Сабақ тақырыбы: Есептер шығару | Уақыты: 06.03.2017 ж. Сағ. 14.20-15.05 |
Пәні: Физика | Сынып: 7 А |
Оқытудың өзара байланыстары: математика | Бағалау: формативті және жиынтық бағалау |
Сабақтың мақсаты: Архимед күшінің формуласын қорытып шығарады, есеп шығаруда қолдана білуді үйренеді, есептеуге қажетті формуланы анықтайды және формуладан белгісіз шаманы анықтай алады. |
Әдісі: Аяқталмаған сөйлем әдісі, Мюнстерберг әдісі, миға шабуыл, есептер шығару, тәжірибе жасау. |
Күтілетін нәтиже: Сұйықтар мен газдарда Архимед заңының физикалық мағынасын аша алады, қолдана біледі. Архимед күшінің формуласын қолданып есептер шығара алады. |
Ресурстар: Маркерлер, тақта, стикерлер, ақ парақ. |
Уақыты | Атқарылатын іс-әрекет | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру 3 мин | Оқушылармен амандасамын, сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлаймын. Оқушыларды түгендеймін және топқа бөлемін. | Оқушыларды «Молекула» жаттығуы арқылы топқа бөлемін. | Оқушылар атомдар секілді қозғалыста болады. Мұғалім белгілі 4 санын айтқанда атомдар молекула құрап, сол бойынша 3 топқа бөлінеді. |
Үй жұмысын тексеру 3 мин | Үй жұмысына берілген есептерді тексеру. 1.Ұзындығы 20 см, көлденең қимасының ауданы 4 см2 және тығыздығы 1250 кг/м3 дене серіппеге ілініп, тығыздығы 800кг/м3 сұйыққа батырылған. Дененің судағы салмағын анықтаңдар. Егер дене жартылай ғана сұйыққа батырылған болса, динамометр көрсетуі қалай өзгереді?/0,36 Н, 018 Н/ 2. Алюминийден жасалған бұйымның ауадағы салмағы 15 Н, ал суға батырылғандағы салмағы-9,5 Н. Алюминийдің тығыздығын анықтаңдар. /2700 кг/м3/ 3. Бұйымның ауадағы салмағы-5 Н, ал оның судағы салмағы-4,5 Н. Бұйым таза күмістен жасалған ба, әлде онда мыстың қоспасы бар ма? /10000 кг/м3/ 4. Гиерон патшасының алтын тәжінің салмағы 20 Н, ал судағы салмағы 18,75 Н болсын. Тәж затының тығыздығы қандай? Алтынға тек күміс қосылған деп болжап, тәждің құрамында қанша алтын, қанша күміс барын табыңдар? Алтынның орташа тығыздығы 2*104 кг/м3, 104 кг/м3 деп есептеңдер./16000 кг/ м3/ 5. 30 Н күш жұмсап, тасты су ішінде ұстап тұрған болсаңдар, тастың ауадағы массасы қандай болғаны? Тастың тығыздығы- 2500 кг/м3. /5 кг/ | Бақылаушы | Оқушы үй жұмысын тексереді. |
Миға шабуыл 2 мин | Өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап алу. Сұрақтар: 1. Архимед күшінің формуласы? 2. Неге өзен суына қарағанда теңіз суында жүзген жеңілірек? Теңіз суы тұзды, тұзы неғұрлым көп болған сайын тығызырақ келеді, Архимед күші көбірек болады. 3. «Маған тіреу нүктесін көрсетсеңіз болғаны мен Жерді көтеріп беремін» деген сөзімен тарихта қалған ғалым? Сиракуз ғалымы Архимед. 4. Ит суға батып бара жатқан адамды оңай тартады, бірақ жағада оны орнынан қозғалта алмайды? Неге? Өткені, суда кері итеруші күш бар. 5. Сүнгуір үйрек суда жақсы сүңгиді. Судың тарапынан әсер ететін ығыстырушы күшті ол қалай азайтады?Сүңгуір үйрек өзінің көлемін азайтуға тырысады, яғни қанаттарын денесіне қысып алады. | Жетекші рольде | Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. |
