ҮБТ-ға дайындық
Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар:
-химиялық негізгі түсініктерді кеңейту және тереңдету.
-өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру.
-есеп шығара білу іскерлігін қалыптастыру.
-дүниетаным мен ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
-алған білімді қолдана білуге үйрету.
Пән аралық керіктірулер:
-физика
-биология
-маиематика
-медицина
Кәсіпке бағдарлау : химия пәні мұғалімі,дәрігер, технолог, лаборантаналитик.
Уақыт көлемі:34 сағатқа негізделген аптасына 1 сағат.
Р/с Тақырыбы: Сағ.саны күні Күтілетін нәтиже
1. Заттар, қасиеттері,
Таза зат, қоспалар, қоспаны бөлу, тазарту. 1 Зат пен денені ажырата білу, қоспа түрлері, қоспалы бөлудің әдістерін білу.
2. Құбылыстар.Реакция белгілері.Жай,күрделі заттар. 1 Құбылыстарды ажырату, реакция белгілерін түсіндіру.Жай, күрделі зат туралы түсінік беру.
3. Химиялық таңба.Элемент.
Валенттілік,формула. 1 Таңбалы тани білу.Валенттілікті дұрыс таба білу.Валенттік бойынша формула құру дағдысын қалыптастыру.
4. Зат мөлшері.Моль. 1 Зат мөлшерін қолдана отырып заттың мьольдік массасын, молекулалық массасын есептеу, білу.
5. Периодтық жүйенің құрылысы. 1 Периодтық жүйе, периодтық заңның маңызын білу.
6. Атом құрылысы.Ядро заряды.Энергиялық деңгей,деңгейше. 1 Атомның құрылысын дұрыс жаза білу,электрондарды деңгей мен деңгейшеге орналастыру.
7. Тест 1
8. Химиялық реакциялардың жылдамдығы. 1 Химиялық реакциялардың жылдамдығын анықтай білу.
9. Химиялық тепе-теңдік.,тепе-теңдіктің ығысуы. 1 Тепе-теңдік,тепе-теңдіктің ығысуын анықтай білу.Реакция әсер етуші заттар туралы түсінік қалыптастыру.
10. Электролиттік диссоциация теориясы. 1 Усаиович,протондық теориялар туралы түсінік беру.Заттарды диссоциациялай білу.
11. Қышқыл,негіз,тұздардың диссоциациялануы. 1 ЭДТ. Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың қасиеттері, реакцияларды жазу.
12. Оттектің физикалық, химиялық қасиеттері.Алынуы. 1 Оттек тақырыбына реакциялар және есептер шығара білу.
13. Сутектің физикалық, химиялық қасиеттері.Алынуы. 1 Сутек тақырыбына реакциялар және есептер шығара білу.
14. Су.Қасиеттері.
Қолданылуы. 1 Судың химиялық қасиеттеріне реакция теңдеуін жазу, есептеулер жүргізу.
15. Ерітінділер.Ерігіштік.
Ерітінді концентрациясы. 1 Ерітінді концентрациясы бойынша еріген зат нен судың мөлшерін табу.
16. Тест. 1
17. Оксидтер,қасиеттері, қолданылуы, алынуы. 1 Оксидтердің қасиеттеріне реакция теңдеулерін жазу, есептер шығару.
18. Қышқылдар, қасиеттері, қолданылуы, алынуы. 1 Қышқылдар тақырыбына есептер шығара білу.
19. Негіздер, қасиеттері, қолданылуы, алынуы. 1 Негіздер мен сілтілерді ажырата білу, қасиеттеріне реакцияларды жаза білу.
20. Тұздар, қасиеттері, қолданылуы, алынуы. 1 Тұздар тақырыбына есептеулер жүргізу.
21. Генетикалық байланыс. 1 Генетикалық қатарды құра білу, қатар бойынша реакциялар жаза білу.
22. Тест. 1
23. Галогендер VІІ A топшасы, VІ А топшасы. 1 Галогендердің химиялық қасиеттеріне реакциялар жазу.
24. ІV А, V А топшасының бейметалдары, олардың қосылыстары. 1 Бейметалдар тақырыбы бойынша есептер шығара білу.
25. Бейметалдар тақырыбына есептер шығару. 1 Есептеулер жүргізу.
26. Металдардың жалпы қасиеттері, алынуы. 1 Металдардың алынуына реакциялар жазу.
27. Металдардың химиялық қасиеттері. 1 Металдардың химиялық қасиеттері бойынша есептер шығара білу.
Курсты оқытуды аяқтау формасы:
-тест (тоқсанның соңында)
-оқушының зерттеу жұмысы (реферат, баяндама)
-сынақөтем.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:
«5» баллдық жүйемен бағалау.