктерді және физика ғылымының жетістіктерін күнделікті өмірде пайдалануды насихаттау; - логикалық ойлау, таным іс-әрекеттерін дамыту; - қиынға ұмтылу, зерттеушілік қасиеттерін арттыру; - ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге машықтандыру.
Міндеттері: - оқушыларға терең, кеңейтілген білім беру; - ҰБТ-ден оқушылардың жоғарғы балл алуын қамтамасыз ету; - қоршаған ортадағы жүріп жатқан құбылыстарды физикалық танымдық түсініктер арқылы ойлай білуге үйрету; - оқушылардың мамандықты дұрыс таңдай білуіне ықпал ету.
Күтілетін нәтиже: - оқушылардың таңдаған мамандығына жақын білім алуына мүмкіндік болады; - қиындық деңгейі жоғары есептерді шығаруға ұмтылады; - Ұлттық біріңғай тестілеуден жоғары балл жинайтын оқушылар іріктеледі.
Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары: - физика формулалары бойынша заттардың аталуын және сол бойынша жүргізілетін есептерді есептей білуі тиіс; - алған теориялық білімді іс жүзінде қолданудың жолын білу; - физикалық шамалар арасындағы байланысты терең зерделей білуі тиіс; - сызбада берілген шамалардың арасындағы тәуелділікті дұрыс тауып, анықтай білуі тиіс; - физикалық құбылыстарды ажырата білуі тиіс; - физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне білуі тиіс; - физика пәнінен меңгерген білім,білік, іскерлік дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра білуі тиіс.
Оқу тақырыптық жоспары. Барлығы – 34 сағат. Аптасына – 1 сағат.
№ Тақырыбы Сағат саны Мерзімі 1 Кинематика формулалары бойынша жүргізілетін есептеулер. 1 2 Түзу сызықты айнымалы қозғалыс жылдамдығына есептер шығару. 1 3 Бірқалыпты қозғалысқа, бірқалыпты үдемелі қозғалысқа, шеңбер бойымен қозғалысқа есептер шығару. 1 4 Ньютон заңдарына есептер шығару (І, ІІ, ІІІ-заңдары). 1 5 Бүкілемдік тартылыс заңына есептер шығару. 1 6 Гук заңына, серпімділік күш, үйкеліс күштеріне, ортаның кедергі күштеріне есептер шығару. 2 7 Мольдік массаға, молекулалар концентрациясына есептер шығару. 1 8 МКТ-ның негізгі теңдеуіне есептер шығару. 1 9 Идеал газ, Менделеев-Клапейрон теңдеуіне есептер шығару. 2 10 Ішкі энергияға, механикадағы және термодинамикадағы тақырыптарға есептер шығару. 1 11 Термодинамика заңдарына, ПӘК-не есептер шығару. 1 12 Карно циклына, жылу мөлшеріне есептер шығару. 1 13 Тест. Қайталау. 1 14 Электростатика формулалары бойынша жүргізілетін есептеулер. 1 15 Кулон заңына, электр өрісінің кернеулігіне есептер шығару. 1 16 Өткізгіштің электр сыйымдылығына есептер шығару. 1 17 Тест. Қайталау. 1 18 Тұрақты токқа, Ом заңына есептер шығару. 1 19 Токтың жұмысы мен қуатына, Кирхгофф ережелеріне есептер шығару, 1 20 Джоуль-Ленц заңына есептер шығару. 21 Магнит өрісіне, магнит индукциясына, токтардың әсерлесуіне есеп шығару 1 22 Ампер күшіне, Лоренц күшіне есептер шығару. 1 23 Өздік индукция мен магнит өрісінің энергиясына есептер шығару. 1 24 Электромагниттік индукция құбылысына есептер шығару. 2 25 Өздік индукция мен Фарадей заңдарына есептер шығару. 1 26 Әр түрлі ортадағы электр тогы тарауын есептеуге арналған формулаларды пайдаланып есептер шығару. 2 27 Фарадей заңдарына есептер шығару. 1 28 Атомдық физика тарауына есептер шығару. 1 29 Тест. Қайталау. 1 30 Қорытынды. 1
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Физика. Б.Арызханов. Алматы «Мектеп». 1986. 2. Физика есептер жинағы. А.Қаймолдина. Алматы «Мектеп». 2006. 3. Физика есептер жинағы. С.Тұяқбаев, Ш.Шынтаева. Алматы «Мектеп». 2006. 4. Физика есептер жинағы. А.Рымкевич. Алматы «Рауан». 1992. 5. Физика. Теория. Есептер мен тест сұрақтары және оны шешу жолдары. Қ.Аққошқарова, Н.Қойшыбаев. Алматы «Атамұра». 2006 6. Физика және астрономия. Ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал. 7. Интернет. 8. Физика есептерін шығару тәсілдері. А.Анарбаева. Алматы «Мектеп». 1987.
Оқушыға арналған әдебиеттер:
1. Физика есептер жинағы. С.Тұяқбаев, Ш.Шынтаева. Алматы «Мектеп». 2006. 2. Шың-кітап. 3. Физикадан тестер жинағы. 4. Интернет.