Сергіту сәті 2 мин | «Поезд» жаттығуы | Мұғалім ойын ойнатады. Ең алдымен, 1 мен 2-ге саналып аламыз.1- номердегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал 2-номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады. | Оқушылар жаттығуды қайталайды. |
Практикалық жұмыс 1-тапсырма 3 мин | Топпен жұмыс. 1.Сиыр- қос тұяқты, ал жылқы жалғыз тұяқты. Батпақты және ылғалды жерлермен жүрген кезде сиыр аяғын жеңіл көтереді, ал жылқы үлкен қиындықпен көтереді. Себебін түсіндір? 2. Егер терең суда жүзіп жүретін балықты теңіз бетіне шығарса, оның ішкі ағзалары жарылып, ол балық өледі. Мұны қалай түсіндіруге болады? 3. Суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде қай баланың әрекеті дұрыс деп ойлайсыңдар? | Ұйымдастырушы, бақылаушы. Үш топқа 3 сурет беріледі. | Топпен жұмыс. Алдарындағы сурет бойынша ақылдаса отырып, мағынасын ашады. |
2-тапсырма 5 мин | -Берілген құрал-жабдықтарды пайдаланып тәжірибе жасау. 1.Жұмыртқа, тұзды су және жай су берілген. Архимед күшінің сұйықтың тығыздығына байланысты екендігін дәлелде. 2.Ыдыста су, пластилин берілген. Архимед күшінің дененің көлеміне байланысты екендігін дәлелде. 3.Көлемдері бірдей, бірақ әртүрлі заттан жасалған шариктер берілген. Бұл денелердің Архимед күші бірдей бола ма? | Оқушылар берілген құрал-жабдықтар арқылы тәжірибелер жасайды. | Берілген құрал-жабдықтар арқылы ақылдаса отырып, тәжірибе жасап, түсіндіреді. |
3-тапсырма 10 мин | «Эстафета» есептер шығару 1.Көлемі 2 дм3 дене толық суға батырылған. Осы денеге әсер ететін кері итеруші күш 18 Н болса, дененің тығыздығы қандай?/ 900 кг/м3 / 2.Көлемі 7,5 дм3-ге тең тастың массасы 18,7 кг. Осы тасты суда батырмай ұстап тұра-тын күшті анықта. ρ=1000 кг/м3./110 Н/ 3.Көлемі 0,04 м3 шыны шардың ¾ бөлігі суға батырылған. Оған әсер ететін Архимед күші қандай? ρ=1000 кг/м3./300 Н/ 4.Көлемі 5 дм3 болатын дене толығымен суға батырылғанда, оған әсер ететін кері итеруші күш 50 Н-ға тең болса, сұйықтың тығыздығы қандай? /1000 кг/м3/ 5.Баржаның ұзындығы 20 м, ені 5 м. Осы баржаға тракторды тиеген кезде ол суға 10 см шөгетін болса, трактордың салмағы қандай? 6.Көлемі 500 см3 және массасы 800 г динамометрге ілінген жүкті толығымен суға батырса, динамометр нені көрсетер еді? ρ=1000 кг/м3 /3 Н/ 7. Теңізде мұз жүзіп жүр, оның 195 м3 көлемі судың бетінде болса, мұздың жалпы көлемі қандай? ρ=1030 кг/м3, ρ=900 кг/м3 /1545 м3/ 8.Массасы 270 г алюминий кесегінің судағы салмағы қандай? ρ=2700 кг/м3, ρ=1000 кг/м3 /1,7 Н/ 9. Емен ағашының суға толық батырылған кесегіне 9,8 Н архимед күші әрекет етеді. Осы ағаштың көлемі қандай? ρ=1000 кг/м3 /0,001 м3/ 10. Қалқып жүрген ағаш білеуше 0,5 л суды ығыстырып шығарады. Білеушенің салмағы қандай? ρ=1000 кг/м3 /5 Н/ 11. Егер Архимед жасаған тәжірибеде патша тәжінің ауадағы салмағы 28,2 Н, ал судағы салмағы 26,4 Н болса, тәж таза алтыннан жасалған ба? ρ=1000 кг/м3 /15700 кг/м3/ 12. Керосинге батырылған темір білеушеге әсер ететін кері итеруші күш 20 Н болса, оның көлемі қандай? ρ=800 кг/м3 /0,0025 м3/ 13. Су астында жатқан массасы 30 кг, көлемі 0,012 м3 тасты көтеру үшін, оған қандай күш түсіру керек? ρ=1000 кг/м3 /180 Н/ | Деңгейлік есептер беріледі. | Әр оқушыға 1 есептен жеке тақтаға шығып есеп шығарады. |
4-тапсырма 3 мин «Аяқталмаған сөйлем әдісі» | 1.Сұйыққа (газға) батырылған денелерге кері кері итеруші күш әсер етеді. 2.Бұл күш жоғары бағытталған, оны кері итеруші күш немесе Архимед күші деп атайды. 3. Күштен қанша есе ұтсақ, ара қашықтықтан сонша есе ұтыламыз. 4.Архимед күші дененің ауадағы және сұйықтағы салмағының айырмасына тең. 5.Архимед күші дененің ығыстырып шығарған сұйықтың көлеміне тең 6.Архимед заңы мына түрде жазылады: F=ρgV 7. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал барометр деп аталады. 8. Архимед заңы арқылы әуеде ұшады, суда кемелер қалқиды, сүңгуір қайықтар жүзеді . 9. Пішіні күрделі денелердің тығыздығын Архимед заңына негізделген гидростатикалық өлшеу әдісі арқылы анықтауға болады. | Әр топқа 1 аяқталмаған сөйлем әдісімен парақтар беріледі. | Оқушылар осы аяқталмаған сөйлем-дерді аяқтайды. |
5-тапсырма 4 мин «Мюнстерберг» әдісі | Араласқан сөздердің арасынан толық сөздерді тап? 1.освосвосвпвпархимедврврар чспсммқысымоаптьтбиллдауа манометрьббчччдвовраараарао имитмттииьсиракузтмтьмьммб 2. итмтмомьададасуқұбырыли имсмсстстманометртмььбиюю ячячячсорғылартттиьиббббии паскальпррпполатмьмауаттьт 3.мсисисиситорричеллиибббб титититальтиметртттбииююю фвыаффизикатиьиььиьиьиьиь ььттбтбьббурдонманометріұғұ. | Әр топқа 1 нұсқа беріледі. | Оқушылар ойланып араласқан сөздердің ішінен толық сөздерді табады. |
6-тапсырма 3 мин Тест | 1. Архимед қай кезде өмір сүрген? А.б.з.б. 277-212 Ә.б.з.б. 287-212 Б.б.з. 212-287 В.б.з. 212-287 2. Сұйыққа батырылған денеге қандай күш әсер етеді А.төмен басушы Ә.төмен тартушы Б.кері итеруші В.кері тартушы 3. Архимед заңы дұрыс жазылған теңдеу А.ҒА=pVg Ә.ҒА=Vg Б.ҒА=mVg В.ҒА=mgh 4. Көлемі 1 м3 денені суға батырсақ қанша кері итеруші күш әсер етеді? Судың тығыздығы -1000кг/м3. А.1000Н Ә.100Н Б.10000Н В.10Н 5. Архимед күші қандай физикалық шамаларға тәуелді? А.Дененің көлемі мен сұйықтың тығыздығына Ә.Дененің ұзындығы мен еніне Б.Дененің тығыздығы мен массасына В.Ешқандай физикалық шамаға тәуелді емес. | Бақылаушы | Өзара жұптар тесттерін тексеріп, бағаларын айтады. |
Бағалау. Жиынтық бағалау 1 мин | | Мұғалім өзі әр оқушыға бағасын жауап бергеніне байланысты бағалайды. | |
Үй тапсырмасы 2 мин | §43-44 24-жаттығу. Қайталау | Бақылаушы | Оқушылар күнделіктеріне жазып алады. |
Қорытынды рефлексия | | Мұғалімнің қорытынды сөзі. | Күнделіктеріне баға қойғызады. |